Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру



КІРІСПЕ .

І ТАРАУ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні.
1.2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері.
1.3. Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

ІІ ТАРАУ «БАЯН.СҰЛУ» АҚ.ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.
2.1. «Баян.сұлу» АҚ.ның экономикалық жағдайын талдау.
2.2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын басқару әдістері.
2.3. Өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және оны талдау.

ІІІ ТАРАУ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Нарықтық экономикаға өткеннен бері кейбір елдердің шығарылған өнім сапасы күннен күнге нашарлап барады. «Аргументы и факты» газетінің жүргізген сауалнамасы бойынша өнім сапасы жоғары болған ел Жапония болып шықты. Осыған орай біздің елімізде де өнім сапасына өте көп көңіл бөлінуде. Себебі сапа саласындағы жетістіктерге қарай Қазақстан экономикасының көптеген мәселелері шешіледі. Соның нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылыққа жедел арада біз де қосылуымыз керек. Қалай болғанда да Қазақстандағы кәсіпорындар өнімінің сапасына деген қатынас бертін келе өзгеріп келе жатқан сияқты. Мұндай құбылыстың себептері да баршылық: бәсекелестіктің болмауы, сапаның жоғары деңгейіне жетудегі ұлттық бағдарламаның болмауы, кәсіпорындардың бірден нарықтық жағдайға бейімдей ала алмауы, реттеудегі мелекет рөлінің азаюы. Негізінен алғанда сапа тауарды нарықта жылжытудың бірден-бір құралы болып табылады. Сол себептен ел экономикасы тұрақты және тиімді даму үшін сапаға, оның көрсеткіштерінің ілгері жылжуына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Жұмыстың мақсаты нарық жағдайында кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару болып табылады. Осы қойылған мақсатқа орай жұмыстың келесі міндеттері анықталды:
- нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастыру, сапа анықтамасын беру;
- «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің сапасына талдау жасау;
- Өнім сапасын көтерудің негізгі бағыттары мен жолдарын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу нысанасы - ҚР Қостанай қаласында орналасқан кондитер өнімдерін шығаратын «Баян-сұлу» АҚ.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ -

І ТАРАУ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні.
2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері.
3. Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

ІІ ТАРАУ БАЯН-СҰЛУ АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.
2.1. Баян-сұлу АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.
2.2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын басқару әдістері.
2.3. Өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және оны талдау.

ІІІ ТАРАУ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі
бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Нарықтық экономикаға өткеннен бері кейбір
елдердің шығарылған өнім сапасы күннен күнге нашарлап барады. Аргументы и
факты газетінің жүргізген сауалнамасы бойынша өнім сапасы жоғары болған ел
Жапония болып шықты. Осыған орай біздің елімізде де өнім сапасына өте көп
көңіл бөлінуде. Себебі сапа саласындағы жетістіктерге қарай Қазақстан
экономикасының көптеген мәселелері шешіледі. Соның нәтижесінде дүниежүзілік
шаруашылыққа жедел арада біз де қосылуымыз керек. Қалай болғанда да
Қазақстандағы кәсіпорындар өнімінің сапасына деген қатынас бертін келе
өзгеріп келе жатқан сияқты. Мұндай құбылыстың себептері да баршылық:
бәсекелестіктің болмауы, сапаның жоғары деңгейіне жетудегі ұлттық
бағдарламаның болмауы, кәсіпорындардың бірден нарықтық жағдайға бейімдей
ала алмауы, реттеудегі мелекет рөлінің азаюы. Негізінен алғанда сапа
тауарды нарықта жылжытудың бірден-бір құралы болып табылады. Сол себептен
ел экономикасы тұрақты және тиімді даму үшін сапаға, оның көрсеткіштерінің
ілгері жылжуына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Жұмыстың мақсаты нарық жағдайында кәсіпорындағы өнімнің сапасын
басқару болып табылады. Осы қойылған мақсатқа орай жұмыстың келесі
міндеттері анықталды:
- нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін
қарастыру, сапа анықтамасын беру;
- Баян-сұлу АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің сапасына
талдау жасау;
- Өнім сапасын көтерудің негізгі бағыттары мен жолдарын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу нысанасы - ҚР Қостанай қаласында орналасқан
кондитер өнімдерін шығаратын Баян-сұлу АҚ.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде
бүгінгі таңға дейін кәспорындағы өнім сапасын басқарудағы шетелдік,
отандық тәжірибелеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, кәсіпорын
құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар
алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, үш
тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында нарық жағдайындағы өнімнің сапасын
көтерудің теориялық мәселелерін қарастырылды. Бұл тарауда өнім сапасына
анықтамасын беріліп, оның көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сонымен қатар
өнім сапасына әсер ететін факторларға талдау жасалды.
Екінші тарауда Баян-сұлу АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің
сапасына талдау жасалды. Бұл тарауда басты назар кәсіпорында өндірілетін
өнім сапасын басқару әдістеріне аударылып, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне
талдау жасалды.
Үшінші тарауда халықаралық ИСО стандарттарына көшу туралы айтылған.

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1.1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні.

Ғылыми және арнайы әдебиеттерде өнім сапасына берген анықтамалардың
түр-түрлерін кездестіруге болады. Дегенмен де әбден қалыптасып, құлаққа
үйреншікті стандартты анықтама да баршылық. Өнім сапасы – бұл тауардың
тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетімен
шартталатын қасиеттер жиынтығы.
Сапа саласындағы белгілі американдық ғалым А.Фейгенбаум өзінің Сапа
билігін басқару атты еңбегінде өнім немесе бұйым сапасы ретінде келесі
түсінік береді: өнім немесе қызмет көрсету сапасын өнімнің немесе қызмет
көрсетудің техникалық, технологиялық және тұтынушылық сипаттамаларының
ортақ жиынтығы деп тануға болады...
Сонымен қатар, автордың дәл атап кеткені, өнім сапасы инженермен
емес, тіпті жалпы басқару әдістерімен де емес, тұтынушымен анықталады.
Басқаша айтсақ, сапаның негізін өнімді немесе қызмет көрсетуді
пайдаланудағы ұтынушының тәжірибесі жатыр.
Көптеген отандық зерттеушілер сапаны ғылыми-техникалық ілгері дамудың
айнасы деп те атайды. Өнім сапасын – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы.
Сапаға қарап қолданған техникалық, теехнология және басқару деңгейі
анықталады.
Сонымен қатар, өнім сапасы тек техникалық категоия болып қана
қоймай, аса маңызды экономикалық ктгория болып та танылады. Экономикалық
категория ретінде ол тұтынушылық құнмен тығыз байланысты.егер де
тұтыныушылық құн тауардың негізгі пайдалылығы болса, онда өнім сапасы
өнімді пайдаланудағы нақты жағдайдағы тұтынушылық құнның көріну деңгейі
болып табылады.
Өнім сапасы тұтынушылық құнның бір немесе бірнеше қасиеттерін сипатайды.
Сонымен қатар өнім сапасы экономикалық категория ретінде міндетті түрде
кәсіпорын қызметінің өзіндік құн, баға, рентабельділік, пайда жне т.б.
сияқты экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады.
Өнім сапасын арттыру маңызын макро- және микродеңгейлерде қарастыру
керек. Макродеңгейдегі өнім сапасын жоғарылату келес мүмкіндіктерді
береді:
- Тауар мен қызмет көрстулердің экспортын өсіру;
- Экспорт құрылымын жақсарту;
- ҒТП іс жүзіндегі дамуын жылдамдату;э
- Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
- Халық игілігін көтеру;
- мемлекет беделін көтеру және т.б.
Қарап отырсақ, өнім сапасымен көптеген мәселлер тығыз байланысты
болып келеді. Сонымен қатар өнім сапасы кәсіпорынның кез келген меншік
түріндегі басты және маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі нарық
жағдайндағы кәсіпорындар үшін сапалы өнім шығару әлдақайда маңызды
болып келеді. бұл ең алдымен кәсіпорын беделі мен имииджін қлыптастыруға
қажет. Жоғары деңгейлі имидж - бұл танымалдық, сатып алушылардың фирмаға,
оның өнімлдеріне, жарнамасына деген тұрақты және оң қатынасы. Нарық және
бәсеке жағдайында фирма сұранысқа ие сапалы тауар өнідірсе, оның болашағы
зор болмақ.
Сонымен, кәсіпорынның өнім сапасы мәселесінің шешлілуі – бұл жоғары
деңгейлі имидж, сыртқы және ішкі нарыққа шығу, неғұрлым пайда алу,
кәсіпорынның тұрақтылығы.

1.2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері.

Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткішетр жүйесінің негізінде анықталады.
Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп,
салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек.
Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады.
Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер
қолданылады:
- өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);
- тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар,
заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау,
унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.
- есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық
үлгілерді пайдалануға негізделеді;
- органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын
қарастырады;
- әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының
талдауының негізінде жүргізіледі;
- эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.)
тобымен іске асырылады.
Сонымен, жоғарыда берілген әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол
мынандай болып келеді:

1-Сурет. Өнім сапасын талдау әдістері
Сонымен қатар, іс жүзінде өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның
жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның
жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай
сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы,
халықарылқ стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және т.б.
Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де, олар өнімнің өзіндік
ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды үлкени екі топқа жинақтауға
болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат
құралдары.

3. Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар

Кез келген кәсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал тигізеді.
Сонымен қатар олар дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы факторлар болып
бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түрін де кесте арқылы беретін болсақ,
ол мынандай болып келеді:

Кесте – 1. Өнім сапасына әсер ететін факторлар

№ Факторлар
Ішкі Сыртқы
Ішкі факторларға кәсіпорынның тиесілі Сыртқы факторлар нарық
сапалы өнім шығару қабілетімен қатынасы кезінде өнім
байланысты факторлар жатады. Олар түрлісапасын қамтамасыз етуде
болып келеді. үлкен әсерін тигізеді.
Бұлардың қатары көптеген
түрлермен толығып отырады.
1 Техникалық. Өнім сапасына тікелей әсер Нарық және тұтынушылар
етеді. Сол себептен, жаңа техника мен талаптары.
технологияларды енгізу, жаңа
материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы
шикізат қолдану бәсекеге қабілетті өнім
шығарудың негізі болып табылады.
2 Ұйымдастырушылық. Еңбек және өндірістіБәсекелестік.
ұйымдастырумен, өнім сапасына деген
тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары
болуы, қызметкерлердің сәйкес келген
біліктілігімен, сапаны басқару мен оны
сертификаттау және т.б.
ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз
байланысты болып келеді.
3 Экономикалық. Өнім шығару мен оны іске Өнім сапасы саласындағы
асыру шығындарымен, өнімнің қажетті нормативті құжаттар.
сапасын қамтамасыз ету шығындарымен,
баға жасау саясаты және жоғары сапалы
өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін
қызмемткерлерді экономикалық ынталандыру
жүйесімен шартталады.
4 Әлеуметік-психологиялық. Ұжымдағы сау Кәсіпорын имиджі.
әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалдың
болуына, ыңғайлы жұмыс орынына,
қызметкерлердің өз өніміне деген
мақтанышының болуына ықпал етеді.

Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ, кәсіпорын
өндірісіндегі кейбір мәселлерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін
анықтау қиынға түседі, себебі олар бірін бірі толықтырып отырады да,
өнімнің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Ал сыртқы
факторлар жалпы өндірістің дамуына әсер етеді. Мысалы бәсекелестік
факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қослыуын
қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа
материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дәнекер де болады.
Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан екі кәсіпорын арасындағы бақталастықты
білдіреді. Сол себептен барлық ыңғайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға
жағдай жасайды. Бәсекелестіктің түрлері көп. Олар сала аралық және ішкі
салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық және бағалық емес
болып бөлінеді.
Сонымен қатар өнімнің сапасына ықпал етуші факторлардың бірі болып
стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ҒТП жылдамдатушылардың бірі
болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативті құжат
стандарт деп аталады. Стандарт стандарттау нысанасының ерекшеліктеріне
және оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:
- негізгі стандарттар;
- өнім мен қызмет көрсету стандарттары;
- үрдіс стандарттары;
- бақылау әдістерінің стандарттары.
Стандарттаудың жайылу көлеміне қарай олар келесілерге бөлінеді:
- ұлттық. Бір елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған
стандарт.
- Аймақтық. Стандарттау бйоынша халықаралық аймақтық органмен
қабылданған стандарт.
- Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология және сертификация
саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған
стандарт.
- Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ИСО)
қабылданған стандарт.

2. БАЯН-СҰЛУ АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.

2.1. Баян-сұлу АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.

Баян-сұлу АҚ Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім шығаратын
ірі кәсіпорындардың бірі. Фабрика 1974 жылы құрылып, содан бері
өнімдерімен тұтынушыларды қуантып келеді. Атаулы кәсіпорын өзгеріп келе
жатқан тенденциялармен қатар аттап, өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді.
Атаулы фабрика өнімдерінің ассортименті де баршылық. Олар жоғары
сапа талаптарына жауап береді. Баян-сұлу АҚ жоғары іскерлік беделіне
ірі отандық және шетелдік компаниялармен жасаған келісім-шарттары мен
әріптестігі кепіл бола алады. Атаулы фабрика Ресей, Украина, Белорусь,
Германия, Польша, Нидерланд, Дания, Финляндия және т.б. мемлекеттерінің
кәсіпорындарымен іскерлік қатынаста. Олардан өндірілген өінім ассортименті
мен өнім сапасын арттыру мақсатында түрлі қондырғылар мен құралдарды
сатып алады.
Баян-сұлу компаниясының ресми дилері ЖШС Интер Фуд Трейд
компаниясы болып табылады. Өндірілген өнім міндетті түрде кәсіпорынның
негізін құрайды. сол себептен, оның қаржылық жағдайын талдауға тоқталайық.
Баян-сұлу АҚ-ның қаржы–экономикалық жағдайын талдау оның объективті
бағасын ғана беріп қоймай, сонымен қоса экономикалық потенциалды тиімді
қолдану жолдарын анықтап, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік
береді.
Тұтынушы нарығының циклді дамуы мен құбылмалылығына байланысты,
шығарылған өнім түрлеріне сәйкес нарық конъюнктурасын жүйелі түрде бақылау
қажеттілігі туындап отыр. Бұл шығарылған өнім көлемін басқарудың тиімді
саясатын қалыптастыру мен кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін анықтау үшін
қажет.
Талдау жүргізу екі негізгі мақсатты көздейді:
- Баян-сұлу АҚ-ның мүлкінің көлемі, құрылымы мен құрамы және оның
міндеттемелерінің мөлшері мен жағдайы туралы түсініктеме беру;
- экономикалық тиімділік, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты
көрсеткіштірді Баян-сұлу АҚ үшін тауып, осы көрсеткіштердің даму
тенденцияларын анықтау.
Баян-сұлу АҚ қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіші болып
айналыс шығындары табылады. Кәсіорында өнім өндіруге кеткен шығындар
айналыс шығындары деп аталады.
Атаулы кәсіпорынның айналыс шығындары келесідей негізгі
көрсеткіштермен сипатталады:
- айналыс шығындарының абсолюттік сомасы;
- кәсіпорынның айналыс шығындарының деңгейі;
- шығын қайтарымдылығы деңгейі;
- айналыс шығындарының рентабельділік деңгейі.
Айналыс шығындарын талдау кәсіпорынның бухгалтерлік және статистикалық
қорытындылары және ағымдағы есеп беру материалдары негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорынның қаржылық қорытындысы оның шығындарды төмендетуіне
байланысты болады. Кәсіпорынның осындай мүмкіндіктерінің қандай екендігін
көру үшін, жылдар бойынша айналыс шығындарының құрылымы мен құрамын
қарастыру қажет

2-Кесте. Баян-сұлу АҚ-ның айналыс шығындарының құрылымы

Айналыс 2004 жыл 2005 жыл Ауытқу,
шығындары теңге
Сомасы, Табыс-тСомасы, Табыс-т
теңге ағы теңге ағы
үлесі, үлесі,
% %
Басқа ұйымдардың 431704 4,46 468295 4,7 36591
қызметтері (шикізат)
Автокөлікті жалға алу 97500 1,0 101630 1,02 4130
Еңбекақы 6115200 63,2 6165076 62,1 49876
Амортизациялық 37660 0,39 38080 0,38 420
аударымдар
Банктік қызмет көрсету76896 0,8 81684 0,82 4788
бойынша шығындар
Жалға алу 840000 8,7 842000 8,5 2000
Кеңсе шығындары 48110 0,5 50260 0,5 2150
Коммуналды шығындар 211100 2,2 241225 2,4 30125
Барлығы: 7858170 81,2 7988250 80,5 130080
Табыс (ҚҚС – ты 9675580 9925733 250153
есептемегенде):

Баян-сұлу АҚ бойынша 70% жуық шығындар Еңбекақы бабына келеді. Бұл
кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысының жоғары болуымен
түсінідіріледі. Сонымен қатар, кәсіпорын өнім ассортименттерін көбейтіп,
айналыс шығындарын арттырады. Кестеден көрініп тұрғандай, барлық баптар
бойынша өсу динамикасы байқалған.
Егер шығарылған өнім көлемі мен айналыс шығындарының өсу қарқынын
салыстырар болсақ, шығындардың 1,8 (, ал шығарылған өнім көлемінің 2,6 (
артқанын көреміз. Бұл 2004 жылы шығындарды жоғарлатудың тиімсіздігін
дәлелдейді.
Айналыс шығындарының сомасының шығарылған өнім көлеміне қатынасы
айналыс шығындары деңгейін береді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның сапалық
көрсеткіштерінің негізгісі болып табылады және шығарылған өнімні жалпы
құнындағы айналыс шығындарының үлесін көрсетеді.
Баян-сұлу АҚ үшін айналыс шығындарының деңгейі:

2004 жыл 7858 9676 *100 % = 81,2%

2005 жыл 7988 9926 *100 % = 80,5%

Баян-сұлу АҚ бойынша өндірілген көлеміндегі айналыс шығындарының
үлес салмағының артқаны байқалады. Бұл көрсеткіш кәсіпорын үшін қауіпті.
Кәсіпорын үшін шығындарды бақылап, оларды минималды көлемге дейін азайту
қажет. Бұл – пайданы арттыруға қажетті ішкі шаруашылық резервтерді
анықтаудың бірден – бір көзі болып табылады.
2005 жылғы материалдық шығындардың үлес салмағы 2004 жылмен
салыстырғанда 19,2 % - тен 18,0 % - ке дейін азайған.
Төмендегі кестеде Баян-сұлу АҚ –ның 2004 – 2005 жылдардағы қаржылық
көрсеткіштеріне талдау берілген.
Баян-сұлу АҚ бойынша 70% жуық шығындар жоғарыда атап кеткендей,
Еңбекақы бабына келеді. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық
еңбекақысының жоғары болуымен түсінідіріледі.

3-Кесте. Баян-сұлу АҚ –ның қаржылық көрсеткіштерінің
деңгейі мен динамикасын талдау
№ Көрсеткіштер 2003 жыл 2004 жыл 2003-жылға
қатысты
%-пен
1. Табыс (ҚҚС – ты 9676 9926 102,6
есептемегенде)
2. Айналыс шығындары 7858 7988 101,7
3. Өнімді өткізуден түскен269 349 129,7
табыс
4. Басқалай өткізулерден 79,8 85,3 106,9
түскен табыс
5. Өткізуден тыс 146,9 149,1 101,5
операциялардан түскен
табыс пен шығындар
сальдосы
6. Баланстық пайда 496 583 117,7
7. Кәсіпорынның иелігінде 347 408 117,7
қалатын таза пайда

Кестеден көрініп тұрғандай, қарастырылып отырған Баян-сұлу АҚ 2003
жылмен салыстырғанда 2004 жылы өндірілген өнім көлемін 250 мың теңгеге
немесе 2,6 % арттырған. Ал шығындардың 1,7 %- ке артуына байланысты, пайда
көлемі 17,7 % - ке өскен.
Кәсіпорынның жиынтық табысының қалыптасуының негізі болып өндірілген
өнімді сатудан түскен табыс табылады, сондықтан табысты басқару үрдісінде
оған үлкен рөл беріледі. Соңғы қаржылық қорытындыға өткізуден тыс
операциялардан түскен табыс пен шығындар (бағалы қағаздар бойынша
дивиденттер, валюта курсының өзгерулері) әсер етеді.
Кәсіпорынның қаржылық қорытындысының өзгеруі төрт фактордың өзгеруіне
байланысты:
- өндірілген өнім көлемі;
- өндірілген өнім құрылымы;
- айналыс шығындарының өзгеруі;
- өндірілген өнім бағасының өзгеруі.
Қаржылық қорытындының жоғарыда айтылған факторлар есебінен өзгеруі
келесідей байланыстар арқылы анықталады:
1. Қаржылық қорытындының көрсетілген қызмет көлемінің (∆Рр1) өзгеруіне
байланысты өзгеруін мына формула арқылы анықтаймыз:

∆Рр1 = Ро (К2 - 1),
(4)
Мұндағы
Ро – базисті қаржылық қорытынды;
К2 – өндірілген өнім көлемінің толық шығындар бойынша өсу коэффициенті
(К2 = S1 S2).
Бұл көрсеткішті Баян-сұлу АҚ бойынша есептейік:

К2 = 9676: 7858 = 1,231 ,
∆Рр1 = 347(1,231 - 1) = 80,2
2. Қаржылық қорытындының көрсетілген қызмет шығындарының 1 теңгеге өзгеруі
салдарынан өзгеруі келесі формула бойынша анықталады:
∆Рр3 = (S1 Qр1 – Sо Qро) Ро,
(5)

Мұндағы

Qро – базисті кезеңде өндірілген өнім көлемі;
Qр1 - есепті кезеңде өндірілген өнім көлемі;
Sо - базисті кезеңдегі өндірілген өнім змет шығындары;
S1 – есепті кезеңдегі өндірілген өнім шығындары;

Баян-сұлу АҚ бойынша бұл көрсеткіш 2003 – 2004 жылдар үшін:
∆Рр3 = (7988: 9926 – 7858: 9676) 347= 34,7 мың
теңге
3. Қаржылық қорытындының өткізу құрылымының өзгеруі есебінен өзгеруін
төмендегі формула бойынша анықтаймыз:
∆Рр2 = Ро (К1 – К2),
(6)
Мұндағы
К1 – есепті кезеңдегі баға бойынша өткізу көлемінің өсу коэффициенті
(К1 = Qp1 Qpo).
Осы есептеулерді Баян-сұлу АҚ бойынша есептеп табамыз:
К1 = 9926: 9676 = 1,026 ,
∆Рр2 = 347(1,026 – 1,231) = - 71 мың теңге
Қаржылық қызметті факторлық талдау қорытындысы кесте көрсетілген:
Кесте
4-Кесте. Баян-сұлу АҚ-ның пайдасын факторлық талдау қорытындысы

Өндірілген өнім көлеміне 2005 жылы 2004 жылмен
байланысты қаржылық қорытындының салыстырғанда,
өзгеруі мың теңге
Қаржылық қорытындының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері
«Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі
Пәндер