Сұраныс



Кіріспе
Негізгі бөлім
Сұраныс икемділігі
Сұраныстың бағалық икемдлігі
Сұраныстың табыстық икемділігі
Сұраныстың қиылысқан икемділігі
Қорытынды
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілегін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
2.1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оны сатып алу кө¬лемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының, таңдауы және сатып алу қабілегі деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, тандауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілегіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырадьі 2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 тенге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сұраныс

Кіріспе

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу
қабілегін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей
байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде
былай көрсетеді.
2.1 – кесте
Шұжыққа сұраныс
1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға, кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 75

2.1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғанда) оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер
берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне
байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін
көрсетіп тұр. Тұтынушының, таңдауы және сатып алу қабілегі деп неге
айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, тандауына болады,
бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан
тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілегіне қарай
бірнеше мүмкіндіктерді қарастырадьі 2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым
төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр.
Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық
ала алады, ал егер 400 тенге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы
келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін
көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс - бұл тұтытушының,
сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде
көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне,
айына, жылына және т.б.
Сұраныс көлемі - сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын, тауардың санын көрсетеді.
1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар өсіне түсіріп,
бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс
қисығы деп атаймыз.

Баға (теңгемен)

1-сурет. Сұраныс қисығы.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен
оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден
60 (теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін
төмендейді. Бағаңын төмендеу сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы
тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны
арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы
неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны
көбейеді немесе керісінше.

Негізгі бөлім

Сұраныс икемділігі

Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және
қаңдай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін
пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан,
сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының
факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар
мыналар:

1) - бағалық икемділік коэффициенті;
2) - табыстық икемділік коэффициенті;
3) - қиылысқан икемділік коэффициенті.

Сұраныстың бағалық икемдлігі

Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (ЕР) заттың бағасы 1%-ға
өзгерсе, онда сол затқа деген сұыраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне
сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа
факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ)
шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс
төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең; 4) өте икемді; 5)
өте икемсіз.
Егер сұраныс көлемінің өсу пайызы бағаның өсу пайызынан көп болса және
тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейтін болса, онда сұраныс
икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде көрсетейік.
Бұл графикте сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне сезімталдықпен жауап
беріп тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс
көлемін 30 данадан 60-ға дейін көбейіп тұр.
Сұраныс көлемінің пайыздың өзгеруі бағаның пайыздық өзгеруінен көп
болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді
көбейтіп отыр. Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар
мөлшерінің көбейтіндісі:

TR = P·O
мұнда, TR - түсім, m;
P - тауардың бағасы, m;
O - сатылған тауардың көлемі, дана.

2-сурет. Икемді сұраныс.

Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр (2-сурет).
Сонымен жоғарыдағы суретте келтірілген сұранысты икемді деп атаймыз.
Көбінесе, ауыстырушы (субститут) тауарлары көп болатын тауарларға және
ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы,
Сұлтан макаронына деген сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын
басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын:
тоңазытқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға
сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы
жоғарыласа, тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кегеді.
Егер бағаның өсу пайызы сұраныс көлемінің өсу пайызынан көп болса
және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз
болады деп айтамыз. Күнделікті қажетгі тауарларға және ауыстыратын
тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады (3-сурет).

3-сурет. Икемсіз сұраныс.

Егер бағаның 1 пайыздық өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін
болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда
тауарға деген сұраныс икемділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныс теориялары
Сұраныс пен ұсыныстың теориялық негіздері
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен өзгеруі
Ұсыныс және сұраныс заңы
Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Сұраныс түсінігі және мәні туралы
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Пәндер