Шаңды дауылдардың зерттелуі
Кіріспе
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2 ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
3 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫҢ ҚАЙТАЛАНУШЫЛЫҒЫ
4 ШАҢДЫ ДАУЫЛ КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ СИПАТТАМА
4.1 Жел тәртібі
4.2 Ауа және топырақ температурасы
4.3 Ауа салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруі
4.4 Көріну қашықтығының өзгеруі
5 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.
Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.
Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.
Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.
Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді.

1 Середкина И. С. Пыльные бури Казахстана // Тр. КазНИГМИ, 1960. - Вып. 15., Б. 54–59.
2 Бабиченко В. Н. Пыльные бури // Тр. УкрНИГМИ, 1972. - Вып. 110., - Б. 105–120.
3 Бабиченко В. Н. Пыльные бури на Украине // Тр. УкрНИГМИ, 1965. - Вып.52., - Б. 45–52.
4 Бова Н. В. О пыльных бурях в Заволжье. // Метрорология и Гидрология: 1957. - №12, - Б. 29-31.
5 Захаров П. С. Пыльные бури. –Л.: Гидрометеоиздат, 1965. – 164 б.
6 Захаров П. С. Характеристика и географическое распростронение пыльных бурь. // В кн.: Метрорология, климатология и гидрология. – 1966. - Вып. 2., - Б. 19-23.
7 Волеваха В. А. Бабенко В. П., Ганюгина Н. Ф. О состояний нижней тропосферы во время сильних пыльных бурь на Украине. //Тр. УкрНИГМИ, 1977. - Вып. 160., - Б. 47-58.
8 Гаель А. Г., Смирнова Л. Ф. О ветровой эрозий легких почв в Северном Казахстане. // В кн.: Пыльные бури и их претотвращение. - М: Издательство АН СССР, 1963. - Б. 122-132.
9 Агаркова А. П. Распределение и пордолжительность пыльных бурь на территории Заподного и Южного Казахстана. //Тр. КазНИГМИ, 1972. - Вып. 49 - Б. 110-117.
10 Агаркова А. П. Панова Е. Н. Режим ветра в Заподном и Южном Казахстане при пыльных бурях продолжительности 12 часов и более. //Тр. КазНИГМИ, 1974, - Вып. 53. - Б. 178-184.
11 Агаркова А. П. Климатические характеристики Казахской ССР по месяцам. // Тр. КазНИГМИ, 1975. - Вып. 59., – Б.167-.170.
12 Бабиченко В. Н. Земние пыльные бури в Украйне // Тр. УкрНИГМИ, 1970. - Вып. 91., - Б. 75-81.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген,
қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны –
шанды борандарға жатқызылады.
Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және
топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін
жерлерінде, 8-10 мс жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің
жылдамдығы 20 мс-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі
топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның
кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.
Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте
ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста,
солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге
қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып
құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.
Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды
процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы
енулермен жақсы көрсетілген.
Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын
синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген,
қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны –
шанды борандарға жатқызылады.
Шанды борандар әсерінен жер, топырақ құнарсызданады (дефляция
процессі), өсімдіктерді шаң басып, оларды бүлінуге ушыратады. Шанды
борандар құм кешуіне себеп болады. Шанды борандардын күштілігі желдін
жылдамдығына, топырақ түріне және онын кұрғағтылығына ,
атмосфералыққысымның жоғары-төмендігіне байланысты. Атмосфералық қысым аз,
төмен аудандарда шанды борандар қою келеді. Жел режимі де шанды дауылды
туғызытын метереологиялық факторлардың бірі. Құрлық үстінде жел
жылдамдығының максимумы – 14 сағат маңында, минимумы – түнде немесе
таңертен байқауына байланысты, шаңды даул көбінесе күндізгі уақытта
байқалады да, оның максималды жылдамдылығы желдің максимум жылдамдығымен
сәйкес келеді. Шанды борандардың туруы ауданның табиғи ерекшеліктерімен
қатар, өндірістік кешендердін игерілу дәрежесіне де байланысты. Мысалы,
асфальталған жолдар салынбай жатқан жерлерде шанды борандар өте күшті
болады 1.
Шен мен кұмның мөлшерінің күшті желмен тасымалдануы әдетте шөл және
далаллы жерлерде байқалатын кұбылыс. Шөлді жерді өсімдіктен таза және
қурғақ болуы атмосферадағы шанның негізіг көзі болып табылады. Шанды даул
кезінде көріну қашықтығы айтарлықтай нашарлайды, сонымен қатар шаң ,
шандану көзімен (кейде мыңдаған километірге дейін) алыстағы үлкен ауданға
атмосферадан бірнеше млн. тонналап түседі. шанды даул АҚШ-та ,Қытайда, ОАР-
да, Сахара мен Гоби шөлінде, Орта Азиялық шөлді жерінде, сонымен қатар
Туран ойпатында көптеп байқалады 2.
Мысалы, 1968 жылы 16 қантарда жел жылдамдығы 34 мс кезінде Ираннан
Ашхабадтқа тасымалданған шаң бұлтының биіктігі 9 км жеткен, соның
нәтижесінде әр 1 га жерге 20-30 т шаң түскен. Ірі шаң ошағы болып
табылатын Сахара шөлінен әр жаз сайын пассат желімен Атлант мұхитына 60 млн
тоннадан 200 млн тоннаға дейін шаң түседі (атмосфераның шанымен қараңғы
болуына байланысты мұхиттың бұл бөлігі қаранғылық теңіз деп аталып кеткен).
Арал манынң антропогенді шөлдерімен шанды даулдың қуатты ошағы пайда болды,
әсіресе Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын жатқызуға болады. 1990
жылғы космос суреттерінен алынған мәліметтер бойынша, тасымалданатын шанның
жалпы массасы 90 млн тоннаға жеткен 3.
Өзінің ауқымымен зардаптары жөнімен бұл кұбылыс аса ірі апатты
жағдайлармен шамала. 1928 жылы сәуірде Украинаның орманында – далалы
облыстарында болған шаң дауылы кезінде жел мен бірге аспанға 1 млн шаршы
километр алқаптан 15 млн тоннадан аса қара топырақ көтерілген. Румыния мен
Польшадағы 6 млн шаршы километр алқапқа қонған. Украинаның үстінде шаң 700
м дейін көтерілген. Украинаның далалы облыстарында қара топырақ қабатының
қалындылығы осы дауылдан кейін 10-15 см кеміген.
Шанды дауыл кезінде тропосфераның төменгі жартысының жағдайы және
циркуляциялық факторлар – оның пайда болуынын бірден - бір негізгі себебі.
В. А. Волеваха көріну қашықтығыының нашарлануы 1 км және одан төмен
ұзақтығы 6 сағат және одан жоғары шанды даул кезіндегі төменгі
тропосфераның жағдайын зерттеген. Автор бұл дауылды күшті деп санаған.
Шанды даул кезінде шекаралық қабатының стратификациясы, турбулентілігі,
ылғалдылығы, және тропосфераның төменгі жартысныдағы желдін биіктік бойынша
өлшенуі қарастырылған. Оның тұжырымы бойынша шанды даулдың периоды жер
бетіндегі және еркін атмосферадағы желдің өзіндік пайдй болу режиммімен
байқалады, яғни биіктік бойынша жел бағытының айтарлықтай өзгеріумен. Оның
күшею құрылымы көбінесе төмен 2 км денгейінде сипатталады.
Үлкен ауданды қатынаған шанды даул кезінде тропосфераның төменгі
жартысында жел жылдамдығы 30 мс – пен жылжу ағыны пайда ьолады, оның екі
500 км – ден , вертикальды қуаттылығы 1,5-2 км-ден аспайды 4,5,6.
Желмен бірге жерден көтерілетін топырақтың құрылы мен түсіне орай олар
қара дауыл ( қара топырақты жерлерде), бұлар негізінен Ресейдің европолық
бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс оьлыстарына, Башқұрстанға, Орынбор
облысына тән; сондай-ақ Орта Азияда болатын қоңыр немесе сары (саз бен
кұамдауыт жерлерде) дауыл; Орта Азияның ( Иран мен Ауғастандағы) шөл және
шөлейіт аймақтарына тәң қызыл ( темір тотығымен араласқан қызыл тусті
жерлерде )дауыл; Түркіменстанның, еділ бойының, Қалмақстанның бірқатар
аудандарына тән ақ ( сорлы жерлерде) дауыл болып бөлінеді. Желмен ілесіп
ұшқан шең жел бәсендеген тұсөқа жинала береді. Украинаның оңтүстік
батысында, Донның орта шенінде, Хопром және Медведица өзендерінің
аралығында қалындылығы бірнеше метірден асатын осындай құм шөгінділері бар.
Қар аз түскен жылдары топырағы борпылдақ әрі қурғақ келетін еліміздіәң
өңтұстік – шығыс аудандарында қыста қатты жел тұрып, үздіксіз соққан
жағдайда кысқы қара дауылдар көтеріледі 7.
Шанды борандар сипатын түсіну үшін ұсақ түйіршіктердін жер бетінен
желмен көтеріліунің екі түрлі процесске байланыстылығын көрсетуге болады.
Ауа мен топырақ тозандарының тығыздықтары мен және қозғалу жылдамдықтары
әртұрлі болғандықтан топырақтын ұсақ бөлшектері жер бетінен көтеріліп
ауаның ішіне енеді. Бұл Гемгольцтің толқын теориясыеа негізделген бірінші
себеп. Бернулли теңдеуі бойынша, ағын трубкасының жылдамдылығы үлкен
қимасында қысым аз да, ал жылдамдылығы бәсең қимасында қысым көп.
Сондықтан топырақтың бөлек түйіршіктерінің жел үріп тұрған үстінде
атмосфералық қысым аз да, ал ал астында атмосфералық қысым көп болуы
нәтижесінде, топырақтың ұсақ бөлшектері жоғары көтеріліп ұшады. Бұл
сальтация құбылысы деп аталатын екінші себеп. Бірінші жағдайда иопырақ
түйіршекткрін жоғары көтеруші күш оның радиусының кубына, екінші жағдайда
квадратына пропорционал болғандықтан, бұл процесс желдің әр түрлі
кұштерінде орын алады. Бұл борандағы тозандар көзге көрінбейтін өте ұсақ
бөлшектерден тұрады. Сондықтан жел тұрғанда түйіршектер жер бетінен ең
алдымен бірінші себеп бойынша көтеріледі. Құм бетінің толқын тәрізденіп
жатуы буған дәлел бола алады 1.
Топырақтың құрылымы және ылғандану дәрежесі, өсімдіктің жамылғысының
бар не жоқ болуы, сондай-ақ орографиялық ерекшеліктер шанды дауылдың пайда
болуына елеулі әсер етеді. Мысалы, ылғал топырақтың 0-20 см қабатында ылғал
25 мм ден көп болғанда да, желдің жылдамдығы 15 мс шанды дауыл пайда
ьолады, ал ылғалдылық 10 мм төмен болғанда, желдің жылдамдылығы 8-10 мс
пайда болады. Ауаның елеулі тұрақсыз жағдайында шаң және құм бөлшектері
конвективті аралусыдың әсерінен жер бетінен үлкен биіктігіне көтеріледі.
Шанды дауылдың горизантальді созылған ауданды қамтуы өте әр тұрлі – бірнеше
жүздеген метрден мындаған километірге дейін және одан да ұзақ, ал
вертикалды созылуы жүздеген метрден бірнеше километрге дейін. Атмосфераның
вертикальді шандануы 6-7 км дейін жетуі мүмкін.
1970 жылы және 1994 жылдары ҚазҒЗГИ –дің құмды шөлде – дауылға
жүргізілген экспедициясының далалық өлшеулері атмосфераға жақын қабаттағы
құм шығының вертикальді профилін аңықтауға мүмкіндік берді.
Жалпы шаңды дауылды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: найзағай мен
дауылдың бірге болуімен байланысты – қысқа уақытта және барикалық
системадағы желдің күшеюіне байланысты – узақ уақытта шаңды дауыл. Шаңды
дауыл 2 топқа бөлу оның жылдық жолында максимумы ерте көктемде және
найзағаймен байланысты жаздың соңында болуына негізделген. Максимумын
былай түсіндірүге болады: жылдың бұл уақыттында жыртылған даланың көпшілік
бөлігінде шөп жамылғысының болмауы. Шанды дауылдың сол сияқты ыстық желдің
(аңызақ жел) тәуліктің жолы жақсы аңықталған. Оны былай тусіндіруге болады:
шанды дауыл күндіз тек ғана пайда болмайды, сонымен қатар күндізгі уақытта
топырақтың құрғаумен де байланысты. Көптеген ғалымдар шаңды дауылдың пайда
болуының физикалық механизімін зерртеумен айналысқан. П.С. Захаровтың
зертеулері бойынша мөлшері 500 мкм – ден үлкен топырақ бөлшектері әдетте
желмен секіріп тосылмандады. Желдің жылдамдығына тәуелді түрде және
турбуленттіктің сиаптына байланысты бұл бөлшектер белгілі бір биіктікке
дейін көтеріледі, (бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін) және бер
бетіне ақырындап түседі. Екпенді желмен олар қайта ауға көтеріледі. Шанның
концентрациясы биіктік бойынша тез азаяды. А. Г. Гаелдің мәліметтері
бойынша 1,5 м биіктікке жылдамдылығы 9 мс желмен шаңның 85 % ауа қабатының
10 см биіктікке дейінгі қабатына тасымалданады. С.С. Харитоновтың
зертеулері бойынша биіктік бойынша шаңдану өзгеруі 3 м 10 м дейінгі
аралықта 4-5 есе төмендейді. Радиусы 50 мкм төмен шаң бөлшекткрі желмен
үлкен биіктікке көтерілуі және алыс арақашықтыққа тасылмалдауы мүмкін. Кіші
бөлшектердің аз бөлігі 1,5-2 км дейін көтерілуі мүмкін және ауа ағындармен
100–деген кейде 1000–ған километрге тасымалданады. Шаңның тасымалдануы
кезінде олардың қайта сұрыпталуы жүреді; яғни ауыр бөлшектер шаң ошағына
жақын жерге түседі, ал жеңіл бөлшектер алысқа тасылманады 8.
Жел жылдамдығы 15 мс немесе одан жоғары, ұзақтығы 12 сағат және одан
жоғары, көріну қашықтығының нашарлануы 50 м дейін болатын шаңды дауыл күшті
және қарқынды болып саналады. Мұндай дауылдар ерекше қауіпті деп аталады
(ЕҚҚ). Қауыпты құбылыста қоңыржай дауылдың жылдамдығы 10-14 мс, узақтығы 3
сағаттан 12 сағатқа дейін, көріну қашықтығы 1 км-ден 50 м дейін
нашарлайды. Ұзақтығы 3 сағаттан аз, желдің күші 10 мс және одан төмен ,
көріну қашықтығы 1 км және одан жоғары шаңды дауыл әлсіз деп есептеді:
Зерттеулер дауылдың пайда болу ықтималдығы жауынсыз кезеңнің узақтығына
байланысын көрсетеді. Бақылау материалдарын сараптау көрсеткендей шаңды
дауылдар жауынсыз кезенге яғни жауын жаумаған немесе оның мөлшері
тәулігіне 5 мм кем, уақыты бірнеше сағаттан бірнеше айларға созылатын
кезенде пайда болады.
Синоптикалық көзқарас бқйынша шаңды дауылдың 3 түрі бар; фронтальді,
дауылды зона және термиялық депрессия. Шаңды дауылдар өте кең таралған,
олар полярлы облыстардан басқа құрлық, экватор үстінде байқалады және
жылдың әр түрлі маусымда пайда болады. Шілде айында шаңды даул Қазақстанда
синоптикалық процестің 2 түрмен пайда болады. Бірінші түрі Арал теңізінің
аймағында, Монғолия аймағында Қазақстанның оңтүстік – батыс бөлігінде пайда
болатын шаңды дауылға жағдай жасайтын антициклон орнығады. Синоптикалық
процесстің екінші түрі зертелетін территориялардағы циклон әрекетінің
басымдылығымен сипатталады.
Республиканың үлкен болігінде ауа – райының қалыптасу жағдайында
негізгі циклонның орын ауыстыруы желдің солтүстік – батыс бағыттан соғуын
туғызады. Оның сыртында артикалық ауа таралады. Қазақстанның шығысында
термобарикалық градиенттің өсуі мен шаңды дауылдың пайда болуы туады.
Синоптикалық процесстерді сараптау Қазақстанда пайда болатын шаңды дауылдар
туралы келесі қорытынды шығарады. Мамыр және маусым аралығында пайда
болатын шаңды даул меридианальды процесстермен, айтылып кеткен солтүстік-
батыс және ультрополярдың басып енуімен сипатталады. Майда атмосфералық
процесстің екінші түрі, маусымда бірінші түрі болады.
Көбінесе шаңды дауыл Қарақұм; Мойынқұм, Бетпақдаланың құмды массивінде
аңықталған синоптикалық жағдайлармен пайда болады. Қарашадан наурызға дейін
шаңды дауылдың пайда болу ықтималдылығы станциялардың көптілігінде аз,
Кызылорда мен Жосалы станциясының ерекшіліктеріне байланысты оның пайда
болу ықтималдылығы жоғары, Қазақстан бойынша бақылаулардың көпжылдық реті
шаңды дауылдың таралу күндерінің саны айтарлыктай біркелкі емес екенін
көрсетеді. Мысалы, Қарағанды облысының бір станциясында 6-дан 26 дейінгі
жағдайлар байқалған. Шаңды дауылдың тәуліктік жолы қатан турде аңықталған,
яғни максимумы 13 сағатпен 17 сағат аралығында, ал минимумы ерте теңертен
және түннің кеш уақытында байқалады. Орал, Актөбе, Ақмола, Семей, Атбасар,
Қарағанды, Қостанай станцияларда шаңды дауыл әрдайым 10 сағатта басталып 20
сағат маңында токтайды. Бірақ Жосалы станцияда шаңды дауылдың көп мөлшері 8
сағатта байқалады. Алматы станцияда шаңды даул өзінің себебімен тәулікті
екінші жартысында байқалады. Шаңды даулдың көпшілік жағдайлары қысқы
уақытты болып келеді (15-45 минут). Узақтығы 6-7 сағат шаңды дауыл
Қазақстанның барлық станциясында болуы мұмкін. Узақтығы 10-12 сағат
шаңды дауыл Оралда, Ақтөбеде, Ақмолада, Қостанайда, Семейде және Атбасарда
байқалады. Ал узақтығы 15 сағаттан жоғары шаңды дауыл Қазақстан, Жамбейіт,
Жосалы станцияларда бақыланған. Шаңды дауыл кезінде желдің көпшілік бағыты
Қазақстанның Батыс ауданында – оңтүстіктен, орталық және солсүстік
аудандарда – солтүстіктен және батыстан, ал шығыс аудандарда – батыстан
соғады 9.
А. Г. Агарковның зертеулері аңықтағандай (1950-1969 ж.ж.) зерттелген
территорияда шаңды дауылдар бір немесе бірнеше облыстарды қамтитын
кішкене аудандардың қоңыржай және әлсіз фонында жиі кездеседі байқалады.
Оның пайда болу сипаты төселме беткейдің жағдайын ғана аңықтамайды,
сонымен қатар жер беті мен жоғары жақта дамыған атмосфералық
процесстердің бағыты мен қарқындылығына да байланысты. Үш синоптикалық
процесстерге байланысты шаңды дауылдар күшті деп атау келісілген.
Олардың екеуі ауа массасының меридиональді ағынымен сипатталады.
Синоптикалық процесстердің бірінші түрі – оңтүстік аудандардан Батыс
және онтүстік Қазақстанда қурғақ және жылы үлкен ауа массасың жеткілікті
жылжуімен сипатталады. Процесстің бұл түрі сәуірден тамызға дейін
байқалады. Шаңды дауылдардың пайда болуы барлық қарқынды процесстердің 78
% шақырады. Процесстің бұл түрінде дауылды аймақта шаңды даул
фронтпен байланысты болады. Бұл жағдайда олар 3 облысты немесе одан да
үлкен территорияны қамтиды. Оның үзіліссіз ұзақтығы 12-16 сағат, желдің
жылдамдығы 15-34 мс жетіу мұмкін, басым бағыты оңтүстік- шығыс
бағыттан, ал Қызылорда және Шымкент облысында солтүстік - шығыс
бағыттан.
Синоптикалық процесстің екінші меридиональді түрінің бірінші түрге
қарағанда айырмашылығы бар, яғни Батыс және Онтүстік Казахстанға тек
жылудың онтүстіктен тасылмандауы ғана емес, сонымен қатар суық ауа
массасының басып енуімен де байланысты. Бұл турде қарқынды шаңды дауыл
горизонттың шығыс жартысынан жылдамдығы 15-40 мс дейін күшейеді, ал
тамызда Онтүстік Казахстанда солтүстіктен соғады, көріну қашықтығы
әсіресе көктемгі кезде 50 м дейін нашарлайды, салыстырмалы ылғалдылық 11-
14 %, ауа температурасы 19-80 С дейін төмендейді.
Үшінші түрі жылдың барлық жылы айлары байқалатын барикалық пайда
болудың ендікпен ауысуымен сипатталады. Бұл түрі бірінші және екінші
процесстерге қарағанда өте жиі, неғұрлым күшті болады.
Зертеулер бойынша Батыс және Онтүстік Казахстан территориясында шаңды
дауыл жылдың барлық айларында пайда болады. Бірақ байқалған
жағдайлардын басым көпшілігі (85 % маңында) жылы маусымда яғни сәуір
мен қыркұйек аралығында келеді: 20 жылға жүргізілген зертеулерді сараптау
(1950-1969 ж.ж) шаңды дауылдың уақыттық және кеңістік бойынша таралуының
біркенкі еместігін көрсетті. Бұл таралудын ерекшеліктері бір облыс
территорияссының өзінде байқалады. Мұны климаттық және физика-
географикалық факторлармен түсіндіруге болады. Мысалы, Актөбе облысы
топырақ пен өсімдік жамылғыдысының ерекше сипаттына байланысты 3
климаттық зонаға (дала, шөлейіт және шөл) бөлінеді. Мәліметтер бойынша
сәуір айында шаңды дауылдың күшеюі байқалады. Атырау облысының
территориясында және Маңғыстаудың үлкен аумағында онын максимальді
қайталунылушы сәуірде болады,яғни бұл жылдық максимум. Қызылорда мен Ақтөбе
облысында оның максимумы мамыр айынла жетеді. Орал облысының
территориясының жетелеген аудандарда ол мамыр мен тамыз аралығында келеді,
ал Шымкентте маусым мен қыркүйек аралығына келеді. Батыс пен Онтүстік
Қазақстанның зерттелген 6 облысында жылы уақыттығы шанды дауыл
күндерінің орташа саны 2,5 - 56 дейін тербеледі. Бірақ бірқатар
аудандарда құрғақшылык жылдары шаңды дауыл 90 күн немесе одан да жоғары
болған. Мысалы, мұндай жағдай 1968 ж Шалқарда жылы маусымда 98 күн шаңды
дауыл болған. Зерттеулер аңықтағандай шаңды дауыл күндерінің орташа
санының кеңістік – уақытбойынша таралуы пайда болған құбылыстың жоғары
жиілігі байқалған үш ауданда жақсы байқалған.
Бірінші аудан – шаңды дауылдың басым болатын ауданы – Атырау облысының
шығысы және Актөбенің оңтүстігі ( Қосшағыл, Шалкар). Бұл аумақ құмы
айтарлықтай бос, тығыз емес топырағы бар Каспий маңы Қарақұмның, Үлкен
және Кіші Борсықтың құмды шөлінде орналасқан. Шаңды дауыл территорияның
бұл аудандарында жыл бойы байқалады. Жылына орташа 42-68 дейінгі күні
жылы маусымда болады. Кей жылдары шаңды дауыл күндерінің саны
көрсетілген орташа шамадан айтарлықтай жоғарылайды. 1954 ж Қосшағыл
ауданында қарастырған уақытта 64 күнде шаңды дауыл тіркелген: 1968 ж
Шалқарда жылы маусымның жартысы жуығы дауылды болған. Бұл бірінші
дефляциялық ауданда шаңды даулдың пайда болуының қайталану шамасы
көктемде байқалады. Мысалы, Қосшағылда 42 % маңындағы жағдай сәуір мен
мамырға келеді.
Екінші аудан – Шымкенттің оңтүстік-батысы және Кызылорда облысы. Бұл
аймақ өсімдігі әлсіз бекітілген, құм төбелі Қызылқұм шөлінің шығыс
шетінің және Сырдарияның жағалауындағы Алқақұм құмды массивінде шөл
зонасында орналасқан. Бұл ауданда да бірінші аудандағы сияқты шаңды дауыл
жыл бойы пайда болады. Бұл ауданда шаңды дауылдың ең ұлкен қайталанушылығы
(54-64 %) маусым тамыз айында, яғни жылдық және жаздық маусымдағы жауын
шашынның минимальді кезіне келеді: мәліметтер бойынша Қызылқұм және Арыс
метеостанциясында жылдағы 37-43 шаңда дауыл күннің 33-36 күні сәуір мен
қыркұйек аралығындағы маусымға келеді. Бірақ құрғақшылық жылдары бұл
құбылыстын күндер саны көрсетілген орташа шамадан жоғарылайды. 1957 ж
Қызылқұм станциясының ауданында 80 күнге дейін шаңды дауыл байқалған,
оның 72 күні сәуір мен қыркұйек аралығындағы маусымға келеді. Тек 1953
ж мамаырда Қызылқұмда 17 күнде шаңды дауыл байқалған, ал Арыста 1951 ж
маусымда 21 күнде шаңды дауыл байқалған.
Шаңды дауылдың жоғары қайтаналатын үшінші ауданы Орал облысының
солтүстік – шығысындағы жеңіл механикалық құрылымы бар қоңыр – сарғылт
топырақты, дефляция онай жүретін далалы және шөлейіт зонасында
орналасқан. Бұл ауданда шаңды дауылдың басым бөлігі жылдың жылы уақытында
болады. Жамбейтті және Қазақстан метеостанциясы ның мәліметтерәі бойынша
бұл ауданда орташа 33-47 күн шаңды дауыл болады, және 31-44 күні жылы
маусымға келеді. Ең үлкен кайталанушылығы маусым және шілде айында
байқалады, сонымен қатар әрбір төртінші күні шаңды дауыл болады.
Жоғарығыда екі аудан сияқты бұл аудандада кейбір жылдары шаңды дауылдың
күндер саны орташа шамадан айтарлықтай жоғарылайды. Мысалы Жамбейтті
ауданында 1955 ж 83 күн, ал Қазақстан метеостанциясында 98 күн шаңды
дауыл болған. Мұнын 70-86 жағдайы сәуір мен қыркұйек аралығында келеді,
кей жылдары бір айдын 15-20 күні және одан көп күндерінде шаңды дауыл
болған. Мұндай жағдай 1955 ж мамырда және 1963 ж маусымда Қазақстан
метеостанциясында тіркелген осы айдын ішінде 24 және 21 күнде шаңды дауыл
болған яғни күн сайын турған.
Сонымен қатар бақылауларды сараптау көрсеткендей Батыс және
Онтүстік Казахстан горизонтальды көріну қашықтығы өте ұзақ шаңды дауылдың
көпшілік жағдайында, әсіресе сәуірде 1 км дейін кейде одан да төмен
нашарлауы байкалады көріну қашықтығы 50 м дейін нашарлайды ұзақ шаңды
дауылдың (12 сағат және одан жоғары) қарқындылығын көрсетеді. Бірак
қарастырған облыс территорияларының физика-географикалық ерекшелігіне
байланысты дауыл кезіндегі көріну қашықтығының өзгеруінде айырмашылықтар
бар. Мәліметтер бойынша шаңды даулдың көп пайызының көріну кашықтығы 1-2
км дейін және одан да төмен нашарлауын көрсетеді. Ұзақ шаңды дауыл және
облыстың тек аңыкталған ауданында көріну қашықтығын 50 м дейін
нашарлатады. Басқа облысқа қарағанда Атырау облысының шығысында көріну
қашықтығы 50 м дейін нашарлайды. Кызылорда облысында оның 50 м дейін
төмендеуі сәуір айында Орал облысында мамыр және маысым айында
әсіресе Жамбейітті ауданында, ал Шамкентте- сәуір және қыркүйекте яғни
Арыс және Ащысай ауданда байқалады.
Зерттелген территорияда көріну қашықтығының нашарлануы узақ уақыт бойы
сақталуы мұмкін. 1950 ж 12-14 сәуірде шанды даул кезінде Атырау
облысының шығысындағы Қосшағылда көріну қашықтығы 50 м дейін нашарлауы
мұмкін бүкіл тәулік бойы сақталған , ал 1959 ж 10-13 мамаырда оның
сақталуы бір тәуліктен асқан. Осыған байланысты жүргізілген сораптау Батыс
және Оңтүстік Қазақстанда шаңды дауыл кезінде горизонтальдікөрілу
қашықтығының нашарлауын көрсетті, әсіресе ол шаңды дауыл ошағы: Орал
облысының солтұстік шығысы, Атыраудың шығысы , Шымкент облысының оңтүстік
батысында болады. Шағдайлардың көпшілігінде желдің кушеюі өте күшті
дауылға және қатты дауылға айналып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
айтарлықтай төмендеиді және температура жоғарылайды.
Қарастырған территорияда жылдық ұзақ уақытында топырақ бекеті
дефляциялық жағдайға дайын күйінде болады. Сонымен қатар ұзақ шаңды дауыл
жауын мөлшеріне яғни ұзақ жауынсыз кезеңге, бір айдағы жауынсыз және
жауынды күндер мөлшеріне, жылдың суық 3 айында қар жамылғысының
биіктігіне және күн белсендігіне (Вольф саны) тәуелді. Шаңды дауылдың
жауын мөлшеріне тәуелділігі Батыс және Оңтүстік Қазақстанда біркелкі
емес. Шаңды дауыл, бір айда жаңбыр мөлшері шамадан айтарлықтай көп
жауған кезде де байқалған, оның себебін жылы кездегі нөсердің сипатымен,
яғни жауатын жаңбырдың екі және көп айда жауатын айцлық нормасы бір
уақытта жауатынымен түсіндіруге болады. Мысалы, 1969 ж шілдеде Шымкентте
Ащысай ауданында үш нормадан асатын жауын бір уақытта жауған: тек 9
шілдеде екі норма маңында жауған, соңын өзінде күшті дауылдың
қайталанушылығы жоғары болған.
Белгілі аудан үшін айдағы жаңбырмен болатын шаңды дауылдың кейбір
ерекшеліктері бар, ол бір – екі айға сапалы болжау жасауға мұмкіндік
береді яғни:
1) Шымкен облысының оңтүстігінде ( Ащысайда) сәуірдегі күшті шаңды
дауыл ақпандағы жауын – шашынмен байланысты, оның мөлшері көпжылдық
орташа шамадан аспайды (58,9 мм). 20 жылдық зерттеудің алты жылында
күшті дауыл байқалған. Ақпанда не бары 8,2 – 47,7 мм дейін жауын
жауған. Сегіз жылда ақпанда жауын көрсететін көпжылдық орташа
шамадан көп жауған және көп жағдайда сәуір айында бұл құбылыс
болмаған.
2) Шымкенттің оңтүстігінде Қызылқұм ауданында маусымдағы дауылдың 71 %
жағдайы және Ащысайда 75 % жағдайы байқалған. Жауын мөлшері сәуір
және наурызда көпжылдық орташадан жоғары болған яғни 19,8 - 91,9
мм. 82 % және 89 % ерекше қауыпты дауыл жаунның кқпжвлдвқ орташадан
кем жауған айларында байқалған.
Бұл зерттеулер ұзақ шаңды дауыл ықтималдылығының жауынсыз кезеңмен
байланыстығын аңықтады. Сараптау материалдары көрсеткендей қарқынды дауыл
алдындағы жауынсыз кезең 3 күннен 3 айға , кейде одан ұзаққа созылыу
мүмкін. Мысалы, осы жағдайға байланысты 1955 ж және 1967 ж маусым айын
айтуға болады. 1955 ж жағдайда Қызылқұм станциясында 18 маусымдағы
шаңды дауыл үшкүндік жауынсыз кезеңнең кейін байқалған ал 1967 ж 20
маусымда ғы шаңды дауыл екі айдан көп уақытта (63 күн) жаумаған
жаңбырдан кейін пайда болған. Жауын жаумаған узақ уақыт дауылдың пайда
болуына жағдай жасайды , бірық кейде шаңды дауылдың және ерекше қауіпті
дауылдың пайда болуына жағдай жасауна жеткіліксіз болады.
Шалқар аудандағы сәуірдегі шаңды дауыл күндері 5 мм және қаңтарда
одан да көп жауған жауын күндерінің мөлшеріне тікелей тәуелді, ал Ақтөбе
ауданында қаңтар мен ақпандағы жауған жаңбыр күндеріне байланысты.
Оңтүстік Қазақстанда, Ащысай ауданында сәуірдегі ылғал күндердің
қайталанушылығымен тығыз байланысты. Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі
Шалқарда шілдедегі шаңды дауыл маусымдағы ылғал күндердің
қайталанушылығына кері байланыста болады. Атырау облысының батысында
тамыздағы шаңды дауыл мамырдағы ылғал күндердін мөлшеріне байланысты.
Шымкент оьлысының оңтүстігінде сәуірде болатын шаңды дауыл өткен ақпанда
3 күн ішіндегі жауын 5мм не одан көп болуына байланысты пайда болады.
Егер бұл ауданда жауынсыз күндер 23-28 көп болса, шаңды дауылдың пайда
болмауы ықтималдығы 74-94 % құрайды.
Әдебиет көздерінен белгілі болғандай Батыс және Оңтүстік Қазақстанда
қар жамылғысы негізінен желтоқсанда байқалады, оның қалындығы желтоқсан
және қаңтар ішінде өседі және ақпанда оның тоқтауы байқалады.
Оңтүстік Қазақстанда қар жамылғысының ең үлкен биіктігі ақпанның
бірінші он күнінде , ал батыс ауданда үшінші онкұнде байқалады.
Биіктігінің өзгеруі ақпанның үшінші онкұнде – наурыздың басында
басталады. Шаңды дауылдың қар жамылғысының биіктігіне тәуелділігі уақыт
және территория бойынша байланысты аз.
Ақтөбе облысының оңтустігіде сәуірдегі шаңды дауыл күндерінің саны
қаңтар мен ақпандағы қар жамылғысының жамылғысының биіктігіне қарама-
қарсы тәуелді, ал Шымкент облысының оңтүстігінде қыркұйекткгі шаңды
дауылдың тығыз байланысты. Айдын әр күнінде . Шаңды дауылдың қар
жамылғысының биіктігіне тәуелділігі көрсеткендей Шалқар ауданының
ақпанның бірінші он күнінде және қаңтардың бірінші және үшінші онкұнде қар
жамылғысының биіктігі, сәурдегі даулдың қайталанушылығымен тығыз
байланысты. Қаңтардың бірінші он күнінде даулдың қайталанушылығымен
тығыз байланысты.
Атырау облысының шығыснда тамыздағы шаңды дауыл ақпанның үшінші
онкұндегі және қаңтардың бірінші он күнінде қар жамылғысының биіктігіне
тәуелді, ал Шымкент облысының оңтүстігінде оңтүстігінде сәуірде болатын
шаңды дауыл наурыздың үшінші онкұнде тығыз байланысты.
Осыларға байланысты мынаңдай қорытынды жасауға болады: жеке
аудандардағы ерекше қаупті шаңды даулдырдың қайталанушылығына өткен
қыстың қар жамылғысы әсер етеді. Бұл тәуелділік шаңды дыуылды алдын ала
болжау әдістерін жасаудағы маңызды фактор болып табылады.
Тағы бір көңіл аударатын жай – қаупті және ерекше қаупті құбылыстағы
күн мен белсенділігінің әсер етеді мәліметтер көрсеткендей болғандай
Батыс және Оңтүстік Қазақстанда шаңды дыуылды алдағы және өткен айдапғы
күн белсенділігіне тәуелділігі аз. Бірак бірқатар аудандарда ол тығыз
байланысты. Мысалы, Ақтөбе облысының оңтустігіде маусымдағы шаңды
дыуылдың өткен наурыздағы күн белсенділігіне тәуелділігі- 0,52 корреляция
коэффициентімен сипатталады. Атырау облысының батысында қыркүйектегі
дауыл, өткен айлардағы желтоқсан ақпан және сәуір-тамыз күн
белсенділігіне тәуелді, сәйкесінше корреляция коэффициенті 0,67-0,60, 0,53-
0,66 тең 10.
Шаңды даулға жағдай жасайтын бұл метеофакторлармен қатар табиғи
факторларда маңызды. Дауыл тіпті кез келген рельефті жағдайынды пайда
болады, нәтижесінде эрозия өнімдері әртүрлі бағытта ұшып, аңғарлардын не
төбелердің ығына жиналады. Бірақ топырақпен егістің бузылу дәрежесі
жергілікті топографияңа тәуелді. Дауылдың ең бірінші кезекте шығыңқы учаскі
ибеті және тік жел соғатың беткей қатты бузылады. Ауа ағынының
жылдамдылығының кенет күшеюі кейде еңіс беткейге де байланысты. Осыған
сәйкес тік жел соғатын беткейде жел жылдамдығы неғұрлым жоғары болады және
топырақты соғұрлым қатты бұзады. Ауа ағынының қозғалысы кезінде беткей
төменінде оның жылдамдығы бәсеңдейді. Жылдамдықтың төмендеуіне байланысты
бұл жерге әртүрлі материалдардың жиналуы байқалады.
Анемометрлік бақылаулар көрсеткендей беткейдің жоғарғы жағы және
шығыңқы жағы рельеф жел эрозиясынан ең көп бұзылады және бұл жерде жел
жылдамдығы беткейдің төменіне қарағанда 2 есе жоғары болады. Сонымен қатар
жел эрозиясы процесінде жергілікті жердің мсикрорельефі айтарлықтай роль
атқарады. Мысалы, жел эрозиясы кезінде егіс бетінің тегістелуі болады.
Ғалымдардың жыртылған және жыртылмаған егіске жүргізген бақылаулары бойынша
жел джылдамдығы жер бетіне 2 метр биіктікте жел жылдамдығымен салыстырғанда
желге перпендикуляр орналаскан кішкене төбеліктер үстінде 48 %-ға ,
жыртылған жерде 82%-ға төмендейді (11).
Рельефпен бірге өсімдік жамылғысы да дауылдың пайда болу, қарқындылық
дәрежесін кқрсетеді. Шөп тәрізді өсімдіктер жіне ағаш бұталар топырақты
эрозиядан қорғайды. Өсімдік тек жер бетіндегі жел жылдамдығын ғана
төмендетпейді сонымен қатар желмен тасымалданатын топырақ бқлшектерінде
устайды. Өсімдіктін қоғағыш ролі оның ьиіктігіне, құрамына және қалындығына
байланысты. Топырақ үстінде тіпті оңай бузылатын беткейде құм, құмды
топырақ шөл жамылғысы ьолса, онда оны эрозиядан қорғайды. Жалпы жел
эрозиясы топырақ бөлшектерін қозғалысқа келтіретін жер бетіндегі жел
күшімен аңықталады. Эрозия жел жылдамдылығынын бір қатар критикалық
шамасымен басталады. Мұндай жел жылдамдығы топырақ бөлшектерін қозғалысқа
келтіреді. Бұл қозғалыс кезінде бір бірімен соқтығысады.
Жалпы жел эрозия себебі тек табиғи факторлармен түсіндіруге болмайды.
Бұл мәселелер тек белгілі территорияда шешілетін мәселе емес дүниежүзілік
ауқымда метереологиялық құбылыстардың алдын алу болып табылады.
Шаңды дауыл әкелетін синоптикалық процестерге тән ерекшеліктер.
Олардың пайда болуы төсеме беткейдің сипаты мен жағдайын анықтап қана
қоймайды, сонымен қатар жер беті және биіктігі атмосфералық процестердің
дамуының белгілі бағыттылығы мен қарқындылығын анықтайды [1].
Шаңды дауыл ауылшаруашылығына үлкен шығын келтіретіні белгілі, мысалы:
егісті үрлеп ұшыру (выдывают посевы); автострада мен темір жолдарға
топырақтың майда бөлшектерін және құмдарды тасымалдап, транспорт қатынасын
бұзады; көріну қашықтығын нашарлатады, кейде 50 метрге дейін және одан да
төмен; авияцияның ұшуына қолайсыз жағдай тудырады; аудан халқын көптеген
келеңсіз жағдайларға және шаруашылығын үлкен шығынға ұшыратады 2.
Құрғақшылық, аңызақ, шаңды дауыл, үсік, көктайғақ, бұршақ сияқты ауа
райының зияндық құбылыстары халық шаруашылығына периодты түрде ауқымды
зиянын тигізеді.
Бұл құбылыстарды жан жақты зерттеу зиянды салдардың алдын алуға
мүмкіндік береді.
Үлкен кеңістіктегі ауаның күшті шаңдануы егіс алқабының науқан кезінде
автокөліктерінің көп қатынауынан пайда болады. Шаңды дауылдың пайда
болуында жер жылдамдығы маңызды рөл атқарады 3.
Шаңды дауылдың пайда болуына топырақтың құрылымы және ылғалдылық
дәрежесі өсімдік жамылғысының болуы және орфография әсер етеді. Мысалы: 0-
20см қабатта топырақтың ылғалдылығы 25 мм-ден көп кезде, жел жылдамдығы
15мс-тан жоғары болған жағдайда пайда болады. Ал ылғалдылық 10 мм-ден аз
кезде және жел жылдамдығы 8-10 мс болғанда пайда болады. Ауаның
айтарлықтай тұрақсыз күйі кезінде құм және шаң конвективті араласу
нәтижесінде үлкен биіктікке көтерілуі мүмкін. Шаңды дауыл көлденең алып
жатқан аумағы бірнеше жүздеген метрден 1000 км-ге дейін, кейде одан да ұзақ
ал вертикалды созылуы бiрнеше метрден бiрнеше км-ге дейін жетеді.
Атмосфераның шаңдануы 6-7 км-ге дейін жетуі мүмкін.
Шаңды дауылдар әсіресе ауылшаруашылығына үлкен шығын әкеледі. Олар
ауылшаруашылығының мәдени егістерін зақымдайды және жояды. Күшті жел
аударылған алқаптан жердің айтарлықтай қабатын ұшырып әкететіндіктен,
топырақтың құнарлығын төмендетеді. Шаңды дауыл арқылы көтерілген топырақтар
жол құрылыстарының, арықтарды, бақшалар мен жүзімдіктерді көміп қалады.
Шаңды дауыл кезінде егістік жұмыстары тоқтатылады, транспорт жұмыстары
бұзылады және т.б. жағдайлар орын алады 4.
1848 жылы қыста күшті шығыс желдері тұрып топырақ пен қарды суырып 20
қатарынан соқты. 1876-1977 жылдары қыста күшті қарлы-топырақты боран егіс
алқабына ауқымды шығын әкелді. Алайда бұл тасымалданған топырақтар басқа
жерге барып 35см тегіс қабат болып төселді, оған алғашқы рет далада баулар
мен жүзімдіктер отырғызылды. Желмен тасымалданған қара топырақты жергілікті
бағбандар жоғары бағалады, өйткені бұрынғы егіс алқабындағы топырақ
қабатынан оның құнарлылығы күшті еді.
1885-86 ж.ж. қаңтардан ақпан айының ортасына дейін солтүстік және
солтүстік батыстан оқта-текте қатты дауыл күшіне жететін күшті шаңды дауыл
болды. Бұл құбылыстан әсіресе Берлян уьезі қатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz