Көрмелік іс-шаралар маркетингі


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Көрмелік шаралардың маркетингтегі маңызы
  2. Көрмелік жиын классификациясы
  3. Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі
  4. Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру
  5. Көрме кезіндегі туристік фирма персоналдарының жұмысы

Көрмелік іс-шаралар қазіргі заманғы туристік маркетингте ерекше орын алады. Олар туристік кәсіпорындарға кең жағдайларды ұсынады, бір уақытта кең көлемді экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және коммерциялық мәліметтерді ыңғайлы жағдайда алуға және таратуға мүмкіндіктер туғызады. Көрмелік жәрмеңкелер өндіріс дамуының өзінше бір айнасы, яғни мәліметтер биржасы, бағалардың термометрі, коньюктуралық өзгерістерді болжау құралы, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс, экономикалық саяси және әлеуметтік жағынан тиімді. Мәселен, туристік мекеме көптеген мүмкіндіктерге ие, көрмені клиенттің көңілінен шығатындай етіп өткізу, түрлі шоу программалар, лотореялар, викториналардың көмегімен жоғарғы деңгейде ұйымдастыру.

Жәрмеңке және көрме шараларына қатысу, туристік фирманың маркетингтік коммуникациясын қалыптастыру үшін тиімді және берік құрал болып табылады. Бұрыннан өздігінен коммуникациялық іс-әрекетке бағытталған болатын, жәрмеңкелер және көрмелерге қатысу өзінше қиын бірегей іс-әрекеттер мен әдіс-тәсілдер комплексін құрайды. Олар маркетинг коммуникациясының негізгі элементтер комплексін құрайды. Бұларға рекламалар (түсті щит, көрмелер және т. б. ) пропоганда, жеке сатылым (стендистер жұмысы), өткізуге стимулляция жасау (сувенирлер тарату, жеңілдіктер ұсыну т. б. ) сияқты істер жасалады.

Қазіргі таңда «көрме» және «жәрмеңке» терминдері мағынасы жағынан жақын болып келгендіктен, біз бұл сөздерді синонимдес көреміз. Көрменің халықаралық бюросы көрмені - көрсету ретінде, яғни негізгі мақсаты халыққа қажетті құралдарды, заттарды демонстрациялау арқылы жариялау деп түсіндіреді, бұл адамдардың қадағалауымен болады. Халықаралық жәрмеңке одағы жәрмеңкені былай деп түсіндірген: бұл сол елдің салтымен байланысты экономикалық көрме үлгілерін білдіреді, қай мемлекетте орналасқанына байланысты өзінше ірі тауарлардың нарығын құрайды, белгілі бір шектелген уақыт аралығында белгілі бір жерде сатушыларға және тұтынушыларға өз өнімдерін көрсету және халықаралық ұлттық деңгейде келісім шарт жасауға болатын аса ірі тауар ортасы.

Туризм сферасындағы көрме жәрмеңке шараларының негізгі түрлері, мамандануы, сипаттамасы

Шаралардың түрлері және сипаттамсы
Негізгі мақсаты
Негізгі мақсатқа жету жлы
Өткізу уақыты
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Көрме- туристік өнімнің иллюстрациялық көрінісі
Негізгі мақсаты: Халыққа және көтерме саудагерлерге туристік өнімді таныстыру
Негізгі мақсатқа жету жлы: Туризм сферасының болашақ перспективалы жағдайларын анықтау
Өткізу уақыты: Жылына 2-3күнге периодты түрде 1-2 рет өткізіледі
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері: МІТТ( Мәскеу, Ресей)
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Жәрмеңке- нарықтағы туристік өнімдердің үлгісімен өтетін экономикалық көрме
Негізгі мақсаты: Туристік тауарлар мен қызметтер нарығының кең бейнесі; туристік қнімнің көтерме сатылымы
Негізгі мақсатқа жету жлы: Халықаралық және ұлтаралық деңгейдегі коммерциялық келісімдерге қол жеткізу
Өткізу уақыты: Белгілі бір уақытта белгілі бір жерде периодты түрде өтеді
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері: “FITUR”(Испания, Мадрид)
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Салон - туристік өнімдердің көрсетілімі
Негізгі мақсаты: Сатушылар мен өндірушілер арасындағы байланыстар орнатуға негізделген
Негізгі мақсатқа жету жлы: Жарнамалар жүргізіледі, каталогтар шығарылып, келісімдерге қол қойылады.
Өткізу уақыты: Периодты түрде жылына бір рет болады.
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері: “Salon Mondial du Tourisme”(Париж, Франция )
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Биржа - коммерциялық туристік өнімнің көрмелік нарықта реализациясы
Негізгі мақсаты: Туристік ұсыныстардың жарнамалануы, туристік өнім ұсынушылар мен сатушылар арасында келісімге қол жеткізу
Негізгі мақсатқа жету жлы:
Өткізу уақыты: Әдетте келесі жылға жарияланған турлардың белсенді жарнамаларының ашылуы мен жабылуында өтеді
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері: “ London Travel Market”, «ІТВ» (Берлин, Германия)
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Турмагазин - нарықта туристік өнімді сатудағы арнайы маманданған магазин
Негізгі мақсаты: Көтерме және жеке сатушылармен қатар туристік өнімді тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді
Негізгі мақсатқа жету жлы: Өз тауарының өту қарқынымен танысу, турфирмалар мен тур операторлардың келісіміне қол жеткізу
Өткізу уақыты: Үнемі немесе периодты түрде өтеді
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері:
Шаралардың түрлері және сипаттамсы: Конференция - туризм саласындағы тәжірибелермен бөлісу
Негізгі мақсаты: Мәселелі сұрақтарды анықтау мен қатар соларды шешу жолдарын талқылау
Негізгі мақсатқа жету жлы:

Ақпарат және коммуникация конференция;

Ғылыми парктикалық конференциялар болады.

Өткізу уақыты: Периодты жылына 2-4рет өтеді
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері: Халықаралық және коммуникациялық технология туралы конференция ( Инсбурк, Австрия)


Көрмелік жиынды келесі сипаттар бойынша классификациялауға болады.

Классификация белгісі
Көрмелік жиындардың түрлері
Классификация белгісі: Өткізу мақсаты
Көрмелік жиындардың түрлері:

Саудалық

Ақпараттық

Танымдық

Классификация белгісі: Өткізу жиілігі
Көрмелік жиындардың түрлері:

Апталық

Периодтық

Жыл сайынғы

Маусымдық

Классификация белгісі: Экспонаттарды ұсыну сипаты
Көрмелік жиындардың түрлері:

Универсалды

Көп салалы

Салалық

Маманданған

Классификация белгісі: Қатысушылар құрамы
Көрмелік жиындардың түрлері:

Аймақтық

Аймақаралық

Халықаралық

Ұлттық

Әлемде көптеген көрмелік жиындар өтіп тұрады, бірі болмаса екіншісі туристік қызметкермен байланысты болады. Ең маңыздылары Брюссельдегі көрме- 1, 2 млн қатысушы, Миланда және Венада - 0, 5 млн шамасында, Шарлеруада - 400 мың. «Туризм және саяхаттың бүкіләлемдік аптасы» Парижде - 200 мыңдай, Мадридтегі «Фитур» - 250 мыңдай адам. Халықаралық туристік биржасын да ерекше бөліп қарастыру қажет. Туристік жарнамамен қатар қызмет көрсететін өндірушілер мен сатушылар арасындағы келісім шарт жасау мен байланыс орнату белсенді түрде жүргізіледі. Осындай биржалардың арқасында турлардың көптеген белсенді жарнамалары ашылады. Ең үлкен халықаралық биржалар Берлиндегі ITB, Лондондағы London Travel Markt және т. б. саналады. Бірақ мұнымен бітпейді әрине. Атақты маманданған салондарды да қосуға болады. Мысалы: «Боут-Шоу» Лондонда, сулы туризм түрлері Парижде және Дюссельдорфте, жыл сайын атаққа ие болып отырған «саяхат және туризм» көрмесін де қосуға болады, Мәскеудегі MITT.


Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі

Туристік фирма көрмеге қатысуын келесідей өзара байланысты этаптарға бөлуге болады.

  1. Көрме шараларына қатысу жөнінде принципті шешімнің қабылдануы;
  2. Фирманың көрмелік шараларға қатысу мақсатын анықтау;
  3. Фирма қатысатын нақты бір көрмені таңдап алу;
  4. Дайындық, ұйымдастырушылық кезең;
  5. Көрмеге шығу жұмыстарының қалыптасуы;
  6. Көрме жұмысына фирманың қатысуының соңғы қорытындысын анализін жасау.

Көрмелік жиынға қатысуға шешім қабылдауының өзі туристік фирманың белгілі деңгейдегі жетістігін көрсетеді. Бұл ең бірінші көрме тәжірибе көрсету орны болып табылады. Бірақ ол өнімнің ескірген және төменгі сапасы бар фирмаға көмектеспейді. Көрмелік жұмыстарға қатысу, сонымен қатар белгілі ақша салымын салуды қажет етеді. Бірақ оған барлық туристік ұйымның шамасы келе бермейді. Көрмелік іс-әрекет нақты түрде туристік ұйымның маркетинг мақсатына жетуді белгілеу керек:

  • фирманы және оның өнімдерін көрсету
  • өнім нарығын зерттеу, білу
  • жаңа нарықты іздеу
  • тұтынушылар санын көбейту
  • нарыққа жаңа өнімді енгізу
  • жаңа іскер әріптестерді іздеу
  • бәсекелестердің ұсыныстарын оқып, білу, зерттеу
  • фирманың жақсы имиджін қалыптастыру
  • өнімді өткізу және келісім-шарттар жасау

Көзделген мақсатқа жету үшін келесідей параметрлерді анықтау керек:

- Мақсаттың мазмұны - мысалы, қарапайым таныстық немесе келісімшартқа қол жеткізу;

- Мақсаттың көлемі - 25% көбейту

- Мақсат қозғалысының ұзақтығы - мақсатқа жетудегі периодты уақыт.

Нақты көрмені таңдап алудағы ең маңызды аспектілер:

- көрменің өтетін орны мен уақыты;

- көрменің атақ дәрежесі ;

- қатысушылар мен келушілердің сандық, сапалық құрамы;

- іскерлік белсенділіктің деңгейі.

Нақты көрме таңдап алынғаннан кейін дайындық ұйымдастырушылық кезең басталады.

Ұйымдастырушылық сұрақтарына :

- көрмеге қатысатын фирмалардың көлемін таңдап алу;

- қойылатын өнімдерді таңдап алу;

- персоналдарды іріктеу және дайында;

- көрмеге қатысуды қамтамасыз ете алатын делдалды таңдап алу;

- жарнамалық және ақпараттық материалдардың іріктеліп, таңдалып алынуы;

- ұйымның комитетпен келісімге отыруы, оған көрмелік стенд жоспарын беру, сонымен қатар қажет болатын құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру.

Көрме біткеннен кейін міндетті түрде анализ жасалынады. Көрме қорытындысын екіге бөлуге болады.

  1. Ұйымдастырушылық
  2. Коммерциялық

Ұйымдастырушылық қорытындысы жасалған кезде, оған дайындық және көрме кезінде жүргізілген журнал көмектеседі. Онда мына сұрақтарға жауап алынады:

- стендке арналған орын ыңғайлы болды ма?

- стендтің жоспары сәтті болды ма?

- жұмыс кезінде қандай келеңсіз жағдайлар орын алды?

- қандай құралдар мен қызметтердің көмегімен жұмыс істеуге болады?.

Коммерциялық қорытынды объективті көрсеткіштермен көрсетіледі. Олар: келушілердің саны, контактілердің анализі, таратылған ақпараттық - жарнамалық материалдардың саны.

Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Туриндустриядағы көрме-жәрмеңкелік қызметтің ерекшеліктерін зерттеу
Қонақ үй қызметі
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі
Қонақ үй бизнесі
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының орналастыру орындары
Тақырыптық саябақтардың түрлерін жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz