Моғолстанның құрылуы және ыдырауы



І. Негізгі бөлім.
1. Моғолстанның құрылуы және ыдырауы.
2. Шағатай ұрпағының басқарған кезеңі.
ІІ. Қорытынды.
Моғолстанның күйреу себептері.
Қолданылған әдебиеттер
XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан импереасының жерінде тағы бір хандық – Моғолстан мемлекеті құрылды. Ол шағатай әулеті иеліктерінің шыңыс бөлігінде қалыпасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық – Темір хан (1348 – 1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы – тасты, өзенді – көлді, ашық далалы жерлерді мекендеген түкі тектес тайпалардың басын қосты. “Моғолстан” тарихи жағрафиялық термині “моңғол” атауынан шыққан. “Моңғол” есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде “моғол” деп айтылып жазылатын боғлан.
1. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы 1 – кітап. “Ежелгі заманнан 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін”.Алматын, 2004.[110-115]
2. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы,1995. [236-239]
3. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылуы/Қазақ тарихы.1995.№4,5,6.[76-77]

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Негізгі бөлім.
1. Моғолстанның құрылуы және ыдырауы.
2. Шағатай ұрпағының басқарған кезеңі.
ІІ. Қорытынды.
Моғолстанның күйреу себептері.
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан импереасының жерінде тағы бір
хандық – Моғолстан мемлекеті құрылды. Ол шағатай әулеті иеліктерінің шыңыс
бөлігінде қалыпасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің
бірінің баласы - Тоғылық – Темір хан (1348 – 1362 жж.). Ол Шығыс
Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор,
таулы – тасты, өзенді – көлді, ашық далалы жерлерді мекендеген түкі тектес
тайпалардың басын қосты. “Моғолстан” тарихи жағрафиялық термині “моңғол”
атауынан шыққан. “Моңғол” есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы
тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде “моғол” деп айтылып жазылатын
боғлан.

Моғолстан хандығы және оның ыдырауы
(1348-1508 ж.)

Моғолстанның құрылуы Шағатай мемлекетінің (ХІV ғасырдағы парсы тілді
авторлардың айтыуы бойынша: Мұлқ шағатай) құлауымен байланысты болып
келеді. Орта Азиядағы моңғолдар құрған мемлекеттің аты шыңғыс ханның екінші
ұлы Шағатайдың есімімен аталады.
Ұлы ханға тәуелді болмаған саяси бірлік түріндегі Орта Азиялық
шыңғыстықтардың мемлекеті – Хайду мемлекеті. Хайду (ол 1301 жылы өлген)
билеген кезде мемлекеттің құрылымы өзінің толысу шегіне жетті. Жамал
қаршының сөзіне қарағанда, Хайду әділетті, қайырымды, жұмсақ мінезді,
елінің мүддесін қорғайтын білімді мұсылмандарға қамқор хан болған. Хайду
өлгеннен кейін мемлекеттегі бірінші адам – талантты және ширақ Тува (Дува)
– шағатайлық Барақ ханның ұлы болды. В.В. Бартольдың айтыуына қарағанда,
оны шағатай мемлекеттінің негізін салушы ретінде танып – білу керек.
Бірақ Шағатай мемлекеті көп тұрған жоқ. Өзара тартыстың әсерінен әлсіреген
хандық биліктің беделінің түсуі әскери көшпелі қауымның алға шығуына
себепші болды. XIV ғасырдың 40 және 50 – жылдары ол оны шақты иелікке бөліп
кетті. Сол кезде Шағатай мемлекеттінің шығыс жақ бір бөлігін моғолдар деп
атады. Сол сөз осылайша халықтың аты ретінде айтылып және жазылып қалды.
Сол кезде осы атаудан географиялық парсылық моғолстан атауы пайда болды.
Бұл географиялық бөлікке кейіннен Жошы ұлысының оңтүстік шағын бөлігі де
енді.
Орта ғасырдағы тарихшылардың келтірген деректеріне қарағанда, XIV ғасырға
таман осындағы ру – тайпалар моғол деп аталған. Бірақ бір кездегі моғол
сөзі қалыптасқан халықтың аты емес, әскери – саяси одақтың аты долған еді.
XIV ғасырдың ортасында осы моғол одағы негіз болып құрылған хандық
Моғолстан деп аталады. Алайда тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер
көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалының тәуелді иелігі
болған Маңғылай Сүбе өлкесі моғолстанға кейде қосылып, кейде бөлініп кетіп
отырды. Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар -
Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Керей, Арғын, Найман т.б. Бұлардың басым
көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түркі тілдес тайпалар, олардың
ішінде жергілікті түркі тілдес халықтарға сіңіп, түркіленіп кеткен монғол
тайпалары да болды. Шын мәнісінде Моғолстанның негізгі халқы қазіргі
қазақтар еді. Моғолстанның алғашқы ханы – Тұғлық Темірдің моғолдарға ислам
дінін таратып, қалыптастыруға көп күш салуы оның беделін арттырды,
үстемдігін нығайта түсті. Тұғлық Темір 1348 жылы 18 жасында хан тағына
отырды, 22 жасында мұсылман болды.
Моғолстан шекарасы мырза хайдардың Тарих – ир – Рашиди атты кітабында
былай баяндалады: Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен
ұзындығы 7 – 8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғолстанның шығыс шеті
қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады.
Солтүстігінде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом және Қараталмен, батысында
Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыш және
Турфанмен шектеседі. Яғни сол кездегі Моғолстанға қазіргі оңтүстік – шығыс
және Оңтүстік Қазақстан жер аумағы кірген.
Одан әрі қарай Хайдар былай жалғастырады: Моғолстанда үлкен өзендер көп,
үлкендігі Джейхунға (Амудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс,
Шұйлық және Нарын (бар). Бұл өзендер Сырдариядан кем түспейді. Бұл
өзендердің көп бөлігі Көкше теңіз (Балқаш) көліне құяды, ол Моғолстан мен
Өзбек ұлысының ортасын да бөліп тұр. Бұл мемлекет Шағатай ұлысының бір
бөлігі еді, ал екінші бөлігінде Мауараннаhр өмір сүріп жатты.
Моғолстанның құрамына Түркістан, өңтістік – шығыс Қазақстан облыстары
және орта Азияның кейбір облыстары кірді. Моғолстан ортағасырлық
авторлардың тарихи деректерінде мемлекет өзінің құрылу кезеңдеріне қарай
моғол атты этникалық – саяси бір тұтастыққа енудің ұзақ араласу және
сіңісу процесінен өткен жергілікті түркі және түркіленген монғол
тайпаларының мемлекеттік – саяси бірлестігі болып көрінеді. Оған кіретін
тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар,
барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы болды.
Моғолстан бұрынғы шағатай ұлысының және Жошының оңтстік – шығыстағы
әскерлеріне толық билік жүргізді. Көксеген Тұғлық – Темір Мауарыннаhр
өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмеңдінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін
құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол
1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жыл өткен соң
ірі соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагер ұлы Абдолла да қаза тапты.
Осыдан кейін Мауараннаhр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл
жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық – Темір олпрды бағындыруға
кірісті. 1360 жылдары Тоғылық – Темір орта Азиядағы Шағатай мемлекетін
бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін Мауараннаhрға екі рет жорық жасап,
екеуін де жеңіспен аяқтап, баласы Ілияс Қожаны хан тағына отырғызып
қайтады. Моғолстанға келгеннен кейін көп кешікпей Тоғылық – Темір хан
қайтыс болады.
Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи – ир - Рашидида Тоғылық –
Темір хан өзі мұсылман болуымен бірге Моғолстанда ислам дінін
қалыптастыруға мейлінше күш жұмсағандығын, соның нәтижесінде халықтың ислам
дініне жаппай ден қойғанын баяндай келіп, Моғолстанда бір күн ішінде 160
мың адам мұсылиан болды дейді. Ортағасырлық күншығыстағы идеологияның
тірегі – ислам дінін қабылдау және қалыптастырудағы еңбегі оның беделін тек
Моғолыстанға ғана емес, тіпті моғолстандықтарды мәжуси шаталар деп
кемсітетін мауараннаhрлық мұсылмандар ішінде де арттыра түсті.
Моғолстандағы ішкі феодалдық тартыс әскери – феодалдық тұрпаттағы
ақсүйектердің хандық өкіметке қарсы күресінен басталды. Дулат тайпасының
белді билеушілерінің бірі – Қамариддин Дулати бұрыннан ханға қарсы болып
келген адам еді. Өзінің хан болуға құқы болмағандықтан, ол айтқанына
көнетін әлі жас Шағатай әулетінен шыққан Дува ханның немересі 18 жасар
Тоғылық – Темірді 1348 жылы Моғолстан хандығыныңтағына отырғызған деп
көрсетеді. Хандық өкіметке қарсы күрескен Қамариддин Дулати осы оқиғадан
соң Моғолстанның беделді билеушісіне айналды. Алайда, әскери – феодалдық
ақсүйектер билеген бір – бірінен шалғай жатқан көшпенді және жартылай
көшпенді ұлыстар мен тайпалардың басын біріктіру Қамариддин Дулатиға оңай
түспейді.
XIV ғасырдың 70 – 90 – жылдарындағы Орта Азия билеушісі Әмір Темір
Моғолстан мен Ақ Ордаға қайта – қайта шапқыншылық жорықар жасады. Әмір
Темірдің Моғолстанға жасаған алғашқы жорығы 1371 – 1372 жылдары басталды.
Бұл жорықты Әмір Темірдің әскерлері Алмалық маңына дейін келді және осы
өңірдегі керей тайпасын талан – таражға ұшыратты. Әмір Темірдің шапқыншылық
жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан халқына ауыр азап шектірді. Егін
шаруашылығы бүлінді, қала – қыстақтар қирап, сауда мен қолөнер құлдырап,
мал басы кеміп кетті. Моғолстан билеушісі Қамариддин Дулати Еңке төремен
тізе қоса отырып Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы күрес жүргізіп,
Моғолстанның ерікті елдігін қорғауға елеулі үлес қосты. XIV ғасырдың 80 –
жылдарының соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы
саяси одағы құрылды. Бұл одаққа Моғолстан билеушілері - Әмір Қамариддин
Дулати, Еңке төре және Ақ орданың билеушісі Орыс хан мен Тоқтамыс кірді.
Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға жұмылдыру арқылы
Шығыс Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып,
тәуелсіздігін сақтап қалды. Әмір Темірмен болған күрестегі сәтсіздіктер
салдарынан Қамариддиннің мемлекеттік билігінің әлсіреуін пайдаланған ұлыс
бегі Құдайдат 1389 жылы Тұғлық – Темірдің баласы Қызыр Қожаны хан тағына
отырғызады (1389 – 1399 ж.) Бірақ хан деген атағы ғана еді, іс жүзінде
билік Әмір Қамариддин Дулатидің қолында болды. Қамариддин қайтыс болған соң
ғана Қызыр Қожа хан өлген соң, оның балалары: Шаки Жаhам, Мұхаммед оғлан,
Шерғали хан, Шаh Жаhан хандар билеген кездерде өзара талас – тартыс қайта
өршіді. Бұл тартысқа Шағатай әулетінен шыққан Шерғали оғланның баласы Уәйіс
хан араласты. Уәйіс хан тегінде Қызыр Қожа ханның тағы бір баласы
Шермұхаммед оғлан Мауараннаhрдағы Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің (1394 –
1449 ж.) әскери көмегіне сүйене отырып, Моғолстанның хан тағын қайтарып
алды да, 1425 жылға дейін Моғолстанды аз ғана уақытқа біріктірді. Уәйіс хан
Шермұхаммед ханға қарсы бірнеше рет ұрыс жүргізіп, Тараз маңында болған
шайқаста жеңілген соң, Моғолстанның шығыс – оңтүстік жағына қашып кетті.
Сол маңда көшіп – қонып жүріп өз жағына күш топтап, жақтастар жинады. Бір
мезгіл Оңтүстік Шинжандағы Топ, Катек және Сары ұйғыр аталатын жерлерді
мекен етіп, 1422 жылы Тұрфан атырабын басып алды. Осы кездерде Әмір Темір
әулетінің Қашқарды Моғолстаннан бөліп әкету әрекетіне қарсы қажырлы күрес
жүргізді.
ХV ғасырдың 70 – жылдарында Моғолстан ұлысын басқарған Жүніс хан (1462 –
1487 ж.) Тащкент пен Ферғанадан бастап Ақсу мен Қашқарияға дейінгі аралықты
қамтыды. Бірақ ол Жетісуға билік жүргізе алмады. Ал оның баласы Сұлтан
Ахмед хан 1484 жылы моғол және қырғыз шонжарларының көмегімен Жетісудың
оңтүстік бөлігі мен Тянь – Шаньда дербес хандық құрды. Бірақ ол 1508 жылы
Ақсуды билеп тұрған Ахмед ханның баласы Мансұр Қасым хан бастаған қазақ
тайпаларының, Тянь – Шаньдағы қырғыздардың және Қашғар билеушісі Әбу – Бәкр
Дулатидің (1480 – 1514 ж.) қысымына шыдай алмай, Тұрфанға кетуге мәжбүр
болды.
ХV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында моғолстан бірнеше феодалдық
иеліктерге ыдырап кетті. 1508 жылдан кейін Жетісу содан қайтып Моғол
хандарының билігінде болған жоқ. Қасым хан Жетісудың негізгі бөлігіндегі
қазақ тайпаларына бірте – бірте өз билігін орната бастады. Моғол ханы
Сұлтан Сайд 1514 жылы Қашғариядағы Моғолия деп аталатын жаңа мемлекет
құрды.
Сұлтан Сайд хан бастаған моғол шонжарлары Моғолстанның бұрынғы шекарасы
қалпына келтіруге тырысып Тянь – Шаньға әлденеше рет (1517, 1522, 1524 –
1525 жылдары) жорыққы аттанды, бірақ ьәрі нәтижесіз аяқталды.
Жетісу мен Тянь – Шаньдабағындыру әрекеті Рашид хан тұсында да (1533 –
1565 ж.) байқалды, бірақ бәрі сәтсіздікке ұшырады. Моғолстанның ыдырауына
және Жетісудағы Моғол хандары билігінің жойылуына байланысты жергілікті
тайпалар мен рулар қазақ халқының негізгі құрамына енді. Осының нәтижесінде
монғол шапқыншылығынан бері Жетісу мен Қазақстанның қалған бөлігінде
халықтар арасында жасанды түрде үзілген шаруашылық, саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған мемлекеттер
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
Моғолстанның құрылуы
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы жайлы
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Моғолстанның алғашқы хандары
Моғол хандығы
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Пәндер