Буындағы қозғалысты модельдеу
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
• Үздікті (үзілісті) қосылыстар, буындар
• Буын биомеханикасы
• Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы
• Буындардағы қозғалыстарға шолу
3. Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Сүйектердің алғашқы бітісіп – қосылу пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда), олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады. Алайда сүйектердің мұндай бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді. Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер арасындағы тіндер таралып – жойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола бастайды да, соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі – үзілмелі, буындасу пайда болады. Филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2 түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз) қосылу және кейінгі – үзілмелі (үздікті), кең ауқымды қозғалыстар жасауға мүмкіндіктер беретін қосылу. Егер сүйектер арасындағы дәнекер тіндік бөліктері тұтас үздіксіз байланысса – синартроз пайда болады. Егер олардың ішінде дәнекер тіннің тарылу жолымен қуыс пайда болса, онда сүйектердің қосылуының жаңа түрі – қуысты немесе үзілмелі түрі – диартроз пайда болады.
Сөйтіп, дамуы, құрылысы және қызметі бойынша сүйектердің бір – бірімен қосылуларын екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Үздіксіз (үзіліссіз) қосылыстар – синартроздар (BNA) – дамуы ертелеу, қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады.
2. Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар – диартроздар (BNA) – кештеу дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.

1. «Адам анатомиясы» Рақышев. А 1995 ж.
2. Интернет желісі:
www.google.ru
www.anatomus.ru/men/yaich.html
3. Адам анатомиясы (АТЛАС). 2 – том.Астана: «Фолиант» баспасы. 2008 жыл
4. Netter F.H. «Atlas of Human Anatomy»
5. И. В. Гайворонский “Нормальная анатомия человека ” Том І ;

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Анатомия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Буындағы қозғалысты модельдеу
Орындаған:Азикей Ү
129 ЖМФ
Тексерген: Тышқанбаевна А.К
Қарағанды 2013 ж.
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Үздікті (үзілісті) қосылыстар, буындар
* Буын биомеханикасы
* Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы
* Буындардағы қозғалыстарға шолу
3. Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Сүйектердің алғашқы бітісіп - қосылу пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда), олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады. Алайда сүйектердің мұндай бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді. Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер арасындағы тіндер таралып - жойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола бастайды да, соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі - үзілмелі, буындасу пайда болады. Филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2 түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз) қосылу және кейінгі - үзілмелі (үздікті), кең ауқымды қозғалыстар жасауға мүмкіндіктер беретін қосылу. Егер сүйектер арасындағы дәнекер тіндік бөліктері тұтас үздіксіз байланысса - синартроз пайда болады. Егер олардың ішінде дәнекер тіннің тарылу жолымен қуыс пайда болса, онда сүйектердің қосылуының жаңа түрі - қуысты немесе үзілмелі түрі - диартроз пайда болады.
Сөйтіп, дамуы, құрылысы және қызметі бойынша сүйектердің бір - бірімен қосылуларын екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Үздіксіз (үзіліссіз) қосылыстар - синартроздар (BNA) - дамуы ертелеу, қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады.
2. Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар - диартроздар (BNA) - кештеу дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.
Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар
Буын дегеніміз үздікті (үзілісті), қуысты, қозғалмалы қосылу немесе буындасу, auriculatio synovialis (грекше arthron - буын, осыдан arthritis - буынның қабынуы). Әрбір буында қосылатын сүйектердің буындық беттері, буын қапшығы (сүйектердің буындасатын шеттерін муфта сияқты қоршап тұратын) және оның ішінде сүйек арасында жататын буын қуысы болады.
1. Буындық беттер, facies articulares, гиалинді, кейде талшықты, қалыңдығы 0,2 - 0,5 мм буын шеміршегін, cartilago articularis, жабылған. Ұдайы үйкелу салдарынан буындық шеміршек буындық беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтырлыққа ие болып, ол шеміршектің серпімділігінен соққыны жұмсартып, буфер қызметін атқарады. Әдетте буындық беттер азды - көпті бір - біріне сәйкес келеді (конгруэнтті).
2. Буын қапшығы, capsula articularis, буын қуысын саңылаусыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың буындық беттерінің жиегін ала немесе олардан сәл кейіндеу өсіп - бекиді. Ол сыртқы фиброзды жарғақ, membrana fibrosa, мен ішкі синовиалды жарғақтан membrana sinovialis, тұрады. Синовиалды жарғақ буындық бетіне қараған жағында эндотелий жасушалары қабатымен жабылған, сонын салдарынан тегіс және жылтыр болады. Ол буын қуысына жабысқақ мөлдір синовиалды сұйықтық - синовияны, synovia, бөледі де, ал ол буындық беттерінің үйкелісін азайтады. Синовиалды жарғақ буындық шеміршектердің жиектерінде аяқталады.
3. Буын қуысы, cavitas articularis, буындық беттер және синовиалды жарғақпен шектелген саңылаусыз (герметикалы), кеңістік болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, буындық беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовиалды сұйықтықпен толған. Сонымен қатар сұйықтықтардың алмасуында және буындық беттерін іліктестіру арқылы бекітуде рөл атқарады. Ол сондай - ақ беттерінің сығылуы және соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғалыс - тек сырғанау емес, буындық беттерінің ажырасуы да болып табылады. Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі жасайды.
Буын биомеханикасы
Тірі адам организмінде буындар үш түрлі рөл атқарады: 1) олар дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; 2) дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; 3) дененің кеңістіктегі локомоция (орын алмастыру) мүшесі болып табылады.
Эволюция барысында бұлшықет қызметі үшін жағдайлар әртүрлі болғандықтан, түрлі пішіндер мен қызметтердің буындасуы пайда болады. Пішіні жағынан буындық беттерін геометрикалық айналу денелерінің кесінділері деп қарастыруға болады: бір білікті айнала қозғалатын цилиндр ретінде және үш немесе одан да көп біліктерді айнала қозғалатын шар ретінде.
Буындарда қозғалыс үш негізгі білікті айнала жүреді.
Буындарда мынадай қозғалыс түрлерін ажыратады:
1. Фронталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу - бүгілу (flexio), яғни буындасатын сүйектер арасындағы бұрыштың кішіреюі және жазылуы (extensio), яғни осы бұрыштың үлкеюі.
2. Сагитталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу - келтіру (adductio), орта жазықтыққа жақындау және әкету (abductio), яғни одан қашықтау.
3. Вериткалды білікті айнала қозғалу, яғни айналу (rotatio): ішке қарай (pronatio) және сыртқа қарай (supinato).
4. Шеңбер бойымен қозғалу (circumductio), бұл кезде бір біліктен екінші білікке ауысуы іске асады, соның өзінде сүйектің бір шеті шеңбер сызады, ал бүкіл сүйек - конус пішінін сызып шығады.
Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы
Буындарды мынадай принциптер бойынша жіктеуге болады: 1) буындық беттердің саны бойынша; 2) буындық беттердің пішіні бойынша; 3) қызметі бойынша.
Буындық беттердің саны бойынша былай ажыратады:
1. Тек 2 буындық беті бар қарапайым буын (art.simplex) мысалы, саусақаралық буындар.
2. Екіден көп буындасқан беті бар күрделі буын (art.composita), мысалы, шынтақ буыны. Күрделі буын бірнеше қарапайым буындасудан тұрады, оларда қозғалыс жек - жеке жүре алады. Күрделі буында бірнеше буындасудың болуы олардың байламдарының орнақтығын қамтамасыз етеді.
3. Буынды екі камераға (екі камералы буын) бөлетін буынішіндегі шеміршегі бар кешенді буын (art.complexa). Егер буынішіндегі шеміршек диск пішінді болса (мысалы, шықшыт буынында), камераға толық бөлінеді немесе егер шеміршек жартылай тәрізді мениск пішінді болса (мысалы, тізе буынында), камераға толық бөлінбейді.
4. Бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір - бірінен бөлек орналасқан буын - үйлесімді буын деп аталады. Мәселен, екі шықшыт буындары, проксималды және дисталды кәрі - шынтақ жілік буындары және т.б. осындай буындарға жатады. Үйлесімді буын екі немесе одан да көп анатомиялық жеке буындасудың жиыны болғандықтан, олар күрделі және кешенді буындардан өзгешеленеді, олардың әрқайсысы анатомиялық жағынан біріңғай болып, қызметі жағынан әртүрлі қосылыстардан түзіледі.
Буындардың анатомиялық - физиологиялық жіктелуі:
Бір білікті буындар. 1) Цилиндртәрізді буын, art.trochoidae. Осы вертикалды, буындасқан сүйектердің ұзын білігіне параллель білікті айнала қозғалуды - айналуды, rotatio - қамтамасыз етеді, мұндай буын айналғыш буын деп аталады.
2) Шығыршықтәрізді буын, ginglymus (мысалы, саусақтардың буынаралық буындасуы). Мұның шығыршық тәрізді буындық беті - көлденең жатқан цилиндр, оның ұзын білігі көлденең, фронталды жазықтықта, буындасатын сүйектердің ұзын білігіне перпендикуляр жатады; сондықтан шығыршықтәрізді буында қозғалыс осы фронталды білікті айнала жасалады (бүгілу және жазылу). Буындасқан беттердегі бағыттаушы жүлгелер мен бүйірге қарай ығысуды болдырмай, бір білікті айнала қозғалуға көмектеседі.
Екі білікті буындар: 1. Эллипстәрізді буын, articulatio ellipsoidae (мысалы, кәрі жілік - білезік буыны). Буындасқан беттер эллипстің кесінділері тәрізді: олардың бірі дөңес, екі бағыттағы қисықтығы бірдей емес сопақ пішінді, екіншісі соған сәйкес ойыс.олар біріне бірі перпендикулярлы екі горизонталды білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді: фронталды білікті айнала - бүгу және жазу, сагиталды білікті айнала - әкету және әкелу. Эллипстәрізді буындарда байламдар айналу біліктеріне перпендикуляр, олардың шеттерінде орналасады.
2.Айдаршықты буын, articulatio bicondylaris (мысалы, тізе буыны). Дөңгелек өсінді түріндегі дөңес буын басы бар, пішіні эллипске жақындайды, ол айдаршық, condylus, деп аталады. Айдаршыққа басқа сүйектің буындасқан бетіндегі ойыс сәйкес келеді, олардың көлемі әр түрлі болуы мүмкін.
3. Ертоқымтәрізді буын, art.sellaris (мысалы, бас бармақтың білезік - алақан сүйек буыны). Бұл буын бірінің үстіне бірі отырған екі ертоқымтәрізді буындасқан беттерден құралған, олардың біреуі екіншісінің ұзына бойымен және көлденең қозғалады. Осының арқасында ондағы қозғалыстар өзара перпендикулярлы екі біліктің: фронталды (бүгу және жазу) және сагиталды (әкету, келтіру) біліктердің айналасында жасалады.
Көп білікті буындар. 1. Шартәрізді буын, art.spheroidae (мысалы, иық буыны). Буындық беттердің бірі дөңес, шар тәрізді пішінді буын басы, ал басқасы тиісінше ойыс буын тілігін түзеді. Теориялық тұрғыдан қозғалыс шар радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктер айналасында жасалуы мүмкін, бірақ іс жүзінде олардың ішінен әдетте бір - біріне перпендикулярлы және буын басының ортасында қиылысатын үш негізгі білікті ажыратады: 1) көлденең (фронталды) білік. 2) алдыңғы артқы (сагитталды) білік. 3) вертикалді білік.
2.Жалпақ (жазық) буындардың, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz