Сыртқы экономикалық қызметке салық салу туралы



КІРІСПЕ
1 Сыртқы экономикалық қызметке салық салу принципінің экономикалық мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қызметке салық салудың мәні, мақсаты
1.2 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі салықтардың рөлі
1.3 ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы шетел тәжірибесі
2 ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салуының бүгінгі күнгі жағдайы
2.1 ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салу механизмі
2.2 ҚР.ның сыртқы экономикалық қызмет атқаруынан, 2009.2010жылдар бойынша бюджетке түскен салық түсімдеріне талдау
2.3 ҚР.да бюджетті құруда сыртқы экономикалық қызметке салық салудың маңыздылығы және ерекшелігі
3 ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы проблемалар және оны шешу жолдары
3.1 Халықаралық салық салудағы проблемалар
3.2 ҚР.да сыртқы экономикалық қызметке салық салудағы проблемаларды шешу жолдары және жақын болашақтағы даму бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — салық жүйесін әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін салықтық тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Сыртқы экономикалық қызметке салық салуды реттеу салық саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, салықтық төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған байланысты салық қызметін, құралдарын жетілдіру салық төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі, өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі -мемлекеттердің ұлттық салық бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері, бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары қажет.
Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР салықтық төлемдердің алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап көрсету.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Сыртқы экономикалық қызметке салық салу принципінің экономикалық мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қызметке салық салудың мәні, мақсаты
1.2 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі салықтардың рөлі
1.3 ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы шетел
тәжірибесі
2 ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салуының бүгінгі
күнгі жағдайы
2.1 ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салу механизмі
2.2 ҚР-ның сыртқы экономикалық қызмет атқаруынан, 2009-2010жылдар
бойынша бюджетке түскен салық түсімдеріне талдау
2.3 ҚР-да бюджетті құруда сыртқы экономикалық қызметке салық салудың
маңыздылығы және ерекшелігі
3 ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы проблемалар
және оны шешу жолдары
3.1 Халықаралық салық салудағы проблемалар
3.2 ҚР-да сыртқы экономикалық қызметке салық салудағы проблемаларды
шешу жолдары және жақын болашақтағы даму бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі
таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге,
олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел
өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал
біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі
ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан
құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық
байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды
элементтерінің біреуін — салық жүйесін әлемдегі үнемі болып жатқан
өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін
салықтық тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі
қарастырып отыру керек. Сыртқы экономикалық қызметке салық салуды реттеу
салық саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше:
біріншіден, салықтық төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін
қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған
мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық
экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан
ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел
бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған
байланысты салық қызметін, құралдарын жетілдіру салық төлемдерінің
мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын
таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі,
өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық
мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін
реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі
-мемлекеттердің ұлттық салық бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық
қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын
кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері,
бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары
қажет.
Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР салықтық төлемдердің
алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы
сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап
көрсету. Яғни, осы жұмыстың объектісі болып салықтық төлемдерді алудың
қазіргі кездегі жағдайы табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер
қойылды:
* әдебиетте аз зерттелген салықтық төлемдерді
алудың теориялық мәселелерінің кейбір
көріністерін анықтау;
* Қазақстан салық органдарының төлем алу
механизмдерін жақсарту мөселелерін анықтау.
Диплом жүмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан жөне
қолданылған өдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде алған тақырыптың актуалдылығы, қабылдаған
мақсат пен міндеттер көрсетілді.
Бірінші тарауда сыртқы экономикалық қызметке салықтық төлемдердің
теориялық мөселелері қаралды.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы қызметіндегі салықтық
төлемдердің қазіргі кездегі жағдайлары қарастырылды.
Жүмыстың үшінші тарауынды ҚР –ның сыртқы экономикалық қызметіндегі
салық салудағы проблемалары жөне жақын болашақтағы тиімділігін көтеретін
жетілдіру жолдары анықталды.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізінде шет ел жөне
Қазақстан ғалымдарының әдебиет жұмыстары, ағымдағы ақпарат материалдары
және ресми түрде шығатын статистикалық мөліметтер қолданды.
1 Тарау. Сыртқы экономикалық қызметке салық салу принципінің
экономикалық мәні

1.1. Сыртқы экономикалық қызметке салық салудың мәні, мақсаты

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты
қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Еліміздің қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі
болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс
деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті одан
әрі жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты әрі Қазақстан Президентінің
2006 жылғы 1-ші наурыздағы Жолдауында салық тәртібін күшейту және елдегі
салық салу механизмін одан әрі жетілдіру бойынша қойған міндетіне орай
қаржы, салық, несие саясатын және сәйкесінше олардың механизмдерін одан әрі
жетілдіру жолдарын іздестіру - өзекті міндет болып отыр.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту
бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады.
Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісінің
50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз
аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш
секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым
көңіл бөлінуде..
Шағын бизнес саласындағы кәсіпкерліктің сәтті дамуына оның кадрлық
потенциалын қалыптастырудың елеулі мәні бар. Жұмыс берушілердің жоғары
білікті мамандарды өзінің бизнесі үшін дайындау және қайта дайындауға
итермелейтін нақты экономикалық ынталардың қажеттілігі пайда болады.
Салықтар бұл жерде де белгілі бір ынталандырушы рөл атқаруы мүмкін. Дамыған
шет елдерде салықтар жұмыскерлердің біліктілігін арттырушы бірден-бір құрал
ретінде қолданылады. Францияда мамандарды кәсіпқой деңгейде дайындауды
ынталандыруға салық заңнамасында қызық ереже бар. Мысалға, әр корпорацияның
басшысы жылына бір рет өзінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы тиіс.
Қарсы жағдайда қаржы жылының аяғында корпорацияның таза пайдасынан 1-2%
салық төленуі тиіс, әрине бұл жағдайда кез келген басшы өзінің
қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға тырысады. Дәл
осындай тәжірибені біздің елімізде де енгізілгені жөн болар еді.
Салық ауыртпалығын азайту шаралары, салықтық бақылауды күшейту мен
бірдей жүргізілуі тиіс. Егер салық төлеушілердің салық заңдылықтарын қатаң
сақтап, өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарамаса, жоғарыда
көрсетілген іс-шаралардың тиімділігі болмайды.
Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің
салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан
мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу
құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның
экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де
басты назарда ұстау шарт.
Экономикалық реттеушілердің қызмет етуі, салықтарды қоса алғанда,
қоғам қажеттілігінің есебінсіз жүргізілсе, ол реттеушілердің рөлін және
бағыттарын бұрмалайды. Салықтар мен салық салудың ынталандырушы механизмін
құрмаса салық жүйесінің фискалдық бағыты салық төлеушінің табысынан
әкімшілік өндіріп алуды жоғарылатады, сәйкесінше кәсіпкерлік қызметтің
азаюына байланысты салық базасы да азаяды. Салық базасы, сондай-ақ салық
төлеушілердің табыстарын жасыруынан, дәлелсіз шығындардың өсуінен, салық
заңнамасын бұзу себептерінен азаяды. Сондықтан, салық салудың ынталандырушы
механизмінің шығу құралдары арқылы жүзеге асатын салық салудың өндіруші
функциясы толық орындалмайды. Соңғы жылдары салықтық ынталандыру арқылы
мемлекет кәсіпкерлік қызметтің дамуын қолдауға бағытталған біршама маңызды
істерді жүзеге асырды.
Атап айтсақ: шағын және орта бизнес субъектілеріне арнайы салық
режимі енгізілген, салық салу процедурасы оңайлатылған, табысқа салық
қойылымы төмендетілген, қосалқы құнға салынатын салықты төлеудің шекті
деңгейі мен әлеуметтік салықтың регрессиялық ставкасы енгізілген. 9, 48
бет
ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып,
келесі сомаларды қамтитін көрсеткіш қарастырылады: ҚР заңдарына сәйкес
анықталатын тауардың құны, салықтық рәсімдеу үшін алынатын алымдар,
импорттық салықтық баж, импорттайтын тауарларға төленетін акциз қолданады,
ал алыс шетел мемлекеттерімен саудаласқанда жеткізу орны принципі бойынша
(Брайн Джонс. Салықтық баж, акциздық налогтар, ҚҚС-ң қысқаша суреттемесі
1995 ж.).
Импорттайтын тауарлар мен сәйкес көлік құралдарына ҚҚС пен
акциздер салық органдары мен ҚР заңды актілеріне сәйкес салынады. ҚР
аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып келесі
сомаларды қамтитын көрсеткіш табылады:
ҚР салық заңдарына сәйкес анықталатын тауардың салықтық құны,
салықтық рәсімдеу үшін салықтық алымдар, импорттық салықтық баж,
импорттайтын тауарға төленетін акциз.
Салық заңдарына сәйксс анықталатын салықтық құн немесе тауардың заттай
мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі
ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз
сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының
құнына азайтылады. Қазакстан Республикасы аймағына әкелінетін жэне онын
шекарасынан шығарылатын барлык тауарлардын кедендік бақылаудан өтетіндігін
көрсетеді. Бұл кезде занда каралған кедендік төлемдер экспорттауға да,
импорттауға да салынады, онын күрамына мыналар кіреді:
- кедендік баж салығы;
- кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
- тауарды сактауға алынатын кедендік алымдар;
- шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
- Казақстан Республикасынын кедендік орғанына лицензия бергені үшін
алынатын алым;
- кеден ісін рәсімдеу бойыніпа машыктанған мамандык аттестатын бергені
үшін алым;
- алдын ала кабылданатын шешімдер үшін толем.
Бұл төлемдердін көбісінін мөлшері кедендіктауар күнынатәуелді болып келеді,
олардын күрамына шет елдік валютамен есептел ген тауардын накты күны және
шетелде төленген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын
жабдыктаушынын өзі толесс, онда ол тауардын накты күньіна бағанын бір
элементі ретінде болады жэне оны сатып алушы өтейді.
Кедендік төлемді есептеудін негізінтауардын кедендік күны күрайды, тек
кейбір арнайы кедендік төлемдерін, ягни, тауар бірлігі үшін белгіленген
мөлшерде есептелетіндерін коспағанда.
Қазақстан Республикасынын кедендік аумағынан тыскары жерлергс шығарылатын
тауарлардын кедендік күны; шот-фактурада көрсетілген тауар бағасына, сондай-
ак егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай накты шығындар:
тауарды әуе айлағына, айлакка немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге
жүмсалған шығындар; тауарды Қазақстан Республикасынын кедендік аумағынан
сырткары жерлерге шығару шығындары; сатушынын шығарған шығындары;
сактандыру сомасы; комиссиялык және брокерлік сыйақылары; сондай-ак Сыртқы
экономикалык қызметтін тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын
тауарлармен біртүтас нәрсе ретінде каралмаса, контейнерлерлін немесе
бірнеше per қайталанып айналымдаболатын ыдыс күндары буып-түю күндары
негізінде анықталады.
Қазакстан Республикасынын кедендік аумағына сырттан әкелінетін тауардын
кедендік куны мынадай әдістерді колдану арқылы анықталады: сырттан
әкелінетін тауарларға жасалған мәміле бағасы бойыніпа; үксас тауарларға
жасалған мәміле бағасы бойыніпа; бірынғай тауарларға жасалған мәміле бағасы
бойыніпа; күннан шегеру өдісімен; күнға косу әдісімен; резервтік өдісімен
жасалады.
Кедсндік төлем мөлшсрлері мынадай түрлерге бвліеді:
адвалорлык - салык мөлшері салынатын тауарлардын кедендік күнына
процентпен есептследі;
ерекше - салыкмөлшері салынатын тауарларбірліпнін белпленген мөлшерімен
есептелінеді;
аралас — салык мөлшері жоғарыда аталған кедендік салык түрлерінін екеуіне
де үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалык қызметге колданатын негізгі құжаттар болып:
техникалык құжаттаулар — техникалык толқұжаты (паспорта), сызбасы, жинау
бойыніпа нүскауы, монтаждау, басқару жэне жөндеу, техникалык жагдайын
сипаттайтын құжаты (спецификациясы) және т.б.;
тауарлы-ілеспе құжаттаулары — тауар сапасынын сертификаты, буып-түю парағы;
күрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т.б.;
транспорттык, экспедиторлык жэне сактандыру құжаттаулары — теміржол
накладнойы жэне онын квшірмесі (жүктүбіршегі, коносамент, автотранспортғык
накладнойы т.б.), сактандыру полисі немесе сертификаты;
койма құжатғары - экспортғау тауарына портта берілген кабылдау
актісі,тауардын сактауға алынғаны туралы койманын колхаты, басқа да
кепілдік куәлігі т.б.;
* есеп айырысу құжаттаулары — шот-фактурасы, аударма векселі (тратты);
- банкі құжаттаулары — валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары,
аккредитив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасынын кеден
депозитіне каражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу жэне вал
кгғалык шоттар бойыніпа жасалған операциялардын көшірмесі;
кедендік кұжаттаулар- кедендік жүк декларациясы (КЖД),тауардыніпыгуы
(немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы
анықтама, акциздер, алымдар;
талап (шағым) кұжаттаулары - шағымдык хат, сотка немесе арбитраж™ кои ға и
талап арызы т.б.;
бүзылған немесе кем шыккан жонінле жасалған құжаттар - кем шыкканға
жасалған коммерциилык актілер, авария сертификаты.
Дүниежүзілік шаруашылығындағы экономикалық қатынастар дүниежүзі сауда,
капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің миграциясы, қарыз капиталдарының
халықаралық рыногы, валюта жүйесі мен нарығы жүзеге асырылады. Осы әлемдік
шарушылықта экономикалық қатынастардың ерекше формасы халықаралық сауда боп
табылады.
Халықаралық сауда мемлекет пен ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар
және қызметтердің айырбасы. Ол тек қана 20 ғасырда ғана дүниежүзілік рынок
формасына ие болды. Ол қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр елдің
экономикалық даму деңгейіне, жжәне олардың табиғи географиялық жағдайына
сәйкес тауардың белгілі бір түрін өндіруге мамандандырудың нәтижесі ретінде
көрінеді. Оның негізгі объектісі- қазіргі ғылыми жобалау, лизинг,
инжиниринг, ғылыми зертттеулер жатады. Халықаралық сауда-экономикалық
қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылады. Олардың қатарына
ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ-дегеніміз тарифтер мен сауда туралы басты келісім.
ЕАСТ-дегеніміз Еуропалық елдердің еркін сауда ассоциясы.
ЮНКТАД-дегеніміз БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Және де ол
халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау
жасайды.
әлемдік сауданы табысты жүргізу үшін экспорттық ресурстар, импортты өтейтін
құралдар, тауар өндірушілерден басқа елге тұтынуға жеткізетін қамтамасыз
ететін жүйе-өзіндік сыртқы сауда инфрақұрылымы болу керек. Қандай ел
болмасын ұлттық шарушылығы әр шамада сыртқы саудадан тәуелді болғандықтан
мемлекет заң жүзінде сыртқы сауда саясатының ережелері мен шарттарын
белгілейді.
Халықаралық сауда нарығы қазіргі кезде негізгі үш бағытты құрайды:
-Тауар мен қызмет көрсету
-Жұмыс күші
-Қарыз капиталы
Бір сөзбен айтқанда халықаралық сауда екі жақты қозғалысы бар көше
секілді боп көрінеді.
Мелекеттер осы неге сауда жасайды. Осыған деген талпыныс жауапты біз
экономикалық теория өкілдерінің классикалық мектептерінен табамыз. Оларға
А.Смит, Д.Рикардо жатады. А.Смит былай деді: “Дұрыс ойлайтын отбасы
атасының негізгі қағидасы үйде арзанға сатып алуға болатын нәрсемен ешқашан
айналыспа, өндірме” деген екен. Ал Д.Рикардо болса халықаралық
маманданудың пайдалылығын екі мемлекет арасындағы байланыс арқылы
түсіндіреді. Және ол салыстырмалы артықшылық пен салыстырмалы шығын өндіріс
теориясын жасады. Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзіндегі мемлекеттер
арасындағы тауар айырбасының экономикалық негізі боп табылады. Халықаралық
еңбек бөлінісінің кейбір елдердің маманданумен байланыстырып, сонда тауар
өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайлармен түсіндіріледі. Мысалы жапонияда
аудио және видеотехниканы шығаруға дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Бұл елде
жоғарғы квалификациялық арзан жұмыс күші және аудиовидеотехника шығару үшін
өндірістік база бар. Австралияда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге жақсы
жағдай қалыптасқан. Оның ішінде ет, жүн, астық өндіруге қте қолайлы.
Бразилияда табиғи климаттық жағдайдың өзі кофе өндіруге бейімделген. Ал
АҚШ,Германия,Францияда автомобиль, техника, химикаттар өндіріс процесі
жақсы қалыптасқан. Осылай халықаралық сауда кейбір елдердің белгілі
өнімдерді өндіруге мамандануын қалыптастырады. Бұл өнімді жоғарғы
тиімділікпен өндіріп, өздері шығара алмайтын басқа тауарға алмастырады.
Қазақстан Республикасы дұрыс қалыптасқан табиғи-климаттық жағдай ТМД
елдеріне астық, ұн, жарма, ет өнімдеріне, көмір, алтын, мұнай, метал
өндіруге бейімделген. өазіргі сыртқы саудада қалыптасып отырған басты сипат
оның құрылымындағы өзгерістер. Қысқа мерзім ішінде қазақстанды
егементәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120 астам елі
мойындады.минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып,
150-біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда инвестицияның келуі екі есе
өсіп, 282 млн. Доллар құрады.
Қазір өнеркәсібі дамыған елдермен халықаралық экономикалық
қатынастарды дамыту жүзеге асырылуда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен
қазақстан экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделікті
байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД
елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қазақстан Республикасы қазіргі
кезде дүниежүзінің 60-астам елімен сауда қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік
негізде тартуға алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп, жаңа
технологияны әкелуде. Экспорттық өнімнің бәсекеліп қабілетін арттыруды
көздеп, ішкі нарықты өзімізге шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.
Міне осы экспорттық бағыттарды өндіруде Қазақстан басым бағыттарға ие.
Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар
жасаған және болашақта жасауда. Мысалы: 2008 жылы достастық елдермен
экспорт 55% болса, импорт 76% құраған. Демек республика үшін негізгі
серіктес болып ТМД елдері жатады. Осы экспорттық тауарларды алыс жаққа тасу
экономикалық жағынан тиімсіз, себеі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан
да Қазақстан үшін көршілермен сауда жасау өте пайдалы. 2009- жылы ТМД
елдерінің үкіметінің басшылар мәжілісінде интеграциялық даму
бағдарламасының жобасы қаралды.
Сыртқы сауда тауарды әкелуден және шығарудан құралады. әрбір елдің
сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарған тауар
құны әкелген тауар құнынан артық болса, онда оны сауда балансы дейміз. Ал
егер барлығы керісінше болса, онда оны пассивті сауда балансы дейміз.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымының, яғни экспорт пен импорттың және
тауарлар қызметінің сыртқа шығару немесе ішке әкелу туралы мәлімет мынадай:

Сыртқы сауда 2007 2008 2009
айналымы
494.7 5338.9
Экспорт 32777
импорт 3685.8 3781 4241
Сальдо (актив және
пассив -408.8 1193.4 1097.2

Қазақстан Республикасының сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері
мен қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның күрт төмендеуі әсер
етті.Бұл көрсетікш 2008 жылғымен салыстырғанда экспортон алты пайызға
төмендеді. Бірақ импорт онша өзгеріске ұшыраған жоқ.
Дүниежүзілік қауымдастыққа ене бастаған Қазақстанды алғашқы
қадамдарын, оның ұлғайып келе жатқанын экономикалық байланыстарынан да
көруге болады. Мемлекетаралық қоғамдық еңбек бөлінісі, дамыған дүниежүзілік
сыртқы сауда, көлік қатынастарының, ғылым мен техниканың өанат жаюы сыртқы
қарым қатынасты, алыс берісті одан әрі күшейтті. өазаөстан егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуынында сыртқы экономикалық
қатынастардың негізгі бағыттарына ТМД елдермен байланыстарды нығайту, содан
кейін алыстағы шетел елдерімен қатынастарды өрістетеуге назар аудару қажет.
Қазақстан бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмы күшін қатыстыру
рыногінде үлкен мәні бар. Сонымен бірге Ұлы Жібек Жолын қалпына келітірудің
де маңызы зор. Біздің елде әр мемлекеттің өз диаспорасы болуы Қазақстанмен
ірі көлемде экономикалық ынтымақтастық жасаудың тағы бір кепілі.
Инфрақұрылымды дамыту мен кадрларды оқыту мәселесі мақсатында техникалық
жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қауымдастығымен
ынтымақтастықты нығайту керек. Ал бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен де
өзара пайдалы іс қимыл жасау тиімді болар еді.
Сөйтіп өазаөстан Республикасының президенті таядағы кезеңдегі сыртқы
экономикалық келбетіміздің бағыт бағдарын тайға таңба салғандай қылып
көрсетті. Тағы да атап өтетін жайт әлемдік экономикаға, қауымдастыққа қонақ
ретінде қосылмай сапалы тауарларымызбен оларға еркін енуіміз керек.
Сондықтан жуық арада біздің экономикалық потенциалымыз тауарлардың 10-15
түрі бойынша, жоғарғы технологиялардың бес түрі бойынша лидерлікті бөлісуге
береді. Себебі КСРО ыдырауы нәтижесінде мүлдем жаңа геосаяси жағдай туды.
Онда қазақстан республикасы Еуропаны Азия Тынық мұхиты аймағымен
байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып
жатырды.
Қазақстан байтақ территторсы, табиғи экономикалық және еңбек
ресурстары бола тұра, сыртқа шығаратын сыртқы саудада экспорт пен импорт
сыртқы экономикалық қатынастарда өте әлі дамымаған десе де болады.
Қазақстанның аймағында шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі шикізат, қосалқы
материалдар, жартылай фабрикаттар болып келеді. Бұл жалпы өнім көлемінің
72.4% тең болады. Республика экспортының негізгі көлемі өазба байлықтар
өндірісінің үлесіне тең. Бұлар мұнай, кен,түсті метал, түсті және қара
металлургияның жартылай фабрикаттары, химия өнеркәсібінің өнімдері, тамақ
және жеңіл өнеркәсібіне арналған ауылшарушылық шикізаттары.
Рыноктық қатынастарға көшкен сыртқы рынокқа шығуға құқылы
Қазақстандағы ұйымдар саны 2007 жылы 616 тең болса, ал бүгінгі кезеңде 2002
жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп десе болады. Республиканың
сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы жер шарында жүздеген
елдерді қамтиды. Сыртқы саудаға түсті және қара металлургияны, химия
өнеркәсібін шығаруға республиканың бес обылысының өнеркәсіптері қатысады.
Егер де 1990 жылдары Қазақстан өнімдері небары санаулы елдерге
шығарылса, қазір бұл тауарлар әлемнің барлық еліне шығарылады. Демек жер
шарыбойынша алдағы уақытта дайын өніммен сауда жасау шарықтап өссе, бұған
Қазақстан да өзінің елеулі үлесін қосары сөзсіз. Ол үшін рыноктық
қатынастарға кең жол ашау керек.осы бағытта Қазақстанның дүниежүзілік
экономикалық ұйымдарға мүше болуының маңызы өте зор. Осы мақсатпен
Қазақстан Республикасы халықаралық валюта қорына кіріп, оның 67 мүшесі
болды.сонымен бірге қазақстан халықаралық қайта құру мен даму банкісінің
167 мүшесі болды.
Сыртқы сауданының дүнижүзілік жалпы ұлттық өнім көлемінде алатын үлесі
үнемі өсіп келеді. Қазақстан республикасының имопрты мен экспорт көлемін
төмендегі шеңберлерден көруге болады.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысының құрылымы.

Елдер Үлесі %
Дамыған капиталистік елдер 55
Бұрынғы социалистік елдер 36
Басқа да елдер 0.9

Егер әлем елдерінің олардың әлеуметтік құрылысына қарамай аумақтық
орналасуына қарасақ, онда 2008 Қазақстанның экспорты мен импортындағы
үлесі мынадай болады.

Аймақтар Сыртқы экспорт импорт Жалпы көлемдегі үлесі
сауда
айналымы
экспорт импорт
Еуропа 119,8 923,0 196,8 62 42,0
Азия
Австралия және Океания 685,8 450 235,8 30,2 50,3
Солтүстік америка
Оңтүстік Америка 151,2 116,0 36,1 7,8 7,7
0,4 0,3 0,7

Кестедегі деректері көрсетіп отырғандай қазақстанның геосаяси экономикалық
орналасуына байланысты оның Еуропа мен Азия елдерімен қатынасы үлесінің
үлкен екендігін көрсетеді. әсіресе экспортта Еуропа елдерінің үлесі, ал
импортта Азия елдерінің үлесі үлкен боп келеді.
Қазақстан қазірдің өзінде 674 шетел біріккен кәсіпорындармен тіркелген.
Олардағы шетел инвестициясы үлесі 52% құрайды. Қалғаны біздің республика
қаржысымен жұмыс істейді. Дегенмен халықаралық кооперацияның түрлі
формалары бойынша шетелдің көптеген көптеген компанияоары мен фирмалары
арадағы байланыстың жобалары жасалуда. Мәселен “Шеврон”, “Халлибуртон”,
“Бритиш газ”, “Аймек,” “британ петролеум”, “Сити” компанияларымен
келіссөздер жүргізді.
Сондықтан да Қазақстан Республиксының сыртқы экономикалық қызметін,
халықаралық сауда жүйесін дамытудағы рөлі мен беделін әлемдік тәжірбиеге
көрсете білу үшін, дамыған елу елдің қатарына қосылу стратегиясына жету
үшін және де тағы да басқа арман мақсаттарға қол жеткізу үшін арнайы
білімді мамандар қажет. Сол себепті барлық елдермен байланыстарды дамытуда
бұл мақсатты әрдайым есте ұстау қажет.

1.2. Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі салықтардың рөлі

Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық түрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметгі жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта
республика кәсіпорындарының, уйымдарының және аймақтарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін
қамтамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бүл операцияларды
реттеу мен ынталандырура шоғырландыру кезіңде). Сыртқы экономикалық
қызметті басқару негізінен құқықтық жөне экономикалық тұтқаларга (кеден
баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайыэы) аударылып отыр. Сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық багыты — ұлттық валютаның түрақты жүмыс
істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық багамы экспортты
кеңейту мен импортты оңтайлаңдыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы
экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық
бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы
қүрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-
саттықты жүргізгенде валютаға сүраным мен үсынымның ағымдағы ара салмағьшың
негізінде Үлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит
операцияларына коммерциялық банктер шыгады, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мүлікті кепіддікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға
қүқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, үйымдардың, банктердің сыртқы
экономикалық қызметінде салық рөлі үлкен роль атқарады деп есептеймін.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура
мен шетелдік бөсекенің қолай-сыз дамуынан үлттық рыноктың мүдделерін қорғау
үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйкес импорттық баждар
қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртүтас экономикалық
кеңестігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі
мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сөйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық
курс экономикалық одақты сақтау жөне тәртіпке келтіру, бұл елдердің
көсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери
өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс,
кадрларды дайындау сф-расыңда, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты
қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақурылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
жөне бюджеттік жос-парлау министрліктерінің, Үлттық банктің қүрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары қүрылған. Валюталық операциялар
жасауга лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандаңцырылған тауар
биржаларының желісі жүмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдары-ның аса маңызды
функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу —
нормативтік-қүқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта
заңнамасы-ның сақталуын бақылау және зандарда көзделген санкцияларды
қоддану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Үлттық банкі, Қаржы министрлігі
зандарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі
валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар зандарга сәйкес өз қүЗырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады.
Мүндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері — уәкілетті
банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәй-кес операциялар жүргізген кезде валюта
заңнамасының сақталу-ына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу өр түрлі нысандар мен
өдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
салық салу;
инвестициялау;
сыртқы қарыз алу;
сыртқы берешек
экспортты қаражаттандыру
Реттеу өдістері көрсетілген нысандарга сай келеді және тура, сондай-ақ
жанама өдістерді кіріктіреді.
Тури әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары
мен тауар қорларының шектеулігі жагдайында ішкі рынокты толтырып,
түрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операция-ларға жөне
басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғүрлым . пөрменді
жөне дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бүларға
салықтар, соның ішіңде кеден бажда-ры, валюта багамы, дуниежузілік бага,
сыртқы кредиттер бойын-ша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа
багалы қагаз-дар мен төлем қаражаттарының багамы жатады.
Салықтардың жалпы мемлекеттік, жергілікті жалпы міндеттемелік,
жергілікті деп бөлінуі жергілікті бюджетке төлемдердің кепілдік болған, ал
бұл жергілікті биліктің қаржыны өздігінен бөлінуіне ыңғай жасаған.
Айта кетерлік бір жай, кейбір маңызды жалпы мемлекеттік салықтар, яғни
ҚҚС, табыс салығы, акциздер республикалық бюджетке түсіп отырған, ал
кейбірі, яғни азаматтардың табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлік салығы,
мемлекеттік баж т.б. жергілікті бюджетке түсіп отырған.
Сатуға салынған салық республикамызға 1991 жылдың 1 қаңтарынан
енгізілді (% мөлшерінде белгіленген) өндірістік-техникалық бағыттары
өнімдерді өткізуден, халық тұтыну тауарларын өткізуден 5% мөлшерінде болды.
Бұл салықты қолдану айналым салығының көшірмесі сияқты болды, яғни салықты
қолдану белгілі-бір қиындықтарға әкеп соқты. Өнімді сатуға салынатын салық
объектісі болып тауарды соңғы тұтынушыға өткізуге табылады. Осы соңғы
тұтынуға салынатын салық болғандықтан ол тауар, қызмет өндіруге инвестиция
салуға мүмкіндік береді, жанар май ресурстарына экономикалық қолданылуына
қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен де жалпы экономика шеңберінде оның да
өзіндік регрессивті сипаттары бар.
Өнімді сатуға және тұтынуға салынатын салықтың кемшілігі оны қолдау
аймағының шектеулігінде, сондықтан да ол барлық тұтынушыларға біркелкі
бірдей салынбайды, кейбір салық төлеушілер, әсіресе басқа елдерге
экспорттаушы саласында салықты төлемей отырушылар бар.
Осы күндері ұсақ саудагерлер қосымша құн салығын төлеуден бас тартып,
қашып отыр. Өйткені, ҚҚС төлеуге есепке кіру үшін, әуелі потенциалды салық
төлеушінің айналымы заңмен белгіленген сомадан асып түскенін дәлелдеуі
керек. Ал бұл топтағы мүшелер патент бойынша жұмыс істегендіктен құжаттар
айналымын жүргізбейді немесе тіпті рұқсатсыз жұмыс істеп отырады.
Бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің жаңа нарықты экономикаға көшуі маңызды
мәселелерді шешудің жаңа жолдарын талап етті. Қалыптасқан қаржы
жағдайындағы күрделі мәселелерді шешудің біздің республикамыздағы
қабылданған бір шешімі — бұл айналым және сату салығын қосымша құн
салығымен алмастыру болды, өйткені, ол нарық конъюнктурасының
өзгерістеріне қолайлы болды. Қазақстанда ҚҚС енгізу объективті
қажеттіліктен туындады. Сонымен қатар, мемлекеттің қазыналық мүддесін
қорғайтын сыртқы экономикалық қызметтегі салық салу жүйесін қалыптастыруды
білдірген. Бұл салықты оңтайлы қолдана білген жағдайда бағаны қалыптастыру
процессіне позитивті әсер етуге және тұтыну құрлымына әсер етуге болады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық төлеушілерге табысқа тікелей
салықты өсірудің орнына олардың шығыстарына салықты өсіру қолайлы болып
отырған.
ҚҚС салық жүйесіне енгізуде мемлекет өз алдына келесі мақсаттарды
қойған:
• Бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық
салыну базасын кеңейту;
• Салықтан түсетін түсімдерді инфляциялық құнсызданудан сақтау;
• Тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің тұрақты кіріс көзін қалыптастыру;
• Төлем қабілетінен артық сұранысты төмендету арқылы келесі екі мәселені
шешу: тауар тапшылығын жою және инфляцияның қарқынды өсуін төмендету.
Алғашқы мақсат ҚҚС іс жүзінде бүкіл тауарлар мен қызметтерді
қамтитындықтан және нарықтық экономиканың шарттарына жауап беретіндіктен
іске асқан. Екінші мақсатқа жету ҚҚС бағаның ырықтануына сәйкес келеді,
баға өскен сайын, толық түсімдері де өсе түседі, салық мөлшерлемесі тұрақты
болып қана береді. Үшіншіден, мемлекетке заңды және жеке тұлғалардың
табысының есебінен жүргізілгендіктен, тауарлар мен қызметтер есебін жүргізу
жеңіл. Ал төртінші себеп, ҚҚС енгізілген кезеңде кеңестік ақша — рубль
жалпы эквивалент қызметін тоқтатқан, оның натуралды айырбасы (бартер) жүре
бастады. Қазақстан республикасында 28% мөлшерімен ҚҚС енгізу бір жағынан
бағаның өсуіне, ал екінші жағынан бағадан сатып алу қабілеттілігінің қалып
қоюына әкелді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, соның ішінде
ауылшаруашылық өндірістері өзін өзі қаржылардыру процесін және жәй ғана
қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қабілеті болмады. Бұл мемлекеттік
бюджеттен қаржының көп бөлігін қажет етті, соның салдарынан оның тапшылығы
өсті.
Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтардың, соның ішінде ҚҚС-тің,
экономикалық мәнін ашудан бұрын олардың әртүрлі әдебиеттердегі
қарастырылған анықтамаларын қарастырайық.
Салықтардың орысша-қазақша терминологиялық сөздігі бойынша “Сыртқы
экономикалық қызметтегі салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және
көрсетпе тамашалардан алынатын салықтар. Сыртқы экономикалық қызметтегі
салықтар мемлекеттік кірістердің ең ежелгі көзі болып табылады”. Мысалы
ретінде ҚҚС атаймыз.
Өз анықтамасын Карагусова Г.Н. былай дейді: “Сыртқы экономикалық
қызметтегі салықтар — бұл бір тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы
тұлғаға өткізетін салық түрі”.
Ең толық анықтама Қазақстан республикасының “Салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Заңда берілген, мұнда “Сыртқы
экономикалық қызметтегі салықтар — бұл тауарларға және көрсетілетін
қызметтерге, олардың бағасына үстеме ретінде қосылатын салықтарды
жатқызамыз, олар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей байланыссыз
болады”.
Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтардың қолайлы жақтары да сөзсіз,
оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтарды дұрыс пайдалана білсе,
мемлекетке үлкен қаржы түсімдерін түсіреді. Мысалы, ҚҚС қазіргі
күні бюджеттік түсімдердің ең негізгі көзі болып отыр.
2. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтар салық төлеушілерге көп
салмақ салмайды, өйткені олар оны бөліп кіші бөліктермен төлеп
отырады.
3. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықты төлеу, олар күнделікті
тұрмысқа аса қажетті зат болмаса, тек төлеушіде ақша болған кезде
ғана төленеді. Ал тікелей салықтар салық төлеушінің жағдайына
қаратпай белгілі бір мерзімде төленуін талап етеді.
4. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтар мемлекетке салық
төлеушілердің одан іс тәжірибеде бас тарта алмайтындығымен пайдалы.
5. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтарды жинау да тікелей
салықтарды жинаумен салыстырғанда жеңіл, өйткені салықтардың көп
бөлігі көтеріп жүруші болады, ал оны, әдетте, өндіруші немесе сатып
алушы ғана төлейді.
Міне, сыртқы экономикалық қызметтегі салықтардың осындай позитивті
жақтары оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде
негативті нәтижелерді беруі де әбден мүмкін, сондықтан да сыртқы
экономикалық қызметтегі салықтар мен тікелей салықтар арасында тепе-
теңдікті қамтамасыз ететін ұтымды шешім қабылдануы керек.
Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қызметтегі салықтармен тек тұрмысқа
екінші ретте қажетті заттар ғана салынуы тиіс, өйткені сыртқы экономикалық
қызметтегі салықтар тауарлардың бағасының өсуіне әкеледі, ал мемлекет
халықты кедейліктен, аштықтан, ауырудан сақтауы үшін бірінші реттік
тұрмысқа қажетті өнімдердің бағасын төмен деңгейде ұстап тұруы тиіс.
Сондықтан да бұл тауарларға салық салынбауы керек.
Егерде тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды өткізу бойынша айналым
мөлшер төменгі шектен (минимум) артса, онда төлеуші қосылған құн салығы
бойынша есепке тұруға міндетті. Есепке тұрмаған жағдайда салық органдары
тұлғаның сұрауынсыз қосылған құн салығы бойынша есепке алуға құқылы. Өз
кезегінде өткізу бойынша айналымның төменгі шегі кезеңнің соңғы айында
белгіленген 10000 еселенген айлық есеп көрсеткіші шамасын құрайды
(10000‡919=9190000тенге).
Егер төлеушіде соңғы он екі ай мерземінде салық салынатын айналым
мөлшері төменгі шектен аспағанда және салық салынатын айналым мен қызметін
тоқтатса, онда кезеңнен кейінгі, мезгілдің бірінші күнінде салық бойынша
есептен шығарылады.
Салық салынатын айналым мөлшері тураптар қолданатын баға мен тариф
мәмілесін қолдана отырып, одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қызмет
Сыртқы экономикалық қызметке салық салу
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Кәсіпорынның салық салу жүйесі
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметі жайлы
Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Пәндер