Су эрозиясы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Су эрозиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Кіріспе
Эрозияға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе аузы судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн. -нан 1 млрд. -қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады (1 кесте) .
Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:
- Тұщы су - 1 г/л дейін;
- Тұздылау - 1-3 г/л;
- Аз тұзды - 3-10 г/л;
- Тұзды және өте тұзды - 10-50 г/л;
- Рапа - 50 г/л артық.
Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз (3, 5% немесе 35
-промилле) болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.
Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т. б.
Су эрозиясы
Табиғи Эрозия баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минерологиялық құрамына және химизміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалары эрозияға сирке ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты (қоректік заттарға кедей) жағдайда, олай болса таза күйінде қалады.
Мұндай су қоймасының мысалы - Байкал көлі. Баяу эрозия мұздық шығу тегі бар көлдерге де тән. Олар көлдің таза суының негізгі қоймасы. Мұндай су қоймаларының тіршіліктің аз болуына және төмен температураға байланысты өздігінен тазару қабілеті төмен. Сондықтан, олар эрозиясыға сезімтал.
Келіп түсетін су ағыстарынан қоректенетін шағын су қоймалары азот пен фосфордың қозғалғыш формаларымен қамтамасыз етілген және эрозияға ұшырауға бейім. Олар жастық (олиготрофты) күйден, пісіп-жетілген (мезотрофты) және қартайған (эвтрофты) күйге батпаққа, одан шымтезекті субстратты құрылыққа айналу арқылы өтеді.
Антропогенді эрозияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар (құрамына енетін беттік белсенді заттар (ББЗ) фосфорлық қосылыстар негізінде жасалады) жатады.
Эрозияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т. б. адам қызметі туғызады.
Қоректік заттарға кедей (олиготрофты) табиғи сулардағы өндіруші-ағзалар тобы негізінен ірі өсімдіктерден (макофиттер) тұрады. Бұл өсімдіктер су қоймасының түбінде орналасып, қажетті биогенді элементтерді су түбіндегі құрылымдардан сіңіреді. Фотосинтез нәтижесінде бөлініп шығатын оттегі судың төменгі қабаттарында ериді. Судың жоғары қабаттары су түбінен көтерілетін және ауадан сіңірілетін оттегімен байытылады. Екі процесс те тепе-теңдікте болады да, су тазалығын сақтайды.
Эвтрофтанған суларда өсімдіктердің биогенді элементтерді тікелей қоршаған судан сіңіруге қолайлы жағдай жасалады. Бұл судың жоғарғы қабатында фитопланктонның интенсивті жиналуына және су түбіндегі өсімдіктердің оттегі жетіспеуінен жойылуына әкеліп соқтырады. Мұнда оны өлген планктонның органикалық затын өңдейтін редуцент-ағзалар сіңіреді.
Эрозия кезінде тек судың химизмі ғана өзгермейді, сондай-ақ ағзалардың түрлік құрамы да өзгереді. Нәтижесінде судың терең қабаттары оттегіне кедейленіп, аэробты процестер анаэробты процестермен алмасады да, су улы заттармен ластанады Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке 550 шқ және батыстан шығысқа қарай шамамен 470 шқ созылып жатыр. Физикалық-географиялық аудандастыру бойынша [1] зерттеу территориясы қоңыржай белдеудің шөлді ландшафт зонасына, солтүстік (жусанды-тұздықты) және оңтүстік (эфемерлі-жусанды) шөлдің зона-шығына, Ортаазиялық елге, Тянь-Шань облысына, Солтүстік Тянь-Шань және Оңтүстік-батыс Тянь-Шань провинцияларына кіреді. Аталған аймақтың геологиялық-геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топырақты-өсімдік сияқты физикалық-географиялық жағдайлардың әр алуандығы, сонымен қатар территорияның солтүстіктен оңтүстікке қарай едәуір созылып жатуы табиғи-территориялық кешендердің әр алуандығын алдын ала анықтап қойды және олардың көп жоспарлы шаруашылық пайдалануын қамтамасыз етті. Нақты табиғи-территориялық кешендердің жел және су эрозиясы , батпақтану мен құрғақтану, топырақтың тұздануымен қабаттасуы сияқты табиғи және антропогендік келісілген физикалық-географиялық үрдістерге бейімін бағалау үшін табиғи-территориялық кешендердің жетекші құрамдарының зерттелуі қажет.
Геологиялық орта, көбіне, аэрацияның белсенді зонасы [2] жергілікті жердің экологиялық жағдайының қалыптасуындағы басты фактор болып табылады: грунт қасиеті мен оның литологиялық құрамы территорияның құрғатушылығын, грунт суларының бағы-тын, шөлдің сол не басқа типін, топырақтың түрі мен типін, олар-дың қалыңдығы мен тұздық режимін анықтайды. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы күрделі геологиялық-геоморфологиялық құрылыммен сипатталады және Тұран плитасының шығыс бөлігі мен Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесінің батыс сілемдерінің шегінде орналасқан. Құрылымдық денудациялық жазықтар Бетпақдала үстіртінің шегінде көрініс береді. Жер беті қалыптасуының барлық геологиялық кезеңінде зерттелген территория айтарлықтай трансформацияға ұшырады. Палеозойға дейінгі кезеңдегі ең көне метаморфтық құрылымдар фрагментті түрде Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларындағы антиклиноридің білік бөлігінің шегінде кездеседі [3] . Оңтүстік Қазақстан территориясының геологиялық дамуының палеозойлық сатысында теңіздік геосинклиналдық жағдайлар үстемдік етті [4], мұны Қаратау жоталарында, Тұран плитасы ауданындағы ордовик және кембрий кезеңдері шөгінділерінің едәуір қабаты куәландырады және біршама аз мөлшерде Батыс Тянь-Шань шегінде кездеседі. Девон кезеңі климаттың едәуір аридтылығымен, құрылықтың үлкеюімен және қуатты магмалық іс-әрекетпен ерекшеленді [4, 5] . Мезозой сатысында, соның ішінде таскөмір кезеңінде аталған территорияға едәуір тектоникалық қозғалыстар тән, ал бор кезеңінде жеткілікті ылғалды климаттың басым болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының шегінде жер-жерде шұбаланған саздар мен құмтастар қалыптасты.
Неоген кезеңінде облыс территориясында теңіз трансгрессиясы, Тянь-Шань және Қаратау тау жүйелерінің көтерілуі және теңізден босаған құрлықтарда өзен торабының қалыптасуы байқалды. Соның ішінде аталған кезеңде қазіргі Қызылқұм шегіндегі өзен торабы жеткілікті түрде жақсы дамыды. Осы кезеңге Сырдария мен Шу өзендері алаптарының қалыптасуы жатады.
Төрттік кезеңде тау жүйелері қазіргі бейнелерін иемденді. Мұздықтардың еруі өзендердің суының молаюына алып келді және көптеген көлдер қалыптасты, олардың саны қазіргі уақытта азаюда.
Қазақстан территориясының геоморфологиялық аудандастырудың схемасына сәйкес [6] Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау орта тауының орогенді белдеуіне, Солтүстік Тянь-Шаньның тауалды мен жоталар жүйесі, Сырдария және Шу-Сарысу ойпатының аккумулятивті және денудациялық жазықтарына жатады. Аталған аудан рельефтің едәуір әр алуандығымен, гипсометриялық айырмашылықтармен сипатталады және ірі геоморфологиялық аудандар шегінде орналасады, олар: Батыс Тянь-Шаньның таулары мен тауалды жазықтары, Бетпақдала көтерілген денудациялық жазық Қызылқұм мен Мойынқұмның құмды массивтері және Сырдария мен Шу өзендерінің аңғарлық кешендері. Бетінің құрылысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының үлкен бөлігі жазықтыққа орналасқан. Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде таулардан тұрады. Мезозой мен кайнозойда облыстың жазықтық бөлігі вертикальды тербеліске ұшырады, соның нәтижесінде қатпарлы палеозой фундаментінде теңіздік және континенттік шөгудің кезектесуі байқалды [5] .
Облыстың солтүстігінде абсолютті көрсеткіші 200-290 м, оңтүстік-батысқа қарай төмендейді және солтүстік пен батысқа қарай шыңдардың кертпештерімен шектелген, көтерілген пластты Бетпақдала үстірті орналасқан. Үстірт горизонтальды (көлбеу) шөккен құмдармен, саздармен және палеоген малтатастарымен, сонымен қатар нашар дислокацияланған саздармен, алевролиттермен және палеоген құмтастарымен, жоғарғы бор жүйесі шөгінділерімен қабатталған [7] . Беттің рельефі тегіс, кей жерде тақыр тәрізді және сорлы төмендеумен күрделендірілген.
Облыс территориясындағы құмды массивтер жеткілікті түрде кең таралып, Мойынқұм және Қызылқұм құмдарының ірі құрылымдармен және бірқатар ұсақ құмды түзілулермен көрсетілген. Мойынқұм құмдары Шу өзені аңғарының оңтүстігінде орналасқан және қырқалы-төбешіктер мен жазықты болып оңтүстік-шығысында абсолюттік көрсеткіші 400-430 м, ал 160-180 м солтүстік-батысында құрайды. Мойынқұм құмдарының рельефтері үшін науалар- мен көзектесетін, көне аңғар болып табылатын терраса түрлі кертпештермен сипатталады. Грунт суларын сыналану зонасындағы құмдардың шеттері бойынша көптеген көлдер таралған. Қызылқұм құмды массиві Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіне ұштасады және негізінен қырқалы-төбешікпен (төбешіктерінің биіктігі 20-40 м), едәуір сирек бархандық құмдармен, кей жерде тақыр тәрізді және сорлы төмендеулер мен палеозой тау жыныстарымен түзілген бұйраттармен құралған. Аталған құмдардың абсолюттік көрсеткіштері 300-320 м оңтүстікте және солтүстік-шығыста 190-200 м тән.
Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай оңтүстігінде солтүстік-батысқа нашар еңісті, кей жерде сорлы төмендеумен және ұшырылған құмдармен күрделенген жайпақ жазық (Тақыр дала) орналасқан. Жазықтықтың беті сазды және саздақты тасындылардың қалың қабатымен қайта жабылған, жиі тұздалған [8] .
Оңтүстік Қазақстан облысының шегіндегі тауалды жерлер төбелі-жонды және жонды-толқынды рельефпен сипатталады, олар бор, палеогенді-неогендік пен төрттік жүйелерінікі және едәуір деңгейде өзен аңғарларымен тілімденген лесс түріндегі саздақтардың борпылдақ шөгінділерінің қалың қабаттарымен салынған [5] .
Батыс Тянь-Шаньның таулары біршама күрделі орографиясымен сипатталады және абсолюттік биіктігі бойынша биік, орташа және аласа тауларға жатады. Тянь-Шаньның тау құрылысы ретінде қалыптасуы төменгі палеозой (каледон қатпарлануы) кезінде басталды. Неоген мен төрттік кезеңде Батыс Тянь-Шань қайтадан қатпарлану процесіне ұшырады және қатпар түзумен рельефтің тілімденуін ұлғайтқан жарылымның пайда болуымен қатар, Тянь-Шаньның жалпы көтерілуі жүрді [4, 9] . Біршама биік абсолюттік көрсеткіштер (3600-4200 м) Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Талас Алатауы, Өгем, Майдантал жоталарының шегінде кездеседі. Биік таулар шегінде рельефте тік беткейлер мен тіктеуіш жартастар басым болды. Кей жерлерде мұзданудың қазіргі үрдістері (Сайрам, Ақсуат таулары, т. б. ) орын алады. Биік таулардың ерекше белгісі жота шыңдарында пенепленизацияланған суайрықтардың бар болуы саналады.
Орташа тауларға Қаржантау, Жабағалы жоталары жатады, биіктік көрсеткіштері 2000-2800 м және тік беткейлі рельефімен сипатталады.
Аласа таулар мен жоталар (Қаратау, Боралдайтау, Қазығұрт және т. б. ) биіктік көрсеткіші 1800 м дейін, облыстың орталық және оңтүстік-шығыс бөлігіне ұштасады, жайпақ беткейлі тегіс рельефпен ерекшеленеді. Қаратау жотасы абсолюттік көрсеткіші 2100 м дейін, Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Құрылымдық қатынасында Қаратау жотасы жаңа күмбөзді-шойтасты көтерілу [10] және облыстың жазықтық территориясын екі бөлікке бөледі: солтүстік, Мойынқұм құмдары мен Бетпақдала үстірті алып жатқан және Сырдария маңы ойпатымен Қызылқұм құмдары орналасқан оңтүстік бөлігі, жотаның Сырдария өзеніне қараған оңтүстік-батыс беткейлері жайпақ, біртіндеп жазыққа өтетін тауалды алаптары дамыған. Мойынқұм құмдарына қараған солтүстік-шығыс беткейлері тік және жартасты келеді. Қаратау үшін тегістелген суайрық беттер тән.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz