Шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары.

  • КІРІСПЕ.
  • Шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту.
  • Қылмыстық заңдағы шартты түрде соттау ұғымы және оның мәні.
  • Сынақ мерзімі және оның мәні. Шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту.
  1. Егер шартты түрде соттаушы сынақ мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысын өткен соң күші жойылуы мүмкін(ҚК 64-бабы 1- бөлігі) деп белгіленген.
  2. Сонымен, сынақ мерзімі өткенге дейін сотталушының жазасын, яғни шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастауға заң мүмкіндік береді.
  3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.
  4. ҚК 64-бабы екінші бөлігін немесе ҚК 64-бабының үшінші бөлігін дұрыс қолдану үшін шартты түрде соттаудың күшін жоюмен, шартты түрде сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаудын айырмашылығын, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы үшін әкімшілік жазалау салынғаннан, жүктелген міндеттерді немесе қоғамдық тәртіптерді жүйелі немесе әдейі қасақана ниетпен орындамауын айыра білуіміз қажет. Шартты түрде сотталғынның сотпен жүктелген міндеттерді орындаудан бұлтартуы толық міндетті орындалмауы емес, жартылай орындалуы. Мысалы, ол тұрғылықты тұратын, жұмыс орнын, оқитын жерін ауыстырады бірақ бұл жайлы уақытылы ескертпеуі, белгілі бір орындарға бармау тәртібін бұзуы. Қоғамдық тәртіпті бұзу және оның салдары әкімшілік шараларға әкеп соқтыруы, сынақ мерзімінің ағымында бір рет қана орын алуы керек.
  5. Шартты түрде сотталғанның сотпен жүктелген міндеттерді жүйелі түрде немесе әдейі орындамауын былайша түсінуге болады: оның ашық түрде міндеттерді орындамауы, қасақана бұзуы, бағынбауы, ескермеуі немесе менсінбеуі. Атап айтқанда, тұрақты тұратын, оқуын, жұмыс орнын бақылаудан қашу мақсатында немесе сол міндетті жүктеген органдарды адастыру ниетімен (бірнеше рет), белгілі бір орындарға бармау тәртібін екі немесе одан да көп рет бұзса, маскүнемдік нашақорлықтан, уытқұмарлықтан т. б. емделу курсынан өтуден жалтаруы, туыстарының жасаған материалдық көмектерінен толық түрде бас тартуы жатады.
  6. Сотпен жүктелген міндеттері орындауда, осы міндеттерді орындауға объективті себептер (мысалы, ауруына немесе апартарды болуы т. б. ) кедергі болса шартты түрде сотталған адамға ҚК 64-бабы екінші, үшінші бөліктерінің санкциясы қолданьауы тиіс.
  7. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақан қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде соттаудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
  8. Егер шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді. (ҚК 64-бабы 4- бөлігі)

Сонымен заңға сәйкес шартты түрде соттауды қолданудың мынандай салдары бар екендігін айиуға болады.

  1. Шартты түрде соттаудың пайдалы және ең тиімді жағы, адамның шартты түрде сотталғанда қолданылатын сынақтың мерзімі ішінде адал еңбегімен және үлгілі тәртібімен түзелгендігін дәлелдеуі.
  2. Мұндай жағдайда ҚК64-бабы 1бөлігіне сәйкес, сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталғандықты алып тастау туралы қаулы ете алады.
  3. Екінші бір шартты түрде соттаудың жағымды немесе пайдалы салдарының бірі болып, сынақ мерзімінің аяқталуына дейін, шартты түрде соттаудың күщі жойылусыз немесе ұзартусыз күйде болуы (ҚК 64-бабы 3, 4 және 5 бөліктері) . Екі жағдайда да ҚК 77-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотталғандық, өшіріледі және сотталған адам сотталмаған деп танылады.
  4. Шартты түрде соттауда пайдасыз немесе тиімсіз салдары болып, сотталғанның жаңадан қасақана ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде соттаудың күшін жойып жаңадан қылмысы үшін тағайындалған жазаға алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.

ҚК 64-бабы 4 бөлігі, шартты түрде соттаудың күшін жоюын немесе оны сақтау туралы мәселені белгілейді .

Жаңа қылмысы үшін сотталған адамға шартты түрде сотта мәселесін сақтауды сот шешсе, алдыңғы үкім бойынша белгіленген шартты жазаны сотталған адам нақты түрде өтемеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында жасаған қылмысы үшін адамды осылай соттау мүмкіндігін көздейтін бір қатар институттар бар, бұл ретте сот тағайындаған жаза іс жүзінде орындалмайды. Осындай институттар қатарына шартты түрде соттау мен жазаны өтеуді кейінге қалдыруды жатқызуға болады ( ҚК-тің 63, 64, 72, 74- баптары) .

Адамгершілік принціпі көрініс тапқан осы, іс жүзінде орындалмайтын жазалар айыпкерлердің өзінде де, ол жасаған әрекетті де сипаттайтын белгілі - бір мән жайларға байланысты жазаны іс жүзінде өтемесе де жазалаудағы мақсат орындалуы мүмкін деп сот шешсе тағайындалады. Үкімде көрсетілген белгілі бір талаптарды сотталған адам орындаған жағдайда сот тағайындаған жаза іс-жүзінде орындалмайтын соттауды шартты деп атайды.

Шартты түрде соттау қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің өзінше бөлек институты, оның ерекшелігі-егер сотталған адам сынақ мерзімі кезінде өзіне сот артқан міндетті орындаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және жаңа қылмыс жасамаса түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру түріндегі сот тағайындаған жазаны іс жүзнде орындамай-ақ - өтейді.

Шартты түрде соттаудың заңдық тегіне және ұғымына берілген мұндай анықта шартты түрде соттаудың, ҚК-нің Ерекше бөлімінде аталатын орнына, ҚК-тің 63-бабының мәні мен мазмұнына сәйкес келеді.

Сонымен қатар қылмыстық заңдар бойынша теориялық еңбектерде бұл институттың заңдық тегі туралы мәселе біржақты шешімін таппаған.

Шартты түрде соттау жаза түрлерінің бірі, үкімді орындаудың ерекше тәртібі, жаза қолданудың да ерекше тәртібі, жаза қолданудың да ерекше тәртібі, жаза өтеудің немесе айыпкерді жаза өтеуден босатудың ерекше тәртібі немесе сот тағайындаған нақты жазаны шатты түрде қолдану деп танылады.

Қазіргі күшіндегі қылмыстық заң шартты түрде соттауды жазаның түрі деп есептемейді және оны ҚК-тің 39-51 баптарында көрсетілген жазалардың дербес түрлерінің тізімінде атамайды. Шартты түрде соттағанда тағайындалатын жазаларға, ҚК-тің 63-бабында айтылғандай, түзеу жұмыстары, әскери қызмае бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау жатады, оларды өз үкіммен сот тағайындайды, бірақ қаулы шыққанымен олар орындалмайды.

Шартты түрде соттау- жазаны өтеуді кейінге қалдыру емес, себебі шартты түрде соттау кезінде тағайындалған жазаны сотталған адам, егер өзіне сот атқарған міндеттерді орындаса және оның мінез - құлқына ҚК-тің 63 және 64- баптары қойған талаптарды бұзбаса, өтемейді.

Сонымен қатар шартты түрде соттауды жазаны өтеудің ерекше тәртібі деп те санауға болмайды, себебі ҚК-тің 63-бабында айтылғандай, егер сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе шартты түрде соттаудың қолданылуы мүмкін.

Шартты түрде соттаудың мәні- сотталған адамды үкімде көрсетілген сынақ мерзімі бойы сынау, ал сынақ шартын орындаған айыпкер міндетті түрде жазадан босатылады, сотталмаған болып саналады.

Сонымен шартты түрде соттауды жаза деп те, жаза орындаудың ерекше тәртібі деп те, тағайындалған жазаны жүзеге асырудың басқадай бір тәсілі деп те санауға болмайды. Ол қылмыстық заңның ерекше, өзінше дербес институты болып табылады.

Шартты түрде соттау Сот туралы №2 декрет(1918 жылы) уақыттан бастап қолданылып келеді, ол өзінің керек екенін, тиімділігінің жоғарғы екендігін дәлелдеді. Жазаның бұл түрі қолданылған адамдар арасында жаза өтелгеннен кейін қылмыстың қайталануы сирек кездеседі.

Шартты түрде соттауды қолдану практикасының статистикалық мәліметтері бойынша жазаның бұл түрін соттар жылдан жылға көп қолдануда. Мысалы, шартты түрде соттаудың жазалар құрылымындағы өзіндік үлесі 1979 жылы 6, 9% болса, ал 1997 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 12, 5% болған. Жарияланған мәліметтерге қарағанда ауырлығы шамалы қылмыс жасап, шартты түрде сотталған адаидардың қайталап қылмыс жасауы 10%-тен аспайды.

Сонымен шартты түрде соттауды қолданудың көп жылғы тәжірибесі қоғамға аса қауіпті емес қылмыстар мен күресте оның тиімді екендігін көрсетті.

Қылмыстық заң теориясында бас бостандығынан айыру жазасын қылмыскерге тиімді әсер ете алатын жазаның басты түрі ретінде кең қолданудың өзін өзі ақтай алатындығына күмән келтіретін пікірлер көптен бері айтылып келеді.

Мұндай жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына балама жазалардың, сондай-ақ шартты түрде соттау жазасының да мәні мен рөлі артады.

Сынақ мерзімі және оның мәні.

Шартты түрде соттау үкімде сот жаза мерзімімен қоса сынақ мерзімін белгілейді. Бұл мерзімді көрсетпеу үкімнің бұзылуына әкеп соғады.

ҚК-тің 63-бабының 3 бөлігінде сынақ мерзімнің ұзақтығы жалпы бір жылдан үш жылға дейінгі мөлшерде көрсетілген. Сот сотталған адамға сынақ мерзімін қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын және тағайындалған жазаның мөлшерін есепке ала отырып белгілейді. Сот үшін сотталған адамды кәдімгедей тексеру және оны түзеу үшін қанша уақыт қажет екендігін жайында тұжырым жасау шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар сот шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі бойы қандай жағдайда болатындығын да ескереді.

Сынақ мерзімінің өте ұзақ болуының қажетсіз екндігін өмір көрсетті. Олар өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтады, ал болар-болмас қылмыс жасаған адам өте ұзақ мерзімді өтеуге онша мән бермейді. Ескі заң бойынша сынақ мерзімін қолданудың тәжірибесі бір жылдан үш жылға дейінгі сынақ мерзімінің оңтайлы екенін дәлелдеді.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты сынақ мерзімі тағайындалған жазаның мерзіміне тең, одан көп немесе аз болуы мүмкін. Мысалы, сот адамды екі жыл бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттай отырып, оған бір, екі, үш жыл сынақ мерзімін белгілеуі мүмкін.

Сынақ мерзімінің негізгі мәні де, мазмұны да сонда - жазаны іс жүзінде өтемей-ақ оның түзелуіне қажетті уақыт беру. Сынақ мерзімін белгілеудің маңыздылығысонда - егер сотталған адам осы уақыт ішінде сынақ шартын бұзса, онда сот тағайындалған жазаны іс жүзінде қолдануға құқылы. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі кезінде сотталған деп танылады.

Сотталған адамға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынақ мерзімі және оның мәні
Жаза тағайындау туралы
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қылмыстық істердің соттылығы
Қылмыстық жазаның құрамы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Қылмыстық құқықтың санаттары
Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
ЖАЗА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz