Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері және үш тілге аударылуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы
Диплом(бітіру) жұмысы
РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫҢ МӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҮШ ТІЛГЕ АУДАРЫЛУЫ
Орындаған:
4 курс студенті Қайдаров Алмат
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. к., доцент Е. Адаева
(қолы, күні)
Норма бақылаушы:
ф. ғ. к., доцент Е. Адаева
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., профессор Ж. Д. Дадебаев
(қолы, күні)
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
І бөлім. Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері . . . 7
1. 1. Ресми-іскери стиль үлгілерінің міндетті нысандары және олардың ресімделуі . . .
1. 2. Ісқағаздар мәтіндерінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді жүйелеу . . . 14
1. 3. Ресми ісқағаздарын аудару мәселелері . . . 18
1. 4. Ісқағаздарын аудару тәжірибесінен . . . 28
ІІ бөлім. Ресми-іскери хаттардың үш тілге аударылуы . . . 33
Қорытынды . . . 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 53
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері және үш тілге аударылуы
Жұмыстың көлемі: 54 бет
Пайдаланған әдебиеттер саны: 27
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазіргі таңдағы ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктерін анықтау, оның аудару сипатын, сапасын, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Сонымен қатар осы аударылған мәтіндерді күнделікті қолданысқа енгізуге икемдеу.
Жұмыстың мазмұны: Тақырыпқа сәйкес ресми құжаттар туралы жалпы шолу жасалды. Осының негізінде ресми-іс қағаздары үлгілерінің міндетті нысандары мен олардың ресімделуі талқыланды. Іс қағаздар мәтіндерінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктер жүйеленіп көрсетілді. Ресми іс қағаздарды аудару мәселелері көрсетілді. Ресми-іскери хаттардың аударма үлгілері салыстырылып, талдау жасалды. Құжаттарда көбінесе кездесетін сөздер мен сөз тіркестердің аударылу нұсқалары берілді.
Жұмыстың қорытындысы: Осының нәтижесінде ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері, аудару мәселелері талқыланды. Ресми-іскери хаттардың аударылу нұсқалары мен үлгілері көрсетілді.
ГЛОССАРИЙ
Авторлық құқық - шығармаға, жариялымға және әдеби, музыкалық немесе көркем шығарманың түрі мен мазмұнына, аудармашылық әрекетінің нәтижесінде туған шығармаға берілген ерекше құқық.
Адаптация (бейімделу) - 1. Қабылдағышқа бірдей әсер етуге жету мақсатында суреттелетін жағдайды өзгерту арқылы сәйкестіктер жасау әдісі. 2. Әдетте мәтіннің түрлі өңделуі: түрі мен мағынасын жеңілдету, сонымен қатар мәтіннің түпнұсқасымен танысуға дайын емес оқырманның қабылдауы мақсатында мәтінді қысқарту. 3. Мәтінді жеткіліксіз деңгейде дайын оқырманға бейімдеу. Мысалы, шет тілдерін енді бастап үйреніп жатқандарға арналған көркемәдеби шығарма мәтінін «жеңілдету».
Бейімделген аудармалар - ұсынылып отырған шығарманың тек негізгі сюжеттік арқауын және аз мөлшерде оның стилінің өзгешелігін береді. Бейімделген аударма авторларының өздері кейде аударманың бейімдеуден айырмашылығын атай отырып, өздерінің бейімделген нұсқаларын ыңғайластырылған немесе мазмұнын қайта айтып берген дейді.
Баламалылық (адекватность) - 1. Бастапқы мәтінді негізге ала отырып, оны аударып отырған тілде сәйкес тілдік белгілермен аудару. 2. Аудару мақсатын жүйелі түрде ескергендегі бастапқы және ақырғы мәтіндердің ара қатынасы. Баламалылық және балама терминдері аударма үдерісіне бағдарланады. 3. Түпнұсқаның барлық мазмұнын көбінесе сөзбесөз жеткізуді көздемейтін аударманың күнделікті тәжірибесіне негізделеді. Баламалы аударма кезінде аудармашының шешімі көбінесе келісімді сипатта болады.
Сипаттау тәсілі - берілген ұғымды өзге тілдік құралдармен суреттеуге
негізделген аудару әдісі. Бұл әдіске аударма тілінде сәйкес атау жоқ немесе ол аудармашыға беймәлім болғанда жүгінеді.
Бағалау дискурсы - Аксиологиялық макростратегиялар жүзеге асатын мәтіндер жиынтығы, ал мұндай мәтіндердегі бағаланушылық әртүрлі экстралингвистикалық факторлар әсерінен пайда болады: саяси, идеологиялық, саналық, тарихи, мәдени, психологиялық.
Кіріспе
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған кезеңнен бастап қазақ әдеби тілінің, әсіресе лексикалық жүйесіндегі өзгерістер мен процестер, тұтастай алғанда, қазақ тілінің актуалды, синхронды жай-күйі ғылыми және мәдени жұртшылықтың айрықша назарын аударады. Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің зерттелуге тиіс мәселелері, терминжасамның ғылыми теориясын қалыптастыру, жекелеген стильдердің ерекшеліктері, лингвостилистиканың жалпы мәселелері туралы еңбектер көрді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стильдердің сапалық үлес-салмағын да өзгертті: атап айтсақ, XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеке стильдік тармақ ретінде формалды түрде аталып келген қазақ ресми-іскери стилінің функционалдық стильдер қатарындағы орны мен рөлі жоғарылады.
Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен(өтініш, арыз, мінездеме және т. б. ) бастап күрделі түрлеріне(жарғы, жарлық, ереже, келісім және т. б. ) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады. «Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының дерегіне сүйенсек, әр жыл сайын бір мыңға жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады екен. Қазірдің өзінде мыңға жуық заң, жиырма мыңға жуық нормативтік заң актілері бар. Осының бәрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге аударылады . . . »(Ана тілі, 2003 жылғы 4 желтоқсан) (17) . Бұл мәселенің қазіргі жай-күйі және болашағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» нақтыланған: «Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен процесі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру керек» (1, 89) . Бұл ретте назар аударатын жайт: аударма - тілдің дамуына игілікті әсер етіп отыратын қүбылыс. Тәржімаланған ресми құжаттардың барлық түрлері экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен тілде жүріп жатқан қарқанда процестердің барлығын да қамтыды: жалпы қолданыстағы лексиканың термин ретінде актуалдануы, әдеби тілден шеткері орналасқан лексикалық единицалардың терминдік мағынаны иеленуі, синонимдік қатарлардың контекстуалдық, стильдік қызметінің артуы, сөзжасам жүйесіндегі сапалық-сандық өзгерістер тәрізді лексикалық парадигмалардың жаңалықтары ресми-іскери тілде белсенді түрде байқалады. Демек, бастапқы мәтін мен тәржіма мәтіндегі лексикалық бірліктердің өзара қарым-қатысын анықтау арқылы негізінен орыс тілінен қазақ тіліне аударылған ресми құжаттардың әдеби тіл лексикасының динамикасындағы үлес-салмағын көрсету зерттеу жұмысының өзектілігінің қатарынан танылады.
Қазақ әдеби тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымындағы қарқынды қозғалыстар функционалдық стильдердің дәстүрлі орналасуына, олардың ішкі тармақтарына, стильдік айырым белгілеріне де ықпал етті. Қазақ тілтанымында, әсіресе көркем әдебиет стилі мен публицистика стилі(оның ішінде мерзімді басылымдар тілі), ауызекі сөйлеу тілі диахронды-синхронды тұрғыдан терең зерттеледі. Солардың ішінде Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Б. Әбілқасымов, Р. Әміров, Б. Шалабай, А. Алдашева, Б. Момынова. Ғылыми стиль қарастырылған зерттеулер де бар. Зерттегендердің ішінде Ж. Әмірова. Ал ресми-іскери стильдің диахронды аспектілері әдеби тіл тарихына қатысты еңбектерде талданды. Белгілі бір кезеңдегі ресми ісқағаздарының тілдік ерекшеліктері анықталған Н. Ерғазиеваның еңбегі бар. Алайда, отызыншы жылдардан бері қарайғы кезеңдегі ресми-іскери стиль зерттеулер назарынан тыс қалып қойды. Бұған соңғы онжылдықтарға дейін ресми-іскери стильдің қазақ тілінде бәсең көрінуі себеп болды. Ал соңғы кезеңдерде ресми-іскери стиль мазмұндық-жанрлық, подстильдік-түрлік жағынан анағұрлым кеңейді. Қазақ тілі функционалдық стильдеріне қатысты еңбектерде ресми-іскери стильдің өзіндік атауы да тұрақтала қоймады; ол «ресми стиль», «ресми-ісқағаздар стилі», «ісқағаздары стилі» деген бірнеше атаулармен ғылыми әдебиеттерде орнықты. Олардың түрлері ретінде қарапайым құжаттар(өтініш, өмірбаян, анықтама, хаттама) талданды. Ресми-іскери стильдің қоғамдық қызметі мен қабылдаушы адресаты артқан қазіргі кезеңде 100-ден астам ішкі жанрлық-түрлік тармақтары бар екендігі анықталып отыр. Олардың әрқайсысы - нысан түріндегі ресми құжаттар (бланкілер), ақпараттық-анықтамалық құжаттар(ұсыныс, баяндама, есеп, акт), нормативтік-жарлықшы құжаттар(қаулы, өкім, бұйрық, жарғы, ереже, үндеу) - дербес зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Басқа функционалдық стильдердің жанрлық құрылымында, тілдік-стильдік белгілерінде бірқатар өзгерістердің бар екенін айта отырып, қоғамдық өзгерістердің әсіресе ресми-іскери стильге әсері болғандығын атап өтейік.
Сыртқы әсерлердің ықпалынан қазақ ресми-әскери стилінің қолданылатын аясы өзгерді, мазмұны мен көлемі ұлғайды, тілдік-стильдік сипаты күрделенді. Ең басты ерекшелік - нормативтік-жарлықшы құжаттардың орыс тілінен қазақ тіліне аударылатындығы. Нормативтік-жарлықшы құжаттар «аударылмауы керек», «орыс тілінен аударылғанда сүреңсіз мәтін қалыптасады», «аударма мәтін қазақ тілінің әдеби нормасына зиянын тигізеді», «ресми құжаттар мәтін тілінде жасалуы тиіс» деген әртүрлі көзқарастар да бар. Бұл арадағы айтатын жайт - нормативтік құжаттарды қазақ тілінде жасау - келешектің ісі. Мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайында аударма мәтінді жасау нормасы стандартты сипатта. Орыс тілінде және қазақ тілінде жасалатын нормативтік құжаттардың басты ортақ белгісі - заң күшінің бірдей болуы.
Нормативтік құжаттарда сөзбе-сөз аударылған клише тұлғалармен қатар қазіргі қазақ тілінің дамуына тән лексикалық-семантикалық өзгерістердің барлығы да қарқынды түрде байқалады. Осы аталғандарды дәлелдеу үшін осы бітіру жұмысында функционалды стилистика мен аударматану ғылымының негізгі тұжырымдамалары басшылыққа алына отырып, ресми-іскери стильдің мазмұндық-жанрлық тармақтары, олардың стильдік, тілдік, құрылымдық белгілері айқындалды, соның ішінде ресми құжаттардың стильдік ерекшеліктерін жинақтау үшін бастапқы мәтін мен тәржіма мәтіннің лексикалық құрылымына кешенді талдау жүргізіледі. Әлемдік лингвистика мен қазақ тілтанымындағы ресми-іскери стильге қатысты ғылыми зерттеу еңбектерінен алынған басты қағидаларды өзара салыстыру, қорыту және тілдік фактілерді іріктеу, жүйелеу, модельдеу, оларға семантикалық, стильдік талдау жасау барысында бірнеше тұжырымдар қорытылды.
Жалпы бүгінгі таңда ресми іс қағаздарын орыс тілінен қазақ тіліне аудару үдерісі аударматанудағы маңызды мәселелелердің бірі. Себебі, орыс тіл білімінің өзінде де ресми тіл(официальный-деловой стиль) деп аталатын тармақтың кейбір мәселелері әлі де анықталмаған. Ал, қазақ тіл білімінде бұл мәселені енді қолға алынып жатқан. Сондықтан да бұл тақырыптың өзектілігі дау тудырмайды.
Осы бітіру жұмысының мақсаты - қазіргі таңдағы ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктерін, аудару ерекшеліктерін анықтау, аудару сипатын, сапасын, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Сонымен қатар осы аударылған мәтіндерді күнделікті қолданысқа енгізуге икемдеу.
І бөлім. Ресми құжаттардың мәтіндік ерекшеліктері
1. 1 Ресми-іскери стиль үлгілерінің міндетті нысандары және олардың ресімделуі
Ресми-іскери стиль үлгілерінің қай-қайсысы да - құқықтық нормаларға байланысты, құжаттың әрбір түріндегі берілген ақпарат мәлімет ретінде алынады, яки болмаса тиісінше шешім міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл жайт ресми-іскери тілде міндетті нысандардың болуын және олардың дұрыс ресімделуін талап етеді. Бір қарағанда, соншалықты назар аударарлықтай болғанымен, міндетті нысандардың сауатты, дұрыс ресімделуі маңызды, өйткені міндетті нысандардың сақталуы және дұрыс ресімделуі коммуниканттардың арасындағы байланысты шапшаң әрі жағымды орнатуға, мәліметтердің тез қабылдануына тиімді ықпал етеді. Бұл нысандарды сақтау, нысандарды бірегейлендіру деген сөз. Дамыған елдің мемлекеттік тілінде құжаттардың ресімдеу үшін барлық үлгілердің қалай жазылуын көрсететін, басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін нақтылайтын анықтамалық-мемлекеттік стандарт қажет және ондп берілген міндетті нысандар басшылыққа алынуы тиіс.
Міндетті нысандар әрқилы дәрежеде құжаттардың барлығында да болады. Міндетті нысандар дегеніміз - қажетті нысандар, құжаттардың белгілі бір тәртіппен орналасқан құрамдас бөліктері. Айталық, іскери хаттардағы міндетті нысандар - айы, күні, жылының, адресат пен адресанттың, мекенжайдың және т. б. көрсетілуі.
Келісімшарт, жарғы, ереже сияқты ұйымдастырушылық құжаттарда ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның, ведоствоның, фирманың қызметінің реттелуін көрсететін жалпы ережелер, қызмет аясындағы құқықтары мен міндеттері, қызметінің мақсат, құзіреті, басқа заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынасын реттейтін тармақтар, тармақшалар мен баптар болуы мәндетті.
Үлгі ретінде толтырылатын бланкілерде мекеменің(ұйымның, ведомствоның және т. б. ) толық және қысқартылған атауы, мекеменің коды және ұйым туралы анықтамалық мәліметтер, құжаттық тіркеу нөмірі, адресаты, адресаттың қолы мен мөрі, қажетті тұстарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы болуы тиіс.
Техникалық прогресс дамыған қазіргі кезеңде көптеген құжаттар баспа құрылғылары(компьютер, жазу машинкасы) арқылы жасалады. Кейбір іс қағаздары, мысалы, өтініш, рапорт, арыз, түсіндірмехат қолмен жазылады.
Техникалық баспа құрылғылары арқылы жазуда ұйымның атауын, айы-күні-жылын, ұйым туралы анықтамалық мәліметтерді азат жолмен немесе қағаздың оң жағына қарай шегіндіріп берудің де қалыптасқан тәртібі бар. Бұл аталғандар Мемлекеттік стандартта - басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі бойынша анықтамалықта көрсетілуы тиіс.
Ресми-іскери стильдің жалпы мәтінінің, оның міндетті нысандарының құқықтық нормаларға сай келуі емле қағидаларына, тыныс белгілеріне де тығыз байланысты. Ресми-іскери стиль әдеби тілдің көрінісі болғандықтан, онда қоғам мүшелері қабылдаған және мойындаған емле ережелері мен тыныс белгілері қатаң сақталуы тиіс.
Қазақ емлесі мен тыныс белгілері туралы басты қағида - ережелер 1983 жылы қабылданған арнаулы нормативтік актіде, анықтамалық құралдарда(2, 60) көрсетілген, ал тікелей ресми іс қағаздарына қатысты емле ережелері біршама тағы да бір анықтамалық - оқу құралдарында топтастырылған(8, 62) .
Біріншіден, мынадай жағдайға назар аудару қажет:
- қазақ емлесі жағдайындағы алғашқы ережелер өткен ғасырдың 50 жылдарында тұжырымдалып, бекітілді, онда негізделген басты-басты қағидалар қазірге дейін өз күшінде болып келеді, яғни жазу практикасында сақталып отыр. Солай бола тұрса да, қазақ емлесі динамикалық сипатта деп айтуға болады: бастапқыда дәйектелген бірқатар ережелер жазу практикасында, әдеби тілдің дамуында өзгеру, түрлену сатысында.
Бұл жайт, ең алдымен: а) екі немесе бірнеше сөзден құралып, біріккен бір ұғымды білдіретін күрделі сөздердің жазылуына қатысты, яғни алғашқы емлелік сөздіктерде тіркес түріндегі күрделі сөздердің бір тобының қазір біріккен тұлғада таңбалануы практикада жиі кездеседі; ә) екі түбірдің түйіскен тұсында қ, к дыбыстары болған жағдайда аталған дыбыстардың фонетикалық ұстанымға сүйене(яғни, айтылуы бойынша) жазылатындығы нормалана түсті; б) орыс тілінен енген, кең қолданыстағы сөздердің де жазылуы фонетикалық принципке негізделе бастады.
Тіл дамуында емленің өзгеріп отыратын тұстарымен қатар, тұрақты, өзгермейтін қағидалары бар екеніне, олардың 1950 жылдардан бастап орнығып, қазірге дейін сақталып келе жатыр. Бұл бас әріппен жазылатын сөздерге, атауға, тыныс белгілерінің қойылу реттеріне байланысты.
Қазақ емлесінің бекітілген және жазу практикасында орныққан ережелері ресми-іскери тілде қатаң, әрі міндетті түрде сақталуы қажет. Емле еоежелерінің дұрыс, қатаң сақталуы:
- ресми-іскери тілдің әдеби нормаға сәйкес жазылғандығын дәлелдейді;
- құқықтық нормаға сай дұрыс ресімделгеніне жауап береді;
- қабылдануын жеңілдетеді.
Ресми-іскери тілге қатысты емле ережелерін біз топтастырып көрсетеміз. Олар:
а) азатжол арқылы жазу қағидалары
ә) сан есімдердің жазылуы
б) бас әріптің қолдануына қатысты қағидалар
в) қысқарған сөздерге қатысты қағидалар
а) Ресми іс қағаздарының үлгілерін ресімдеуде азатжолдың маңызы үлкен. Азатжол арқылы құжатта көрсетілген міндетті нысандарды(мәселен, ұйымның атауы, айы, күні, жылы, мәтін және т. б. ) толық, әрі дұрыс орналастыруға болады. Құжаттың азатжол арқылы орналасуы басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде көрсетілуі тиіс.
Жинақталған материалдардың негізінде және өзге елдердегі басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі стандарттарға сүйене отырып, азатжолды белгілеудің үлгісін көрсетеміз(Жазу машинасымен және компьютер арқылы жасалған үлгілер алынды. Оларда азатжолды tab табулятор арқылы белгілеуге болады) .
Tab арқылы бірнеше азатжол белгіленеді:
0 екпін; 32 екпін;
4 екпін; 40 екпін;
16 екпін; 48 екпін;
24 екпін; 56 екпін;
Екпін аралығы төмендегідей:
0е→4е→16е→24е→32е→40е→48е→56е.
1 - үлгі - азатжолды белгілеу үлгілері(өтініш құжаты бойынша)
Қағаз үлгісі - А 4(210х297)
32е - өтініш арналған адресат
16е - құжаттың аты
4е - негізгі мәтіннің азат жолы
0е - мәтіннің жалғасы
2см. 1 см.
0е - өтініш жазушының толық мәліметі(лауазымы, қызмет орны, қолы 10е - аты-жөні, мекенжайы)
0е - айы, күні, жылы
1см.
2 - үлгі - Өтініштің жазылу үлгісі
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы
«Алматы жылужайэнерго» ААҚ
президенті Б. Молдабаев мырзаға
Өтініш
Мені «Алматы жылужайэнерго» ААҚ - қа қарасты «Жалын» мекеменшік пәтерлер кооперативіне есепші қызметіне жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «есепші» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек стажым - 3 жыл.
Қажетті құжаттар тіркелген.
Алматы қаласы әкімі
аппаратының қызметкері қолы Б. Асқарұлы
мекенжай: «Қазақфильм» шағын ауданы,
5 үй, 7 пәтер
Тел: 98-40-50
Демек, tab арқылы белгіленетін азатжол ресми құжаттың міндетті нысандарының бірі болып табылады.
Бланк, дайын нысан түріндегі құжаттардың көпшілігінде міндетті нысандар(ұйымның, мекеменің атауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, ұйымның коды, құжат жасалған мерзім, құжаттың тіркеу нөмірі, басқа да белгілер) алдын ала көрсетіліп беріледі, яғни олардың tab арқылы көрсетілген қалыптасқан үлгілері бар.
Азатжол арқылы ресімдеуге қатысты төмендегідей мәселеге назар аудару керек:
32е бойынша жазылатын адресатты ресімдеу кезінде әрбір номенклатуралық атау мүмкіндігінше бөлшектенбеуі және тасымалданбауы керек. Яғни, жоғарыда берілген үлгіде:
- Қазақстан Республикасы - бірінші тұтас міндетті нысан;
- Алматы қаласы - екінші тұтас міндетті нысан;
- «Алматыжылужайэнерго» ААҚ - үшінші міндетті нысан, демек олардың бір компонентін екінші жолға шығаруға, тасымалдауға(мысалы, Респуб - ликасы, Алматы - жылужайэнерго түрінде емес) болмайды, бұны мемлекеттік стандарт талап етеді. Күрделі атаулар 32е бойынша сыймаған жағдайда 24е нысанын пайдалануға болады, әдетте, кестелер мен схемалар үшін пайдаланады.
ә) Ресми-іскери тілде жұмсалу жиілігі 24е нысаны, жоғары бірліктердің бірі - сан есімдер, әсіресе реттік сан есімдердің емлелік және таңбалану ерекшеліктеріне жеке тоқталу қажет болады, өйткені дұрыс ресімделген реттік сан есімдер құқықтық, заңнамалық нормаға сәйкес келетін міндетті нысандардың бірі болып табылады.
Сан есімдердің, оның ішінде реттік сан есімдердің жазылуы мен таңбалануы арнаулы нормативтік актіде, анықтамалық құралда көрсетілген. Жинақталған материалдардың негізінде және қалыптасқан үлгі-стандартқа сүйене отырып, сан есімдердің жазылуы төмендегіше топтастырылған, әрі мәселенің маңыздылығы, міндетті нысан екендігі осы жинақтаудан көруге болады деп ойлаймын.
Ресми құжаттарда реттік сан есімдер негізінде реттеу, топтау үшін және айы - жылы - күнін көрсету үшін қолданылады. Қазіргі кезде мерзімді, құжаттың жасалған, толтырылған уақытын көрсету үшін төмендегідей нұсқалар қолданылады:
17 қараша 2007 жыл
2007 жылдың 17 қарашасы
2007 жылғы қарашаның 17-сі
17. 11. 2007
17. ХІ. 072007
2007 жылғы 17-інші қараша
Бұл пікірді дәлелдеу үшін «Егемен Қазақстан» газетінің 2001 жылғы 20 шілдедегі нөмірінде реттік сан есімдердің берілуінен фактілер жинастырылды:
1) Газет 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген
2001 жылғы 2 шілдесі
15-баптың 2 тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын.
3) Шапағатты Папа Қазақстанға келеді
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми шақыруы бойынша Шапағатты Папа Иоанн Павел ІІ 2001 жылғы 22-25 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
4) Астана, 2001 жылғы шілденің 11 - і.
Мекенжайымыз: Астана, Ломоносов көшесі, 45 үй.
(«Егемен Қазақстандағы» емле дәл қалпында сақталынды) .
Осындай фактілерді көрсете отырып, ресми құжаттардағы реттік сан есімдердің жазылуына қатысты мынадай жайттарды есте сақтау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz