Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:


1. Алкогольдің шығу тарихы
2. Алкогольдің ұрпаққа әсері
3. Темекінің шығу тарихы
4. Темекі түтініндегі зиянды заттар
5. Темекі тарту зиянды әдет
6. Қатерден сақтану жолдары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Денсаулық – тіршіліктегі ең құнды қасиеттердің бірі. Әрбір адамның міндеті – оны сақтап, саналы түрде ұқыпты жұмсай білуге үйрену.
Көптеген адамдар ағза үшін ненің пайдалы және ненің зиянды екенін, қандай болса да аурудан қалай сақтану қажеттігін көз алдына дұрыс елестете алмайды. Көпшілігі денсаулығын қорғауды медицинаға жүктейді. Егер адамдардың өздері сақтанып жүруді үйренбесе, онда медицина ғылымының ешқандай да жетістіктері денсаулық әкеліп бермейді.
Денсаулықтың бұзылу факторларының қатарына инфекция, организмнің тоңазуы мен ыстық өту, дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау, жарақаттану, алкоголь пайдалану, темекі тарту, улану, әртүрлі сәулелердің, әсіресе ультракүлгін және рентген сәулелерінің түсуі жатады.
Адамдардың денсаулығын қорғау ісі кезек күттірмейтін міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені қоғамымыздың ең қастерлі қазынасы – адам, ал оның басты байлығы – денсаулық.
1. Қабыкенов Ф.Н. «Темекі және оның зияны» Алматы: Қазақстан, 1992 жыл, 17 бет.
2. Керимбеков Ж.Е. «Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына әсері және денсаулық» Алматы: Білім, 2003 жыл, 28 бет.
3. Жатқанбаев Ж.Ж. «Валеология» Алматы: Зият Пресс, 2004 жыл.
4. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. «Гигиена және денсаулық» Алматы: Мектеп, 1987 жыл.
5. Субханбердина А.Б. «Есірткі – қазіргі заман кеселі» Алматы: Ғылым, 2002 жыл.
6. Қасымбаева Т., Аманжолова Л. «Тіршіліктану» Алматы: Мектеп, 2001 жыл, 105 бет.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Алкогольдің шығу тарихы
2. Алкогольдің ұрпаққа әсері
3. Темекінің шығу тарихы
4. Темекі түтініндегі зиянды заттар
5. Темекі тарту зиянды әдет
6. Қатерден сақтану жолдары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Денсаулық – тіршіліктегі ең құнды қасиеттердің бірі. Әрбір адамның
міндеті – оны сақтап, саналы түрде ұқыпты жұмсай білуге үйрену.
Көптеген адамдар ағза үшін ненің пайдалы және ненің зиянды екенін,
қандай болса да аурудан қалай сақтану қажеттігін көз алдына дұрыс елестете
алмайды. Көпшілігі денсаулығын қорғауды медицинаға жүктейді. Егер
адамдардың өздері сақтанып жүруді үйренбесе, онда медицина ғылымының
ешқандай да жетістіктері денсаулық әкеліп бермейді.
Денсаулықтың бұзылу факторларының қатарына инфекция, организмнің
тоңазуы мен ыстық өту, дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау, жарақаттану,
алкоголь пайдалану, темекі тарту, улану, әртүрлі сәулелердің, әсіресе
ультракүлгін және рентген сәулелерінің түсуі жатады.
Адамдардың денсаулығын қорғау ісі кезек күттірмейтін міндеттердің
біріне айналып отыр. Өйткені қоғамымыздың ең қастерлі қазынасы – адам, ал
оның басты байлығы – денсаулық.

Негізгі бөлім

Алкогольдің шығу тарихы

Тарихқа көз тастасақ, алкоголь - араб сөзі, оның мағынасы ащы нәрсе
деген сөз. Алкоголь алғаш рет ХІІІ ғасырда арабтардан Францияға әкелінген,
содан 1676 жылға дейін ол дәрі ретінде сатылған. Бірте-бірте алкоголь дәрі
ретінде пайдаланудан қалып, түрлі еліткіш ішімдіктерге қосылып пайдаланатын
болады. Осылайша арақ-шараптың тікелей жүйке жүйелеріне әсер етіп, адамның
мінез-құлқын да өзгертетінін байқаған.
Ішкіліктің көп тарап, әлеуметтік дертке айналуы капиталистік қоғамның
дамуымен тығыз байланысты. Өйткені, шарап сатудан капиталистерге пайда өте
көп түседі.
Бұл туралы орыстың ұлы жазушысы, Лев Николаевич Толстой ертеректе-ақ:
Арақ-шарап адамдардың денсаулығын құртады, ақыл-ой қабілеттерінен айырады,
отбасының тату тәттілігін кетіреді, бәрінен де сұмдығы – адамгершіліктен
тайдырады, нәсілдерін кемістікке ұшыратады, - деп күйзеле ескерткен.
Ал біздің ұлы ақын Абай атамыз да бұл жөнінде: ...Мастық бойдан ағатты
көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып,
бойды сынататұғын нәрсе екен, - деген.
Алкогль – есірткі зат. Этил спирті (алкоголь) – ашытқы саңырау
құлақтарының тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде көмірсулардың ашу барысында
түзілетін зат. Ол ағзада орталық жүйке жүйесіндегі тежелу әрекетін
баяулатып, уақытша, ал үздіксіз қолданған жағдайда өзін-өзі билеу, бақылау,
сынау, сақтық қасиеттердің үнемі жойылуына әкеп соғады. Мас адамдар әдетте
әдепсіз, менменсінегн, ұстамсыз келеді. Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегіне
қабілеттілікті, көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді, қимыл
үйлесімділігі мен әр түрлі әрекеттерді орындау дәлдігін нашарлатады, бұл
көлікпен жүру оқиғаларына, ауыр жарақаттар мен жазатайым жағдайларға душар
етеді. Алкогольді үнемі қабылдау маскүнемдік деп аталатын қауіпті аурудың
тууына себепші болады.

Алкогольдің ұрпаққа әсері

Алкогольді үнемі қолдану ұрық жасушаларының сперматозоидтар мен
жұмыртқа жасушаның зақымдануына әкеліп соғады. Бұл жағдайларда бойы мен
дене салмағы кем, нашар жетілген, түрлі ауруларға шалдыққыш бала өмірге
келуі мүмкін.
Маскүнемнен туған балалардың есте сақтауы нашар, талдау қабілеті
жойылатыны байқалады. Олар бір нәрсеге ойын шоғырландыра алмайды, оқып
болғанша шартын ұмытып қалатындықтан, қарапайым арифметикалық есептерді де
шығара алмайды. Мұндай балалар нашар оқиды, көбіне шыдамсыз, ересек
адамдардың өтінішін орындамайды немесе алдын-ала белгіленген жоспармен
әрекет ете алмайды. Алкогольді жиі пайдаланғанда олардан туған баланың
орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданып, ұстамалы ауруға жиі ұшырауы мүмкін.
Мұндай балалардың жағдайы түзелмейді, оған ешкім де көмектесе алмайды.
Сөйтіп, кемістігі өмір бойына сақталады. Бұл жағдай маскүнемдердің
балаларын ғана емес, ата-аналардың өздеріне де және айналасындағы адамдарды
да азап шектіреді.
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тіршіліктің
сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық,
психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық
топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-
биохимиялық және экологиялық факторлар.
Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ. Сәтпаева үш кезеңге бөледі.
1. Нервостеникалық. Ағзалар мен жүйке жүйелері қызметіне орасан зор
басылмайтын физиялогиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами
түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып
кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ меңдеп алады. Не болса, соған ашулана
береді.
2. Наркоманиялық алкогольдік психоз. Спиртке тәуелділік пайда болады.
Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге
көріне бастайды.
3. Қорытынды немесе энцефалоптиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін,
салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына көшеді. Бүкіл ағза
әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады.

Темекінің шығу тарихы

Европада темекінің таралуы Американы тұңғыш ашқан теңіз саяхатшы
Христофор Колумбтың есімімен тығыз байланысты. Ол өзі Сан-Сальвадор деп
атаған Гуанагани аралында 1492 жылы болған кезінде жергілікті тұрғындардың
бір өсімдіктің құрғақ жапырағын орап алып, тұтандырып тартатынын таңырқай
тұрып қараған еді. Олар темекіні шиыршықтап тартуды Петум деп атаған
кейіннен бұл сөздің мәні табак деген ұғыммен ауыстырылған.
Шылымның зияндылығы темекі құрамында болатын никотиннің орталық жүйке
жүйесін қоздыратынына байланысты. Никотин - өте улы зат. Алғаш рет шылым
шегуге әрекет еткеннің өзінде-ақ жүрек айну, бас айналу, құсу, жүректің
шалыс соғуы, тамақтың, өңештің және қарынның түйілуі, тіпті талып қалу
сияқты әр түрлі аурудың құбылыстары байқалады. Әрбір дені сау адамнан
осындай өзгеріс байқалады. Ағза никотинге үйренгеннен кейін оның уландыру
қасиеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі мен уланудың әлеуметтік қаупі. Ішімдік ішудің әлеуметтік қаупі. Ойынқұмарлық
Экологияның денсаулыққа әсері
Шылым қатерлі дерт
Салауатты тамақтану
Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері
АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу туралы
Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама
Аддиктивті мінез - құлықтың жіктемесі
Бауырдың құрылысы
Пәндер