Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 - 9

І тарау

Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары

1. 1. Алты жасар балаларды оқыту ерекшелігіне

психологиялық-педагогикалық талдау . . . 10 -20

1. 2. Алты жасар балалардың дүниетанымын

қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 21- 27

ІІ тарау

Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытуда

экологиялық тәрбиемен жүзеге асырудың жолдары.

2. 1. Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың

қазіргі жағдайына талдау . . . 28 -35

2. 2. Алты жасар балалардың сөйлеу тілінде өз бетімен

жұмыстана білуі. Олардың жолдары мен әдістері . . . 36 - 47

ІІІ. Қорытынды . . . 48 -53

Ү. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54 -55

ІҮ. Қосымшалар . . . 56 - 67

Кіріспе

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің, уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі; “ Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет”- делінген Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” бағдарламасында. Бүгінгі күннің осындай талаптарына байланысты, балалардың бастауыш дайындық топ балаларының сабақ мақсаты қалай жүріп жатқанын анықтау көзделіп отыр.

1) Балалардың мектепке қандай мақсатпен келгенін, қандай дайындықпен келгені .

  1. Түрлі әдістемелік оқулықтарды пайдалану мақсатында.
  2. Даярлық топтар бағдарламаларынан кейін іс - тәжірибиелерімен таныстыру.

Егер педагогкалық процесс өзінің барлық компоненттерімен алты жасар балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне толық сәйкес келуге мүмкіндігі болмаса, онда балалар оқуға деген ынтасы ілезде жоғалтады .

Егер оқыту актуальды деңгейден озып, тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірген жағдайда ғана жеделдете даму болады .

Ш. А. Амонашвили “ Педагогика бала дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс . Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады” -деп жазды. Алты жасар баланың өзін қоршаған адамдар арқылы бір нәрселерді үйренуі жетілуі, саусақтарын жазу, сызу, бояу, мүсіндеу және тағы басқа іс - әрекеттерге бейімдеу. ал алты жасар баланы мектептегі пәнді оқытуға дайындық - дегеніміз, осы пәннің обьектісін қарастыру барысында, іс- әрекеттрге бейімдеу, ол пәннің өзіндік ерекшелігін туындауы.

Мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің алдына қойып отырған аса маңызды да күрделі міндеттердің ішінде оқу жылынан бастап, жүзеге асырылатын балаларды алты жастан бастап, оқытып, оның қиындығы бұл істің алға қойылған басты мәселе. Алты жастағы баланың жеті жастағы баланың ойы мен бойында, мінез-құлық машығында тілінде, т. б. зор айырмашылықтар бар. Сондықтан оларды оқытып, білім мен тәрбие беру прцесінде жаңағыдай ерекшеліктер еленбесе, сол ерекшеліктердің сипатына қарай ұтымды әдіс-тәсілдер шебер қолданылмаса, мұғалімнің көздеген мақсатына жетуі қиын, тіпті мүмкін емес. Ал, бүл үшін ең алдымен, мұғалімнің 1-класқа келіп отырған алты жастағы балалар туралы жан-жақты ғылыми мағлұматты болуы. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік методикасымен қаруаланып алуы қажет. Әрине, сол жастағы балаларды мектепке оқыту мәселелері топ қазір қолға алынып, өз шешімдерін тауып отыр.

Біздің республикамызда “Алты жастан оқытудың педагогикалық проблемалары” деген атпен 1981-1985 жылдары экспреминттік жұмыстар жүргізілді. Оған таңдаулы мектептер, озат мұғалімдер, педагогикалық институттардың мамандары оқулық авторлары Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері аудандық, облыстық оқу бөлімдерінің методистері қатысты. Арнайы оқу жоспары программалар, оқулықтар жасалып, олар эксперимент кезінде қолданылады. Бұл жұмыстардың нәтижелері алты жастан бастап, оқытудың мүмкіндігін қуаттай отырып, оны жүзеге асырудың алғы шартын әзірледі. Байқаудағы өткізілген программалар мен оқулықтар, оқу-методикалық құралдар, оған бергі жерде оқу министрлігі құрған арнайы комиссияда кеңінен талқыланып, жаңа оқу жоспарына сәйкес жетілдірілді, қайта жасалды. Методикалық жинақтарда алты жастағы балалар оқитын бірінші класта күн ежимін ұйымдастыру, кішкентай шәкірттердің физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері, олардың еңбек қабілетін жетілдіріп, оқу-жазуға, сөзді дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту, айналадағы дүниемен және қоғамдық, өмір құбылыстарымен таныстырып, таным процесін жетілдіру, өздігінен еңбектену машықтарын қалыптастыру мәселелері қорытындыланды. Әрине, методикалық құралдық барлық тұжырымдарын, методикалық ұсыныстарын бұлжытпайтын қағида деп қарамаған жөн. Олар бір жағынан нақты қалыптасқан жағдайға сәйкес, творчествалық қолдануды екіншіден бұл мәселенің өте маңызды жағы жанды жұмыс тәжірибесі, оқу-тәрбие практикасы негізінде дамытып, жетілдіруді талап ету. Сондықтан да алты жастағы балаларды оқытуда қиын да қызықты міндетті іс жүзіне асырып жатқан мұғалімдердің пікірлері өте бағалы болып табылады. Бастауыш мектептердегі оқушылардың білімін жетілдіру, үлгірімін сапасын арттыру талабы қойылып отырған қазіргі кезеңде алты жастағы баланы оқытуда көзделетін мақсаттардың бірі. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, денесін шынықтыру. Эстетикалық талғамын ояту, дене-түзілісін, қимыл-әрекетін жетілдіріп, ой-еңбегін, қабілетін дамыту. Сондықтан оқыту процессінде, сабақ әрбір баланың жас ерекшелігіне байланысты гигиеналық тұрғыдан ұйымдастырылуы тиіс. Алты жасар баланы оқытатын мұғалімдер оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктерімен жете таныс болуы керек. Бала алғашқы күннен бастап, мектеп режиміне машықтанады. Күнделікті қоңырау үні, ұстаздың іс-әрекеті, класқа кіріп сөйлесуі, мұғалім келгенде баланың орнынан тұруы, баланың оқуға деген құштарлығын үдете түседі. Ми қыртысын қоздырып, шартты рефлекске айналады. Физиологтар зерттеу арқылы оқу процесінде ми қызмет әсерінен үш түрлі еңбек қабілетіндегі пайда болатынын анықтады. Біріншісі - сабақтың бос кезіндегі оқуға құштарлығы мен ынтаның артуы. Екіншісі - оқу барысындағы қабілеттің күшеюі. Үшіншісі - еңбек қабілетінің төмендеуі.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, бала сабақта шаршамай отыруы үшін мынандай екі жағдайды ескеру қажет. Біріншісі, бала орнынан қозғалмай қимылсыз отрса, тез шаршайды. Сондықтан жаңа сабақ материалын түсіндіруді 25-минуттан артық созуға болмайды, және оқушы партадан кеудесін көтеріп, тік дұрыс отыруын талап ету керек. Екіншіден, баланың нерв қызметі - қозу мен тежеу процестері бір-бірімен тез алмасады. Соның әсерінен нерв клеткалары шаршайды. Баланың сабақ тыңдауға зауқы соқпайды. Аталған қиындықтан құтылу жолы, бұл сабақтың тартымды, қызықты болуы. Алты жастағы балалар 2-3 мың сөз біледі. Оны есте сақтай білу керек. Қорыта айтқанда алты жасар баланы оқытқанда ұстаз әр баланың тек ақыл-ойы мүмкіндігін ескертіп қоймай, оның жалпы дүниетанымын қалыптастыруға көңіл бөлу.

Зерттеудің көкейтестілігі : Жалпы азаматтық құндылықтың маңызын түсінетін ақыл -ойы дамыған дүниетанымын да қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі болып келеді. Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенін біреу біліп, білмей жүргені өмір тәжірибесінде күнбе-күн байқалып отырады. Қоршаған ортаға немқұрайлы қарауды болдырмаудың жолы мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балада болашақ қоғамның мүшесінде дүниетанымды қалыптастыруда, табиғатты аялауға, қорғауға қажеттігі туындайды. Ол президенттің “Қазақстан - 2030” бағдарламасында қазақстандықтардың өсіп-өркендеуімен әл-ауқатын жақсарту мақсатында халқына арналған жолдауында азаматтардың денсаулығын көтеру, ауруды болдырмау үшін дүниетанымын кеңейту айқын көрсетілген. Соңғы кезде жарық көрген мемлекеттік заңдар, тұжырымдамалар, ғылыми еңбектер табиғат қорларын қорғаумен оларды тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар, бұл істі жүзеге асыруда дүниетанымды кеңейту негіз бола алады.

Бұл біздің Республикамызда соңғы 15-20 жыл бойында зерттеліп, түрлі сынақ, эксперимент жұмыстары жүргізіліп, бағалы тәжірибелер жинақталды. Алты жастағы балалардың дүниетанымын, психологиясын зерттеп үлес қосқан ғалымдар еңбегі көп еді В. В. Давыдов, Д. БЭльконин, П. Я. Гальперин, Н. А. Ленчинская, И. А. Люблинский. Педагогикалық методикалық жағынан Ш. А. Амонашвили, А. П. Усова, А. М. Пышкало зерттеп, практикада сынап көрудің нәтижесінде оқытудың мазмұнына, күн режиміне оқу процесін ұйымдастырумен оған қажетті жағдайлар жасауға қатысты жайықтар анықталып, шешім тапты деуге болады.

Зерттеу мақсаты: Мектепалды топ балаларының бастапқы дүниетаным негіздерін, қалыптастыру жүйесін теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу объектісі: балаларды мектепалды топ балаларын тәрбиелеу және оқыту.

Зерттеу пәні: Мектепалды топ баланың бастапқы дүниетанымдық негіздерін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектепалды тп балаларының бастапқы дүниетаным негіздерін қалыптастыру ғылыми тұрғыда жүзеге асады, егерде оқу-тәрбие процесінде дүниетанымды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізгі дүниетанымдық тәрбие берудің бағдарламалық мазмұны бүгінгі талапқа сай толықтырылса мектепалды балаларының бастапқы дүниетаным негізін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері жүйеленіп ғылыми әдістердің нұсқауы берілсе.

Зерттеудің міндеттері: Мектепалды топ балаларының бастапқы дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау “Экологиялық мәдениет” ұғымын анықтап беру.

- мектепалды балаларының дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау және моделін құру;

- мектепалды балалардың бастапқы дүниетанымын қалыптастыруға арналған бағдарламаның мазмұнын жетілдіру және оның тиімділігін анықтау;

- 6, 7 жастағы балалардың бастапқы дүниетанымдық негізін қалыптастыруға әдістеріне нұсқау дайындау және оны тәжірибеге ендіру.

Зерттеу жұмысының әдістері, әдіснамалық және теориялық негіздері “адам, қоғам, табиғат”.

Жүйенің даму заңдары, дүниетаным туралы философиялық, психикалық педагогикалық теориялар.

Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық психологиялық педагогикалық дүниетанымдықтарын зерттеуге және мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларын талдау, бақылау, әңгімелесу. Сауалнама жүргізу тәжірибелік педагогикалық эксперимент, диагностикалау, математикалық әдістері алдындағы қатарлы іс-тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Зерттеудің көздері: философия, психология, педагогика ғылымдарының еңбектерінде, айналадағы ортаны қорғау туралы заң (1997), “Экологиялық білім” бағдарламалары (1989), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (1997), Қазақстан - 2030 (1998), “Білім туралы заң” (1997) зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер.

Зерттеудің негіздері:

Бірінші кезеңде (1997-2000ж. ) тақырып анықталып зерттеу мәселесіне байланысты философиялық психологиялық педагогикалық ғылыми әдістерін еңбектерге талдау жасалынып, “Экологиялық мәдениет” ұғымына анықталып беріледі. Балабақшада мектепалды топ балаларының бастапқы дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізгі мәселелері анықталды, және моделі ұсынылып, өлшем деректері анықталды.

Екінші кезеңде (2000-2002жж) балалардың мектепалды топ бастапқы дүниетанымдық негізін қалыптастырудың қосымша бағдарламасы және әдістемесі тәжірибесін экспериментке негізделген.

Зерттеудің ғылыми жағдайы мен теориялық мәндігі:

- мектепалды балалардың дүниетанымын қалыптастыру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген;

- дүниетаным ұғымына анықтама беріледі.

Балаларға мектепалды бастапқы дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері деңгейлері анықталады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- балабақшадағы мектепалды балалардың дүниетаным негіздерін қалыптастырудың қосымша бағдарламасы ұсынылады;

-мектепалды топ балаларының дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың әдістемелік нұсқауда балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу процесіне енгізілді;

6-7 жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың әдісі жасалды.

Зерттеу базасы: - эксперименттік жұмыс Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы № 13 Аққұс негізгі мектебіндегі балаалрмен жүргізілді.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

- мектепалды балалардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздемесі;

- балалардың дүниетанымын қалыптастырудың моделі, өлшемдері көрсетіледі, деңгейін анықтау болып табылады;

- 6-7 жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бағдарламасы;

- балалардың дүниетанымын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік нұсқауы.

1 тарау

Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық- педогогикалық проблемалары

Жалпы дүниетаным дегеніміз - обьективті дүниеге және ондағы қоршаған шындыққа және өзіне қатысты көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдерін, мұраттарын, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары. Педогогика ғылымында қарастыратын басты мақсат, оқушы мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мәселесін шешуде, оның құрамды бөліктерін ажыратып қараймыз. Педогогикалық ғылыми еңбектерге сүйенсек, дүниетанымның ең негізгі жоғарғы сатыға алып қарайтын бізге мәлім төрт сатысы бар: олар, Білімі, дүниетанымы, сенім, сонымен бірге адам мұраты. Түсінікті, анық нақты білу үшін жеке тоқтау, талдау жасайық.

Білім - обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зеттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптастырудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі . Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне, адам баласының басты мақсатына міндетіне айналған.

Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын Түсіндіру туралы пайымдауы, ой- тұжырымы. Адамзаттың пайда болуы, тарихын түсіндіруде, әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, Мотералистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктілігін анықтайды, мінез - құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыруы болып табылады.

Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат- мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үндерін дамытуда адамның сезімін оятады. Адам баласының талпынуындағы алға қойған мұраты.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарас және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде, әр түрлі факторлар мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәжірибе, жаппай ақпарат құралдары әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс- әрекетіне әр-түрлі ықпал жасайды. Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасуы процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Дүниетанымдық білімін алты жасар балалар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте дене бойына игеретіні анық. Орыстың ұлы педогогы К. Д. Ушинский “ Әрбір сыныптан ең кіші сыныптан бастап, оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасының болуы керек . . . Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс ” - деп жазған болатын, шын мәнінде де, дүниетанымды барлық бала меңгеруі тиіс. Қандай дүниетанымдық ұғымды бастауыш орта, жоғары мектеп жасындағы балалардың меңгеруі керек пе ? Бұл сұрақтарға яғни, жауап оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білім мазмұнының тереңдігі мен олардың оқушыларға түсіндірілуі мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламасында қарастырылған. Оларда балалардың жас ерекшелігіне және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған. Алты жасар балалардың дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекет туралы ғылыми білімнің бастапқы негізін игеруі. Оқыту мен тәрбие барысында, Отан, халық туралы алдыңғы қатарлы адамдардың дүние жүзі халықтарының бейбітшілік және бақыт үшін күресі туралы балалардың түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың санасына, ойына жақсы деген дағдыны ғана қалыптастыру, оны жетілдіру біздің міндетіміз болып табылады.

1. 1. Алты жасар балаларды оқыту ерекшелігіне психологиялық-педагогикалық талдау

Алты жасар балалардың дүниетанымы айналаны қоршаған орта және экологияны оқыту барысынды дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек туралы қалыптасады. Құқықтық санасы, азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Дүниетанымының қалыптасуы, оқытудың өмірмен тығыз байланысы, балаларды еңбек іс-әрекетіне тарту, яғни бұл дидактикалық және тәрбиелік жағдайлардың бірі.

Балалардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені, осы ортада әрбір бала өмір сүреді, тіршілік етеді . Бұлардың бәрі балалардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс- әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ұштастырып, тәжірибесі артады. Іскерлігі және дағдысы дамиды. Бала айналадағы қоршаған орта мен оған өзіне байланысты көптеген мәліметтер алып, ие болып, одан әрі білуге талпынады, талап қояды. Осы жоғарыда айтылған дағды бала бойына қалыптасса, осының өзі үлкен іс емес пе ? Осындай тиімді істер нәтижесі болып табылатыны бізге мәлім.

Алты жасар балаларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білімі шеңбері кеңейеді, тереңдейді. Дидактикалық ойнай білу табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинықтаған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше, жете түсіну шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға барлық істерде әрекетті, адал болуға тырысады.

Дүниетанымды қалыптастыруда, оқылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек. Мысалы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму сесептері, бір түрдің жойылып кетуі, екіншісінің берік өмір сүруі көп, жылдар бойы жұмбақ болып келеді. Атақты ғылымдар айтып кеткендей, табиғи сұрыптау теориясы олардың сесептерін ғылыми не : Жеке адамның дамуына және мінез- құлқында дүниетанымның рөлін баса айта келіп, оны А. С. Макаренко тұжырымдаған болатын . Ол “Біз мектебімізде әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін, қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек ” - деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процесс барлық салаларында енгізеді. Оқыту және тәрбие жұмыстарының құралдарын, әдістерімен тәсілдерін жинақты пайдаланудың ғылыми көзқарастары табысты болады. Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы түсінігі, ойы солай қалыптасып кетеді. Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді . Адам тосын бір жағдайға кездессе, немесе өзіне беймәлім нәрсе көрсе, көпшілік жағдайда оны ойға салып, қорытындыламай, сезім жетегінді еріп кетеді.

Табиғат құбылысында, терең тылсымында, үңілуде адамзат баласы талай- талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақталды. Дегенмен де, адамның ақыл-ойы, өрісі жете бермейтін құбылыстар аз емес.

Түрлі салт-дәстүр, әдет - ғұрып, ойындар халықтың рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, мінез-құлқын ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейе түсуіне мүмкіндік береді . Түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді. Бізге келіп жеткен салт- дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілікті көзқарасын анықтауымызға болыды. Бір сыпыра ғылымдарымыз айтып өткендей, А. Қалиев, С. оразаев, М. Смайлов М Сағындықов Е. Табылдиев еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы соншалықты, оны атап өткеніміз жөн. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Оны атап көрсетейік.

Ең көне көсеткіш тас бетіне салынған сурет -пиктограммалар. Тіршілік үшін тылсым табиғат пен тіл табысқан көне замандағы бар білімі, таным түйсігі, зердесі ақыл-парасаты белгі-бейнелер түрінде тас бетіне табылған. Тастан қашалған тоғыз құмалақ тақтасының орыны:, адам маңдайының, мұрынның және екі алақанның тізелері мен табандарының ойық ізі: жан-жануарлар, мал жетектеген адам бейнесі; олардың лайықты сандық мөлшерде бейнеленуі белгілі бір ойды білдіретін жазу екендігіне күман жоқ . Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда сан түрлі факторлар әсер етіп, жүзеге асырылады. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді жәнеоны бала бойына қалыптастыра білуіміз керек . Ол солай тәрбиленеді бойына үйреншікті өзіне қолайлы дағды, танымы қалыптасады. Ғылымда қарастырғандай, бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді зерттейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қарастыратын, факторларды басқаруды үйрену керек, сонымен қатар мұғалім бұл жағдайға аса көңіл бөлген жөн. Себебі ; баланың дағдысы, кіші оқушылардың дүниетанымдық қалыптасуы, оның болашағын, өмірдегі түзу жолы болып табылады. Дүниетанымның соның ішінде бала дүниетанымының психологиялық құрылымы танымдық эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау саласындағы педагогикалық ізденістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz