Ядролық қару зардаптары


Жоспар:

  1. Қазақстандағы Ядролық қарудың таралуы туралы;
  2. Ядролық қарудың зардаптары;
  3. Қазақстан Республикасының Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шаралары;
  4. Жалпы дүние жүзі елдеріндегі Ядролық арсеналды қысқарту жөніндегі шаралар;

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

Ядролық, қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген алған мүшесі АҚШ 1945 жылы 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын. 1949 жылы осындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақ жүргізді. Уақыт өте келе ядролық қаруларды басқа да мемлекеттер иелене бастады. 1952 жылы Ұлыбритания, 1960 жылы, Франция және 1964 жылы Қытай ядролық қаруы бар мемлекеттерге айналды. Әлемде ядролық қарудан қауіп бар екенінен оны болдырмауға тырысқан көпшіліктің шешуге қажетті мәселесіне айналды.

Өткен ғасырдың ортасында, әдеттегі қарудың барлық жаңа түрлері сияқты ядролық қару да дүние жүзінде тез тарап кетті. Аздап болса да ғылым мен экономикасы дамыған көптеген мемлекеттер өз ядролық бағдарламаларын әзірлеп, іске қоса бастады. Бірақ, 1950 жылдардың ортасы мен 1960 жылдардың басына қарай жағдай өзгере бастады. Әлем елдерінде ядролық қаруға шындық тұрғысынан, тіпті сенімсіз көзқарас қалыптаса бастады. Оны қолданудың қандай салдары болуы мүмкін екендігі анықталды. Адамзат ядролық қарудың тым жойқын күшңне байланысты оны әдеттегі әскери мақсатта (жер жаулап алу, шектеулі саяси мақсатта жету т. с. с. ) іс жүзінде қолдануға болмайтындығын жете түсіндірді. Одан бұрын ядролық қаруды жасауға жұмсалатын қаржының көлемі шамадан тыс екендігіне көптеген мемлекеттердің көзі жетті. Қоғамда жаппай антиядролық қозғалыс қанат жайды.

КСРО мен АҚШ пайда болған мәселені өзгеше түсінген болатын. Оларда ядролық қаруының бар болғаны қауіпсіздіктің белгісі дегенді білдірді. Осы қару арқылы өзге мемлекеттер екі алып мемлекетке ешқашан қауіп тидірмейді. Дегенмен, қырып-жойғыш қаруы бар елдерден үлкен қатер тидіретіндігі көпшілікті қауіп-қатерге соқтыртты. Сол себептен Кеңес Одағы мен АҚШ өздерінің қауларынының санын одан сайын көтеріп, соның нәтижесінде дүние жүзінде АҚШ пен КСРО арасында «қырғи-қабақ» соғысының басталуы пайды болды. КСРО мен АҚШ арасындағы саяси-идеологиялық қайшылық және өзара сенімсіздік тым терең сипат алған жағдайда, екі ел қолдарында бар ядролық арсеналдарын жоюға келісетіндіктеріне үміт артудың өзі мүмкін емес еді. Сондықтан көтеген елдің ядролық қарусыз әлем жасау арқылы ядролық басқыншылық қатерін болдырмау ұмтылыстарын толық жүзеге асыру қиындап кететін болды. «Қырғи-қабақ соғыс» жағдайында бейбітшіл, демократиялық күштер халықаралық шиеленісті бәсеңдету мен қарусыздану жолында белсенді күресті өрістетті. Ядролық соғыс қауіпін болдырмауға және ұлттар мен жалпы адамзат мүддесін қозғайтын ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты орнатуға деген шынайы үміт пайда болды. Бұл үрдіс ядролық қаруға бақылау орнату және оны шектеу туралы келісім-шарттардың бүтін бір жүйесіне ұласты.

Ядролық қаруды таратпау мәселесінде негізгі халықаралық-құқықтық құжат болып табылатын 1968 жылы 1 шілдеде қол қойылған ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа (ЯҚТШ) ядролық қаруы бар мемлекеттер мен ондай қаруы жоқ елдердің арасындағы өзара уағдаластық нәтижесінде қол жеткізілді: яғни соңғылардың ядролық қаруды иеленбеу туралы міндеттемелеріне айырбас ретінде алғашқылары оларға ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалануға жағдай жасауға және қолдағы қаруды толық және жаппай жою жөнінде уәде берді.

Ядролық қару-жарақты қысқарту мен оны таратпау халықаралық тәртібінің өзара байланыстылығы ЯҚТШ-тың VI, VII бабында, сондай-ақ кіріспенің кейбір тармақтарында анықталған. Мысалы, шарттың V бабында былай делінген: «Осы Шарттың әрбір қатысушысы ізгі ниет рухында жақын болашақта ядролық қарусыздану мен ядролық жанталаса қарулануды тоқтату бойынша нәтижелі шаралар туралы, сондай-ақ қатаң және тиімді халықаралық бақылайдағы жаппай және толық қарусыздану туралы шарт жөнінде келіссөздер жүргізуге міндеттенеді» [5] . Ядролық қаруы жоқ елдердің пікірінше ЯҚТШ-на енгізілген осы міндеттеме қарусыздану үрдісін жеделдету керек болды.

Тарихта белгілі Кариб оқиғасынан кейін ядролық қаруға байланысты келеңсіздіктерге жол бермеу және алдын алу мақсаттарымен 1963 жылы төтенше жағдайда пайдалану үшін Мәскеу мен Вашингтон арасында тікелей байланыс желісін орнату жөніндегі уағдаластық туралы Меморандумға қол қойылды [30], ал 1971 жылы бекітілген КСРО-АҚШ тікелей байланыс желісін жетілдіру жөнінде шаралар туралы келісім алғашқы құжатты қайта жаңартты [31] . Осы жылы екі ел арасында ядролық соғыстың шығу қауіпін азайту бойынша шаралар туралы Келісім жасалды (дәл осындай келісімдерді КСРО 1976 жылы шілдеде Франциямен, 1977 жылы қазанда Ұлыбританиямен жасасты) . Тараптар ядролық қарудың кездейсоқ немесе рұқсатсыз қолдануына қарсы өздерінің техникалық кепілдіктерін жетілдіруге және ұлттық аумақтарынан тыс абайсыз немесе сынау мақсатында әдейі ұшырылған кез-келген ракета туралы екінші жақты дереу хабарлауға міндеттенді [32, 114] .

1972 жылы 26 мамырда Мәскеуде жоғары дәрежелі кездесу кезінде қол қойылып сол жылы 3 қазанда күшіне енген стратегиялық шабуыл қаруын шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша келісім және ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт [33, 364] (РҚҚ туралы шарт) аталмыш мәселе турасында толыққанды келіссөздердің нақты нәтижеге жеткендігін көрсетті.

ШҚҚ туралы келісім бойынша жерге орнатылатын құрлықаралық баллистикалық ракеталардың (ҚБР) тұрақты ұшыру қондырғыларының және сүңгуір қайықтың баллистикалық ракеталары бар сол кездегі сүңгуір қайықтардың жалпы саны шектелді. КСРО үшін ҚБР-дың ұшыру қондырғыларының (ҰҚ) саны 1398, СҚБР - 950-ге дейін; ал АҚШ үшін ҚБР-дың ҰҚ-ның саны 1000, СҚБР - 656-ға дейін шектеу белгіленді [34, 184-185] . Екі жақтың ауыр бомбалаушылары (АБ) шартпен қамтылмай қалды, себебі уағдаласушы тараптар қандай ұшақтар шектелу керек екендігі жөнінде келісімге келе алмады. АҚШ-тың түсіндіруінше әңгіме тек бір елдің аумағынан жете алатын АБ туралы болу керек, ал КСРО болса мәселе «алғы шепке орналасқан құралдар» дейтіндер, яғни негізінен Батыс Еуропаға америкалық әскери базалардан КСРО аумағына жете алатын АҚШ ұшақтары жөнінде болу керектігін дәлелдеуге тырысты. Авиациялық құралдар келісім шеңберінен тыс қалуы себепті, КСРО баллистикалық ракеталардың жоғарылау деңгейімен «есесін қайтарды» (АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушылар саны КСРО-мен салыстырғанда едәуір көбірек еді. )

Ракетаға қарсы қорғаныс (РҚҚ) туралы шарт бойынша «тараптар теңізде немесе әуеде, ғарышта және жерге орналастыратын жылжымалы РҚҚ жүйесін немесе оның құрамдас бөліктерін жасамауға, сынамауға және орналастырмауға міндеттенді» [34, 86-91] ; (сынақтарды тек келісілген полигондарда өткізуге рұқсат етілді) . КСРО мен АҚШ әрқайсысы РҚҚ жүйесін 2 ауданға (бірі астана, екіншісі ракеталық базалардың бірінде) орналастырумен шектелуге келісті. Соның өзінде әр ауданның радиусы 150 шақырымнан, ал ондағы ұшыру қондырғылар саны 100-ден аспау керек болды. 1974 жылғы хаттама бойынша уағдаласушы тараптар РҚҚ жүйесін екі ауданның біреуімен ғана шектелуге келісті [34, 90] ; (КСРО Мәскеу айналасында ал АҚШ Солтүстік Дакотадағы Гранд Форкс ракеталық базасының айналасында орналастыру құқығын бекітті) . Қазақстан - дүние жүзі бойынша ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан ел. Осындай тарихи және саяси маңызы зор шешімге келуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. 1991 жылы тамыздың 29-ы күні Елбасы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің, қайраткерлігінің арқасында Семей сынақ аймағы біржола жабылды.

Семей сынақ аймағында 1949 жылы Кеңес одағы дүние жүзі бойынша бірінші рет ядролық қаруды сынақтан өткізді. Қырық жыл бойы сол полигонда 500-ге жуық жарылыстар жасалғаны анықталды. Ол сынақтардың халқымызға тигізген залалы орасан зор. Полигон зардабы сол кездегі Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының бірнеше аудандарын қамтыды, бірнеше ұрпақ мүгедек болып туды. Бұрын бәрі өте құпия сақталды. Ядролық сынақтың жасалуы халықтан жасырылып келді. Тек 1990 жылдарға қарай қандай жарылыстар жасалғаны белгілі бола бастады. Тіпті әлі ашылмаған, өте құпия түрінде сақталған құжаттар да болуы мүмкін. Ядролық сынақ жүргізуден табиғатымыз өзгерді, жер, су уланды. Мал өсіруге де, жеміс-жидек егуге де жарамай қалды. Міне, сынақ аймағы жабылғанына 20 жылға жуық уақыт өтсе де, полигонның зардабы әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады.

Қазақстан Республикасы еліміздің таратпау тәртібін ңығайтуға батыл екендігін көрсететін бірнеше нақты қадамдар жасады.

Қазақстанның болашақ таратпау саясатының негізін қалаған алғашқы қадам - 1991 жылы КСРО өмір сүріп жатқан кезеңнің өзінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы болды.

1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.

1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды.

Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық қоғамдастықтың танығанын білдірді. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді.

Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты.

1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны бекітті.

Қазақстанның ЯҚТШ-ға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асыруың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес ядросыз мәртебесіне байланысты міндеттемелерін қатаң ұстанады.

ЯҚТШ ядролық қаруды бақылау саласындағы қатысушы мемлекеттерді ядролық қарусыздану бойынша іс-шаралар қабылдауға міндеттейтін бірден-бір көп жақты келісім болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қару
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі
Қазақстандағы атом полигондары
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Семей полигонының зардабы
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz