Рахат Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану.

2. 1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдауы

Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды [4] . Москва және Харьковте ескіден сақталған кондитер кәсіпорындарының Алматыға көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының саналуан сұраныстарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.

,, Рахат” АҚ бұрынғы кондитер кәсіпорыны ретінде Алматыда құрылған. Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік жариялауымен бірге 1991 жылы егемендік алып, нарықтық экономикаға көшіп, көптеген салаларға өзгеріс жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік түрін өзгермеуімен айналысып, соңғы негізінде еңбек коллективімен кәсіпорын жекешелендіру жүргізіліп акционерлік қоғам құрылды. [5]

Ал 1994-1995 жылдары кәсіпорын жаңа және жаңартылған құралдар мен техникалық қайта жабдықтау жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс көлемі 5, 3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы мемлекет экономикалық реттейтін заңдылық жүйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін тигізді. Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистік шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2, 5 есе өсті және бұл қарқын қазіргі уақатта да байқалуда. Кәсіпорынның қызметінің негізі - кондитерлік өнімдер өндіру және оларды сату болып табылады.

Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден аса мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. “Рахат”АҚ кондитерлік тағамдардың шамамен барлық түрлерін шағарады. Қазіргі уақытта “Рахат” АҚ-мы-170-тен астам тауар түрін өндіреді.

Сонымен қатар дәстүрлі тағам- тәттілер шағарады: Шоколад, Карамель, Печенье, Вафли, Мармелад, Зефир, Ирис, Драже және сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне қажетті әртүрлі жартылай фабрикаттар ұсынады. т. б. Қазіргі кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс істейді мысалы: бисквит, карамель, ирис, шоколад кәмпиттері, зефир, драже цехтары. Өзінің өнімінің тең жартысын Алматы қаласы мен Алматы облыстарына өткізумен айналысады.

Бұдан басқа, фабрика мамандары шырындары, подварка, майлы глазурьді шебер дайындаудың сырына әбден жетік.

Кесте 2. “Рахат” АҚ бойынша 2005-2006 жылдар арасындағы технико-экономикалық көрсеткіштер [6]

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
өлшем бірлігі: өлшем бірлігі
2005: 2005
2006: 2006
:
%: %
№: 1
Көрсеткіштер: 2
өлшем бірлігі: 3
2005: 4
2006: 5
: 6
%: 7
№: 1
Көрсеткіштер:

өткізілген өнімнен

түскен пайда

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 1325668
2006: 1599272
: 273604
%: 20, 639
№: 2
Көрсеткіштер:

өткізілген өнімнің

өзіндік құны

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 1215814
2006: 1422713
: 206899
%: 17, 0173
№: 3
Көрсеткіштер: жалпы табыс
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 109854
2006: 176559
: 66705
%: 60, 7215
№: 4
Көрсеткіштер: кезендік шығындар
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 68875
2006: 123958
: 55083
%: 79, 9753
№: 5
Көрсеткіштер:

негізгі қызметтен

түскен табыс

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 40979
2006: 52601
: 11622
%: 28, 3609
№: 6
Көрсеткіштер:

негізгі емес қызметтен

түскен табыс

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 1015
2006: 14019
: 13004
%: 1281, 18
№: 7
Көрсеткіштер: салық салғанға дейінгі табыс
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 41994
2006: 66620
: 24626
%: 58, 6417
№: 8
Көрсеткіштер: корпоративті салық
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 19878
2006: 27160
: 7282
%: 36, 6335
№: 9
Көрсеткіштер:

салық салғаннан кейінгі

табыс

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 22116
2006: 39460
: 17344
%: 78, 4229
№: 10
Көрсеткіштер: ТЖ табыс немесе шығын
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: _
2006:
:
%:
№: 11
Көрсеткіштер: таза табыс
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 22116
2006: 39460
: 17344
%: 78, 4229
№: 12
Көрсеткіштер: жұмысшылар саны
өлшем бірлігі: адам
2005: 1500
2006: 2000
: 500
%: 33,
№: 13
Көрсеткіштер: еңбекақы қоры
өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 22203
2006: 302304000
: 80274000
%: 36, 1546
№: 14
Көрсеткіштер: еңбек өнімділігі
өлшем бірлігі:
2005: 883, 77867
2006: 799, 636
: -84, 1427
%: -9, 5208
№: 15
Көрсеткіштер:

бір жұмысшының

еңбекақысы

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 12335
2006: 12596
: 261
%: 2, 11593
№: 16
Көрсеткіштер: сату рентабельділігі
өлшем бірлігі:
2005: 0, 0181903
2006: 0, 0277357
: 0, 009545
%: 52, 4756
№: 17
Көрсеткіштер: өнім рентабельділігі
өлшем бірлігі:
2005: 0, 0166829
2006: 0, 0246737
: 0, 007991
%: 47, 8982

Осы кестеден біз мынандай қорытындыға келе аламыз:

Осы есптеулерден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс 273604 мың теңгеге немесе 20, 36 %-ға өскенін байқаймыз. Бұндай табыс өсуі өткізілген өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 206899 мың теңге немеес 17 пайызды құрап отыр. Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 66705 мың теңге немесе 60, 72 пайызды құрап отыр. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен пайда темптерін төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырады. Сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен коллективтің бірігіп жұмыс істеуінің жемісі. Ал егер осындай қарқынмен кәсіпорын өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болса, онда оған өнім көлемін көбейту үшін қосымша еңбек күші қажет болады. Сол себептен кәсіпорын жұмысшылар санының 500 адамға немесе 20 пайызға өсіруге шешім қабылдайды. Бірақ бұл жерде еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 9, 5208 пайызға кемиді. Кәсіпорынның табысы өскен сайын компания басшылары өз жұмысшыларын ынталандыру мақсатында жалақыны өсіруді жөн санап отыр және жалақының өсімі 261 теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 2. 1 пайызды құрағандығын байқаймыз және осы фактор негізінде еңбекақы қорының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 80274000 мың теңге немесе 36. 15 пайызға өскендігін көреміз. Сонымен қатар маркетингтің бөлімнің оң жұмысының нәтижесінде компания 2006 жылы 2005 жылға қарағанда көбірек өнім өткізген болатын, ал бұл өз кезегінде компанияның елеулі жетістіктерге жеткендігінің бірден-бір көрстекіші. 24626 мың теңгеге өскен салық салғанға дейінгі табыс, өз кезегінде копоративті салықтың 7282 мың теңгеге өскендігін көрсетеді. Егер корпоративті салық өскен болса, онда ол салық салғаннан кейінгі табыстың ұлғайғандығы көрсетеді. Ол 2006 жылы кестеден көріп отырғанымыздай ол 17344 маың теңге немесе 78. 42 пайызды құрап отыр.

Компанияның таза табысы өткен жылға қарағанда 17344 мың теңгеге өскендігіне немесе 78. 42 пайызды құрап және осыған байланысты, өткізілген өнімнің түскен пайдасының ұлғаюына байланысты кәсіпорынның өнім рентабельділігі де өсіп отыр. Ол 2002 жылға қарағанда 0, 007 немесе 47, 89 пайызды құраса; Өткізілген өнімнің өзіндік құнының 206899 мың теңгеге өскендігіне және таза пайданың ұлғайғандығына байлансты стау рентабельділігі 0, 009 немесе 52, 47 пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштерді қарастыра келіп, қорытындылайтын болсақ, онда біз, , Рахат” Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы тұрақты деп айтуға болады.

,, Рахат” АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері қарастырып кеткеннен кейін бұл жерже осы кәсіпорынның негізі қорларының да көрсеткіштерін қарстырып кеткенді жөн санап отырмын. Төменде, , Рахат” АҚ-ның негігі қорларының көрсеткіштері келтіріледі.

Кесте 3. Негізгі қорлардың көрсеткіштері [6]

№№: №№
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
өлшем бірлігі: өлшем бірлігі
2005: 2005
2006: 2006
:
%: %
№№:

1

1

Көрсеткіштер:

негізгі қорлардың жылдық

орташа бағасы

өлшем бірлігі: мың теңге
2005: 538058
2006: 558091
: 20033
%: 3, 723
№№: 3
Көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы
өлшем бірлігі:
2005: 2, 4638013
2006: 2, 8656115
: 0, 40181
%: 16, 309
№№: 1
Көрсеткіштер: қор сыйымдылығы
өлшем бірлігі:
2005: 0, 4058769
2006: 0, 3489657
: -0, 05691
%: 14, 002

Қор қайтарылымының 2006 жылы 0, 4 немесе 16, 30 пайызға өсуі өткізілген өнімнен түскен пайда және негізгі қорлардың орташа жылдық бағасының өткен жылмен салыстырғанда, яғни 20033 мың теңге немесе 3, 72 пайызға өскендігімен тікелей байланысты. Қор сыйымдылығы қор қайтарылымына кері көрсеткіш екенін ескеруіміз қажет сол себептен ол әрдайым кеміп отырады. Қор сыйымдылығы мен қор қайтарылымының арасындағы айырма 0, 569 -ды немесе 14 пайызды құрап отыр.

Жалпы бүгінгі таңда “Рахат” АҚ Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді.

2. 2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау.

Отандық кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингті енгізу ерекшеліктері 1990-шы жылдар басында пайда болды, бүгінгі күні ол сыртқы орта фактормен байланысты. Олардың әсері маркетинг іс-әрекетін бірталай қиындатып, осы жүйенің нақты проблемаларына әкеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі шаруашылық жағдайын, біздің ойымызша, дамыған елдерге тән нарықтық экономика моделіне қарай өтпелі экономикалық кезең ретінде сипаттауға болады. Экономикалық реформалар басталғаннан бері өткен жылдар нарықтық әрекет етуінің негізгі алғы шарттарының қалыптасуы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру процестері, ескі шаруашылық байланыстардың үзілуі және жаңа нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық субьектілер жаңа экономикалық қатынастары пайда болады. Маркетингтің даму деңгейі осы қатынастар, жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Отандық ірі тамақ кәсіпорындарында маркетинг қызметін ұйымдастырудың функционалды түрі көп тараған.

Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжрибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жұмысының екі негізгі кезеңі - өндіру мен өнімді өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс-әрекетін пайдалану қажеттілігі тудырады.

Мәселен жоғарыда қарастырылып кеткен “Рахат” АҚ-ның маркетингтік технологияларына шолу жасайық.

Кәсіпорын өз өндірісін ары қарай жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің функциялы қызметінің бөлім құрылымын құруды ойластырып 1997 жылы наурыз айында кәсіпорынның маркетинг бөлімі құрылды.

Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар мен функционалды ұйымдастыруларына байланысты болды. Яғни, кәсіпорын маркетинг қызметін функционалды сипатымен ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол қызметті функционалды мақсатты жеке тұлғасы, немесе тұлғалар тобы белгілі жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері және рынок саны ең алдымен фабриканың өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру түрінде тауарлар рыноктары бірқалыпты болады.

4-ші кестеде көрсетілгендей маркетинг бөлімшелері олардың атқаратын қызметтеріне сай құрылған. Бірақ бұл құрылымда өндіретін өнімдер ассортименті көбейген сайын өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы өзгерістерге икемделу және оған жауап беру уақыты азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі ағымдағы тиісімділікке бағытталған және оның стратегиясына икемділігі жоғары жаңалықтарды енгізу мен қатар жаңа технологияларды пайдаланып, тұтынушылардың жеке топтың қажеттері мен талғамдарын қалыптастырып отыр. Маман мен бөлім басшысы қызметіне нарықты кешенді жүйелі түрде зертеу, фабрика ассортиментін талдау және жетілдіру, технологтармен бірге жаңа тауарларды құру, сұранымды қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру бойынша шараларды орындау кіреді.

“Рахат” маркетинг құрылымы бес бөлімнен тұрады.

Сурет 1. “Рахат” Акционерлік Қөғамының маркетинг бөлімінің құрылымы [4]

  • Маркетингті зерттеу бөлімі- мұнда ең бастысы ол әлуетті тұтынушыларды анықталуы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе рынокқа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.
  • Баға бөлімінде- тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түрткі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды т. б.
  • Өткізу бөлімінде-өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттеріне байланыстты, өткізу кезінде тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін қанша өткізу каналдарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда т. б.
  • Жарнама бөлімінде- өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында, жарнама тарату құралдарын пайдалану. Оған көп көңіл бөлуде. Өнімдер туралы тұтынушыларға ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.
  • Маркетингті бақылау бөлімінде- бұл әдіс арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұлбақылау үшін үш жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылауларды жүргізеді.

“Рахат” АҚ-ның өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары оның рынокқа ұсынған тауарына, рынок жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушылардың қанағатын қанағатандыру мен бірге тауар ассортиментін қалыптасады.

Тауар ассортименті - кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді, мысалы (ирис, шоколад, вафли және т. б. ) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

Соңғы жылы“Рахат” шығаратын өнімді көркемдеу жағынан ынталана жұмыс істеуде. Кондитер тағамдарының барлығы тәжірибе жүзінде ауыстырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі
Компанияларда маркетингтік жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүйесін ұйымдастыру
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Кәсіпорындағы маркетинг
Маркетингпен басқару концепциясы
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингітің рөлі
Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортименті
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz