ҚР банктерді қайта құру және тарату



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Банктерді ерікті қайта құру
2. Банті еріксіз қайта құру
3. Банктерді тарату
4. Банкті ерікті тарату
5. Банкті еріксіз тарату

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл жұмыс банктерді қайта құру,тоқтату тәртібіне байланысты жазылып отыр.Жұмыстың негізгі мақсаты ретінде банктерді қайта құру,қызметін тоқтату тәртібін анықтау,негіздерін белгілеу болып танылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 45-бабына сәйкес заңды тұлғаны қайта құру(қосу,біріктіру,бөлу, бөліп шығару,өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың(қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша,не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін.
Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.Ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші,ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады.Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады.Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді,бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді.Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады.
Заңда тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылған реттерді қоспағанда,жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде,заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептелінеді.
1. Л.Давыдова, Д.Райманов «Банковкое право Республики Казахстан», А. «Жеті Жарғы»,2004
2. «ҚР банк және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 1995жылғы 31тамыз
3. Жарковское Е.П.«Банковское дело»,омега Л,2005
4. Алексеева Д.Г., Пыхтен С.В., Хоменко Е.Г. «Банковское право»,М.Юрист,2003
5. Банковское дело под редакцией Белоглазовой Г.Н., Л.П.Кроливецой, Финансовое статистика,2004
6. Кедеев А.А. банковское право Издательство Эксмо, 2005
7. ҚР банктерді ерікті тарату ережесі ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000жылғы 16 мамырдағы №210 қаулысымен бекітілді.
8. Эрнашвили Н.Д. Банковское право, Юнити-Дана, Закон и право,2000
9. ҚР Азаматтық Кодексі(жалпы бөлім)
10. ҚР Банктерді еріксіз тарату ережесі.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001жылғы 28 қазандағы №421қаулысымен бекітілген.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: ҚР банктерді қайта құру және тарату

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Банктерді ерікті қайта құру
2. Банті еріксіз қайта құру
3. Банктерді тарату
4. Банкті ерікті тарату
5. Банкті еріксіз тарату

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл жұмыс банктерді қайта құру,тоқтату тәртібіне байланысты
жазылып отыр.Жұмыстың негізгі мақсаты ретінде банктерді қайта құру,қызметін
тоқтату тәртібін анықтау,негіздерін белгілеу болып танылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 45-бабына сәйкес
заңды тұлғаны қайта құру(қосу,біріктіру,бөлу, бөліп шығару,өзгерту) оның
мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның,
құрылтайшылардың(қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша,не заң
құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша
жүргізіледі.Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін.
Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі
мүмкін.Ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы
мүмкін.
Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші,ол уәкілдік берген
орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта
құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының
шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның
басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге
асыруды тапсырады.Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның
ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады.Басқарушы сотта заңды
тұлғаның атынан әрекет етеді,бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны
қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың
бекітуіне береді.Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады.
Заңда тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылған реттерді
қоспағанда,жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап
қайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен
қайта құрған кезде,заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген
заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап
олардың біріншісі қайта құрылған деп есептелінеді.

1.Банктерді ерікті түрде қайта құру.

Ерікті түрде банктерді қайта құру уәкілетті органның келісімі
негізінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады.
Банктердің ерікті түрде қайта құруды жүзеге асыруға келісім беру
туралы талапты берудің негізі ретінде сол банктің акционерлерінің жалпы
жиналысының шешімінің болуы танылады.[1,96-99]
Банкті ерікті түрде қайта құруды жүзеге асыру үшін уәкілетті
органның келісімін алу туралы өтінішке келесідей құжаттар тапсырылу тиіс:
1. ерікті түрде қайта құру туралы жоғарғы органының шешімі;
2. банкті ерікті түрде қайта құрудың мерзімі,тәртібі,нысаны,шарттар
мүмкіндігін қамтитын құжаттар;
3. банкінің ол қайта құрылғаннан кейінгі және банкіні қайта құру
нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса,
қайта құру салдарының қаржылық болжамы.
Банкіні қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішті уәкілетті орган
оны қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргізуге уәкілетті органнан
рұқсат алған күннен бастап екі апта іщінде алдағы болатын өзгерістер туралы
өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттері мен қарыз
алушыларын тікелей хабардар ету арқылы және кемінде екі республикалық
газетке тиісті хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.
Қайта құру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу немесе қайта тіркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асыралыды. [2,40]
Банкіні ерікті түрде қайта құруға уәкілетті органның рұқсат
беругден бас тартуы мынадай кез келген негіздер бойынша жүргізіледі:
1. ерікті түрде қайта құрылатын банкілер жоғары органдарының тиісті
шешімінің болмауы;
2. көзделіп отырған ерікті түрде қайта құру салдарынан депозиторлар
мүдделерінің бұзылуы;
3. көзделіп отырған ерікті түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық
қалыптардың және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің
бұзылуы;
4. көзделіп отырған ерікті түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы
заң талаптарының бұзылуы.[3,57-66]

2. Банкті еріксіз қайта құру.

Банкті еріксіз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың
шешімімен, Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы
Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.
Банкке қатысты оңалту рәсімі соттың шешімі бойынша банкті мәжбүрлеп
тарату жөніндегі шаралар шеңберінде, оның төлем қабілеттілігін қалпына
келтіру және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен
талаптарды орындау мүмкіндігін қамтамсыз ету мақсатында жүргізіледі.
Сот банкті еріксіз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсімдерін
жүргізу туралы мәселені уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде
ғана шешуге құқылы.[4,245-478]
Банкті еріксіз қайта құруды жүргізудің, оңалту рәсімдерінің міндетті
шарты банктің өзінде бар барлық депозиттерді мүдделі адамдарға еріксіз
қайта құру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдың ішінде
қайтаруы болып табылады.
Бұл шартты орындамау банкті еріксіз таратуға әкеп соғады.Банк өзінің
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және анықталған кемшіліктерді жою
мүмкіндігі болған кезде оның банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы
мәселені қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсімдерін қолдану туралы
сотқа өтініш мәлімдеуге құқылы.Банктің оңалту жоспары банктің өтінішімен
қоса тіркелуге тиіс.Банк өтінішінің бір данасы қоса берілетін құжаттармен
бірге уәкілетті органға ұсынылады.Банктің оңалту жоспары уәкілетті органмен
алдын ала келісілуі тиіс және оны ұсынылған күннен бастап он күн ішінде сот
бекітеді.Банктің оңалту жоспарын өзгертуге сот шешімі бойынша уәкілетті
органның келісімімен жол беріледі.Банкке қатысты оңалту рәсімдерін жүзеге
асыру кезеңінің ұзақтығы алты айдан аспауға тиіс.Оңалту рәсімдерінің
басталу және аяқталу мерзімдерін сот анықтайды.Банктің сот бекіткен оңалту
жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшін орындалуы міндетті құжат
болып табылады.Банк оңалту рәсімін уәкілетті органның бақылауымен
жүргізеді.Оңалту рәсімі кезеңіндегі банк қызметі жоғарыда аталған
талаптарды ескере отырып,әдеттегідей тәртіппен жүзеге асырылады.
Сот банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда(іс қозғау
негізіне қарамастан) банктің сот бекіткен арнайы басқарушысына(басқару
жөніндегі уәкілеттік берілген адамдарға) тапсырылады.
Банктің арнайы басқарушысы(басқару жөніндегі уәкілеттік берілген
адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметі туралы ай сайын хабарлап
тұруға міндетті.
Банкті қайта құруға қатысушы үшінші адам банктің басқа коммерциялық
ұйымға қосылуына немесе бірігуіне байланысты арнайы басқарушыға (басқару
жөніндегі уәкілеттік берілген адамдарға) оның(олардың) қаржылық әлеуетін
және банкті қайта құрудың мақсатқа сай екендігін негіздейтін қажетті
құжаттарды(деректерді) беруге міндетті.
Банкті еріксіз қайта құру сот белгілеген тәртіппен және ол бекіткен
кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.Банктің арнай
басқарушысының(басқару жөніндегі уәкілеттік берілген адамдардың) банкті
еріксіз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебі сот бекітеді.[5,79-87]
Аталған сот рәсімдері шеңберінде банкті қайта құру жүргізілгенін
растайтын ресми құжат күшіне енгеннен кейін бес күн мерзім ішінде банктің
құқықтық мұрагері болып табылатын ұйым екі республикалық газетте қажетті
ақпараттың жариялануын қамтамсыз етуге міндетті.
Банкті еріксіз тартуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның
қаржысы есебінен жүргізіледі.
Банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту
рәсімдерін жүргізуді жүзеге асырудың өзге де мәселелері уәкілетті органның
нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

3. Банкті тарату.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік
берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім
қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды
тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе тарату туралы шешім
қабылдаған заңды тұлға бұл туралы тез арада жазбаша заңды тұлғаны тіркеуді
жүзеге асыратын әділет органына жүгінуге міндетті.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы
шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және ҚР Азаматтық
Кодексіне сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.тарату комиссиясы
құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкін және істерін басқару жөніндегі
өкілеттік соған ауысады.Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға
атынан әрекет етеді.тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-
ақ оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы
ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында
жариялайды.талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден
бастап екі айдан кем бола алмайды.
[1,100-110]
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
1. банкрот болған;
2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта
бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге
асырылған;
4. тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжаттарында
тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше
рет өоескел түрде бұза отырып жүргізген жағдайда , соның ішінде заңда
белгілеген абыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық
табыс салығы туралы(жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер
туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды
тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе
нақты мекен жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл
ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар(қатысушылар) және
лауазымды адамдар болмаған;
5. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралыҚР Заңына
сәйкес банк:
• уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда(ерікті тарату), оның
акционерлерінің шешімі бойынша;
• Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
реттерде(еріксіз тарату) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиторларының мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді
ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау
мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.[2,44-45]
Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің
құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкілетті орган
бекітеді.Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктердің қызметін тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша
тоқтату және ҚР банк және банк қызметі туралыҚР Заңының талаптарын ескере
отырып,ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Ерікті тарату

Банк акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде өзін ерікті
түрде таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Өтінішке банктің қызметін тоқтату мерзімі және оған әзірлік
кезеңдері туралы акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен шаралар тізбесі,
банк міндеттемелері бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшін
банк қаражатының жеткіліктігін дәлелдейтін баланстық есеп, тарату
комиссиясының мүшелігіне кандидаттар, оның ішінде филиалдарда не
өкілдіктерде құрылатын оның бөлімшелерінің тізімі және басқа қажетті
мәліметтер қоса тіркелуі тиіс.Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның
нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.[6,65-70]
Банктің ерікті түрде тарауына рұқсат алу туралы өтінішін уәкілетті
орган тиісті түрде ресімделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі ай
ішінде қарауға тиіс.
Банкті ерікті таратуына рұқсат берген жағдайда уәкілетті органның
берген банкілік операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны сол
шешімнің күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға
қайтаруға тиіс.
Банкті ерікті түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда
уәкілетті орган бұл туралы дәлелді шешім қабылдап,банкке хабарлайды.Банктің
ерікті тарауына рұқсат беруден бас тартқан уәкілетті орган келесілерді
негізге ала отырып жүзеге асырады:
• Құжаттардың тоалық еместігі немесе тиісті дәрежеде толтырылмауы;
• Банктің есеп беру міндеттемелері бойынша құралдарының жеткілікті
болмауы.
Ерікті түрде тарауға рұқсат алғаннан кейін банк бұл туралы ақпаратты
әділет орталық органнының ресми басылымдарында жариялануға тиіс.
Ерікті тарату туралы өтінішке акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік
берген адам қол қойып, мынадай құжаттармен бірге уәкілетті органға ұсынады:
1) Тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, банкті ерікті
тарату туралы акционерлердің жалпы жиналалысының шешімі;
2) Акционерлердің жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Екінші деңгейлі банк қызметін бақылау мен қадағалаудың теориялық негіздері
Екінші деңгейлі банк
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банк операцияларын лицензиялау
Депозиттерге кепілдік беру қоры
Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы
Банктік капиталы
Банктердің басшы қызметтері
Пәндер