Омыртқа жотасының физиологиялық және паталогиялық иілімдері



 Омыртқа желісінің бітімі мен қызметі
 Остеохондроз қалай пайда болды
 Остеохондроздың невралгиялық белгілері
 Мойын омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері
 Арқа омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері
 Бел омыртқалары остеохондрозының невралгиялық белгілері
 Пайдаланылған әдебиеттер
 Остеохондроз — омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Әуелде бұл мәселемен анатомдар мен патоморфологтар айналысты. Одан кейін омыртқаны рентгенологтар зерттеп, бірқатар жаңалықтар ашты. Соңғы кезде остеохондроз өзіне ортопедтердің, невропатологтардың және нейрохирургтердің назарын аударып отыр.
 Омыртка желісі деп аталуының өзінен көрініп тұрғанындай адамның бүкіл денесінің діңгегі ретінде қызмет ететін омыртқа саны 33-тен 35-ке дейін жетеді. Олардың ішіндегі жетеуі мойын омыртқа, онекісі арқа омыртқа, бесеуі бел омыртқа, бесеуі көлденең омыртқа және тәрт-бес омыртқа — құйымшақ.
 Мойын омыртқа ауыз омыртқа арқылы бас сүйекпен жалғасады, сондықтан да оның ұшы айналып тұруға ыңғайлы біткен. Ал белден төменгі омыртқалар көп қозғала қоймайды, тұтастау болады. Тіпті жаяның тұсын-дағы омыртқалар бір-бірімен тұтасқан бес Омыртқа желісіне қырынан қарасақ, оның екі-үш рет иіліп біткенін байқаймыз. Жаңа туған сәбидің арқа тұсындағы артқа қарай иілген омыртқа жотасы оның буыны беки келе бірнеше рет иіліп тоқтайды. Туғаннан кейінгі алғашқы екі айдың ішінде (сәби басын кетере бастаған кезде) омыртка желісі мойын тұсында алға қарай, арқа тұсында артқа қарай иіледі. Сәби жасқа толған кезде, яғни отырып, тұруға ыңғайланған кезде омыртқа жотасы бел тұсында алға қарай иіледі. Ең соңғы құйымшақ тұсындағы омыртқа желісі іштен иіліп туады.
 Омыртқа желісінің әр тұсының өз қызметі бар. Соған байланысты омыртқалардың өздері де әр түрлі болып келеді. Бірақ бәрінің бір-бірімен жалғасу принципі бірдей. Омыртқаның ұңғысы қысқа цилиндр формалы, биіктігі диаметрінен кіші, омыртқа сабақтарының ұзындықтары да әр түрлі. Арқа омыртқалары ұңғысының екі жағындағы қысқалау сабақтары қабырғалармен жалғасады. Ал одан төменгі омыртқалардың көлденең сабақтары иіліп шеңбер құрайды. Мұнымен қатар әр омыртқа жоғары және төменгі сабақтар арқылы екі шетінен бір-бірден өзара буындар құрастырады. Омыртқаның үстіңгі қыры тұтаса келіп омыртқа желісін құрайды.
 Гринберг А.В. Рентгенодиагностика профессиональных заболеваний костей и суставов.
 Пульвере П.В. Диагностика и лечение дегенеративных заоблеваний позвоночника
 Сипельников Р.Д. Атлас анатомии человека

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті
Анатомия кафедрасы

сөж
Тақырыбы: Омыртқа жотасының физиологиялық және паталогиялық иілімдері.

Орындаған:Сарманова М.Қ.

114топ ЖМФ

Тексерген:

Қарағанды 2010

Жоспар:

➢ Омыртқа желісінің бітімі мен қызметі
➢ Остеохондроз қалай пайда болды
➢ Остеохондроздың невралгиялық белгілері
➢ Мойын омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері
➢ Арқа омыртқа остеохондрозының невралгиялық белгілері
➢ Бел омыртқалары остеохондрозының невралгиялық белгілері
➢ Пайдаланылған әдебиеттер

Омыртқа желісінің бітімі мен қызметі

▪ Остеохондроз — омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп
тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз
жүргізіліп келеді. Әуелде бұл мәселемен анатомдар мен патоморфологтар
айналысты. Одан кейін омыртқаны рентгенологтар зерттеп, бірқатар
жаңалықтар ашты. Соңғы кезде остеохондроз өзіне ортопедтердің,
невропатологтардың және нейрохирургтердің назарын аударып отыр.
▪ Омыртка желісі деп аталуының өзінен көрініп тұрғанындай адамның
бүкіл денесінің діңгегі ретінде қызмет ететін омыртқа саны 33-тен 35-
ке дейін жетеді. Олардың ішіндегі жетеуі мойын омыртқа, онекісі арқа
омыртқа, бесеуі бел омыртқа, бесеуі көлденең омыртқа және тәрт-бес
омыртқа — құйымшақ.
▪ Мойын омыртқа ауыз омыртқа арқылы бас сүйекпен жалғасады, сондықтан
да оның ұшы айналып тұруға ыңғайлы біткен. Ал белден төменгі
омыртқалар көп қозғала қоймайды, тұтастау болады. Тіпті жаяның тұсын-
дағы омыртқалар бір-бірімен тұтасқан бес Омыртқа желісіне қырынан
қарасақ, оның екі-үш рет иіліп біткенін байқаймыз. Жаңа туған сәбидің
арқа тұсындағы артқа қарай иілген омыртқа жотасы оның буыны беки келе
бірнеше рет иіліп тоқтайды. Туғаннан кейінгі алғашқы екі айдың ішінде
(сәби басын кетере бастаған кезде) омыртка желісі мойын тұсында алға
қарай, арқа тұсында артқа қарай иіледі. Сәби жасқа толған кезде, яғни
отырып, тұруға ыңғайланған кезде омыртқа жотасы бел тұсында алға қарай
иіледі. Ең соңғы құйымшақ тұсындағы омыртқа желісі іштен иіліп туады.
▪ Омыртқа желісінің әр тұсының өз қызметі бар. Соған байланысты
омыртқалардың өздері де әр түрлі болып келеді. Бірақ бәрінің бір-
бірімен жалғасу принципі бірдей. Омыртқаның ұңғысы қысқа цилиндр
формалы, биіктігі диаметрінен кіші, омыртқа сабақтарының ұзындықтары
да әр түрлі. Арқа омыртқалары ұңғысының екі жағындағы қысқалау
сабақтары қабырғалармен жалғасады. Ал одан төменгі омыртқалардың
көлденең сабақтары иіліп шеңбер құрайды. Мұнымен қатар әр омыртқа
жоғары және төменгі сабақтар арқылы екі шетінен бір-бірден өзара
буындар құрастырады. Омыртқаның үстіңгі қыры тұтаса келіп омыртқа
желісін құрайды.

▪ омыртқадан тұрады. Ал құйымшақтың омыртқалары өзара бітісіп кетсе
де, сегізкөз сүйектің ұшымен жалғаса қозғалып тұрады.

▪ Омыртқа желісінің қырында, әсіресе, арқа мен бел омыртқаларында
олардың артқы тармақтарын қолмен сипап анықтауға болады. Ал мойын
омытқаларында (жетінші мойын омыртқаны ескермесек) аталған тармақтар
тереңірек орналасқандықтан әрі қысқалау болғандықтан оларды қолмен
сипап анықтауға мүмкіндік жоқ. Жетінші мойын омыртқаның осы
ерекшелігін медицина қызметкерлері басқа мойын омыртқаларының реттік
санын анықтау үшін пайдаланады. Омыртқалардың көлденең және артқы
тармақтарына (өсіктеріне) бұлшық еттер байланады.
▪ Омыртқалардың доға тәрізді иіліп келген жері әр омыртқаның арт
жағынан және екі жақ жанынан омыртқа тесігін құрастырады. Омыртқа
тесіктері бірінің үстіне бірі тіркесе келіп, омыртқа өзегін құрайды.
Бұл өзекте жұлын орналасқан. Омыртқа өзегін құрастыруға жұлын қабығы,
омыртқааралық байламдар, тағы басқа да тканьдер қатысады. Әйткенмен де
омыртқа өзегінің негізі ретінде омыртқа мен оның доға тәрізді иілген
жері арқылы пайда болған қабық деген ұғым дұрыс деп есептеген жөн. Бұл
қабықтың (футлярдың) жұлынға тигізетін пайдасы өте зор. Себебі ол
жұлынды сыртқы әсерлерден сақтайды.

▪ Омыртқа иіні мен оның сыртының түйіскен жерінде жоғарғы және төменгі
омыртқа жырықтары бар. Олар омыртқа желісінің екі жағынан
омыртқааралық тесіктер құрайды. Бұл тесіктер сүйек арқылы пайда болған
қысқа өзек тәрізді. Омыртқааралық тесіктер мойыннан төмен қарай, яғни
сегізкөзге дейін кеңи береді. Омыртқа желісінің мойын тұсында бұл
тесіктер белдеме тұсындағы тесіктерден әлдеқайда тар. Мысалы, мойын
омыртқала-рындағы омыртқааралық тесіктердің диаметрі 4 мм-ден аспайды,
ал бел омыртқаларында олар 10 мм-ден артық. Омыртқааралық тесіктер
арқылы омыртқа өзегінен жұлын нервтері, қан және лимфа тамырлары
шығады.
▪ Әрбір омыртқаның тұрқы қабыршак тәрізді сүйектен құралады.
Омыртқалардың бірі мен бірі байланысатын тұсында шеміршектен құралған
пластинкалар бар. Осы шеміршектер арқылы омыртқалардың өзара байланы-
суын медицина тілінде омыртқааралық диск деп атайды. Дискілердің саны
омыртқалардың санынан аз. Мысалы, омыртқалардың саны 33—35 болса,
дискілер —23, Бі-рінші және екінші мойын омыртқаларының арасында,
омыртқа желісінің сегізкөз бен құйымшақ тұсында дискілер болмайды.

▪ Омыртқалардың кұрылым принципі бірдей болғанымен олардың омыртқа
желісінің әр тұсында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Омыртқалар мен
олардың тармақтарының мөлшері атқаратын қызметіне тікелей байла-нысты.
Себебі, адам өмірінде омыртқа желісінің әр бөлшегіне түсетін салмақ
біркелкі емес. Мәселен, адам денесіне түсетін салмақтың басым бөлегі
арқаның төменгі омыртқаларына, бел және сегізкөз омыртқалары на
түседі. Сондықтан да омыртқа желісінің күш түсетін жеріндегі
омыртқалар басқа омырткалардан ірі болып келеді. Бұл омыртқалардың
тармақтары да үлкен, себебі оларға өте көп қызмет атқаратын бұлшық
еттер байланады. Мойын омыртқаларына түсетін күш арқа мен бел
омыртқаларына түсетін күштен аз болғандықтан олардың тұрқы және артқы
қырындағы бұтақтары кішірек болады. I — IV мойын омыртқаларының
көлденең бұтақтарындағы тесіктен өтетін омыртқа артериясы арқылы
мидың төменгі жағы қанмен қамтамасыз етіледі.
▪ Жоғарыда айтқанымыздай, мойын омыртқа, арқа омыртқа және бел омыртқа
өзара шеміршек арқылы қосылған. Бұл шеміршекті дәрігерлер тілінде
омыртқа арасындағы диск деп атайды.

▪ Жаңа туған нәрестенің омыртқасындағы былқылдақ ядрода судың мөлшері
88 процент, 18 жастағы жігітте 80 процент, ал 77 жастағы қартта 69
процент болады. Сол сияқты талшықты сақина құрамында да әуелде 78
процентке дейін су болса, адам 30-ға келгенде 70 процентке дейін
азаяды екен. Бұдан кейін адам қартайғанша ондағы су мөлшері онша көп
өзгере қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды сол — былқылдақ ядро мен
талшықты сақинаның құрамындағы судың мөлшері адамның жасы ұлғайған
сайын азая береді. Сау организмде судың сіңірілуі ядроның қалыпты
жағдайын камтамасыз етеді, ал омыртқаға түскен күш көбейгенде сырттан
келген қысым судың сіңірілуінен асып кетеді де, омыртқааралық дискіден
су қысылып шығады. Керісінше, сыртқы салмақ азайғанда былқылдақ ядро
өз орнына барып жаңағы суды бойына қайта сіңіріп алады, гидротацияның
көбеюі организмнің тепе-теңдік жағдайын бұзады. Омыртқааралық
дискілерге үнемі күш түсіп тұратындықтан бұлшық еттері де ширығады,
сөйтіп олар омыртқааралық дискілерге көмектеседі, адам денесін тік
ұстап тұратын болады. Бұл бұлшық ет талшықтарының ширығуы, тіпті адам
ұйықтап жатқанда да босамайды екен.
▪ Адам отырғанда бел омыртқа мен олардың арасындағы дискілерге салмақ
аса көп түседі. Айталық, салмағы 70 килограмдық адам отырған кезде
үшінші белдеме омыртқаға 142 килограмм салмақ түседі екен. Түрегеп
тұрғанда түсетін салмақ 99 килограмм, жатқанда не бары 20 килограмм
ғана болады.
▪ Омыртқаға түсетін салмақтың мөлшері адамның атқаратын жұмысына қарай
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының физологиялық иілімдері
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Омыртқа бағанасының физиологиялық және потологиялық иілімдері
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Омыртқа жотасының иілімдері
Омыртқа жотасы
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Кеуде торының түрлерін анықтау
Пәндер