Немістің классикалық философиясы



Кіріспе
Немістің классикалық философиясы.
Әдебиеттер тізімі:
Немістің классикалық философиясы - адамзат мәдениеті мен философиялық ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін салған Иммануил Кант (1724-1804ж), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814), Фридрих Вигельм Иозеф Шеллинг (1775-1854ж), Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831ж) және Людвиг Андреас Фейербах (1804-1872). Аты аталған философтар өз жүйелерін жасауда, олардың идеялары мен концепцияларының аралығындағы ерекшеліктердiң болғанына қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.
XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Германия экономикалық, саяси жағынан арта қалған бытыранқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт буржуазиясы әлсіз болғандықтан өкіметке қарсы ашық күресе алмады және революциядан қорықты, сондықтан феодалдармен ымыра тапты. Неміс классикалық философиясыныңы өкілдері де, жай қала халқынан (бюгер) шыққандықтан, тек жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар өз заманының білімді адамдары болды, университеттерде сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол кездегі Англияда болған өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану ғылымының дамуы, 1748-1794 ж.ж. Францияда болған буржуазиялық революцияның прогресшіл идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл қойып, ой қозғады.
«Неміс классикалық философиясы» деген атауды Энгельс беріп, оны былай деп түсіндіреді:
1. Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;
2. Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;
3. Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге революция жолымен көшу.
Иммануил Кант 1724ж. қарапайым қолөнерші семьясында Кенигсберг қаласында дүниеге келді. Әкесі тері илеуші, қайыс сайман тігіншісі болып жұмыс істеді. Жанұядағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды, бала шағында өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып өттi. 1745 жылы Кенигсберг университетінің теологиялық факультетін бітірді. Сонымен бірге Университетте бірқатар жаратылыстану және философиялық пәндерді зерттеп таныды. Университеттен кейін 9 жыл үйде сабақ беретiн мұғалім болды және өзінің білімін жетілдірумен айналысты. 1755 жылы приват-доцент болып орналасқан соң логика, метафизика, математика, табиғи құқық, философия, механика, минерология, теология, этика, география, антропология, дін және физикадан дәріс берді. Философия мамандығымен 47 жыл бойы шұғылданды. Өзінің жеке басында философиялық әңгімелерге көңіл бөлмеген. Оның ойынша ол тыңдай білмейді, оқыта біледі. Бүкіл өмірі есептеліп өзіне ыңғайлы өтіп жатты. Кешкі сағат 1000-ұйықтап, таңғы 500-тұратын болды 1900 сағатта қыдыруға шыққанда қала тұрғындары сағатын туралайтын деген аңыз бар. Бұл әдет соңғы 30 жыл бойы бұзылмаған.
1. Асмус В.Ф. Иммануил Кант .М., 1973
2. Абдильдин Ж.М. Избраные сочинения в 5 томах. Алматы, 2001
3. Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабі 2001
4. Быховский Б.Э. Фейербах.М., 1967
5. Гайденко П.П. Парадоксы свободы в учении Фихте. М., 1990
6. Гулыга А.В. Гегель. М., 1970
7. Гулыга А.В. Шеллнг.М.,1995
8. Кішібеков Д. К.,Сыдықов Ұ.Е. Философия Алматы, 2003
9. КузнецовВ.Н. Немецкая классическая философия. М.,2003
10. Мәдени-философиялық энциклопедялық сөздік. Т.Х. Ғабитов ,А.Т. Құлсариева. Алматы,2004
11. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы,1999

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Немістің классикалық философиясы.
Әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Немістің классикалық философиясы.
Немістің классикалық философиясы - адамзат мәдениеті мен философиялық
ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін салған Иммануил Кант
(1724-1804ж), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814), Фридрих Вигельм Иозеф
Шеллинг (1775-1854ж), Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831ж) және
Людвиг Андреас Фейербах (1804-1872). Аты аталған философтар өз жүйелерін
жасауда, олардың идеялары мен концепцияларының аралығындағы ерекшеліктердiң
болғанына қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.
XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Германия экономикалық, саяси
жағынан арта қалған бытыранқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт буржуазиясы
әлсіз болғандықтан өкіметке қарсы ашық күресе алмады және революциядан
қорықты, сондықтан феодалдармен ымыра тапты. Неміс классикалық
философиясыныңы өкілдері де, жай қала халқынан (бюгер) шыққандықтан, тек
жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар өз заманының білімді
адамдары болды, университеттерде сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол
кездегі Англияда болған өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану
ғылымының дамуы, 1748-1794 ж.ж. Францияда болған буржуазиялық революцияның
прогресшіл идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл
қойып, ой қозғады.
Неміс классикалық философиясы деген атауды Энгельс беріп, оны былай
деп түсіндіреді:
1. Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;
2. Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;
3. Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге революция жолымен
көшу.
Иммануил Кант 1724ж. қарапайым қолөнерші семьясында Кенигсберг қаласында
дүниеге келді. Әкесі тері илеуші, қайыс сайман тігіншісі болып жұмыс
істеді. Жанұядағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды, бала
шағында өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып өттi. 1745 жылы Кенигсберг
университетінің теологиялық факультетін бітірді. Сонымен бірге
Университетте бірқатар жаратылыстану және философиялық пәндерді зерттеп
таныды. Университеттен кейін 9 жыл үйде сабақ беретiн мұғалім болды және
өзінің білімін жетілдірумен айналысты. 1755 жылы приват-доцент болып
орналасқан соң логика, метафизика, математика, табиғи құқық, философия,
механика, минерология, теология, этика, география, антропология, дін және
физикадан дәріс берді. Философия мамандығымен 47 жыл бойы шұғылданды.
Өзінің жеке басында философиялық әңгімелерге көңіл бөлмеген. Оның ойынша ол
тыңдай білмейді, оқыта біледі. Бүкіл өмірі есептеліп өзіне ыңғайлы өтіп
жатты. Кешкі сағат 1000-ұйықтап, таңғы 500-тұратын болды 1900 сағатта
қыдыруға шыққанда қала тұрғындары сағатын туралайтын деген аңыз бар. Бұл
әдет соңғы 30 жыл бойы бұзылмаған.
Негізгі еңбектері: Жалпы бiрдей жаратылыстану тарихы және аспан
теориясы (1755), Таза ақыл-ойды сынау (1781), Практикалық ақыл-ойды
сынау (1788), Пайымдау қабілетін сынау (1790), Логика (1800),
Кіршіксіз таза парасатты сынау (1781). Пролегомендер Канттың өз
философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап берген шығарма. Алғаш рет
1783ж. басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: Сыни
кезеңге дейінгі және Сыни кезеңдегі.
Сыңға дейінгі кезеңінің мән. Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және
аспан теориясы деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:
1. Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.
2. Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза
ұсынды:
а) Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас
гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда
болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлкен емес, жалпы
дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық
ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген
қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.
б) Тасқындардың салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.
3. Дүние жаратылды деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану мәселелерін
еңбегінде материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас
тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді
қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің
әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге
қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар
ұсынды.
4. Кант философиясының тарихы маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында
болды.
Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің орталық мәселесі
етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ
адамда ол жоқ. Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында
қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық сұрақтарға байланысты:
1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). Таза
ақыл-ойды сынау. (1781)
2. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). Практикалық ақыл-ойды
сынау (1788).
3. Неге сенуге болады? (Дін) Ақыл шеңберіндегі дін. Мәңгі әлем туралы
трактат.
4. Адам деген не? (антропология)
Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді
қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды
ұсынады.
Таза ақыл-ойды сынау деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың
пікірінше таным процессі үш сатыдан өтеді: Сезім- түйсік сатысы.2.
Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И.Кант дүниені өздігінен, біздің
санамыздан тыс өмір сүретін өзіндік зат (вещь-в-себе) – заттар мен
құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген біздік зат (вещь-для-нас) -
заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi, немесе табиғат, деп екіге
бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың
объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып білуге болмайтын
өзіндік зат бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді
ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық,
яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс болады.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады:
егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми
білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотеза мен теориясын
жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына
априорлық білім түсінігін енгізді, бұл тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден
тыс алынған білім болды. Априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен
уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық,
терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде
пайда болады деп жазды. Олар бiздiк заттардың, табиғаттың ретсiздiгiн
жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi
жасайды - бұл Кант филосфиясының субъективистiк идеализмге ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық
тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан ол өзінің философиясын
транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат
мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет
тыс қалған. Атап айтқанда мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар,
біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам
тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ
таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни
тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім тәжірибеге негізделініп шыққан, бар
материалдардың дерекетеріне сүйелген. Мысалы: адам тәжірибеден білетіні
барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге
болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің
(эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол
жалпылық болуға таласпайды.
Априорлық, жорамал бiлiм - тәжірибеге дейінгі, яғни ақыл-ойда
әуелбастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы: Адам өмірі уақытпен
өтеді, Барлық дененің ұзындығы бар. Тек априорлық білім дәлелді және
сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Кант ілімінде
танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар туралы, осы
ілімнің ықпалы ерекше еді. Гегель: Бұл жаңа заман философиясының ең
маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі - деді. Әр ойдың кері түрі бар
деген диалектикалық заң ретіндегі ангиномияға мысалы мыналар жатады:
Кеңістік және уақыт: 1. Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да
шекті.
2. Дүние уақыт жағынан да, кеңістік
жағынан да
шексіз.
Қарапайым және күрделі: 1. Әрбір күрделі зат қарапайым
бөлшектерден тұрады.
2. Дүниеде қарапайым зат мүлде
жоқ.
Бостандық және себептік: 1. Дүниеде табиғи заңдар бойынша
себептілік қана емес,
бостандық та бар.
2. Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де
қатал
себептіліктегі табиғи
заңдар бойынша жасалады.
Құдай және мән: 1. Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің
себебі,
дүние мәні.
2. Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты
тіршілік иесі
жоқ.
И.Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі
мен күресі деген диалектика заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.
1783 жылы Пролегомендер (кіріспе) кітабында философиялық
категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде
пайда болады деп олардың 12-сiн атап көрсетті. Сараптау парасатының түрі -
категориялар (жалпы ұғым), солардың көмегі арқылы алғашқы түйсіктегіні
жүйе координатында ұғыну және реттеу жүредi. Канттың пікірінше, сараптау
категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл-ойдың сөресіне
орналастырып, ойлау қызметін нәтижелі етуге болады. Ол 12 категорияны 4
топқа, әр топта үштен орналастырды, сонымен бірге алғашқы екі қатегория
қарама-қарсы сипатты, үшіншісі - синтезді білдіреді:
Сан Сапа Қатынас
Модальдық
категориясы. категориясы. категориясы.
категориясы.
1.Бірлік 1.Нақтылық (реальность) 1.Субстанциональдық
1.Мүмкіндік
(Уақытша
бәсеңдейтін және мүмкін
жеңіл-
желпі заттардың еместік.

қасиеті).
2.Көптік. 2.Терістеу. 2.Себеп және салдар.
2.Өмір сүру және өмір

сүрмеу.
3.Тұтастық. 3.Шектеу. 3.Әрекеттестік (Екі
3.Қажеттілік пен
жақтың өзара
кездейсоқтық.
қатынасы).
Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер
жиынтығы қортындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда
болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді транцендентальдық білім дейді.
Транцендентальдық дегеніміз логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс заттың өзін
емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін
түсінуін айтады.
Ақыл-ойдың таза түрі жоғарғы идеялар, мысалы: Құдай идеясы, жан
идеясы, дүниенің мәні идеясы және т.б. Философия Канттың пікірінше, мәлімет
(жоғарғы) идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi,
өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге ұмытылады, бұл қайшылыққа,
қиялға, антиномияға алып келеді.
Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлығы мәселелерін өзінің
Практикалық ақыл-ойға сын еңбегінде 1788 талдайды. Оның таза ақыл-ойы,
практикалық ақыл-ойды құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу
керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза
әдептілік - қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке
адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен
нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте
күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан
тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль
абсолюттi және міндетті.
Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол
әдептілік императиві деп атады. Кант: Жалпыға тән заңға айналғанын, өзіңе
тілей алатын ұстанымды ғана жетекшілікке алып әрекет ет - дейді. Әдептілік
императиві - қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетінді
өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге,
бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән
құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен
әдепсіздік ара қатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең
бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар
жетеді, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы
келеді. Сондықтан әділеттіктің кепілі Құдай дейді.
Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі болуы керек.
Адам басқа адамға ойланушы жан және өте сирек тұлға ретінде саналуы керек,
жәй құрал ретінде қаралмауы тиiс Пайымдау қабілетіне сын (1790), 12
еңбегінің негізгі идеясы - жалпылық мақсат идеясы.
1. Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмірдің және мәдениеттің
саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.
2. Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғаттың және
өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.
3. Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі Құдайдың бар жоқтығын
тәжірибие арқылы дәлелдеу қиын.
Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау, Лужицк өлкесінде тоқымашы
жанұясында дүниеге келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей бастады.
Білім алуына кездейсоқ жағдай әсер етті. Оның қабілетін фабрика иесі барон
Мильтиң байқап қалды.Соның арқасында гимназияға қабылданды. Фихте
шығармалары: Ғылым туралы ілім (1794), Адамның міндеті, Әрқилы
жауаптылықты сынау.
Фихте тарихи тұрғыдан алғанда немістің классикалық философиясына жаңа
импульс берді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канттың философиядағы таным мәселесі
Шеллинг философиясы
Неміс классикалық философиясы
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шопенгауэрдің пікірінше
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Философия дәрістер
ФЕЙЕРБАХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер