Turbo Pasсal – программалау тілі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Turbo Pasсal - программалау тілі
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған Алгал, Фортсан, Бейсик тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілмен жұмыс істей алады. Поскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру арқылы және жіберілген қатені түзетуге оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен транцляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі - объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болған жағдайда оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең тараған стандартты оқу тіліне айналды. Ол кеңінен қолданылған әлемде Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпарацияның қызметкері Андерсон Хелсбергтің жетекшілігімен құрастырылған.
Turbo Pasсal-дің түп нұсқасын швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылады.
Қарапайым Паскальды өңдеуде А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pasсal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pasсal тілін оқытып-үйретуден бастап, программалаудың қыр-сырын меңгерудің маңызы зор.
Бұл оқу құралында қамтылған материалдар программалауды алғаш бастап үйренушіге ыңғайлы, әрі түсінікті баяндалған.
Turbo Pasсal туралы тарихи анықтама .
Turbo Pasсal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Швейцариялық физик Никлаус Вирт тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француз ұлы ғалымы Блез Поскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде 1983 жылы Borland корпарациясының талантты қызметкері А. Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pasсal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы CPIM операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті.
Turbo Pasсal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
Тілдің алфафиті
Кез-келген тілді үйрену оның алфавитімен басталады. Turbo Pasсal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиттері бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз.
Turbo Pasсal тілінің алфавиті мына символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 әріптері. А, В, С, Д . . . W, X, Y, Z, a, b, c, d… w, x, y, z;
2. Орыс алфавитінің 32 әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда қолданылады.
3. Араб цифрлары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0;
4. Арнайы символдар. Олардың белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады.
а) Айыру (тыныс) белгілері: ― (бос орын), • (нүкте), , (үтір), ; (нүктелі үтір), : (қос нүкте), () (ашылған, жабылған жақша), # (тор) ;
ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: + (қосу), - (азайту), * (көбейту), / (бөлу), div (бүтін бөлу), mod(бүтін қалдығы) ;
б) Қатынас таңбалары: < (кіші), > (үлкен), = (тең), <> (тең емес), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең) .
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады. Жоғарыдағы символдар ASCII (American standard Code Information Interchange) коды бойынша 0-ден 255-ке сандармен кодталады.
Паскаль тіліндегі тыныс белгілер
{ }
(**)
[ ]
(. . )
'
:=
;
:
=
,
. .
.
@
#
$
Программаға түсініктеме беру
Программаға түсініктеме беру
Массив өлшемін белгілеу
Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеу
Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеу
Айнымалы мәнін меншіктеу
Программаның жолдарын, операторларды айқындайды.
Айнымалылар типтерін айқындайды
Тұрақты мен оның мәнінің арасын бөлу
Тізім элементтерінің арасын айыру
Диапазон типін беру
Программа соңы
Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеу
Символды оның коды бойынша белгілеу
Компиляр мәліметін белгілеу
Қызметші сөздер
Turbo Pasсal тілінде алдын-ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Turbo Pasсal-дің қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.
Absolute
And
Array
Asm
Label
Library
Mod
Nil
Begin
Case
Const
Function
Forward
Goto
If
In
Inline
Interface
Interrupt
Not
Object
Of
Or
Pocked
Procedure
Program
Абсолюттік
Және
Массив
Ассемблер
Белгі
Библиотека
Бүтін қалдық
Бос ссылка
Басы
Таңдау
Тұрақты
Функция
Оздыру
Көшу
Егер
Құрамында
Негізгі
Интерфейс
Үзу
Терістеу
Объект
Тип анықтау
Немесе
Жинақталған
Процедура
Программа
Constructor
Destructor
Div
Do
Downto
Else
End
Export
External
File
For
Record
Repeat
Set
String
Then
To
Type
Unit
Until
Uses
While
Whit
Xor
Конструктор
Деструктор
Бүтін бөлу
Орында
Кеміту
Әйтпесе
Соңы
Экспорт
Сыртқы
Файл
Үшін
Жазба
Қайталану
Көшпелеу
Жол
Онда
Дейін
Тип
Модуль
Соған дейін
Пайдалану
Айнымалы
Әзір
Жазба басы
Немесе, кері
Идентификатор (атау)
Turbo Pasсal тілінде атауды идентификатор дейміз. Яғни, идентификатор программаның кез-келген элементіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, файлдар, жиындар, т. б. ) берілген атау. Ол стандартты және пайдаланушылар идентификаторы болып екіге бөлінеді.
Стандартты функциялар, қызметші сөзднр, т. с. с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификаторлар тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын ала орындалатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат беріп тұрады.
Turbo Pasсal-дағы негізгі ұғымдар
Программаға сипаттама. Берілгендер. Нәтиже.
Программа - берілген есептің шешу жолын анықтайтын алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы
Программаның негізгі сипаттамасы:
- алынған нәтиженің дұрстығы
- орындалу уақыты
- жадыдағы алатын орны немесе көлемі
Кез-келген программаның басты қызметі - берілгендерді өңдеу болып табылады. Программаның басында өңделуге берілген мәліметтер - алғашқы берілгендер деп аталады.
Алғашқы берілгендерді пернетақта көмегімен енгізуге болады. Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи алады. Алынған нәтиженің нақты әрі дұрыс - программаның басты сипаттамасы болып табылады.
Тұрақтылар
Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.
Turbo Pasсal-да тұрақтылардың сандық, логикалық (булевьтік), символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылар мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0 - 1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық (бульевтік) тұрақты деп аталса, символдан және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.
Айнымалылар
Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шаманы айнымалы дейміз. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған (идентификатор) ұяшығы деп қарастырамыз. Мысалы, с:=2, яғни с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды делік, с:=с+4 амалы орындалғаннан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, с:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта да бір ағымдағы мәнге ие болады.
Стандартты функциялар
Паскаль тілінің стандартына қараған Turbo Pasсal-да стандартты функциялар саны көбейген. Жолдармен, көрсеткіштермен және адрестермен жұмыс істейтін стандартты функциялар қызметі туралы кейінгі тарауларда айтылады. Ал, стандартты арифметикалық функцияларға тоқталар болсақ, олар мына ережелер бойынша жазылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz