Өт тас ауруы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Кіріспе: Өт тас ауруы.

  1. Этиологиясы және патогенезі.
  2. Патологиялық анатомия.
  3. Клиникалық көрінісі.
  4. Емделуі.
  5. Профилактика.

2. Өт жолы аурулары.

3. Холецистит.

4. Өт қуығының ісіктері.

5. Холангит.

Өттас ауруы (cholelithiasis) өт көпіршігінде тастың болуымен немесе сирек бауыр және өт жолдарында пайда болуымен сипатталады. Бұл ауру кең таралған. Өт тасы ауруы 50 жастан бастап қартайғанға шейін, әсіресе әйелдерде, көбіне бала тапқандарда кездеседі. Еркектер өт тасы ауруымен әйелдерге қарағанда шамамен 6 еседей сирек ауырады. Сонымен қатар өт қуығындағы тас бұл аурудың клиникалық көрінісін бермеуі мүмкін. Мұндай тастарды “тыныш”, “тым-тырыс”, өт тасы деп атайды.

Этиологиясы және патогенезі . Бұл ауру барлық зат алмасулардың бұзылысына жатады, ал тастың пайда болуы мына бұзылыстан болады; инфекция және өттің жүрмей қалуы. Және де аурудың пайда болуына семіздік, уақытында тамақ ішпеу, жоғарғы каллориялық тағам, өт көпіршіктерінің (холициститтер) қайталанған қабынуға алып келеді. Эндогенді себептер өттің тұнып қалуына себеп болады, одан өт химизманың және тастардың пайда болуын өзгертеді.

Тас құрайтын негізгі элементтер - холестерин, билирубин және кальций - ерітінді күйінде өтте болады. Өтте холестеринді еріген күйінде ұстап қалуы ең бастысы өт қышқылдарына байланысты. Өтте холаттың (тұз) болуының төмендеуі холестерин кристалданады және тұнады.

Өт көпіршігіндегі сұйықтықтың тұрып қалуы сол жерде тас пайда болуна әкеп соғады, өйткені сұйықтықтың үлкен концентрация және ондағы холестеринмен билирубиннің концентрациясының көбеюіне себеп болады. Ал өт қышқылының біртіндеп сорылуы өтте болатын холетеринмен билирубиннің мөлшерінің азаюына әкеп соғады. Бұған қоса тұрып қалған сұйықтықтық инфекцияға қолайлы жағдай туғызады. Сұйықтықтың тұрып қалуына негізгі факторлар, өт көпіршігінің және ағыстың жиырмалы функциясының нейрогуморальды реттелуінің бұзылуы (дискенизея), өт жолдарының анатомиялық өзгерулері (спайк, бүгілу т. б. ) және өт көпіршігінің босауын бұзатын себептер; ішкі қарын (внутрибрюшного) қысымының жоғарлауы (аяқ ауыр кезінде және т. б. ) ішкі мүшелердің төмен түсуі, іш қату, аз қозғалу, жиі тамақ қолдану және т. б.

Тұқым қуалаушылықта басты себептердің бірі: бір жанұяның бірнеше ұрпағында, әсіресе әйел жағынан өт тастары кездеседі. Өте майлы тамақтарды қабылдау, жоғарғы әртүрлі каллориялы тағамдар қолдану гиперхолестерин және өттасының пайда болуына әкеп соғады.

Патологиялық анатомия . Өт тастың үш тобы бар. Өт қөпіршігінде таза холестеринді тас, ақ және сары түсті тас кездеседі; Пигментті тас билирубин және әктен тұрады. Олар әртүрлі формалы, көбіне өте майда және қөп болады, қара - жасыл түсті, тығыз, бірақ сынғыш келеді. Таза әкті тас өте сирек кездесетін көмір қышқылды кальцийден тұрады. Жиі аралас холестерин - әк- пигментті тас табылады: олар суда батады және жанбайды.

Өт көпіршігіндегі тастар болғандықтан кілегейлі қабатында қабыну пайда болуына әкеледі. Қабыну кезінде тастың ұзақ уақыт болуынан атрофия және өт көпіршігінің склерозын шақыруы мүмкін.

Клиникалық көрінісі . Аурулардың шағымы созылмалы холициститке өте ұқсас болып келеді. Бірақ та өттас ауруында ауырсыну сипаты ерекшеленеді: ереже бойынша олар көрінкі және басқа ауруларға қарағанда доминантты болып келеді. Бұл ұстамалар өт шаншуы деп аталады. Бұлар тас көпіршік жолдарының томпаюынан және өт шығару жолдарынан пайда болады. Диетаның бұзылуы, қобалжу әсер ету факторы болуы мүмкін.

Әдепкі кезде науқас көбіне айқын емес ауырлыққа және іштің жоғарғы бөлігіндегі, әсіресе қарын аймағының сыздап ауыратынын айтып шағынады. Іштің қатты ауыратыны алдын-ала білінбей, ешқандай белгілерсіз, кенеттен пайда болуы мүмкін. Науқас күшті, ащы тамақ ішкеннен кейін немесе қатты ашуланғаннан кейін іштің қатты ауыратынын айтып шағынады. Кенеттен оң жақтағы қабырға асты, одан жауырынға және оң жақтағы иық үстіге өтетін ауыр ауырсынулар байқалады. Ішектің рефлекторлы сипаттамасының өтпеуі байқалады. Температураның көтерілуі сирек болады. Онымен қатар лоқсу және жиі құсу, іштің ауырғаны төске, жүрекке шабуы да мүмкін. Мұндайда тамыр біршама баяулау соғады. Мұндай аурудың ұстауы бір минутке ғана созылуы мүмкін. Осылай ұстап ауырғанда көбінесе дене қызуы көтеріледі, тек өт жолындағы тас қысылғанда, инфекция болмағанда ғана дененің қозуы көтерілмейді. Бірқатар жағдайларда біршама үлкейген ет қуығын сипап көруге мүмкіндік туады.

Ауырсыну ұстаманың ұзақтығы - бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болады. Ұстама өз - өзімен тоқталады немесе спазмолитиктерді ендіргеннен кейін. Басқа жағдайда инфекция тез қосылады және өткір холицистит туындайды. Айтқан ауысынулардан басқа жеңілдік әкелмейтін жүрек айнуы, кейде құсу туындайды.

Өт шаншуының әртүрлі болуы мүмкін: көпіршікті ағымның тастары қайтадан өт көпіршігіне қайтуы мүмкін. Көпіршік ағымның туындау ұзақтығына және инфицирдің жоқ болмауына байланысты сулы өт көпіршігін туындатады. Егер тас жалпы өт ағымына түсіп және оны тығындаса, онда механикалық сары ауру дамиды: өт пигментімен жойылған, кал ашық болып келеді; зәрде осы пигменттердің жоқ болуынан зәр қараяды; аққуызбен байланыспаған, қанда билирубиннің құрамы жоғарылайды.

Холицистография және ультрадыбыс зерттеулурі бойынша өт көпіршігінде конкрименттердің көлеңкесін көруге болады.

Емделуі. Хирургиялық емделу көрсетілген, себебі қазіргі уақытта басқа әдістер жоқ, нақты хирургияның көмегінсіз тасты жою мүмкін емес, өт шаншу ұстамасын тоқтату үшін наркотиктік аналгетик инъекцияны атропин қосылысымен қолданады. Егер қабыну процессі туындаса, антибактерияльды емделу ұсынады.

ЛФК - ны операцияның алдында да, операциядан кейін де қолданады. Операция алдында емделу гимнастика қан айналу функциясын және дем алуын жақсартады. Операциядан кейінгі кезең, ЛФК - мен айналысу профилактика асқыну әдісі болып есептеледі (тұнып қалған пневмония, ішек атониясы) .

Профилактика . Бауыр және өт жолдарының аурулары профилактика мақсатында салауатты өмір ұсынылады, ал ең бірінші дұрыс тамақтану, жалпы гигиеналық режим және систематикалық қозғалу белсенділік. Сонымен қатар инфекциямен күресу, өтте тұнбаның болдырмауы, ішек жолының функциясын қалыптастыру және психоэмоциональды стресстерді жою керек.

Өт жолы аурулары. Өт қуығының және өт жолының туа біткен ауытқушылықтары (кемістіктері) біршама сирек байқалады. Мәселен, өт қуығы түгелдей болмауы кездеседі, ондайда аплазияның орнында тек тыртықты тәж ғана байқалады. Өт қуығы бауыр ішінде орналасуы мүмкін және қос өт қуығы да кездеседі. Бауырдан тыс дамыған өт жолдары да болады. Кейде жалпы өт жолында байқалатын идиопатикалық кисталар туа біткен ауытқулыққа жатқызылуға тиіс.

Өте кеш жасалған операция кезінде қан тамырларының бұзылуы басылған сайын өт қуығы қабырғасында өрістей қабыну шегі, сыртқы қабықтағы фибриннің жиналуы, ал бұдан былайғы өт қуығы қабырғасының склерозы пайда болады. Мұның үстіне іріңдік не некроздық сипаттағы қабынудың жаңа ошағы байқалады. Бұл процесс толқын тәрізді өтеді, мұндай жағдай жедел холециститтің қайталап ұстауынан, клиникалық тұрғыдан білінеді.

Холецистит . Өт қуығының қабынуы әдетте өт тасы ауруында байқалады, бірақ сонымен бірге науқастарда өт қуығы қабырғасының қабыну өзгерістері тассыз да бола береді, мұны тассыз холецистит деп атайды. Мұндай жағдайларда қабыну себебі өт жолында әртүрлі жолдармен енетін алғашқы инфекция болып табылады: ішек таяқшасы, энтерококк, сиректе болса стафилакокк және стептакокк, және онан да сирегірек тифоздық және паратифоздық бациллалар.

Жедел холециститтерде патоморфологиялық өзгерістер әртүрлі болады. Аурудың алғашқы төрт күнінде іріңді инфильтрациямен қатар, кейде қан тамырларының мынадай болып бұзылғаны байқалады: көктамырлар мен ұсақ қан тамырлар сал-сал болып кеңейеді де олардың ішіне қан толады да тұрып қалады, өт қабының барлық қабатында жайылма қан ағу болады, әсіресе сыртқы қабығында өзгереді, фибриндер жабысады, қабық ісінеді, васкулиндер және тромбоваскулиттер дамиды. Әсіресе көп таралған қан ағу және қан тамырларының жиі зақымдалуы холециститтің некроздық түрінде, қабынған фиброздық тканьдердің ісінуі іріңді инфильтрациямен үйлесуі, флегмоноздық холециститте де байқалады. Өт қабы қабырғасындағы іріңді процестің қабырға ішіндегі іріңтікті түзе отырып таралуы және іріңнің кең жайылып өруі флегмоноздық холециститте, сондай-ақ ганзоеноздық холециститте де байқалады. Іріңдеген қабыну мен өт қабы қабырғасындағы некроздың жиі үйлесуі некроздық холецистит тобынан оның флегмоноздық-некроздық түрі, мұнда өт қабының қабырғалары ісінеді, онымен қатар фибрин сыртқа шығып сірі қабық бетіне жабысады.

Клиникалық көрінісі . Тасы жоқ холициститтің клиникалық көрінісі жалпы алғанда өт тасы болатын өт қуығының қабынуынан айырмасы аз болады. Өт қуығы аймағындағы сырқырап ауру, жиі жағдайда бұрғылап ауру, шаншу сияқты ауыру, оң жақ иыққа және жауырын арасындағы кеңістікке берілетін ауру холициститке тән: Ауыру қарында да пайда болады, кейде құсады.

Қайталанатын созылмалы холецистит . Өт қуығының қабырғасындағы қабынатын процесс көбінесе бойлай енген гистологиялық өзгерістермен аяқталады. Сондықтан өт қуығы өзінің пішінінен айырылып қалады, мөлшері кішірейеді және бауырға жабысып қалады. Оның қабырғасы тығыздалып, тыртықтанып өзгереді. Шарбы май өт қуығына біресе көбірек, біресе азырақ тығызданып жабысып, бірігіп кетеді. Дәл осы сияқты жалпы өт жолы мен ұлтабар аймағында да едәуір жабысып бітулер пайда болады. Көбінесе өт қуығы тасқа толып кетеді.

Өт тастарының неден пайда болатыны әлі жөнді анықталған жоқ. Қолданып жүрген теориялар - инфекциялық, өттің іркіліп, тұрып қалуы, заттар алмасу процестерінің бұзылулары, атап айтқанда холестириндік диатез біріккенде өт тастарының пайда болу себептерін толық түсіндіргендей болады. С. П. Федоровтың пікірінше өт тастарының құрастырылу механизмін өт қалтасында инфекцияның болуы, өт жолдарында өттің тұрып қалуы және холестерияның болуы, бұлардың бәрінің бірдей қатысуы бар. Алайда, тас пайда болуда қанда холестерин деңгейінің жоғарлауынан гөрі оның өтте асылып тұрған қалпынан өттен бөлініп шөгіп қалуының маңызы зор болады. Бұл патологиялық процесте бауырдың қызметінің бұзылуы әсерінен өт қышқылының мөлшері азаяды. Мұның азаюы өттің колоидтық құрамының өзгеруіне әкеледі, холестерин мен лецитин тұнба болып түсіп қалады.

Клиникалық тұрғыдан ауру әртүрлі болып өтеді. Салыстырмалы шамалы санды науқастарда ауру белгісі тіпті болмайды, сондықтан олар дәрігерге шағынбайды. Басқа бір топ науқастар өт клиникасы бір-екі рет ұстағаннан кейін немесе ұзақ уақыт ауруы қайталамағаннан кейін өзін саумын деп, ешқандай шағым айтпайды. Көптеген науқастар іштің жоғарғы бөліміндегі ауырлаған жағдайда және қайсібірі үнемі қолайсыз сезімге шағынады. Майлы тамақ ішу немесе диетаны сақтамау процестің асқынуына және өт тасы коликаларының ұстауына апарады, соның салдарынан қайталанатын созылмалы холецистит дамиды.

Аурудың ұстауы патологиялық-анатомиялық өзгерістерге, тамақтану режиміне, психикалық күйге байланысты барған сайын көбірек қайталанады. Сары аурудың болмауы да мүмкін, бірақ оның болуы өт жолдары ауруларының диагностикасында бағалы белгі болып табылады. Сары аурудың пайда болуы жалпы өт жолының таспен тығындалуына (литогенді сары ауру) немесе қабыну процесінің бауыр ішіндегі өт жолдарына таралуына (бұл холангиттерде байқалады) байланысты болуы мүмкін. Сары аурудың болуы холецистит диагностикасын жеңілдетеді, бірақ оны әрқашанда Боткин ауруымен, гемолитикалық сары аурумен, бауырдың жедел және жеделге жақын сары атрофиясымен (семуімен) және ең ақырында өт жолдарының тығындалуымен дифференциалдау қажет. Соңғысы, жоғарыда ескерткеніміздей, таспен тығындалуына немесе Фатер емізікшесі аймағында өзектердің (жолдардың) механикалық жаншылуына байланысты болады, бұл көбінесе ұйқы безі басының рагында байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өттас ауруы
Өт-тас ауруы туралы
Өт- тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит
«Микрохирургия және видеоэндохирургия туралы түсінік»
Дәрілік шөптер және минерал тектес заттар
Зоб ауруынан емделу, айығу туралы мағлұмат
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Өт қабының және өт шығару жолдарының гистологиясы
Бүйректер патофизиологиясы
Бауыр және өт жолының қабынуы кезінде қолданылатын емдік гимнастика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz