Кәсіпкерлікті құру


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 1-2
1 Кәсіпкерлікті құру . . . 2-5
2 Кәсіпорынның мемлекет алдындағы салықтары . . . 5-7
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың түрлері . . . 7-11
Қорытынды . . . 11-12
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолдау, жетілдіру және материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын мүмкіндігінше шешу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті, өндірістік - шаруашылық қызметтерді құқықтық реттеуге де көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу процесі көптеген бағыттары бойынша заңмен реттеледі. Кәсіпкерлік әртүрлі меншік нысандарына сүйене отырып қызмет атқаратындықтан мемлекеттің осы саланы реттеуге қатысқаны қажет емес сияқты. Өйткені атқарылып жатқан кәсіпкерлік қызметтерге заңды тыйым салынбаса, онда олар заңға қайшы емес әрекеттер болып табылады.
Кәсіпкерлер өздерінің қызметтерін жүзеге асыру процесінде басқа тұлғаларға және олардың заңды мүдделері мен құқықтарына нұқсан келтіруге қақылары жоқ. Сондықтан, кәсіпкерлікті өндірістік - шаруашылық қызмет аясының мемлекеттің тарапынан қарқынды түрде реттелуі осыған байланысты болады. Өндіріс процесінде жоғарыда аталған тұлғалардың жеке басының мүдделері ; еңбек ұжымдарының, мемлекеттің, қызметкерлердің, тұтынушылардың мүдделері орын алғандықтан, оларды үйлестіру, белгілі бір шешімге келеді. Осы жағдайда мемлекеттің көмегі өте қажет болады. Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу; екіншіден кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару; үшіншіден, салық салу және әлеуметтік мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді жөн - жосықсыз қатыстыра бермеу; төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін тәртіпке келтіре отырып, бәсеңдету, олардың нормаларды сақтау жөніндегі талаптарының орынды қадағалау.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметті, оны жүргізу процесіне қатысушылардың мүдделерін есепке ала отырып, олармен келісе отырып құқықтық реттеумен айналысуға болады.
Осы субъектілерді атап көрсетсек, олар мына төмендегідей болады:
- қоғам және оның мүддесін қорғауға ат салысатын мемлекет ;
- кәсіпорындардың еңбек ұжымдары ;
- тауарлар мен өнімдерді тұтынушылар ;
- контрагенттер.
Осы субъектілердің мүдделері кәсіпкерлік қызметтің барлық сатыларында немесе жеке дара сатыларында әртүрлі құқықтық нормалармен және әрқалай көрсетілген.
Кейде кәсіпкерліктің алғашқы сатысында заң жүзінде белгілі бір талаптар қойылады. Ал, өндіру процесінде кәсіпорындарға әр сипаттағы талаптар қойылады: табиғатты пайдалану, санитарлық, бухгалтерлік есеп нормаларын сақтау ; әртүрлі қорларға міндетті төлемдерді аударуды жүзеге асыру, жасалған өнімдердің технологиялық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлердің шаруашылық қызметтерінің нәтижелері қаржы міндеттемелері тұрғысынан, сондай - ақ есеп беру тұрғысынан реттеу аясына жатады. Оған басқа да позицияларды қосуға болады. Мысалы, ұжымдық шартты орындау.
Кәсіпкерлікті құру барысында кәсіпорындарға мемлекеттік тіркеуден өту жөніндегі талап қойылады. Осындай талап, заңды тұлға құрмай қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге де қойылады. Осы мемлекеттік тіркеу кәсіпкерлік құқықтың субъектісінің пайда болуының негізі болып табылады.
Мемлекеттік тіркеусіз шаруашылық қызметті жүзеге асыру мүмкін емес және экономикалық айналым аясына заңды түрде араласуға мүмкіндік болмай қалады. Банк мекемелерінде шот ашу, шартқа отыру, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия алу тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысудың ерекше нысаны тиісті қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензия болып табылады. Лицензия беру заң жүзінде белгіленіп, жүзеге асырылады. Лицензия берілетін қызмет түрлері де заң жүзінде белгіленеді. Меншік иесінің мүлкінің базасында өз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы кәсіпкер өзінің меншік иесімен ара - қатынасын шартқа отыру арқылы айқындауға мінтетті. Контрактіде олардың өзара қатынастары көрініс табады: әр жақтың міндеттемелері ; шарттарды бұзудың негіздері және жайлары; кейбір қызмет түрлерімен айналысу құқығын шектеу.
Кәсіпкерлікті құру сатысында оның құрылымын таңдау, бөлімдерін құру, олардың мәртебелерін бекіту және шаруашылық жүргізу құзіреттерін белгілеу нысаналанады.
Бөлімшелер мен бөлімдер өздерінің кәсіпорындарын ұйымдық - құқықтық нысандарына байланысты әртүрлі құқықтық мәртебеге және құзыретке ие болады. Белгілі бір құқықтық мүмкіндіктерді осы аталған бөлімдерге заң арқылы да беруге болады. Мысалы, мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорының бөлініп шығу жөніндегі құрылымдық бөлімнің құқығы. Бөлімдердің негізгі мәртебелерін, құрылымдарын, штатын, мүліктерін, өз атынан қызмет атқару құқықтарын кәсіпорынның өзі анықтайды.
Кәсіпкерлікті алғашқы рет жүзеге асыру барысында, алғашқы сатыларында кәсіпкерлер және кәсіпорындар мына келесі заң талаптарын орындауға міндетті:
Экология бойынша талаптар осыған байланысты кәсіпкерлер, кәсіпорындар мына қоршаған ортаны қорғау принциптерін сақтауға міндетті: адамның өмірін және денсаулығын қорғау басымдылығы, адамдардың таза және жанға жайлы қоршаған ортаға деген құқықтарын шынайы қамтамасыз ететін, ғылыми негізделген экологиялық және экономикалық мүдделерін ұштастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, табиғатты қорғау заңдарының талаптарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық қызметті жүзеге асыру.
Осы принциптерді сақтау қажеттігі заңда белгіленген құқықтық нысандарда жүзеге асырылады.
Лицензия табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметтің түрлері, көлемі көрсетіледі, экологиялық талаптар және оларды орындамауға байланысты жауапкершілік түрлері белгіленеді.
Халықтық санитарлық - эпидемиялық салауаттығы туралы заңға байланысты кәсіпорындар мен кәсіпкерлер санитарлық нормалардың талаптарын сақтауға міндетті. 1 Халықты санитарлық - эпидемиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ережеде мына принциптерін көрініс тапқан: Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып кәсіпорындар, мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар.
Кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың мемлекет пен қоғам алдындағы аса бір маңызды міндеттері тиісті бюджеттер мен бюджеттен тыс қорларға салықтар мен арнайы төлемдерді төлеу болып табылады.
Бұл міндеттер ҚР Конституциясында жәнеҚР Президентінің заң күші бар жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және тағы басқаға негізделген.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеушілер жылына салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар болып табылады. Бұл заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, шаруашылық серіптестері, өндірістік кооперативтер және комерциалық емес ұйымдар мен бюджеттік ұйымдар жатады.
Табыс салығы бойынша салық салу объектісі жылдық жиынтық табыспен заңда көзделген шегерістер жасау арасындағы айырма ретінде есептелінген табыстар болып табылады.
Резидент салық төлеушінің жылдық жыинтық табысы оның ҚР аумағында және ҚР тұсқары жерлерде алған табыстарынан тұрады. Резидент емес салық төлеушінің жылдық жыинтық табысы ҚР аумағындағы табыс көздерінен алынған табыстарынан тұрады.
Резидент емес заңды тұлға өзінің кәсіпкерлік қызметтің тек ҚР емес, одан тысқары жерлерде және тұрақты мекемелері арқылы жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлік қызметінің табыстарын анықтауға қажетті бөлек есептеулер жүргізбеген жағдайда сол тұлғаның бюджетке төлейтін төлемдерін қадағалайтын салық органы салық төлеушімен келіскен есептеу негізі арқылы табыс сомасын анықтайды. Осы мақсатта әрбір нақты жағдайға байланысты мына көрсеткіштердің біреуі есепке алынады. Заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде әртүрлі көздерден тапқан табыстардың барлық түрі жылдық жиынтық табыс болып есептелінеді. 2 Жылдық жиынтық табысқа мына табыстар жатады:
- еңбек ақы төлеу;
- кәсіпкерлік қызметтер түскен табыс.
Заңды тұлғатардың негізгі табыс көзі, кәсіпкерлік қызмет түрлерінен түскен табыстарға мыналар жатады:
- өнімді өткізуден түскен табыс: үйлерді, ғимараттарды, сондай - ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнығ инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсуінен түскен табыс ;
- сату операцияларынан тыс табыстар, сонын ішінен проценттер бойынша табыс, дивиденттер, тегін алынған мүлік пен ақша қаражаттары, мүлікті жалға беруден түскен табыстар, мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдем ақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдем ақылар, банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларынын мөлшерінің азатудан түскен табыстар. Заңды тұлғалар үшін салық ставкалары мына келесідей көлемде:
- негізгі өндіріс құралы жер учаскісі болып табылатын заңды тұлғалардан басқа барлық заңды тұлғалардың салық салынатын табысы 30 процент ставка мөлшерінде, ал негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын заңды тұлғаның жерді тікелей пайдаланудан алған табысынан 10 процент мөлшерінде белгіленеді. Заңды тұлғаларға төленетін дивиденттерге төлем көзі бойынша 15 процент мөлшерінде салық салынады.
Егер ҚР аумағында төлем көзі бойынша дивидентке бұрын салық салынған болса, сондай - ақ резидент-заңды тұлғаның осы салықты төлем көзінен төлегенін растайтын құжаттары болған жағдайда оның жылдық жиынтық табысына дивиденді бойынша төленген табыс салығы есепке алынады. Яғни, төлем көзі бойынша дивиденттерге табыс салығы бір-ақ рет салынады.
Резидент - банктерге төленетін проценттер төлем көзінде салық салуға жатпайды.
ҚР төлем көзінде бұрын салық салынған проценттер алған резидент-заңды тұлғаның осы салықтың төлегенін растайтын құжаттары болған жағдайда, төлем көзінде бюджетке төленген соманың мөлшерінде проценттерге салынған салықты есепке алдыруға құқы бар. Ал резидент емес салық төлеушілердің-тұрақты мекемеге қатысы жоқ қазақстандық көздерден алған табысы шегеріс жасауды жүзеге асырусыз, жиынтық табысы бойынша төлем көзінде мына ставкалар бойынша салық салуға жатады:
- Дивиденттер мен проценттер - 15 процент;
- Тәуекелділікті сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемдері 5 процент;
- ҚР мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыс немесе тасымалдау телекомуникациялық немесе көлік қызметі - 5 процент;
- Роялти, басқару және консультациялық қызметті қоса алғанда қызмет көрсетуден түсетін табыс қызметі және басқа табыс - 20 процент. 3
Осы аталған салықтарды бюджетке төлеу тәртібі кезекті жылға арналып қабылданатын ҚР республикалық бюджеті туралы заңды бекіту кезінде анықталып белгіленеді.
Салық есебін жүргізу әдістері есептеу әдісі және кассалық әдіс болып екіге бөлінеді. Сондай - ақ олар заңда белгіленген тәртіп пен шарттар негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, ұзақ мерзімді контрактілерге қатысты табыстар және шегерістер жасау салық жылы ішінде олардың нақты орындалғанындай жағдайда контрактінің орындалған бөлігінің мөлшері салық жылының аяғына дейін тартқан шығыстары осы контракт бойынша жиынтық шығысымен салыстыру арқылы анықталады.
Кассалық әдіс қолданылған жағдайда контрактінің атқарылған бөлігінің мөлшері нақты орындалған және төлем жасалған атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, берілген тауарлар бойынша анықталады. Тауарлық - материалдық қорларды салық мақсаттары үшін есепке алу бухгалтерлік есептеу жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын салық жылындағы әрбір айдын жиырмасынан кешіктірмей 30 процент салық ставкасының мөлшерінде бюджетке аударуға міндетті.
Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар болып табылады. 4
ҚР аумағында заңды тұлғалардың мынадай түрлері бар: мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер, тұтыну коопертиві, діни бірлестік нысанындағы қоғамдық қор, заң құжаттарында көзделген нысандағы қоғамдық қорлар. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығының төлеушілері салық жылында, яғни күнтізбелік жылда, табысы бар жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Табыс салығын салуды ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында шетелдік азаматтар - резидент және резидент емес болып екіге бөлінеді. Резидент - жеке тұлға деп, басталған емес аяқталуға жақын салық жылының кез-келген жүйелі 12 айлық кезеңінде 183 және одан да көп күн бойы Қазақстан аумағында немесе шетелде ҚР мемлекеттік қызметінде болған шетелдік жеке тұлғаны айтамыз. Егер келген жылының алдындағы жылда Қазақстанның резиденті болса ғана жеке тұлға оның келуінің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Ал егер ол өзінің Қазақстанға келуі аяқталатын жылдан кейінгі жылы резидент болса, онда жеке тұлға Қазақстанға келген сонғы күннен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.
Жеке тұлғаның табыс салығын салу объектісі заңда көрсетілген оның салынатын табысы, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындардың жылдық жиынтық табысы мен шегерілген шығыстарының арасындағы айырмасы болып табылады және ол теңгемен белгіленеді.
Резидент салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы осы жеке тұлғаның ҚР аумағында және ҚР тысқары жерлерде алған табыстарынан тұрады. Бұл жерде табыстың қандай кездерден алынғаны есепке алынбайды. Ал резидент емес салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы, Қазақстандағы көздерден алынған табыстарын қосып есептегендегі салық салынатын табысы болып табылады және ол табысты Қазақстан аумағында немесе Қазақстаннан тысқары жерде алынғаны есепке алынады. Жылдық жиынтық табысқа, салық жылы ішінде ақшалай немесе басқа түрде алынған табыстарының барлық түрі, соның ішінде:
- еңбекке ақы төлеу түрінде алынған табыс;
- кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс;
- жеке тұлғалардың мүліктік табысы.
Еңбекке ақы төлеу түрінде алынған табыстарға жеке түлғаны жалдау жөнінде жұмыстан алынған.
Сондай - ақ еңбекке ақы төлеу түрінде алынған табысына және басқаларына мыналар жатады:
- қызметкерлерге көрсетілген қызметтердің немесе сатылған тауарлардың сатып алу бағасы немесе өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
- жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің қызметіне қатысты шығындары өтеу шығыстары, мысалы, қызметкердің баласының оқу ақысын төлеу, пәтер сатып алу кезіндегі шығындарын төлеу т. б. жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оған берешек борышының немесе оның алдындағы міндеттемесінің сомасын шығарып тастау, мысалы, материалдық сипаттағы борышының кешіру;
- жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің өмірін немесе денсаулығын ерікті сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуге жұмсаған шығындары.
- жеке тұлғадан ұстап қалуға жататын табыс салығы есебіне жұмыс берушінің төлеген сомасы.
Өз қызметкерлерінің тікелей немесе жанама табысы болып табылатын жұмыс берушінің басқа да шығыстары, мысалы мемлекеттік зейнетақы қорына қосымша төлеу, демалыс үйлеріне берілген жолдаманың құнын төлеу, дәрі - дәрмектерге ақша төлеу жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына мыналар жатады:
- өнімді өткізуден түскен табыс;
- пайыздар түрінде түскен табыстар;
- дивиденттер түрінде түскен табыстар;
- тегін алынған мүлік пен ақшалай қаражат;
- мүлікті жалға беруден түскен табыстар;
- роялти;
- кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар;
- қарызды жабудан түскен табыстар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz