Қауіпті антропогендік және табиғи аймақтарды бағалау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факуьтет

Кафедра

Срс

Қауіпті антропогендік және табиғи аймақтарды бағалау

Орындаған: Айтельбаева С.

Тексерген: Бейсенбаева С.

Алматы 2012

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  • Қауіпті табиғи үрдістер. Жер сілкінісі
  • Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін

зардаптары әсері.

  • Байқоңыр ғарыш айлағы
  • «Семей» ядролық полигонының
  • Қала экологиясы

III. Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Соңғы жылдары экология міндеттері көлемді кеңейді және биологиялық ғылымдар шегінен шықты. Адам биологиясы, (оның денсаулығын қорғаумен, міндеттерімен Адам биоәлеуметтік құрылым, сондықтан адам экологиясын табиғат пен қоғамнан бөлек зерттей аламыз. Адам өмірі және популяциясы табиғатпен және әлеуметтік ортамен тұрақты қатынаста болады. Тұрғындардың өміріне денсаулық жағдайын жасау міндетті қазақстан республикасында өткір тұр.

Шығаратын және қайта өңдейтін өндірістерде, технологияның артта қалуы және қалдықтарды шығару тәсілдері қоршаған ортаның және тұрғындар денсаулығының тез нашарлауына әкелді. Бұл глобальді экологиялық өзгеріс, биогеохимиялық провинцияларды түзді.

Санитарлық техникалық шараларды оптимумдау қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рациональды қолдану санитарлық экологиялық принциптерге негізделген. Медико-техникалық комплекстің проблемасы. Ол тұрғындардың денсаулығын нығайту және сақтау мақсатында шешіледі. Қазіргі кезеңде экологияның медико-биологиялық аспектісі интенсивті дамуда. Адам, өз қажетіне табиғатты қолданғанда оны өзгертеді. Адамның табиғатты өзгертуге бағытталған әрекеттері анропогендік әсер деп аталады. Өндірістік өнеркәсіптерде табиғи ресурстарды қолдану кезінде биосфера өмірге қауіпті заттармен ластанады. Адам тарихында биосфераның мүмкіндіктерімен өлшенетін кезең туды. Алайда мұхиттарға, атмосфераға, жердің бета қабатына экологиялық зиянды қалдықтарды миллион тонналап шығарылуда

Қауіпті табиғи үрдістер. Жер сілкінісі

Қазақстанның жалпы ауданы 450 мың шаршы километр болатын аймағында жерсiлкiну қауiптiлiгi бар. Бұл аймақта, ресми мағұлматтар бойынша, елiмiздiң 40 %-ға жуық өнеркәсiп потенциалы орналасқан, 6 миллиондай халық тұрады, 27 қала және 400-ден астам елдi мекендер орналасқан.

Сейсмикалық қауiптi аудандар, негiзiнен, елiмiздiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс өңірлерiнде орналасқан. Мұндай қауіпті аймақтар қатарына Қызылорда обылысының оңтүстік аудандары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Осы аталған аймақта өткен 100 жыл шамасында күшi 6 баллдан жоғары жүзден астам, 8 баллдан жоғары оншақты, 9 баллдан жоғары үш сiлкiнiс болды. Кейінгі кезде бұл аймақта апатты оқиғалар болмағанымен, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірген бірнеше жерасты дүмпулері болып өтті (2003 жылғы 7 баллдық Жамбыл облысындағы Луговое жерсілкінісі, 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 8-баллдық Зайсан, 1993 жылғы Талдықорған аймағындағы 7 баллдық Текелі, Алматы маңындағы болған бірнеше орта деңгейдегі сілкіністер) . Бұл кең байтақ еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жерсілкіну қауіптілігі жоғары екендігінің дәлелі.

Маңғыстау және Атырау аймағы ресми карталар мен құжаттарда жерсiлкiну қауiптiлiгi төмен аудандар қатарына жатады. Дегенмен, кейiнгi кездерде жүргізілген зерттеулер, бұл аймақта да жерсiлкiну қауiптiлiгi шынайы екендiгi анықталып отыр.

Аталмыш сейсмикалық аудандардың өздерiне тән ерекшелiктерi бар, соған байланысты олардың қауiптiлiк деңгейлерi де әр түрлi. Ең сейсмикалық қауіпті аймақтар қатарына Алматы қаласы аймағы (ғылыми тілде Солтүстiк

Тянь-Шань сейсмикалық ауданы) жатады. 1887 жылғы 9 маусымдағы 9-10 баллдық Верный сiлкiнiсi, 1889 жылы 12 шiлдедегi 10-11 баллдық Шелек сiлкiнiсi, 1911 жылы 4 қаңтардағы 10-11 баллдық Кемiн апаты, 1978 жылы 25 наурыздағы 8-9 баллдық Жаланаш сiлкiнiсi, 1990 жылы 12 қарашадағы 8 баллдық Байсорын сiлкiнiсi осы аймақта болған.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер, қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер, бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс, өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т. б. ) едәуір қауіп тудырады.
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады. Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет.
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады.
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.
Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.
Эпицентр - бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.
Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді. Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі.
Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің магнитудасы (кейбір шартты белгілері) жатады.
Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері (50 шамалы) пайдаланылады.
Рихтер шкаласы бойынша (Калифорния технологиялық институтының профессары Чарльз. Ф. Рихтер) бұрын соңды тіркелген жер сілкінісінің ең күшті магнитудасы 8, 9 балмен өлшенген. Салыстырарлық 1988 жылғы Армиян жер сілкінісінің магнитудасы 7, 0,
Қытайдағы (Ганьсу) 1920 жылғы жер сілкінісінің күші 8, 6 болған.
Жапон аралдары тобы жағдайында жер сілкінісінің үдемелілігін анықтау үшін 7 балдық шкала жасалынған. 1964 жылы Медведев С. В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В. (ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. Достастық және Европаның кейбір елдерінде оны осы кезге дейін пайдаланады.

Алматы қаласы сейсмологиялық тұрғыдан айрықша қала. Біріншіден , ол өз тарихында үш рет зілзала апатынан зардап шегiп, екi рет (1887, 1911 жж) толығымен қираған. Екіншіден , қала аумағындағы 9 баллдық белдемдер (сейсмикалық микроаудандау картасы бойынша) құрылыс жүргізуге қолайлы деп саналады, өйткені одан кіші белдемдер жоқ. Мұндай ерекшелік әлемдік сейсмологиялық практикада сирек кездеседі. Үшіншіден , қала аумағы тектоникалық жарылымдармен кескіленіп, блоктарға бөлінген. Төртіншіден , қала аумағының жербеті топырағы (грунт) физика-механикалық қасиеттерімен бірнеше бөлікке бөлінеді, олардың арасында құрылыс жұмыстарын жүргізуге өте қолайсыздары бар.

Міне, осы аталған ерекшеліктер, қала территориясын жоспарлап құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында өте көтеріңкі назарды талап етеді.

Қалада 1887-1911 жылдары болған апаттардан кейін 100 жылдай уақыт өтті. Жоғарыда келтірілгендей, апатты жерсілкінулердің қайталану мерзімі 80-200 жылдар аралығын еске алсақ, апаттың қайталану ықтималдығы жоғары екендігін ұмытпағанымыз жөн. Бұған қосымша, Солтүстік Тянь-Шань сейсмикалық аймағының қазірге геодинамикалық жағдай да жақсы емес.

Өкінішке орай, қаланың бүгінгі таңдағы сейсмологиялық жағдайы мамандарды үрейлендіруде. Оның үш трлі себебі бар: біріншіден , қаланың сейсмикалық микроаудандау картасы 1983 жылы жасалған, одан бері қанша өзгерістер бар, ол оқырман қауымға түсінікті болар. Бұл карта бүгінгі қарқынды салынып жатқан құрылыстың сейсмикалық қауіпсіздігін, ал салынған үйлердің сейсмикалық қатерін толығымен қамтамасыз ете алмайды. Қалаға бүгінгі сейсмикалық жағдайды сипаттайтын жаңа сейсмикалық микроаудандау картасы ауадай қажет. Тек қана сейсмикалық микроаудандау картасы келешекте ықтималды жерсілкінісі әсерінен қала аумағындағы инжерлік-геологиялық қасиеттері белгілі (микроаудандау жұмысын жүргізу барысында анықталады) әрбір грунтта болатын сілкініс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе бірнеше рет әр түрлі деңгейде көтерілгенмен, әлі де болса шешімін таба алмай жүр.

Екіншіден , қала аумағындағы аса қауіпті 10 баллдық белдемдерде және тектоникалық жарылымдар бойында ешбір құрылыс жұмысын жүргізуге болмайды. Мұндай тыйым Кеңес үкіметі кезінде болған, қазірде ешбір дәлелсіз алынып тасталған.

Үшіншіден , қазірде қала аумағында көп қабатты зәулім ғимараттар көптеп салынуда, олардың орналасуы әр жерде әр түрлі. Ал, бұл болса грунтқа біркелкі емес әсер етеді, яғни қала аумағы шытырлап тұр («трещить по всем швам») . Ал, бұл болса келешекте ықтималды сейсмикалық әсерді күшейтуі мүмкін. Бұған қосымша, ірі ғимараттардың өздері кішігірім техногендік сілкіністер ошағын тудыруы ықтимал, мұндай оқиғалар әлемдік практикада кездескен.

Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін

зардаптары әсері.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі болды. . «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарында жаппай қырып - жоятын жаңа қару - жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеңіз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп қалған. Сол аймақтағы дүниеге келетін балалардың күрт азаюы экологияның әсерінен болып отыр деп ғалымдар тұжырымдайды.

«Осы аймақтағы келесі полигон - «Тайсойған» полигоны - Қызылқоға ауданында 7500 км 2 жерді алып жатыр. 1952 жылдан пайдаланып келе жатқан бұл аймақтағы полигон үш бөліктен тұрады. Полигондардың айналадағы ортаға қаншалықты әрекеті болғанын бүгінгі таңда нақтылап айту мүмкін емес. Полигондарға жақынырақ жерде тұратын адамдар арасында әртүрлі ауруға шалдығушылық байқалып жүр.

Аумағының үштен екісіне дерлік әскери полигондар орналасқан Қызылқоға ауданы тұрғындарының денсаулығы жөнінде соңғы кездері статистикалық деректер де біраз қолайсыз жайлардың бетін ашты. Мысалы, мұнда әйелдер арасында анемия ауруы көп тарап келгендігін аңғарамыз. Аналардың күні жетпей босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі баршылық. Ауданда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдар саны азаймай отыр. Аурулардың ішінде бала көтеру мен босанудың қиындауы, үлкендер мен балалар арасындағы өкпе ауруы, рак біраздан бері бірінші болып келеді.

Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр ғарыш айлағындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. ОЛ тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатында көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

Айлақ 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі -жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта көп өспейді. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ғарыш айлағын салуға байланысты 2 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы - жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндері бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран тасымалдаушылар апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкімде апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы отындардың жарым жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Экологияның зерттеу әдістері
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Адам биологиялық түр ретінде
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас
Жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін негізгі экологиялық факторлар және олардың экспертизасы
Ауа ластануын экологиялық бағалау
ГАЖ-де мұнай-газ саласындағы жобаларды экологиялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz