Құтадғу білік



I. Кіріспе
а. Жүсүп Баласағұнның өмірі.
II. Негізгі бөлім
а. “ Құтадғу біліктің” мазмұны ақылға парасатқа
толы жолдары.
ә. “ Құтадғу біліктің” негізгі мазмұны.
III. Қорытынды
а. Жүсүп пен Абайдың пікірлеріндегі
ұқсастықтары.
Орта ғасыр жазба әдебиетінің айқын көрінісі Жетісулық Жүсіп Баласағұнның “ Құтадғу білік” атты кітабы .
1911 жылы Қазан даласында басылып шыққан Құрманғали Халидовтың “Тауарих Хамса” атты кітабында осы “Баласағұн”, “Құтадығу білік” деген сөздерінің мағынасы түсініктер беріледі . Халидовтың айтуынша: “Бала” – көрікті қашалған тас, “сағұн” – қала деген моңғол сөздері . Көрікті тас қала деген ұғым береді –дейді.Жүсіп Баласағұнның толық аты Жүсүф Хас-хожиб.
XI ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір сүрген адам Жүсүп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. Осыдан Жүсүп Баласағұни деп аталған .
Бұл қала сол кезде сауда – саттық орталығы болған Жүсүптің әкесі де өнер иесі, күйші – сзгер екен. О да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғра ханға қызмет еткен.
Ел аңызының айтуынша, ол Боғра ханның аталарының бірі Хұсайын дегенге арнап “Дәрди Хұсайын деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты. Жүсүп осы талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскен . Жасынан зерделігімен көзге түсіп, сарай қожаларының көңілін аударған. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн , Жетісу өлкелерін билеп тұрған Боғрахан Жүсүптен зор үмітті боп оны баулыған.
Жүсүп кезіндегі атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген .Әділет жолын іздеп , алыс ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсүп өз кезінің білімді адамы саналған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасыр жазба әдебиетінің айқын көрінісі Жетісулық Жүсіп Баласағұнның “
Құтадғу білік” атты кітабы .
1911 жылы Қазан даласында басылып шыққан Құрманғали Халидовтың “Тауарих
Хамса” атты кітабында осы “Баласағұн”, “Құтадығу білік” деген сөздерінің
мағынасы түсініктер беріледі . Халидовтың айтуынша: “Бала” – көрікті
қашалған тас, “сағұн” – қала деген моңғол сөздері . Көрікті тас қала деген
ұғым береді –дейді.Жүсіп Баласағұнның толық аты Жүсүф Хас-хожиб.
XI ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, сол ғасырдың 70 жылдарына дейін өмір
сүрген адам Жүсүп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі
қаланың бірі – Баласағұнда туған. Осыдан Жүсүп Баласағұни деп аталған .
Бұл қала сол кезде сауда – саттық орталығы болған Жүсүптің әкесі де өнер
иесі, күйші – сзгер екен. О да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғра ханға
қызмет еткен.
Ел аңызының айтуынша, ол Боғра ханның аталарының бірі Хұсайын дегенге арнап
“Дәрди Хұсайын деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты. Жүсүп осы
талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскен . Жасынан зерделігімен көзге
түсіп, сарай қожаларының көңілін аударған. Шығыс Түркістан, Қашқар,
Баласағұн , Жетісу өлкелерін билеп тұрған Боғрахан Жүсүптен зор үмітті боп
оны баулыған.
Жүсүп кезіндегі атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп,
тез жетілген .Әділет жолын іздеп , алыс ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым
салаларын жете меңгерген. Жүсүп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол
жасынан оқып, түркі тілдерінен жақсы білген . Сол кез әдебитінің, тарихының
, астраномиясының, геометриясының, тағы ғылымдарынан мағұлмат алған.
Білім мен өнер жолын қуған Жүсүптің дүние дәулетпен ісі болмай ,
парасатты өмір сүрген .Жүсүптің бізге тек осы “Құтадұу білік” дастаны ғана
жеткен . Өзге жазғандарынан мәлімет жоқ. Асылы , Жүсүптің өзі жазған
туындылары тек бір осы дастан ғана болмас . Дастан жазғанға дейін Жүсүптің
басқа әдеби туындыларының болуы ғажап емес , керісінше талай тамаша әдеби
шығармалар дүнйеге келсе де бізге жетпей тарихтың қалың қыртысында көміліп,
жойылып кетекн сияқты . Дастанның алдында қара сөзбен және өлеңмен жазылып
түсінік , кіріспе сөзі бар. Бұл кіріспеле жазушы оқушысына біраз
ескертпелер жасайды . Онда Жүсүп өз дастанының мазмұны мен мәнін, қалай
жазылғанын түсіндіреді. Ол түсініктері төмендегідей :
“Құтадғу біліктің” мазмұны ақылға, парасатқа толы, оның әрбір жолы
Қытайдың данышпан ақындарының өлеңдерімен , үндінің нақылдарымен
безендірілген . Бұл кітаптың дана жолдарын оқыған адамдар ақыл-ойға
кенеледі, жетіле түседі. Қытай мен Үндінің ғұламалары осы күнге дейін
Шығыста, Түркістан жерінде , бограханидтер тілінде бұл сияқты кітапты еш
адам шығарып көрмегенін әбден біледі . Әр елдің данышпандары біздің
кітабымызды өздерінше атап жүр. Қытай ойшылдары “Мемлекет иелерінің даналық
ережелері” деп атаса, Үнді кемеңгерлері оны “Жайық басшылық кітабы”, шығыс
патшалары “Хүкмет әшекейі”, парсылар “Патшаларға кеңесші кітап” деп атап
кеткен. Ал түріктер жерінде бұл кітапты “Құтадғу білік” –дейді.
Кітапт жазған - білімді парасатты Баласағұнда туған ер. Бұл кітапты
ол Қашғарда аяқтап, хандар ханы Бограханға тарту етті Ол үшін жас тақсырдың
сыйлығы мен дәрежесіне ие болды. “Хас-Хажиб” деген құрметті атақ
алды.Осыдын кейін ғана бұрынғы қарапайым жазушы Жүсүп-Хас-Хажиб
атанды.”Кітапқа негіз болған төрт асыл қассиеттер:біріншісі ғаділеттік,
екіншісі-бақыт, үшіншісі-ақыл, төртінші-молшылық. Бұлардың әр қайсысын ер
деп атадым.Ғаділетікті-Күн толды-элик басшы еттім.Бақыты мен Айтолды деп
атап, уәзір дәрежесінде таныттым.Ақылды-Огдулмыш деп атап, уәзірдің баласы,
Молшылықты Огдулмыш деп атап, оныс уәзірдің інісі тұттым.Осы төрт ер өзара
әңгімелесті, біріне біреу сұрау қойып, жауап береді. Осы төрт ерді бір
тұлға ретінде қабылдаған зерек оқушыларымның жаны жадырасын, жүрегіне жылу
берсін олар өзінің мүсәпір шығарушысын есіне алады.”
Жазушының жоғарыда келтірген ескертпе сөздерінің сыры айқын.
Шығармасының жазылу жайын, ондағы мақсат, мағынаны образды түрде айтып
берген.Автор өзі туралы азды-көпті мәләмет қалдырған.Шығарма
кейіпкерлерінің автор қиялының алынғандығын байқауға болады және олардың
атқаратын міндеттері бейнелі тілмен шебер сипатталады.
Баласағұндық Жүсүптің негізгі піеірі - әділеттік пен ақыл, ақылды қарапайым
адам басқарғаны жәйлі, берекелі елді аңсау. Бұл әрине, әрине халықтың
ертеден бергі ізгі армандарына ұштасады және Әл - Фарабидың “Жақсы қала
тұрғындарының көзқарасы туралы трактатымен” үндес пікірлер мол ұшырайды.Әл
– Фараби сияқты Жүсүп Баласағұн да қатал қара күшке қарсы ақыл мен
парасаттықты қойған . Әділет пен ақыл билеген бақытты өмір, молшылыққа
кенелген тұрмысты аңсаған .
Жүсүпті “ Құтатғу білік” дастаны кезіндегі ел билеуші хан Қаһандарға
әділет пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылмен іс қыла
білудің заң ережесі ретінде ұсынылады. Жазушы дастанның әр тұсында да жалпы
ел, бүкіл халық мүдделерін жоғары қоя білген . Әрбір қоғамдық топтардың ел,
мемлекет өмірінен алатын орындарын айту арқылы қандай басшы, әмір болмасын
ол тек қана ел жұртымен ардақты, соларға жасаған жақсылықтарымен беделді
деген ұғымға саяды. Сондықтан қаған үшін тек үстем топ емес, барлық кәсіп
иелері, өндіргіш күш саласындағы еңбек адамдары , өнерпаздар қажет. Олар да
басшы адамның назарына мұқтаж.
“Илақа сән-әк сән түзу йарықа – Илаһа –Түзу иелерімді жарылқа, Разы
қыл қамұқ барча Момынларқа – Разы қыл барлық қамыққан момындарды” деп,
барша езілген халықты , түгел ел – жұртты жарылқарлық күш іздейді ақын.
Дастаның жоғарыда келтірілген кіріспе түсінік сөздерін автордың өзі жазды
ма әлде кейінгі көшірулердің ескертпесі ме? Бұл мәселе зерттеушілер
тарапынан әлі тиянақталған жоқ. Сүйте тұрса да, кіріспе мақсаты айқын . Ол
дастанға түсінік беріп, шығарма мазмұнының тура түсінігін нұсқайды.
“Құтадғу білік” ғылым әлеміне XIX ғасырдың бас шағында ғана мәлім
болды . Оның алғаш Австрияның Стамбулдағы елшісі болып жүрген Иозеф Хаммер
– Пургшталл (1774-1856) деген адам жергілікті Әбдіразақ Шайхзада деген
түріктен ұйғыр алфавитінде жазылған дастан қолжазбасын сатып алып, Вена
Сарай кітпханасының тапсырады . Кейін 1820 жылы ол араб, парсы түркі
коталогтарын жариялап, соның ішінде өзі тапсырған бастанның қолжазбасы
туралы мәлімет береді.Сөз болып отырған қолжазба “Құтадғу білік” Гераттық
нұсқасы . Қасан қара Сейіл Шамс дегеннің 1439 жылғы көшірмесі еді. Бұдан
кейін француз ғалымы Р. Жобер осы қолжазбасымен танысып, ол туралы “Азия
тану журналында” 1825 жылы мақала жазады. Дастанның кейбір тарауларын
француз тіліне аудара отырып, мазмұнының мәліметтер береді. Жовердің
жариялаған дастан тарауларының үзіндісін И.Н. Березин “Түрік Хрестоматиясы”
(1857) еңбегінде қайта бастырады. Бұдан кейін Россия ғалымдарының “Құтадғу
білікті” зерттеумен шұғыл айналысқаны байқалады. Қазан университетінің
профессоры Н. Ильминский дастанды танытуға күш салады . Өзі құрастырған
“Түрк - татар тілінің” (1861) оқу құралын да сөз етеді, үзінділер
жариялайды. “Құтадғу білік” дастанның арнайы зерттеу ісімен шұғылданушы XIX
ғасыр түркологтары Герман Вамоери мен В.В Радловтар болатын. Ол неміс
тілінде түркі дастаны туралы мәліметтер беріп, толыққа жақын аударып шықты
.Латын транскрипциясы бойынша дастанның көптеген тарауларын жариялады.
Вамбери – “Құтадғу біліктің” Веналық нұсқасын танытуға алғаш еңбек еткен
даңқты түрколог . Оның түсініктері, талдаулары ғылыми болжаулары кейіннен
зерттеген В. Радлов 1884 жылдан бастап “Құтадғу білікті” зерттеу жұмысымен
шұғыл айналысты. Әуелі Вабери ізімен Веналық нұсқаны зерттеп, оның толық
тексін қалпына келтіріп, 1891 жылы факсимилесін жариялайды . Кейін дастанды
неміс тіліне аударып, 1897 жылы бастырды . Осы тұста “Құтадғу біліктің”
араб жазуындағы бұрын белгісіз жаңа көшірме нұсқасының Каирда табылғаны
туралы хабар естілді . В. Радлов бұл жаңалыққа елең етпей қалмайды Ол
нұсқамен де дереу танысып, оны бұрынғысымен салыстыра ұзақ та байсалды
зерттейді. Нәтижесінде ол 1910 жылы дастанның толық түрін зерттеп
жариялайды. Ак Радловтыңжарилауы, түсінік сөздері, ғылыми зерттеулері
“Құтадғу білікті” дүние жүзіне кеңінен танытты. Жер жүзі ғалымдары Радлов
еңбегін жоғары бағалады. “Құтадғу біліктің” үшінші көшірме нұсқасын 1914
жылы Наманганнан табылды . Оны сақтаушы Мұқаммедқожа деген адам екен.
Профессор А. Фитрат өзінің “Өзбек әдебиетінің қадым үлгілері” (1928) деген
кітабында дастанның жаңа түрінен кейбір тарауларын жариялайды . Сөз боп
отырған “Құтадғу біліктің” намангандық нұсқасы араб алфавитінде түркі
тілдерге жақын жазылған. 1971 – 1972 жылдары өзбек тіліне аударылып, толық
жарық көрген дастанның тұңғыш советтік толық басылымына негіз болған да осы
нұсқасы 1971-1972 жылдары Ташкентте шыққан “ Құтадғу білік” дастанның
акадамиялық басылымы К . Каримовтың аудармасы бойынша С. Мұраталлибов пен
Ш. Шккуровтар рндакциясымен жарық көрді Бұл түркологияның табыстарынан
саналып отырған дастанның бұл-басылымы сөз жоқ үлкен ғылыми табыс. Өзбек
Ғылым академиясы қызметкерлеріне абырой әперген ізгі еңбек Кейін қазақ,
ұйғыр тілдеріне аударылуына жол ашты “ Құтадғу білікпен” Москва
әдебиетшілері де үздіксіз шұғылданып жүр. С. Е. Малов, А. А. Валитова, Е.
Э. Бертельс, И. В. Стеблевалар өнімді зерттеулер жазып келеді. Кейінгі
кезде “ Құтадғу біліктің” поэтикалык аударма тексін жариялау да қолға
алынды . Мысалы, 1971 жылвы Москва баспасы “Құтадғу біліктің” орыс
тіліндегі поэтикалық тексін Н. Гребневтің аудармасы бойынша бөлек кітап
етіп жариялады ( Бұл екінші рет басылуы)
Бір ескерте кететін жай, аудармашы Н. Гребнев өзінің кіріспе сөзінде
дастанға жоғары баға берген .Ол “ Құтадғу білікті” даңқты “ Игорь полкі
туралы жырмен” қатар қояды . Маңызы мен көркемдігі жағынан бұл екі
ескерткіш совет халықтарының мақтанышы боларлық көне дәуір мәдениетінің
тамаша көріністері екенін атап көрсетті.
Е. Э. Бертельс өз еңбектерінде Жүсүп дастанның ерекшеліктері туралы
сөз қозғап, оның жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті негізінде жазылған
шығарма екенін атап өтеді , онда ескі түркі эпосының әсері де айқын деп
таниды . Ол: “ Баласағұн өз поэмасы көшпенділер талабына сай жазған ...
Поэманы түгелдей қарахандықтар тілегін көрсететін шығарма деуге болмайды.
Дастанда дәстүрге көп орын берілген . Автордың өзі үстемдер билігін қолдаса
да , адамгершілік идеясын жоғары көтеріп , әділеттілікті , ұстамдылықты әр
уақыт ханнан талап етеді”, дейді. Бірақ Бартольд та, Бертельс те “Құтадғу
біліктің” негізгі мазмұнының терең тексермей , оны не Иран әдебиетінің
үлгісі деп танып , не бір ғана көшпелі елдің тұрмысымен байланыстырмақшы
болған. Дұрысында “Құтадғу білікте”
Қала тұрмысы мен бақташылық тұрмыс қатар айналып отырады. Тіпті қала
тұрмысы мен мемлекеттік идея басымырақ деуге болады. Мұнда көбірек
ұшырайтын адамдар-қалада тұратын әкімдер, саудагерлер, шеберлер,
оқымыстылар, олармен бірге мал өсіретін бақташылар, егіншілер. Сондықтан
бұл шығарманы егіншілік –отырықшылық пен мал өсірушілік тұрмысын бірдей
қамтыған шығарма деу орынды.
Ескерткіштің тілі туралы да Бертельс өз пікірін айтқан: “Құтадғу
білікті” зерттеушілер оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр.
Дұрысы, оның тілі түркі тілдерінің шығыс тобын жатады , яғни қазргі өзбек ,
қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түрікмен мен азербайжан
тілдерінен жақын емес” ,- дейді зеттеуші.
“Құтадғу білік” поэмасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құтадғу білік атты кітабы
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»
Ұйғыр жазуы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Жүсіп Баласағұни туралы мәліметтер
Баласағұнның Құтадғу білік атты кітабы
Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Құтадғу біліг (Құтты білік)
Пәндер