Лингвистикалық бағыттағы телехабарлар


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

І-тарау: Лингвистикалық бағыттағы телехабарлардың құрылымдық сипаты.

1. 1 Жанрлық, пішіндік ерекшеліктері.

1. 2 Тақырып аясы және аудиториясы.

1. 3 Хабарда қолданылатын әдіс- тәсілдер.

ІІ- тарау: Лингвистикалық бағыттағы телехабарладың кәсіби деңгейі.

2. 1 Авторлық шешім. Жүргізуші шеберлігі.

2. 2 Хабардың сапалық критерийлері.

2. 3 Хабардың жетістігі мен кемшіліктері (Ұсыныстар мен

аудитория бағасы)

Қорытынды бөлім

Кіріспе:

Тіл - кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Жиналған рухани байлықты ұрпақтан- ұрпаққа тіл жеткізіп беріп отырмаса, әр ұрпақ өзінің рухани өмірін жаңадан бастаған болар еді. Тілсіз ойдың да болуы мүмкін емес. Ой дегеніміздің өзі тек тіл арқылы ғана іске асырылатын адам баласына Алланың берген тамаша қасиеті. Ал енді осы тілдің қыры мен сырын зерттейтін ғылым- лингвистикаға оқулықтарда берілген анықтамаға тоқталсақ. (Лингвистика- тіл туралы, оның өмір сүруі мен тарихи дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Латын тілінен аударғанда (тіл білімі( деген мағынаны беретін бұл ғылым біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Үш түрлі ғылыми дәстүр- ежелгі үнді тіл білімі мен грек- рим және араб тіл білімдері- бұл ғылымның алғашқы арнасын құрайтын бұлақтар болып саналады. Тіл туралы толық мағынасында ғылымның пайда болу дәуірі деп әдетте ХІХ-шы ғасырдың І- ширегі аталады. Бұл дәуірде ғылымда әсіресе қоғамдық ғылымдарда, соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстар шығуы, өзгеруі және тарихи дамуы тұрғысынан қаралып, ғылыми ізденістерге тарихи принцип қолданылып қалыптаса бастады. Бұл өз кезегінде тіл білімінің ғылыми талдаулар мен қорытындылар жасауына, дербес ғылым ретінде қалыптасуына жағдайлар жасалды, (- деп жазылған (1) .

Тіл қоғамдағы түрлі құбылыстардың қалыптасуында қозғаушы күшке айналды. Жалпы журналистиканың алғашқы көріністері адамзат баласының тілдік қарым- қатынасқа түскенінен бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде ақпарат алмасу жүзеге асты. Бір адам екінші адамға өз ойларын жеткізді. Журналистикаға дейінгі алғашқы құбылыс тілдің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекеттің пайда болуымен ақпарат таратудың қажеттігі артты. Осыдан көпшілікке ауызша ақпарат тарататын шешендер тарих аренасына шықты. Журналистикаға дейінгі ІІ- құбылыс шешендік өнердің пайда болуы. Көне грек елінде Демосфен, рим мемлекетінде Цицерон сияқты шешендер көпшілікке қоғамдық маңызы бар мәселелерді жеткізді. Қазақ халқының даму тарихында да шешендік өнердің алатын орны орасан зор. Төле би, қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау, Ақтайлақ би, т. б. көптеген тарихи тұлғалар өз заманының көкейкесті мәселелерін халыққа жеткізіп отырған аузы дуалы тұлғалар болған (2) .

Кейінгі кезде қоғамымызда, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл және оны дамыту төңірегінде қызу жұмыстар жүріп жатыр. Қазақстандық телевидениенің жаңа дәуір үлесіндегі демократиялық жағдайда мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге ықпалын қарастыру арқылы нақты қоғамдық күш негізіндегі бағытын бағдарлау қажет. Бұл орайда қоғамдағы саяси тұрақтылық қалыптың сақталуына, ұлтаралық қатынастың тұрақтануына, халықты мәдени тәрбиелеуде журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырушы қуатты күш ретінде қоғам дамуында қаншалықты зор роль атқаратыны, жалпы журналистиканың ролі жайлы қалыптасқан көзқарастарға ие ғалым- зерттеушілер Тауман Амандосов, Қайыржан Бекхожин, Шерияздан Елеукенов, Темірбек Қожакеевтердің еңбектерінде, оның бүгінгі күнмен сабақтасқан сипаты Марат Барманқұловтың, Намазалы Омашевтың, Сағымбай Қозыбаевтың, Бауыржан Жақыптың еңбектерінде кеңінен көтеріліп келеді. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары тіл мәселесі тақырыбында талай таласты ой- пікірдің өрістеуіне шын мәніндегі демократиялық талапқа сай ықпал етті. Бұл орайда ұлттық мүддені, яғни тек қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруді бәрінен жоғары қойған телеарналар да, сондай- ақ қазақ тілімен қатар орыс тілінің де бір дәрежеде болуын қалағандар да және қазақ тілінің әлеуеті мен мүмкіндігіне барынша күмән келтіріп, бұра тартуға тырысқан, жұртшылық арасында алауыздық туғызып, ой- пікір адасушылығына алып келген басылымдар да болды. Әйтсе де, бұл демократиялық дамудың табиғи заңдылығы да еді.

Көркем әдебиет секілді телевидение де қазақ тілінің дамуы барысында айтарлықтай роль атқарып келгені мәлім. Бұл күнде де қоғамдық публицистиканың ғылыми- стильдермен қатар, әдеби тілдің жетіле түсу процесінде, яғни қазақ тілінің дәстүрлі нормаларын тұрақтандыруда, жаңаларын белгілеуде, соны сипаттарға ие болуда, қысқасы, әдеби тіліміздің сапалық дамуын ұйымдастыруда көркем әдебиет негізгі ұйытқы болып отыр. Ол көптеген өзгерістер мен сонылықтардың әрі эксперимент алаңына, әрі қоймасына айналды. Сондықтан тілді тек жоғарыдағыдай лингвистикалық стилистика тұрғысынан ғана емес, әдеби тіл нормаларын сұрыптап тұрақтандыру сөз мәдениетін көтеру тұрғысынан да зерттеу қажеттігі туады. Осы орайда телевидениенің маңызы зор.

Оның үстіне телехабардың қызу қарқынды өтіп жатқан жанды процесінде оның қазақ әдеби тілінің қазіргі кезеңдегі дамуына жақсы әсер етіп отырған жағымды жақтарымен қатар, тілдік- эстетикалаық талғам шарттарына сай келмейтін жағымсыз сәттерін көрсетіп, оны түзейтін ғылыми негізді ұсыныстар жасау қажеттігі де даусыз. Бұл қазіргі кезеңдегі қазақ тіл біліміне қойылып отырған басты талаптардан танылады (3) .

Тіл көсегесін көгерту жолында соңғы оншақты жыл беделінде республикалық деңгейде қабылданған шаралардың өзі бірсыпыра. Атап айтқанда, “Тіл туралы” заң, “Тіл саясатының тұжырымдамасы”, Қ. Р. Президентінің 2001 жылы 7- ақпандағы N550 жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Әрине, мемлекеттік тілге қатысты мәселені ойдағыдай шешу сабырлықты, көп күш- жігер жұмсауды талап етеді. Бұл бағытта қол жеткізген табыстарды баянды ете түсу үшін ұраншылдыққа салынудан нақты да пәрменді шараларды өрістету әлдеқайда ұтымды болмақ. Соған қарамастан, өкінішке орай, тіл тәрбиесі ресми тұрғыдан жарияланғанымен, оның үйретілуі емн қолданылуын жүзеге асыратын тетік жер- жерде әлі де ойдағыдай іске қосылған жоқ. (4)

Мемлекеттік тіл мен мемлекеттік мүдде бір-бірінен ажырамайтын ұғымдарға айналуы тиіс. (5) Тіл саясатының ұзақ мерзімді келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындап, оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктерін белгілеу жоғарыда айтылған Қ. Р. Президентінің жарлығында қарастырылған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің әлеуетін толық іске асыруды, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретіндегі мәртебесін күшейтуді талап етеді. Бұл күнде телевидение халықтың рухани- эстетикалық қажетін өтеп, ұлттық ұйымдастырушылық қызмет атқаруы тиіс. Жалпы қазақ тележурналистикасы өз дамуы барысында көптеген кезеңнен өтті. Осылайша қазіргі жанрлары жағынан, тақырыптары жағынан, берілу пішіндері жағынан әр түрлі бағдарламаларды көре отырып, бұл ізденістердің дұрыс жолда дамығанын байқаймыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тіл туралы: “Идеялық бірігудің сындарлы жұмысы арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениетінің орнығуы мәселесі де болуға тиіс. Бұл проблема таяу уақытқа дейін тым күшті саясиландырылып келді. Ал оған осылай істеуге тырысқанындай, мемлекеттік тілді оқшаулау, оны басқаларға қарсы қою тұрғысында емес, қайта керісінше оның біріктірушілік ролі тұрғысынан қарау керек. Қазақ тілі мәдениетітің бір бөлігі ретінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің қосымша факторы болуға тиіс” (6) .

Жоғарыда айтылған фактілерді ескере отырып, лингвистикалық телехабарлардың эфирде пайда болуы заңды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне іс жүзінде ие болуына атсалысатын бұл бағдарламалар саны жағынан көп емес. Атап айтқанда, “Қазақстан” Ұлттық Телеарнасындағы “Алтын қақпа” лингвистикалық телеолимпиадасы, “Хабар” агенттігіндегі “Тіл” бағдарламасы, “Ел арнадағы” “Тілашар” бағдарламасы, “Алматы” телеарнасының “Алтын қоржын” балалар бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаладың әр қайсысының берілу тәсілі, пішіні әр түрлі. Бірі жарыс ( “Алтын қақпа” ), бірі ток-шоу ( “Тіл” ) түрінде өтеді. Аудиториясында да өзгешеліктер бар. Мәселен, “Ел арнаның ” “Тілашары” негізінен қазақ тілін үйренуге ниет білдірген өзге ұлт өкілдеріне арналса, “Алматы” арнасының “Алтын қоржыны” бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Мен өзімнің бітіру жұмысыма “Лингвистикалық бағыттағы телехабарлар ерекшеліктері” деген тақырыпты таңдап алып, осы орайдағы негізгі мәселелердің телеарнадағы көрсетілу деңгейіне талдау жасауға тырыстым.

І-тарау: Лингвистикалық бағыттағы телехабарлардың құрылымдық сипаты.

1. 1 Жанрлық, пішіндік ерекшеліктері.

Кіріспе бөлімде айтқанымыздай, қазіргі қазақ телевидениесіндегі лингвистикалық бағыттағы телехабарлардың әрқайсысы әр пішінде жүргізіледі. Бұл бағдарламалардың көпшілік қауымға, әсіресе тіл мамандарына, бүкіл журналистер қауымына тигізер пайдасы зор. Ал жанрлық, пішіндік өзгешеліктеріне келетін болсақ, бұл жағынан да хабарлардың ұтымды тұстары баршылық. Себебі әр көрермен өзіне керектісін алуына жоғдай жасалған. Осы жайлы кеңірек тоқталсақ.

“Қазақстан” Ұлттық арнасының “Алтын қақпа” телеолимпиадасы. Жүргізушісі журналист- Назира Бердалы. Дұрыс ойластырылған осы бір хабарды көпшілік жұрт үзбей көреді. Бағдарлама негізінен оншақты ойыншы арасындағы жарысқа құралады. Ортақ сұрақ қою арқылы топ ішінен бір ойыншы алға суырылып шығады. Негізгі ойын осы ойыншымен жалғасады. Ақшалай сыйлығы болғандықтан бұл хабарға көбіне Алматы мен оған жақын аймақ тұрғындары, әсіресе оқушылар мен студенттер көп қатысады. Ойын барысында ашылған тас қақпа мен күміс қақпадан кейін жастар одан әріге баруға аз-мұз сыйлықтан қағылмау үшін көп жағдайда тәуекел етпейді. Ал ойынның ең маңызды мәресі- алтын қақпа мен алтын сандықтың ашылуы.

Пішін- тақырып пен идеяның шарттасуы арқылы фактілер мен оқиғаларды іріктеу нәтижесінде автор позициясының айқындалуы. “Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер, қалай айтып сөйлесең, өзіңде ерік ” деп сазгер-ақын Ақансері Қорамсаұлы айтқандай, барлық тележурналистер өз ойын сөз арқылы жеткізеді. Ендеше, мәселенің мәнісі соны қалай жеткізуде болса керек. Журналистика жанрларын, олардың жіктелу негіздерін зерттеген ғалым Т. С. Амандосов айтқандай: “Газет материалдарының сапалы болуы оларды жазу үстінде журналистің жанрлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер қолдануына байланысты”. Бұл тұжырымның газет материалдарына ғана емес, телехабарларына да қатысты айтылған белгілі. Демек, берілген хабарлардың кәсіби сапасы өз кезегінде жанрлық ерекшеліктері мен олардың қисынды қолданысына байланысты болады. Сондықтан да, хабарлардың жанрлық ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды.

Ақпараттық- талдамалы жанрлардың өзі бір телехабардың өн бойында немесе журналистің берген материалдарында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық- техникалық сипаттағы соны технологиялық процесс болып табылатын хабар кезінде жанрлық белгілерді сақтап, сол жүйемен ерекшеліктерді ескеру талап етілмейді.

Хабардың басты мақсаты- көнерген сөздерді талдап, түсіну, оларды бүгінгі тілдік қолданысымызға қайта енгізу. Бұл мақсатқа жету жолында бағдарлама пішіні дәл табылған. Мәселен, бағдарламаның бір санында “жаубүйрек ” дегеніміз не?” деген сұрақ қойылды делік. Осы кезде қойылған сауалға жауапты көрермен де іздейді. Ойыншыдан бұрын жауап беруге тырысады. Білмеген не таппаған жағдайда экранда шыққан түсіндірме арқылы есте сақтай алады. (Жаубүйрек дегеніміз- жаңа сойылған мал немесе аңның бүйрегінен жасалатын тағам; сыйлы қонақтарға беріледі) . Кейін бұл сөздің күнделікті тұрмыста қолданылуы да ғажап емес. Яғни жарыс көрерменнің танымдық деңгейінің өсуіне, тілдік қорымыздың кеңеюіне көп ықпал етеді. Осылайша хабар өзінің діттеген мақсатына жетеді.

Хабарда тек сұхбат жанры қолданылады. Яғни жүргізуші сұрақ қояды, ал ойыншы сол сұраққа жауап береді. Ортаға шыққан ойыншы алдымен өзін көрермендерге таныстырады, ары қарай берілген тапсырмасына жауап қайтарады. Әдетте бұл мынадай тәртіпте өтеді:

Ж: Арма, ағайын, бармысыздар, достар, қошкелдіңіздер құрметті ойыншылар! “Қазақстан” Ұлттық арнасының эфирінде “Алтын қақпа” лингвистикалық телеолимпиадасы. Ендеше ойынымызды бастаймыз. (Пауза) Алғашқы ойыншымызды қалай таңдайтынымыз баршаңызға белгілі шығар. Қазір мен ортаға бір сұрақ тастаймын. Бұл сұрақтың жауабын білсеңіздер, қолдарыңыздардағы нөмірленген қағазды жоғарырақ және мейлінше жылдамырақ көтеріңіздер. Алғашқы сұрақ: бесікбілезік дегеніміз не? Алтынышы нөмірлі ойыншы.

О: Бесікбілезік дегеніміз- ол қолға тағылатын білезіктен және бес сақинадан жасалатын бұйым.

Ж: Жауабыңыз дұрыс. Ортаға келіңіз. Есіміңіз кім? Таныс болайық.

О: Әйгерім Әлімжанова.

Ж: Әйгерім, студентсіз ғой?

О: Иә.

Ж: Әйгерім, алдымен тасқақпаның үш сұрағының біреусін таңдаңыз.

О: Біріншісін.

С: Жастықағаш деген не?

О: Жастықағаш дегеніміз- ата- бабамыз көне заманда төсекті ағаштан жасаған және жастықты биіктетіп қою үшін арнайы ағаштан жасалған жастықағашты жасаған.

Ж: Ағаш төсектің бөлігі ма?

О: Иә.

Ж: Дұрыс жауапты тыңдап көрейік . . .

Бағдарлама ары қарай да осы негізде өрбиді. Ойыншы ойынды тоқтатқан не жеңілген жағдайда келесі қатысушы анықталып, ойын жалғаса береді.

Келесі қарастыратынымыз “Хабар” арнасының- “Тіл” бағдарламасы. Аударма айдынында, терминдер төңірегінде толғауы тоқсан қызыл тіл тізгінін ұстатар емес. Әрине, қазақ тілінде терминдерді бір тоқтамға әкеліп алу- әркімнің әлі жете бермейтін, аса жауапты іс. Терминнің бәрін қазақтың қара сөзіне төңкеріп алу, тілдің түр- түсін көзінің қарашығындай сақтау бұл бағдарламаның басты мақсаты. Тіл- үнемі қозғалыста болатын тірі ағза, өмірмен бірге дамиды, халық өлмейінше тіл өлмейді, өсе береді. Сондықтан біздің қазақта ондай деген болмаған, мұндай деген болған деп, жаңа сөздерді еркін қолданысқа жіберуден қорықпау керек. Көңілге қонымды, санаға сіңімді қазақша баламалар табу- хабар арқалайтын жүктің ауыры, әлеумет үшін баға жетпес байлығы болар еді.

“Тіл” бағдарламасы- ток-шоу түрінде өтеді. Ток-шоу деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Ток- шоу жүргізушісін ескі әдетімізше жүргізуші дей саламыз. Ток- шоу деген ағылшын атауының тікелей аудармасы “әңгіме- думан”. Қазақ телевидениесінде алғашқы ток- шоу ұйымдастыршысы- “Хабар” агенттігінің продюсері Серік Аббас-шах. Оны қазақ тіліндегі ток- шоу жанрының ойын- сауық түрін енгізудің негізін қалаушы деуге болады. Қазір шоумендікке көбінесе актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды тек жақсы жүргізіп шығу ғана емес, онда көтерілетін басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені “Ток- шоу- таза журналистік шығармашылық” (7) . Ток- шоу әңгіме болғандықтан, әңгіме сұхбатқа құралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы, тәжірибесі бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол “табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психикалық тұрақты болуы керек” (8) . Мәселен Серік Аббас-шах “Хабарда” “Еркектің аты еркек” деген ток- шоу ұйымдастырды. Жүргізушісі- актер Бекжан Тұрыс. Көрермен оны “Ұят болмасын . . . ” ток- шоуынан біледі. Актер жаңа хабарда көзі күліп, көңілі жылап тұрғандай әсер қалдырады. Ток- шоудың мұндай түрін жүргізуге актерлік қабілеті аздық етіп тұрғандай әсер қалдырады. Себебі жүргізуші актер болғандықтан сценарийдегі жаттанды сөздерді айтып шығумен шектеледі. Тамаша актер ток-шоуда жасықтау, ұяңдау. Сондықтан ток- шоулардың тізгінін кез- келген тақырыпты дөңгелетіп әкететін кәсіби журналисттерге беру керек. Осы орайда “Тілдің” жүргізушісіне келетін болсақ, Бейбіт Құсанбек сұхбат алу жағынан да, қонақтарды мәселе төңірегінде көзқарасын білдіруге итермелеу жағынан да үлкен шеберлік танытады.

Белгілі бір терминдер төңірегінде сарапшылар, қазылар алқасы, студия қонақтары өз ойларын, пікірлерін ортаға салады. Осы кезде хабарға қатысушылар пікірталасқа түседі. Мұнда көрермендердің көз алдарында жанды ой процесінің тууы, дамуы, өрбуі тікелей өтіп жатады. Түрлі пікірлер қақтығысындағы процестен телеаудитория да тыс қала алмайды. Олар студиядағы зерттеу, салыстыру кезіндегі босаңдық пен әлсіздікті жойып, пікірталасқа қатысушылармен бірлікте шындыққа жетуге ұмтылады. Студиядағы әділқазылар алқасы пікірлердің бәрін тыңдай отырып, әділ шешімді көпшіліктің көзалдында шығарып отырады. Осыдан келіп жанрдың танымдық қасиеті де жоғарылайды. Пікірталас хабарын даярлау кезінде автор не жүргізушіге әдеби қиындық көп кездесе қоймайды. Хабар жүргізушісі тақырыпқа орай пікір айтушыларға ортақ сұрақ қойып, өзі бір мезгілде оның бақылаушысы әрі әңгіме тақырыптан ауып бара жатқанда оны қажетті бағытқа бұрушы қызметін де қоса атқарады. Дегенмен қиындық сонда кейде пікірталас күткен биіктен әлдеқайда төмен жатады. Мәселен, 20- наурыз күнгі хабары заң саласының атауларына арналды. Бғдарламаға қатысушылар “честь”, “достоинство”, “совесть” сөздерінің қазақша баламасын табуға тырысты. Сарапшылардың бірі честь сөзін- намыс деп аударса, екіншісі- ар- ождан деген балама ұсынды. Студия қонақтары арасынан да басқа баламалар беріліп, әділқазылар да жүргізуші де бір тоқтамға келе алмады.

Пікірталас предметі көпшіліктің ортақ қызығушылығын туындататын әлеуметтік мәнділікке ие болғаны қажеттілік. Сонда ғана ол алдына қойған мақсатына жете алады. Ең бастысы жүргізушінің қызықты, қажетті сәттерді мезгілінде дәл пайдалана отырып, айтылған пікірлерді саралай- салмақтай келіп, оған студиядағы көрермендер ойын да орайластыра қосып отыруы. Ал студиядағы қонақтар мен көрермендер де экраннан сыртта отырған миллиондаған көпшілік алдында әдептіліктен аттап кетпей, салқынқанды, сабырлы әрі адамгершілік кәсіби этиканы аттап өтпегендері орынды (9)

“Тіл” ток-шоуы өз жанрына сай әр мәселеге байланысты студияға бірнеше сарапшылар кезек- кезек шақырылады. Әдетте олар екі ауыз сөз айтып қана орнынан тұрып кете беруге мәжбүр. Кейде жүргізуші де сол келіп- кетушілерді хабарлаудан қолы босамай жатады. Дегенмен, қонақтың санын азайтыңқырап, соның есебінен олардың өз уәжін түсіндіріп айтуына, оппоненттерінің сауалына нақты жауап беруіне, сөйтіп аталған мәселені жан- жақты талқылауға қажетті эфирлік уақытты көбейтіп, салмақтандырған дұрыс.

Ал “Ел арнадан” көрсетілетін “Тілашар” бағдарламасы пішіні жағынан сериал түрінде өтеді. Бұл бағдарлама экранға шыққан алғашқы лингвистикалық хабар. Бағдарламаның алғашқы саны 1997 жылы шыққан. Ол кезде “Тілашар” диалогқа құрылған сюжеттерден тұратын. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге ниет білдірген азаматтарға тілді жеңіл үйрену тәсілі. Ал 2001 жылы бағдарлама қайта құрылып, сериал ретінде беріле бастады (“Дорогая редакция”) . Сериал қазақ тілін білмейтіндерге а рналғандықтан да болар орыс тілінде жүргізіледі. Хабарға қатысушылар редакция қызметкерлерінің рөлдерін сомдайтын актерлер. Сонымен бағдарламаның екі жүргізушісі бар: Олар қалық көрермендерге «ТВ БИНГО» лотереясынан таныс Толқын Жүнісбаева мен Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен Жасөспірімдер театры актері Сәкен Рақышев. Жүргізушілер сериалда өтіп жатқан оқиғаға түсініктеме беріп отырады.

1. 2 Тақырып аясы және аудитория.

Экрандық шығарманы құруда ішкі драмалық шешімнің ролі ерекше. Сценарийді жазу кезеңінде айтылар ой белгілі бір жүүйеге еніп, бір- бірімен қабыса байланысса, шығарма арқауы ширап көрермен көңіл- күйін елтітетіндей хабарлар өмірге келер еді. Ал, режиссер, оператор және дыбыс режиссері табылған түр мен мазмұнды бір- біріне орайластыра отырып, тақырыптың характерін ашуға және көрерменнің жан- дүниесіне әсер ететіндей жолдарды бірлікте, бірлесе іздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды ақпарат құралдары
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері
Тіл халықтың жаны
Публицистикалық стиль
Сөз этикасы мен бұқараның байланысы
Компьютер және балалар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары
Ататүрік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz