Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе.

І-тарау. “Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері”.

І1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері.

І2. Сабақтан тыс жұмыстар негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мүмкіндіктері.

ІІ-тарау. “Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың әдістемесі”.

ІІ1. Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері.

ІІ2. Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Қосымша.

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі . Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинап болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы, азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.

Заманымыздағы үздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты -жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. ˝Нағыз білім - өз бетінше оқып алған білім ˝ деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес, оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету болып саналатынын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әрқашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста физиканы оқыту процесінде де мүмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру - басшылық ролі әбден қажет.

Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттыруды естен шығармаған жөн.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру.

Осығын сәйкес "Қазақстан Республикасы мектеп физикасынан білім беру тұжырымдамасының" 4-бөлімінде: физиканы оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жүйесі оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек деген. Осы тұста ойлау қабілеттіктерін дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жүргізу арқылы білім беру керек болып табылады. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттіктері дамып, яғни дүниетаным қалыптасады.

Оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттіктерін қалыптастыратын ғылым саласы- физика пәні болып табылады. Физика ғылымы арқылы оқушылар табиғатта болып жатқан құбылыстарды, заңдылықтарды, процестерді бақылайды, зерттейді. Бұл құбылыстарды олар тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта бақылауға болады. Әрине мұндай сыныптан тыс жұмыстар мұғалімінің басшылығымен ғана жүргізіледі.

Сабақтан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулыйды, физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді, айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-маңызын ұғады, физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді; физика сабақтарының көрнекілігін күшейтіп молайтады. Қазіргі таңда мұндай жұмыстар көп мектептерде жүргізілмеуі салдарынан, олар физика жайлы көптеген мәселелерді түсінбей, көбісі пәнді оқымайды. Соның салдарынан жоғары оқу орындарына талапкерлер аз болады. Осындай қайшылықтарды шешудің тиімді жолы - сабақтан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру проблемалары педагогикалық процестің әр қырынан зерттелуде. Мәселен, қазақ ғалымдары: Р. Қоянбаевтың, Е. Сағындықовтың А. Қалиевтің, А. Тұзылханның, М. Оразаевтың, М. Смаиловтың және т. б. еңбектерінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, , А. Табылдиевтың еңбектерінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда өз бетінше жұмыс істеудің тиімділігі, ТМД ғалымдары Ч. Дарвиннің, А. С. Макаренконың еңбектерінде оқушының жеке басын дамытудың жалпы мәселелері, С. Қалиевтың, С. Өтелбаеваның, А. Тайжанованың еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету жолдары, Р. Керімбаеваның еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру туралы, О. Мұсабековтың, А. Құраловтың еңбектерінде ұлттық дүниетанымды қалыптастыру, Н. Албытованың еңбектерінде сабақ барысында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелері зерттеледі.

Дүниетаным ұғымы, мәні, формалары, түрі т. б. ұғымдары психологиялық тұрғыда да бірқатар ғалымдар: А. В. Петровскийдің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, Алдамұратовтың, М. М. Мұқановтың, ал дүниеге көзқарас, дүниеге философиялық көзқарас, дүниеге физикалық көзқарас ұғымдары философ ғалымдардың: Ә. Х. Тұрғынбаевтың, Р. Н. Нұрғалиевтың, Д. Кішібековтің, Қ. Әбішевтің, Ұ. Сыдықовтың еңбектерінде қарастырылады.

Орта мектеп физиканы оқыту әдістемесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша ғалым педагогтар: А. Иманғалиеваның, Г. Г. Шәмшиеваның, А. Әзімбаевтың, М. Құдайқұловтың, Қ. Жаңабергеновтың, ресей ғалымдары В. П. Ореховтың, А. Усованың, В. Буровтың, И. И. Соколовтың еңбектерінде, орта мектепте әр түрлі бағыттағы кештерді ұйымдастыру мәселелері бойынша ресей педагогтары Р. Малафеевтың, И. Юфанованың, К. Мартынованың, қазақ педагогтары Ж. Тәй тенованың, Д. Жәңгірбаеваның, К. Иманғалиеваның, К. Әбдімәжитұлының, Ж. Жолашеваның, М. Мәуленовтің, А. Ислямованың, А. Медешованың, М. Кенжекованың, С. Әбдірованың, П. Кәрібаеваның еңбектерінде, факультатив сабақтарды өткізу әдістемесі ресей педагогтары О. Кабардиннің, А. Перышкиннің, О. Чемакиннің, М. С. Державинаның, В. Г. Разумовскийдің, А. И. Бугаевтың еңбектерінде, қазақ педагогтары тарапынан: К. Аймановтың, К. Әбдіғаппаровтың, шет тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі А. Сүгірбекованың еңбегінде, баланың дүниетанымын кеңейтуде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері мәселесі бойынша Р. Керімбаеваның еңбегінде, семинар сабақтарының ерекшеліктері мәселері Ә. Оңғарбайдың, Ю. Камаловтың еңбектерінде, орта мектеп оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстары мәселелері ресей педагогтары А. Чеботареваның, В. А. Буровтың еңбектерінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Білім беру заңына сәйкес мектептен тыс оқыту жүйесі В. Загайнованың, Н. Аршабекованың еңбектерінде қарастырылады.

Атап көрсетілгендей жоғарыдағы зерттеулер бүгінгі жағдайдағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жеткілікті дәрежеде қарастырылып әдістемелік тұрғыдан кеңінен жарияланып насихатталмай жүргендігін көрсетеді. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын "Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру" деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу обьектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты : физика пәнінен сабақтан тыс ұйымдастыратын жұмыстардың барысында оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориясы мен әдістемесін негіздеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

  1. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысу, теориялық талдау барысында дүниетаным ұғымы мәнін ашу, анықтама беру.
  2. Физика пәні бойынша сабақтан тыс жүргізілеттін жұмыстарға нақты материалдар іріктеу, дүниетанымды қалыптастырудың өлшемі, көрсеткіштерін анықтау.
  3. Орта мектепте физиканы сабақтан тыс оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың әдістемелік жүйелерін құрастыру.

Зерттеу базасы . Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласының Қ. Сыпатаев атындағы 7 санды техникалық лицей мектебі, Түлкібас ауданы Ұрбұлақ орта мектептерінде өткізілді.

Зерттеу әдістері . Философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, анкета, тест, сұрақ жауап, әңгімелесу, эксперимент, математикалық - статистикалық өңдеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері . Зерттеу жұмысы Қазақстан Рес публикасының Білім беру, табиғатты қорғау заңдарына, жалпы орта білім беру мектептің даму тұжырымдамасына, ел басшысының халыққа "Қазақстан -2030" бағдарламасына, Қазақстан Республикасының мектеп физикасынан білім беру тұжырымдамасына, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына сүйенеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы :

Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І-тарау. “ Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері”.

І 1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері.

Қай кезде де тәрбие мақсатын жүзеге асыратын орта және жоғарғы мектеп болып табылады. Оларда жастардың басым көпшілігі оқып өмірге жолдама алады.

“Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында” - “Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау” деп атап көрсетеді.

Осыған сәйкес, адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырып дүние танымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты болып табылады.

Мектептік физикалық білім берудің нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы азаматтық мәдениеттің дамуындағы рөлі жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, яғни оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Дүниетанымды қалыптастыру мәселесі қоғамның қай кезеңінде болмасын ең өзекті проблемалардың бірі болып келеді.

Бүгінгі таңда оқушылар дүниетанымын қалыптастыру проблемалары педагогикалық, психологиялық, философиялық және т. б. процестердің әр қырынан зерттелуде.

Мәселен, “дүниетаным” ұғымын философиялық тұрғыдан ғалым педагогтар: Ә. Тұрғынбаев, Р. Нұрғалиев, Д. Кішібеков, Қ. Әбішев, Ұ. Сыдықовтар зерттеген. Педагогикалық тұрғыдан ТМД ғалым педагогтары: Ч. Дарвин, А. Макаренко, К. Ушинский, А. Прохоров, қазақ педагогтары Р. Қоянбаев, А. Қалиев, А. Тұзылхан, М. Оразаев, М. Смаилов, Е. Сағындықов, А. Табылдиев, С. Қалиев, С. Өтелбева, А. Тайжанова, Р. Керімбаева, О. Мұсабеков, ұлттық дүниетанымды қалыптастыру туралы А. Құралов, Ә. Сұлтанғалиева, Б. Есімбековалар зерттесе, психологиялық тұрғыдан А. Петровский, Қ. Жарықбаев, Т. Тәжібаев, Ә. Алдамұратов, М. Мұқановтың еңбектерінде зерттеліп келеді.

“Дүниетаным” ұғымына әр саладағы ғалымдар әртүрлі анықтамалар беріп отыр. Соның ішінде философтар дүниетаным және дүниеге көзқарас ұғымдарына анықтама беріп отыр.

Қазақ философы Д. Кішібеков: “Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас деп - айнала қоршаған орта, бүкіл, әлем, дүние туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”, -деп анықтама берсе, Р. Нұрғалиев “дүниеге көзқарас - жеке адамның әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдер жүйесі”, -дейді, ал Ә. Тұрғынбаев “Дүниеге көзқарас деп - дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы” деп анықтама береді.

Сонымен қоса философтар дүниенің болмысы, дүниенің физикалық көрінісі, дүниенің философиялық көрінісі деген ұғымдарды да зерттеген.

Ұ. Сыдықов “Дүниенің болмысы деп - әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процесстердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі”, - десе, Р. Нұрғалиев “Дүниенің физикалық көрінісі дегеніміз - бұл термин табиғат туралы (үстірт қарағанда органикалық емес дүние туралы) ұғым, дүниенің физикалық көрінісі болып Декарт физикасы мен Ньютон жүйесі болып табылады”, -дейді, ал Ә. Тұрғынбаев “Дүниенің философиялық көрінісі деп - адамның дүние туралы ой-пікірлерінің бәрі, сайып келгенде, оның негізгі философиялық мәселені қалай шешетініне байланысты болатын дүниенің мәңгілігі” деп анықтама береді.

Жоғарыдағы айтылған философтардың анықтамаларына талдау жасай отырып, философиялық тұрғыдан дүниетаным деп - бүкіл айналаны қоршаған ортадағы дүние туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығын айтамыз.

Ал психологтар Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов және т. б. адам дүниетанымындағы маңызды рольді ойлау алады деп көрсетеді.

Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі”, -деп анықтама береді. .

Дүниетану деп - тікелей сезімдік процестер-түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбитін процесс”, -дейді.

Сонымен психологиялық тұрғыдан алғанда дүниетаным дегеніміз - сезімдік процестерден басталып, ойлануға өрбитін процесс, яғни тікелей таным процесі арқылы танып білуге болатын процесс.

Ал, педагогтардың зерттеулеріне жүгінсек ресей педагогы А. Прохоровтың “Үлкен советтік энциклопедия” сөздігінде дүниетаным ұғымына мынадай анықтама береді:

“Дүниетаным дегеніміз - обьективті дүние мен адамның алатын орнындағы, адамды қоршаған шындыққа, өз-өзіне деген, осы көзқарастарға байланысты адамдардың өмір сүруіндегі позициялары мен дәлелдеулер, көзқарастар, идеялар, таным принциптері және бағалы ұйымдастырулар мен ориентациялар жиынтығы”, -деп, дүниетанымның 3-түрін көрсетеді:

  1. Күнделікті. 2. Философиялық. 3. Діни.

Сонымен қоса, дүниетанымның идеологиялық структурасы - жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік-тарихи, техникалық және философиялық білімдердің қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасып дамиды деп көрсетеді.

Ал, педагог Р. Керімбаева “Оқушының дүниетанымын қалыптастыру” еңбегінде “табиғат - балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, тілін, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы”, - деп көрсетеді.

Сонымен қоса, Р. Керімбаева бастауыш сынып оқушыларына табиғат туралы дүниетанымдық ұғым беруді жыл мезгілдеріне байланысты топтастырады.

Жыл мезгілдерінсіз табиғатпен, қоршаған орта, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесімен таныстыру мүмкін еместігін көрсетеді. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер беріп, осындай суреттерді балалардың мұқият қарап, аңғарғандарын байқай отырып, олардың суреттің жүйелі түрде қалай болу керек екендігін әңгіме құрастыратындығын көрсетіп, балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық, оқыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты іздесуші, күйіне немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет деп көрсетеді. Бұл айтылған ойлардан Р. Керімбаеваның баланың дүниетанымын қалыптастыру үшін ұстаз балалардың үнемі табиғат аясында қоршаған ортамен тілдесіп жол ашып отыру қажет екенін және бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, құбылыстардың пайда болуын, неліктен болатындығын және қалай пайда болатынын біле отырып, олардың дүнитанымы қалыптасатындығын көрсететіндігінкөруге болады.

Ал, педагог Е. Сағындықұлы “ дүние таным дегеніміз деп - адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының бірыңғай жүйесі”, - деп, сонымен қоса “Дүниеге көзқарас дегеніміз - дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде танып білу”, - деп көрсетеді.

“Дүниеге ғылыми көзқарастың ең бастысы адамның басты қасиеттері Отанына шексіз берілгендік, оның гүлденуіне, барынша атсалысып, соның игіліктерін көру”, - деп көрсетеді.

Р. Қоянбаев “дүниетаным деп - обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастарда тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары”, - деп анықтама береді.

Сонымен қоса еңбекте дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты. Оларға жеке-жеке анықтама береді.

Білім деп объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.

Дүниетаным деп жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы.

Сенім деп терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.

Адам мұраты деп жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушлығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Міне, осылай дүниетанымның құрамды бөліктеріне осындай анықтама береді.

Бұл айтылған ойдан Р. Қоянбаевтың негізгі төрт құрамды бөлік арқылы дүниетанымның қалыптасуын көрсеткенін көреміз.

Тарихта иілмейтін, тұрақтылығымен белгілі адамдар бар. Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей- “А все же она вертится…” - “Бәрібір ол айналады” деген көзқарасынан қайтпаса, поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған. Оған орыс демократы Н. Г. Чернышевскийді, отан соғысының қаһарманы Д. М. Карбышевтың табандылығын қосуға болады.

Бұдан көретініміз кеңес дәуіріндегі ғалымдардың өз ойларынан қайтпағандығын көруге болады.

“Дүниетаным” ұғымын зерттеуші педагог ғалымдардың қайсібірі болмасын адам санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниедан оның алатын орыны, оқушылардың ғылыми дүниетаным қалыптсатыру құралы деп тұжырым жасайды. Дүниетаным адам санасының арнайы түрі. Оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа өзіне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеттерінің тірегі, көрсеткіші.

Расында, дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән жайы адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей, ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы бір кезеңнің екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы, дүниетанымдылық ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары “дүние” және “адам”. Олар ажырмас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай -ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы, түсініктер тиянақталады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз - білім . Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенеді. “Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам - өте нашар адам” - деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Ал халқымыз “білім-ырыс қазығы”, -дейді. Білім тереңдеген сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірігіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтір барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі. Сенмі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарас адам қызметтіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет-әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді.

Жеке адамның дамуында және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А. С. Макаренко:” Біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатттын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруміз керек”, - деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенмі және мұраты қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі күрделі және көп қырлы
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz