Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Несие туралы ұғым және несиенің формалары ... ... ... ... ... ... .. 5.8
1.2 Несие беру шарттары және оның элементтері ... ... ... ... ... ... 8.14
1.3 Несие түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.20

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА.ЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА НЕСИЕ ДАМУЫНЫҢ ӘСЕРІ ... ...
20
2.1 Несиенің экономикадағы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20.23
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті банктік несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23.26
2.3 Банктік несиенің экономикаға тигізетін ықпалы ... ... ... ... ... 26.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің түсінігін, түрлерін, атқаратын қызметтерін, маңыздылығын қарастырдым. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді несиелендіру және жалпы несиелеу жағдайын көрсету үшін “Банки Казахстана”, “Аргументы и Факты” және т.б. журналдарымен салыстырдым..
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы несие туралы түсінік беріп, оның түрлерін, формасын, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін әсерін және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын, тәртіптерін зерттеу.
Өйткені қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн ғанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, күптеген экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаңан ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу, т.б. үшiн керек. Ондiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi пайдалануға мәжбір болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Ондiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканық дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканық нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялығ процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
Пайданылған әдебиеттер тізімі

1. Кошенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынасатары. Оқу құралы /Алматы: Экономика 2005ж 298б.
2. Мақыш С. Б. Ақша айналымы және несие: оқу құралы / А: Қазақ Университеті. 2000ж-129 бет
3. Тасыбаева А. А. “Банкілік құқық” / Алматы 1999ж
4. Ақша, несие банктер: Оқулық. Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов / Алматы: Экономика, 2001ж. 466б.
5. Банковское кредитование малого предпринимательство в РК //Банки Казахстана 2000г №11(41)
6. Статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник / Смаилов редакциясында- А: Агенство Р. К. 2004ж статистикасы бойынша
7. Развитие банков / Банки Казахстана № 11(253)
8. Состояние в финансовой свере в РК // Банки Казахстана 2005ж тамыз №8 (235)
9. Ерлен Жангелдин Қазақстанның банк секторы: даму кезеңдері және қазіргі жан-күйі /Егемен Қазақстан 2000ж 24 наурыз 4 бет
10. Әбдіәзиз Алдаберген Саудагер кәсіпкер емес немесе банктерге құлаққағыс // Егемен Қазақстан 6 наурыз 1998ж 3-бет
11. 2030 стратегиялық даму /12-13 ноябрь

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен
дамуы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3-5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
..
1.1 Несие туралы ұғым және несиенің 5-8
формалары ... ... ... ... ... ... . .
1.2 Несие беру шарттары және оның элементтері 8-14
... ... ... ... ... ...
1.3 Несие түрлері 14-20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА-ЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА НЕСИЕ
ДАМУЫНЫҢ ӘСЕРІ ... ... 20
2.1 Несиенің экономикадағы қызметтері 20-23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті банктік
несиелендіру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 23-26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
2.3 Банктік несиенің экономикаға тигізетін 26-29
ықпалы ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...29
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің
түсінігін, түрлерін, атқаратын қызметтерін, маңыздылығын қарастырдым.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді несиелендіру және жалпы несиелеу
жағдайын көрсету үшін “Банки Казахстана”, “Аргументы и Факты” және т.б.
журналдарымен салыстырдым..
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы несие туралы түсінік беріп,
оның түрлерін, формасын, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін
әсерін және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар
кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын,
тәртіптерін зерттеу.
Өйткені қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз
қажеттiлiктерiн ғанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық
банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге
асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, күптеген
экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi
меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаңан
ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi
жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң
ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және
заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша
пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы
күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие
тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу,
т.б. үшiн керек. Ондiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн
ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi
пайдалануға мәжбір болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң
үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Ондiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы
сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканық дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк
несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына,
өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканық нығаюына,
айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялығ
процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу
процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты
туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Несие туралы ұғым және несиенің формалары

Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарын үнемдеу;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануын туады.
Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жоғдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен, каммерциялық несиенің қолдануда біраз шетеулер бар. Олар:
1) бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
2) бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы
бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
3) бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс
құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын
салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн
зауыты өз өнімін – комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына
сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына
коммерциялық несие ретінде өз өнімен бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті
сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
-қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
-коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен
салыстырғанда төмен болады;
-қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына
қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.

1.2 Несие беру шарттары және оның элементтері

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
-банктерге;
- қаржы несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнекәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау – сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
-қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
-ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
-негізгі қорларға жұмсалатын;
-айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
-кепілхатпен,
- кепілдемемен;
-кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
-сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1- санатты
күмәнді, 2- санаты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларына сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттінің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9. Рамбрустық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын
несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшықтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиенің алуға қажетті құжаттар
тізімі мынадай:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
3. СТТН (көшірмесі).
4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы
жұмыстан берілетін анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).
7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік,
жұбайыңыздың жеке куәлігі).
8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жатқызуға болады.
Казкоммерцбанке ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
- Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының
85%-на дейін.
- Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан
15% - ға дейін.
-Несие үшін төлем: айына: 1,3% (АҚШ долл.),
1,7% (теңгемен)
- Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгемен
(егер 1 жылдан аспаса).
- Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
- Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын
тұрғын үй.
Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы
жылдары Қазақстан Ипотекалық компаниясы ЖАҚ бірқатар жұмыстар жасап
жатыр.
Несие жүйесі – жалпы банктердің (Ұлттық және коммерциялық) және банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес
мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге
де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие
немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі
буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе
(банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің
құрылымы мынадай сызбамен берілген.

Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа
мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын
ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның
ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болы табылады.
Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін
көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ
несиелік мекемелерін ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Өзара несие қоғамдары – шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін
коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік
мекемелер.
ҚР Ұлттық Банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы №314 Ломбард туралы ережесіне
сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы
негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
- ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді
сипаттайды.
- Бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы
металлдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және
асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге
қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
- Сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді,
шкафтарды, бөлемелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
- Келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің
меншік құқығын сақтай отырып ол мүлікті жалға беру;
- Заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.

1.3 Несие түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беріші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиде несие беруші – банк, ал қарыз алушы - кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыс
әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік
несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты
капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге
сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз
алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда
капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде
пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты түрде мұндай
екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты
болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы
қағаздарды беріп алса, онды қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер
қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп саласына).
Несиенің негізгі екі формасының – коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықарылық, ипатекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы – халық, ал несие беруші - әр түрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру – ұзақ қолданылатын тауарлар – жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да,
(мысалы, жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе) берілген.
Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттерріне
берілген.
Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг байынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі – ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие – бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі. Ол
– жоғары басшы органдырдың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдалынатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорынында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.
Несиеге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Банк жүйесінің қалыптасуы
Несие жүйесінің қалыптасуы
Банк жүйесі туралы ақпарат
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Қазақстандағы банктік жүйе
Пәндер