Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Заң институты
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу.
Орындаған:
Тексерген:
Астана - 200
Жоспар:
- Кіріспе.
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің орыны.
- Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
- Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
1917жылдың қазан айынан бастап Кеңес Одағында экономиканы қайта
құру саясаты жүргізілді. Бұл процестің негізгі құралы мемлекет пен құқық деп жарияланды. Партияның саяси ұраны: Құқық саясаттың шоғырланған түрі, ал, саясат - экономиканың шоғырланған түрі, деп түсіндірілді. Жеке меншік пен қоғамдық меншік қатар өмір сүре алмайды деп үгіт жүргізілді. Қоғамдық меншікті қалыптастыру үшін ескі мемлекетті жойып, жаңа еңбекшілер мемлекетін орнатып, жеке меншіктің барлық түрін еріксіз жою процесі басталып, 30 - жылдардың ортасында елімізде қоғамдық меншік орнады. Ол меншік мемлекеттің қарамағында, партяның бюрократтық тобының билігінде болды.
Кеңестік дәуірде елімізде шаруашылықтың, азаматтардың, еңбекшілердің экономикалық бостандығы жойылып, оларды бірте - бірте астыртын жағдайға көшуге, құпия жұмыс істуге мәжбүр етті. Сөйтіп, қоғамда “көлеңкелі экономика” қалыптасты. Олмемлекеттік аппараттағы жемқорлықпен бірігіп, бірте - бірте Кеңес Одағын ыдыратып тынды.
Посткеңестік республикалар өздерінің тәуелсіздігін алып, саяси экономикалық бағытты толығымен нарықтық қарым қатынасқа көшіріп, меншіктің барлық түріне бостандық берді. Бірақ бұрынғы қалыптасқан бір экономика он бес экономикаға бөлшектеніп, жаңа құрылған тәуелсіз мемлекеттер қатты саяси экономикалық дағдарысқа ұшырады. Себебі, нарықты экономиканы толық қалыптастыру өте күрделі процесс.
Дамыған елдердің саяси экономикалық тәжірибесін біздің елде қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: - меншіктің барлық түріне толық бостандық беру;
- шарашылықтың жұмысына арласпау;
- жоспарлау саясатын екі бағытта жүргізу;
- азаматтардың іс әркетіне толық бостандық беру;
- мемлекет тек қоғамды реттеп, басқарумен, заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз етумен, демократияны дамытумен шұғылдануға міндетті;
I. Экономиканы мемлекеттік реттеудің орны.
Экономикалық жүйелердің бір-бірінен айырмашылығы шаруашылықтарын жайғастыруда нарық пен мемлекеттік реттеудің арасалмағында. Әкішілік жүйеде экономикалық билік толығымен мемлекеттің колында болады. Мұнда бәсекенің, орнына "жарыс" ұйымдастырылады, еркін бағаның орнына мемлекеттік бағалар белгіленеді. Нарықты экономикалы елдерде халық шаруашылығын реттеуші негізгі күш нарықтық механизм, ал мемлекет көмекші кызмет атқарады. Дегенмен бұдан нарық жағдайында мемлекеттің экономикаға араласуының мүлде қажеті жоқ деген ұгым тумайды. Қазырғы замаңғы нарықты экономика мемлекеттің араласуынсыз тұрақсыз болады және коғамның әлеуметтік проблемаларын шеше алмайды.
Нарықты экономика жағдайында мемлекеттің аткаратың кызметі әртүрлі. Біріншіден, оның мақсатты кызметі нарық жүйесін калып-тастару мен монополистердің үстемдігінен сақтау болып табылады. Нарықтың нәтижелі қызмет атқаруына қолайлы жағдайлар жасау үшін құқтық негіздер еңгізу мен еркін бәсекені колдау абзал. Үкіметтің экономикалык кызметтерінің екінші тобына өндірістік ресурстар мен ұлттық табысты бөлу, халық шаруашылғын тұрақтандыру мен оның дамуын ынталандыру жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің екі жолы бар. Бірі - негізгі материалдық ресурстарды мемлекеттің колында немесе бакылауында сақтау, халык шаруашылығын калыптастарып отыратын заңдар кабылдау және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыэ ететін кә-сіпорындардың жұмысына тікелей басшылық жасау арқылы экономикаға тікелей араласу, екіншісі экономикалық саясат аркылы халык шаруашылығына жанама араласу жолы болып табылады.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде шаруашылықтың мемлекеттік секторы айтарлықтай орын алады. Оған мемлекет меншігіндегі өндірістік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдардың бақылау пакеттеріне ие. болу, ұлттык банктер мен олардың беретін несиелері, мемлекеттік сауда, т. б. кіреді. Бұлар жиналып мемлекетті коғамдык капиталдың қомақты бөлігіне кожалық етеді. Батыс елдердің мемлекеттік секторында барлық жалдамалы қызметшілердің І/ІО бөлі-гіндейі жұмыс істейді.
Өнеркәсіпті дамыған елдерде экономиканың мемлекеттік секторы бір қатарлы өндіріс салаларында - көмір өнеркәсібінде, элек-троэнергетикада, шойын жол, су және әуе көліктерінде, сондай-ақ байланыс жүйесінде. дамыған. Әңгіме өндірістік құралдар мен жаб-дықтардың жиынтық құны жоғары салалар туралы болып отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеуге нарықтың құрылымдық бөліктері арасындағы шаруашылық қатынастарды тәртіпке салатын мемлекеттік заңдар мен үкіметтің шешімдері де жатады. Заңдастыру актілері арқылы экономиканы реттеудің мысалдарына АКШ-тың трестерге карсы Заңы, Францияның кооперациялар туралы Ережесі, т. б. жата алады.
Мемлекеттің экономикаға жанама жолмен араласуына келсек, қой-ған мақсатына байланысты мынадай экономикалык саясаттар жүргізі-
леді:
I/ халық шаруашылығына инвестиция- салуды ынталандыру;
2/ халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
3/ сыртқы сауданы, әсіресе экспортты дамыту;
4/ бағалар мен тарифтерді тұрақтандыру мақсатымен олардың жалпы дәрежесіне әсер ету;
5/ салық жүйесі арқылы табыстарды қайта бөлу;
6/ экономикалық прогресті қолдау, т. б.
Осындай экономикалық шаралар үкіметтің фискалдық және ақша-несие саясатын құрайды. Фискалдық деп бюджеттік саясатты айтады,
оны мемлекеттің табыстары мен шығыстары арасында манипуляция жасау саясаты деп те айтуға болады. Ал ақша-несие сая-еатын айналымдагы акша сомасы мен несие жүйесін калыптастыру саясаты деген жөн. Фиксалдык саясат пен акша-несие саясаты тығыз байланыста болады. Демек, бұлардың байланыстары нарық жүйесінде әкімшілік жүйеден өзгеше.
Нарықты экономикаға көшкен елдер нарықтың механизм мен мем-лекеттік реттеуді үйлестіру саясатын жүргізеді. Ал біздің республика сияқты нарықты экономикасы енді калыптасып келе жатқан елдерде мемлекеттік реттеудің рөлі жоғары болғаны абзал.
2 . Үкіметтің экономикалық кызметтері.
Нарықты экономиканың өзін өзі қалыптастырып отыратын меха-низмі болғанымең, оның қалыпты дамуына кедергі. жасайтын күштер де аз емес. Сондықтан, нарықты экономиканың дамуын камтамасыз ету мақсатымен мемлекет оған құқықтық негіз бен басқа да коғамдық жағдайлар жасап отыруы қажет.
Құқықтық негіз мынадай шаралар арқылы жасалады: жеке меншіктегі кәсіпорындардың еркін өмір сүруіне құқықтық мәртебе беру, өндірістік ресурстарды жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы "ойын тәртіптерін" заңдастыру, өнімдердің жаңа үлгілерін еңгізу, акша жүйесін нығайту, т. б. Сондай-ақ, үкімет өндірушілер мен тұ-тынушылардың басшылыққа ұстайтын экономикалық тәртіптерін ең-гізеді. Мысалы, бекітілген үлгімен қабыспайтын тұтыну тауарларын шығаруға тыйым салады, этикеталарында саны мен сапасы туралы мәлімет болуын, сондай-ақ өндірушінің мекен -жайы керсетілуін талап етеді. Мұндай шаралар тұтынушыларды алдауға жол бермеудің және кең бұқараның нарыққа сенімін нығайтудың қамы.
Мемлекеттік заңдар кәсіпорындар арасындағы өндірістік бай-ланыстарды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер арасыңдағы қатынастарды калыптастырып отыру үшін қажет. Мұндайда үкімет қазылық қызмет атқарады. Үкіметтің қазылық қызметі өндірістік ресурстарды қайта бөлу үшін де жүргізіледі. Сонымен қатар нарықты айналым кұралдарымен қамтамасыз ету, өнімдердің са-палығына кепілдік беру, келісімдерді орындау жауапкершілігін арту нарыққа жағдай жасаудың алғы шарттары болып табылады.
Нарықты экономикада бәсеке негізгі реттеуші механизм болып саналады. Ол ресурстарды жеткізушілерге, сондай-ақ тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге тұтынушылардың қамын ойлататын және талаптарын орындататын күш. Бәсеке жағдайында сатушылар мен алушылардың шешімдеріне нарық бағалары үлкен әсер етеді. Нарықтың талабын бұлжытпай орындаушы кәсіпкерлердің жағдайы нығая түскенде, оны орындамағандар шығынға, немесе күйреуге ұшырайды. Бәсеке бар жерде тұтынушылардың үстемдігі жүреді, ал кәсіпкерлер олардың қызметшілері болады.
Өндірістің шоғырлануы мен орталықтануы монополиялардың дүниеге келуіне әкеліп соғатыны белгілі. Монополиялық жағдайда өндірушілер мен сатушылар саны азайып, олардың әрқайсысы жиынтық ұсынысқа өз әсерін тигізеді де, тауар бағалары мен қызмет көрсету тарифтерін көтеруге мүмкіншілік алады. Сөйтіп, монополистер жоғары табыска ие болады. Қоғам мүшелері монополиялардың үстемді-гінен көп зияң шегеді. Сөйтіп, тұтынушылардың үстемдігі өндірушілер мен сатушылардың үстемдігімен аумасады.
Монополия екі түрде болуы мүмкін: бірі - "табиғи" монополия да, екіншісі - "жасанды" монополия. Табиғи монополия жағдайында, яғни ресурстік және технологиялык жағдайлар бәсеке тудырмайтын салаларда, үкімет тауар бағасы мөн көрсетілетін қызмет тарифтерін реттеп отыратын мемлекеттік органдар құрады. Көлік, байланыс, электр қуатымен қамтамасыз ететін және халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар әр дәрежеде мемлекеттік реттеуге түседі. Мұндай нарықтардың бағасы мен тарифтерін көтертпеу мақсатымен бәсекелік жағдайлар қалыптастыру, атап айтқанда ірі кәсіпорындарды ұсату немесе сондай өнім шығаратын және кызмет көрсететін кәсіпорындардың санын көбейту, үкіметтің монополияға қарсы жүргізетін саясатына жатады.
Нарықты экономиканың қалыпты дамуы негізінен мынадай екі жағдайда бұзылуы мүмкін. Оның біріншісі - белгілі бір тауарлар қажетті мөлшерде өндірілмесе, екіншісі - қажетті тауарларды өндіру үшін қоғамның ресурстары жетіспесе. Бірінші жағдай өндірістік ресурстардың бір саладан баска салаларға алмасуына байланысты болса, екінші жағдай алеуметтік игіліктерді өндірумен байланысты. Нарық жүйесінің артықшылығының бірі - өңдіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды тиімді бөлу болып табылады. Дегенмен кейбір жағдайларда өнім өндіру мен тұтынуға байланысты табыстар мен шығындар үшінші біреулерге аумасуы мүмкін. Ресурстардың мұндай аумасуын жанама пайда немесе аумасудың шығындары деп атайды, өйткені ол нарыққа араласпайтын жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың үлесіне тиетін пайда немесе шығын.
Алмасудың шығындары дегеніміз, тауар өндіру мен тұтынуға қатысы жоқ үшінші біреулердің орны толмайтын шығындарға ұшырауы. Бұған мысал ретінде кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластауына байланысты сол аймақты мекендейтін халықтың денсаулығының төмендеуін алуға болады. Кәсіпорындар болса, қоршаған ортаны ластауға жол бермейтін жабдықтарды пайдаланбай, ондай мүмкін шығындарды халықтың мойнына артады. Кәсіпорындар осылайша қаржы "үнемдеудің" арқасында өндіріс көлемін молайтып, косымша табыс алулары мүмкін.
Осыған байланысты үкімет алмасудың шығындарын кәсіпорын-дардың өндірістік шығындарына жатқызуға тырысады. Ондай шараны шығындарды кері айналдыру деп атайды. Ол үшін екі түрлі "түзету" шаралары колданылады: бірі - мұндай шараларды заңдастыру болса, екіншісі - ерекше салықтар салу. Мысалы, коршаған ортаны ластауға тыйым салынатын заң кабылданады да, онда алмасудың шығындары /қалдық суды немесе түтінді тазартатын жабдықтарды пайдалаңуға байланысты мүмкін шығындар/ кіңәлі кәсіпорындардың өңдірістік шығындарына қосылатын болады. Немесе үкімет ерекше салык салу арқылы қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорыңдардан бюджетке түсетін кірісті халыктың шығындарымен қиыншылықтарын жеңілдетуге жұмсайды.
Аумасудың шығындарымен катар пайдасы да болады. Кейбір жағ-дайда қоғам мүшелеріне аумасқан шығындар жанама табыс әкеледі. Бұған мысал ретінде білім беру жүйесін алуға болада. Тегін білім мен мамандық алу арқылы қоғам мүшелері табыстарын молайтып, тұрмыс дәрежесін, оның ішінде мәдениеттіліктерін көтереді. Қоғам мүшелерінің есебінен бұзақылық жасаушылар, соған орай құқықтықты сақтауға жұмсалатын шығындар қысқарады.
Алмасудың пайдасын қолайту үшін тұтынушылардың "пайдалы" тауарлар мен қызметтерді сатып алу қабілетін көтерген жөн. Мысалы, көп балалы аналарға ақшалай жәрдем керсету арқылы балалар бұйымдарына сұранысты молайтуға немесе балалар бұйымдарын өндірушілерге жәрдем /субсидия/ беру арқылы ұсыныстарын өсіруге болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұсынысын молайту мақсатымен, үкімет тыңайтқыш өндіруш кәсіпорындарға субсидия береді, соның арқасында олардың өндірістік шығындары төмендеп, тыңайтқыштардың бағасы түседі. ¦сынысты молайту үшін қолданылатын субсидияны керісінше салық деп атап жүр.
Қоғамдық игіліктерді пайдалану да алмасудың пайдасын береді. Мысалы, қоғам мүшелерінің денсаулығын тегін емдеу тәртібі еңгізілген елдерде бюджет есебінен емделгендер шығындарын үнемдеп, алмасудың пайдасын көреді, Мұндай шығындардың орнын толықтыру мақсатымен мемлекет денсаулықты қауыпсіздендіру тәртібін еңгізеді. Кәсіпорындар бұл қорға каржы аударып отырады. Тегін білім беру тәртібі еңгізілген жағдайда да азаматтар осындай алмасудың пайдасын көреді. .
Үкіметтің басты мінцдетінің біріне халык шаруашылығын тұрақ-тандыру жатады. Экономиканың дәрежесі қоғамның жиынтық шығындарының көлеміне байланысты болғандықтан, үкімет елдің тұтыну шығындарын өсіруге ат салысады. Тұтыну шығындары өскен сайын өңдірістің көптеген салаларының көлемі өседі де, материалдық жеке еңбек ресурстары толығырақ пайдалану қажеттігін тудырады. Жеке меншіктегі кәсіпорындардың мұндай ресурстарды молырақ пай-далануға капиталдары жетіспеген жағдайда, оларға мемлекет жәрдем көрсеткені жек.
Еңбек ресурстарын алсақ, жеке меншіктегі кәсіпкерлер оларды толық пайдалана алмайды және алдарына ондай мақсат қоймайды. Жұмыссыздық молайған сайын, орташа жалақы дәрежесі төмендейді де, молая түседі. Осыны ескерген үкімет жеке инвестицияларды молайтуды ынталандырумен қатар мемлекеттік секторда да жұмыс орындарын молайтуға тырысады. Жұмыс орындарын молайтуға байланысты жиынтық шығындар ұлттық өнімнің мөлшерінен асып кетсе, тауарлар бағасы өсіп, инфляцияның дәрежесі көтеріледі.
Мұндай жағдайларда үкімет шамадан асқан шығындарды кемітетін шаралар колданады. Оларға инвестицияға жасалған жаңілдіктерді жою, салықтарды көтеру, т. б. шаралары жатады.
3. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты .
¦лттық табысты бөлуде нарық жалғыз ғана "әділеттікті" қам~ тамасыз етеді: капитал мен жұмыс күші иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңдарына және өндірістік ресурстардың өнімділігіне байланысты қальптасады. Осы тұрғыдаьн қарағаңда кәсіпкерлер мен мамандардың табыстары қашанда жоғары, ал карапайым жұ- мыскерлердің табыстары төмен болуы әділетті. Сөйтіп, нарық коғам мүшелерінің жақсы өмір сүруіне кепілдік бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz