Салауатты өмір салты жайлы


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тұлғаның жан-жақты дамуы - дене тәрбдиесіне байланысты.

2. Дене тәрбиесінің міндеттері және мазмұны.

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру - қазіргі уақытта ең көкейкесті мәселелердің бірі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

Кіріспе Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. ҒылыКми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады.

Адам - жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ернекшеліктері өзі өмір сүріп отырған қоғамдық -тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рукхани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көз- қарасы өрістейді. Ал, көзқарастың дамуы - дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады.

Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға аралса бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланыстырады. Оның басты салалары мынау:

-Денесінің өсуі - бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды.

- Психикалық дамуы - ойлау, қабылдау, зейін, ес т. б.

- Әлеуметтік жағынан дамуы - адамгершілік, имандылық таным түсінікті сезіну, әлеметтік қарым қатынасты саралай білу т. б.

Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, яғни, іс- әрекетіне, еркі, сезімі, қабілетіне мән беру керек.

Міне, жоғарыда көрсетіліп кеткендей тұлғаны жан -жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңыздылығы жоғары болып табылады. Сондықтан менің рефератымның келесі бөлімдерінде осы тақырып жан -жақты ашып көрсетілген.

Тұлғаның жан-жақты дамуы - дене тәрбиесіне байланысты. Оқушылардың денсаулығы нығайған мығым болса, жұмыс қабілеті жоғары, қандай саладағы болса да еңбекке, қоғамдағы іс- әрекетке белсенді араласып тындырымды нәтиже шығара алады. Дене шынықтыру жаттығуын орындау барысында оқушының денесі ширығып, дамып, денсаулығы нығаяды, сондықтан сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында атқарылатын іс-әрекеттің жүйелі де бағдарлы болуына мән беру керек.

Дене тәрбиесін берудегі ежелден қалыптасқан қағида оны адамгершілік, имандылық таным мен ақыл-ой тәрбиесінен бөлуге болмайтын тұтастықта, бірлікте болатындығы барша жұртқа айқын. Оқушыларға берілетін дене тәрбиесін өркендетудегі басты бағдар - ғылыми теориялық және халықтық дәстүрлік тағылымдарды сақтап, философия ғылымының қол жеткен табыстарын және дене мен рух жөніндегі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамаларына сүйену ләзім.

Мектеп ооқушыларына берілетін дене тәрбиесінің мазмұны мен мақсаттарына қатысты басты мәселеге мына тұрғыдан қараймыз:

Тұлғаның қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруді дамытып, икемділігін жетіліру;

Дене құрылысының дұрыс қалыптастыруын ұамтамасыз ету арқылы денсаушылығын нығайтып, шынықтырып, еңбекке деген қабілетін дамыту;

Оқушының денетәрбиесі жүйесінде алған білімі оның қажеттілігі мен құмартып қызығушылығын желтілдіруге бағыттау;

Дене тәрбиесі тұлғаның салауатты өмір салтын орындауға ұмтылып, құштарлығын демеп, имандылық адамгершілік сапаларын дамытып, көзқарасын бекіту;

Оқушының спорт, денсаулық, гигиена саласындағы білімін қалыптастыру.

Мектептегі дене тәрбиесі оқу үрдісіндегі денешынықтыру, жаратылыстану т. б. пәндерді өту және сыныптан тыс жұмыстарды атқару барысында орындалатын жаттығу, білімділік іздену арқылы жүзеге асады. Дене тәрбиесін берудің ежелден қалыптасқан дәстүрлі құралы - гимнастика жасау, ойын, туризм, спорт. Сонымен қатар мына факторлар есепке алынады: 1) табиғат әсерлері - күн, ауа, су. 2) гигиеналық әсер - тамақтану, еңбек режимі, демала білу, лайықты киім, санитарлық талаптардың орындалуы.

Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюынқамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. “Дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін қалыптастырыатын адамгершілік қасиеттері мен ерік жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының

бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды. ”

Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттерін денсаулығы мықты, көңілді, дне бітімі жақсы дамыған тұлға ретңнде көргісі келеді.

Сондай-ақ, дене тәрбесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл-белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене күштері және ағзасын бір факторы ретінде айрықша мән береді. Әрине, қоғмдағы жасөспірімдердің дене және рухани қабілеттері қаншалықты дамуына байланысты, соншалықты олар халық игілігі үшін пайдалы әрі нәтижелі еңбек етеді.

Дененің дамуы - адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір ғана нәтижесі ретінде көрініс береді.

Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулық ты нығайтудың психо-физиологиялық негізерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық т. б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау.

Ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихымен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағұлматтар алу.

Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көпжақты процесс. Сондықтан да деннің саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді, соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Бүгінгі ғылыми - техникалық прогрестің дамуы, адам баласының өмірі мен атқаратын қызметтерінің сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл, әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығына көптеген мағұлматтар алуымен байланысты оның миында және интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен көрініс береді. Сонымен қатар қала жағдайына пәтерлердің бүкіл керек- жарағымен толық қамтылуы, тіпті жақын қашықтыққа үнемі автокөлікті пайдалану, көгілдір экран мен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ отыруы балалардың қимыл-қозғалыссыз белсенділігінің, денеге түсетін жүктеменің төмендете түсуде.

Профессор А. Новиков “Спортпен шұғылдану барысында тәрбиелік міндеттерді шешу үшін әдіснамалық маңызды ережені назарға алған жөн: адамның кез келген қасиеті тек қызмет ету барысында тәрбиеленеді, ол берілген қасиеттің пайда болун талап етеді” деп жазады. Демек, қиын жеткіншектердің жеке тұлғалық белгілі бір моралдік қасиеттерінің пайда болуы оңды қызмет жасау барысында мүмкін болады.

Сондай-ақ, қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Жүрек бұлшық еттерінің жиырылу күші кеміп, денеге тарайтын қанның мөлшері төмендеп, қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады. Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде төмендеп, қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.

Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның өзі денеге айарлықтай өзгерістер туғызады. Мәселен, бұлшық еттің солуы, жүрек жиырылуы күшінің кемуі, ішкі ағзалар қызметінің нашарлауы сияқты құбылыстар байқалады.

Танымал ғалым У. Гарвей “Сақтауға қажет бір асыл болса, алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір бастауы - сол жүрек “ деп бекер айтпаса керек.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультавтиктік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы » Ережеде (1971 ж) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған. Әр адамның өзінің денесін жастайынан шынықтыратын, гигиена саласында және медициналық көмек бере алатындай білімі болсын, салауатты өмір салтын ұстанатын болуы керек деген міндет қойылды.

Дене тәрбиесінің мазмұны құрамында баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету де едәуір маңызды орын алады. Әрине, бұл міндет, ең алдымен, отбасында ата-аналардың бақылауымен жүзеге асады. Мектеп жағдайында мұғалімдер жеке бас және қоғамдық гигиеналық ережелерді сақтау қажеттілігін түсіндіреді, практикалық кеңестер береді, осы бағытта олардың әрекеттерін ұйымдастырады т. б.

Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:

• денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;

• ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;

• дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру; • гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

• дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;

• адамгершілік қасиетттерін тәрбиелеу(батылдығын, өжеттілігін, қайсарлығын, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілігі, ұжымшылдығы т. б. ) ;

• дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;

•дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұитылысын тәрбиелеу т. с. с.

•ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.

Еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту - мемлекет алдында тұрған ең жауапты міндеттердің бірі. Сол үшін де жоғарыда аталған міндеттерді орындау, ең алдымен оқу және денсаулық министрлігіне, содан кейін мектептен тыс тәрбие беру мекемелеріне жүктеледі.

Келесі езекте, ол қоғамдағы әрбір адамның өздеріне міндеттеледі. Себебі, денетәрбиесі әрбір адамның өз денсаулығын белсенді түрде нығайтуға бағытталған шара.

Жақсы денсаулық - адамныңеңбек процесі және қоғамдық пайдалы әрекетінде де белсенді және табысты болуының бірден бір кепілі.

Бұған қосымша дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жағдайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды да көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеңейтеді, олардағы жалпы мәдениетті дамытады.

Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог әрі дәрігер П. Ф. Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынды.

Бүгінде баланың дене тәрбиесімен жүйелі айналысуы мектепке дейінгі кезеңде балабақшаға және дайындық бөлімінде басталады.

Мектепте дене шынықтыру сабағы - міндетті пән. Себебі мектептегі дене шынықтыру сабағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттерін нақтылы жүзеге асыру маңызды роль атқарады. Еліміздің азаматтарының салауатты өмір салтын қалыптастыру - қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселенің маңыздылығы қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ақуалына, экологияның нашарлауына, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түседі. Адамның өз денсаулығына көз-қарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Сондықтан қоғам білім беру жүйесіне мектепті сауықтыруға, балалардың денсаулығын нығайтуға және оларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға әлеуметтік тапсырыс береді. Осы мәселе бойынша зерттеулерге талдау жасау барысынды мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты “біртұтас феномен” ретінде қабылдау және оның жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір сүру салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, мұнда отбасы мен мектептің маңызды орын алтынын ұғыну; сондай-ақ мектептің денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекетін оқушылардың жас ерекшкліктерін ескере отырып ұйымдастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Валеологиялық білім беру
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Салауатты өмір салты туралы
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
Денсаулық энцикполедиясы
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz