Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

2. Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері

3. Халыққа білім мен тәрбие берудегі жазған еңбектері


ІІІ. Қорытынды
Педагогика училищелері мен жоғарғы оқу орындарының филология факультеттері оқу программаларынан қазақ халқының ұлы ағартушылары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосын оқып білуге мол орын берілген. Соның ішінде өзін болашақ мұғалім – тәрбиешілік мамандығына дайындауға бағыштаған жастар үшін педагог Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. Өйткені ұлы педагогтің тұласында оқытушылық мамандыққа тән қадір-қасиеттердің бәрі бар. Ол – мұғалім-методист, халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы, оқулықтар авторы және қоғам қайраткері.
Ыбырай – фальклорист, ақын-жазушы, журналист.
Бұл тақырыптағы мақсат Ыбырай мұраларының қай шамада игерілгенін көрсету, нақты мазмұндар мен проблемалар қалай шешілді, болашақта не істеу керек деген ой туғызу, ізденімпаздыққа жетектеу.
Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог-ағартушы, белгілі қоғам қайраткері ретінде тану, оның шығармаларын осы тұрғыдан талдау біздің заманымыздың 40 жылдарынан басталды оның шығармалары кең талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясы ашылып көрсетілді.
1. Ә.Дербісалин. «Ыбырай Алтынсарин».Алматы, 1965ж

2. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы(1 том)

4. Б.Нұржекеұлы «Жүз тұңғыш». Алматы, 2005ж

5. Ә.Сыдықов. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі». Алматы, 1969ж
6. Ә.Доспамбетов. «Алғашқы хрестоматия» Алматы 1969ж

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Педагогика училищелері мен жоғарғы оқу орындарының филология
факультеттері оқу программаларынан қазақ халқының ұлы ағартушылары
Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өмірі мен
творчествосын оқып білуге мол орын берілген. Соның ішінде өзін
болашақ мұғалім – тәрбиешілік мамандығына дайындауға бағыштаған
жастар үшін педагог Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше.
Өйткені ұлы педагогтің тұласында оқытушылық мамандыққа тән қадір-
қасиеттердің бәрі бар. Ол – мұғалім-методист, халық ағарту ісінің
ұйымдастырушысы, оқулықтар авторы және қоғам қайраткері.
Ыбырай – фальклорист, ақын-жазушы, журналист.
Бұл тақырыптағы мақсат Ыбырай мұраларының қай шамада
игерілгенін көрсету, нақты мазмұндар мен проблемалар қалай шешілді,
болашақта не істеу керек деген ой туғызу, ізденімпаздыққа жетектеу.
Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог-ағартушы, белгілі қоғам
қайраткері ретінде тану, оның шығармаларын осы тұрғыдан талдау
біздің заманымыздың 40 жылдарынан басталды оның шығармалары кең
талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясы ашылып көрсетілді.

Ыбырай Алтынсариннің
өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері.

Ыбырай Алтынсарин 1841 20 (қарашада) қазанда Торғай облысы,
Николаевск уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының
Затобол ауданында) дүниеге келді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы
алдын көргені болмаса, басқадай оқу қумаған, момын, үй-шаруасымен
айналысқан адам болған. Ол Ыбырай үш жасқа толғанда қайтыс болады.
Шешесі Айман (арғын руынан Шеген бидің қызы) ескі салт бойынша
қайнысы Қошанға шығады, одан туған балалардың ұрпақтары баршылық.
Ыбырай әкесі өлгеннен кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден
алады. Балғожа Жаңбыршин – белгілі би, ірі бай болған адам. Ол
ұзақ уақыт Орынбор Шекара комиссиясы қол астында қыпшақ руына
старшина болып қызмет істеген, патша өкіметінен шен-шекпен алған
ірі феодалдардың бірі. Орысша тіл білген, ақыл парасаты да мол
болған би.
Патша үкіметі Қазақстанға ықпал жасаудың басты жолы қазақ
даласына жаңа мектеп ашуды, сол арқылы өзінің отаршылық саясатын
дала тұрмысында ұтымды жүргізе алатын адамдарды жергілікті халықтан
дайындауды отаршылдық саясаттың қалатқычыз жүзеге асуын тиісті
жерлерде қамтамасыз етіп отыратын шаралардың бірі ретінде санады.
Шекара комиссиясы жанынан ашылатын мектеп және Орынбор қазақтарын
басқару туралы Ережелерді 1844 жылдың 14 маусымында бекітті.
Мектепке тек қазақ балалары, онда да көбінесе тек ата-аналары
патша өкіметіне қызмет көрсететіндердің немесе оған адал
берілгендігімен көзге түскендердің балалары алынатын болды. Осынау
Ережені көзі ашық Балғожа би жақсы түсінді. Болашақ ұлы педагог
Ыбырай Алтынсарин оқитын мектептің ашылуына арналған адымдар осылай
асталған еді.
1846 жылдың 5 наурыз күні Балғожа би Орынборға әдейі барып,
өзінің жақсы танысы, Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы генерал-
майор М.В.Ладынженскийге әдейі жолығып, немересі Ыбырайды ашылмақ
мектебіне қабылданатын қазақ балаларының кандидаты етіп тіркеп қоюды
сұрап арыз берді. Арыз қанағаттандырылды.
Ыбырай 1850 жылы 22 тамызда Орынбор Шекара комиссиясы жанынан
қазақ балалары үшін ашылған мектепке 30 баланың бірі болып
қабылданды.
Мектеп қабырғасында ол көп нәрсені үйренді – орыс тілін
меңгереді, оның тіршілік – тұрмысқа қажетті ерекшеліктерін, Россия
экономикасының озық екенін түсінеді. Болашақ ұлы педагогтің ой-
дүниесі кеңейіп, байқампаздық қасиеттері дамиды. Орыс зиялыларының
шығармаларынан нәр алады. Ыбырай аса зерек болады жоғары балдар
алып оқиды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы жащды осы мектепті үздік
бағалармен бітіріп шықты, тиісті куәлік және дәрігерге көмекші
де,ген ресми анықтаманы да қоса алады.
1857-1859 жылдары қыпшақ руы ұзын бөлімнің меңгерушісі,
врйскалық старшина, атасы Балғожа Жаңбиршиннің қарамағыеда хат
жүргізуші болып атқарады.1859 жылдың тамыз айының бірінен бастап,
Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш (аудармашы) болып
тағайындалады.
1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Орынбор бекінісінен
қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады. Осы
мектепке Ы.Алтинсарин оқытушы болып тағайындалады.Өз тілек, сұрауы
бойынша жаны сүйген қызметі қолына тиген соң Ыбырай Алтынсарин
1860 жылдың шілде айында біржола елге Торғайға келіп, ағарту
жұмысына кіріседі. Торғай бекінісі комендатурасында тілмаш жұмысын
да қоса атқара жүреді.
1861 жылы қыркүйектің 1-і күні Троицк қаласында қазақ мектебі
ашылып, оған 30 оқушы қабылданады.
Бұл жылдар Ыбырай Алтынсариннің Торғай қаласында мектеп ашуға
әзірлік жұмысын жүргізген кезеңі. Ол өте ауыр жағдайда
болды.Орынбор басшылары мектеп десе, салғыртсып, қырын қарап,
қойылған мәселелерді соза шешіп, уақытты ала берді.
1863 жылдың аяғына таман Ыбырай Алтынсарин жобалаған
мектебінің құрылысын бітіріп, жүйелі оқуды бастауға әзірліктің
аяқталғанынОрынбор әкімшілігіне хабарлайды.
1864 жылы қаңтардың 8-і күні Торғайдағы қазақ мектебі
салтанатты түрде ашылды. Үлкен той болды. Халықтың әдет-ғұрпына сай
атшабыс, тағы басқа да ұлттық ойындар ұйымдастырылды, қазақтар мәз-
мейрам, үлкен қуаныш үстінде, бірден он үш бала жазылды, олардың
көбі елдегі билердің, төре-ожалардың ұрпақтары еді.
1868 жылы қазан айының 21-жұлдызында қазақ даласын басқарудың
Уақытша Ережесі бекітіліп, Орал және Торғай облыстары
ұйымдастырылды.
Торғайдағы қазақ мектебі 1868 жылы бір-төрт жылдық орыс-қазақ
училищесі қайта құрылды.

Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері
Ы.Алтынсарин қажымай-талмай ізденуінің арқасында қараша айының 15-і
күні Торғай қаласынан қолөнер мектебін ашады. Бұл мектеп қазақ
даласындағы техникалық мәні бар тұңғыш оқу орны.Алғашында 10 бала
қабылданады. Мектеп салтанатты түрде ашылады, оның ашылуына арнап,
Ыбырай өзінің ағартушылық идеяларының бірсыпырасын көпшілік алдында
шебер насихаттайды, өнерлі елдердің өнегклі істерін мадақтайды,
оларға қуып жетудің жолдары мен қажеттіліктерін ұсынады. Ыбырай
қолөнер училищесінің қазақ өміріндегі мәні мен маңызын кейінірек
дос-жарандарына жазған хат- хабарларында да бастан-аяқ баяндап, ол
жөніндегі қуанышын бөлісуге шақырады. Қазақтардың, - деп жазды ол, -
тез қадаммаен отырықшылық тұомысқа көшіп жатқанын ескес алып...
қолөнер мектебін ашуды ұсынып едік. Міне, енді біздің бақытымызға
бұл алғашқы тәжірибиеміз сәтті жеміс беріп отыр.
Қоғамдық негізде жиналған қаражатқа орталық мектептер жанынан
кітапханалар ашып, Орынбордан оқулық құралдар, әдеби шығармалар,
ғылыми тақырыптырға арналған еңбектер алдыра бастады. Ыбырай
Алтынсарин беделді қазақтардың халық ағарту ісіне бұдан былай да
көмектесе беретініне әбден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Темперамент мәдениеті
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
Мектептің жаны - мұғалім
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту
Түркістан өлкесі жерінің құрамына
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Пәндер