Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуы


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

БИЗНЕСТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
1.1. Бизнес ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Бизнес түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бизнес экономикалық қызметтiң басқа тѕрлерiмен салыстырғанда өзiнiң жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Бизнесмен үнемi жаңа өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру ѕстiнде болады.
Бизнесменнiң iскерлiгi жөнiндегi французар бизнесмендi бiр орынында қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшiмен теңейдi.
Бизнес жоғары денгейдегi өзiнше iс-қимыл тануды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершiлiктi қажет етедi. Оның алабөтен ерекшелiгi ретiнде нар тәуекелдiлiкке құрылуы мен ѕнемi шығынға ұшырау қаупiнiң болатындығын айтуымыз керек.
Бизнестiң аталмыш қасиеттерi жетiлдiрiлуге, жұмыстың тиiмдi әдiстерiн iздестiруге итермелейдi, ал мұның өзi өз кезегiнде қоғамды экономикалық және әлеуметтiк өркениетке алып келедi.
Әдебиеттер тізімі
1. Баканов М.И. Шеремет А.Д. Теория экономического анализа.
2. Барнгольц С.Б. Тация Т.М. Экономический анализ хозяйственной
деятельности предприятий и обеденений. Москва Финансы и
статистика,1986.
3. Гусева Е.Г. "Управление производством на предприятии" учебно-практическое пособие - М. : МГУЭСИ, 1999.
1. Дюсембаев К.Ш., басқалары. Қаржылық талдау. Алматы, 2000
2. Ильенкова С.Д. "Экономика и статистика фирм" - М.: Финансы и статистика, 1996. - 240с
3. Ковалев В.В. «Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчётности. - М.: Финансы и статистика, 1998 - 512с.
4. Крейнина М.Н. "Финансовый менеджмент" учебное пособие. - М.: Издательство "Дело и Сервис", 1998. - 304с.
5. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки.- М. .: ИКЦ «Дис, 1997- 224с.
6. Лысенко И. А. “Финансы предприятия: имущество, фонды, налоги”, М., ИПИО “Приз”, 1998.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 20 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуы

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

(. БИЗНЕСТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
1.1. Бизнес ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Бизнес түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың
ұйымдық формалары.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бизнес экономикалық қызметтiң басқа тѕрлерiмен салыстырғанда өзiнiң
жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Бизнесмен үнемi жаңа
өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды,
материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды,
байланысты және тағы басқаларын iздестiру ѕстiнде болады.
Бизнесменнiң iскерлiгi жөнiндегi французар бизнесмендi бiр орынында
қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшiмен теңейдi.
Бизнес жоғары денгейдегi өзiнше iс-қимыл тануды және экономикалық
таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершiлiктi қажет етедi. Оның алабөтен
ерекшелiгi ретiнде нар тәуекелдiлiкке құрылуы мен ѕнемi шығынға ұшырау
қаупiнiң болатындығын айтуымыз керек.
Бизнестiң аталмыш қасиеттерi жетiлдiрiлуге, жұмыстың тиiмдi әдiстерiн
iздестiруге итермелейдi, ал мұның өзi өз кезегiнде қоғамды экономикалық
және әлеуметтiк өркениетке алып келедi.

(. БИЗНЕСТIҢ ТЕОРИЯЛЫІ НЕГIЗI
1.1. Бизнес ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және
бизнестiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу
тұрғындарды бизнеске кеңiнен тарту арқылы ғана мѕмкiн болады.
Бизнес – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан
қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда (бизнес( (business( сөзi
iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше (бизнесмен( (business
men( сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.
Американдық экономист Й.Шумпетер бизнестi өндiрiстiң төртiншi факторы
ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың
белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы кѕшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың
iс –қимылын кѕшейтушi фактор ретiнде тѕсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, (бизнес( терминiнiң iшкi мазмұны сан
қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша
анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория
ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға
тырысады.
Ең алдымен бизнестi пайда табу немесе басқадай әдiспен олжалы
болуымен байланысты қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi бизнестiң ең
басты белгiсi және оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз iскерлiктiң
өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға елестету қиын.
Бизнесмендердiң экономикалық қарым-қатынасы бiр-бiрімен тығыз араласып
кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң жеке
пайдасын, оның үстiне бизнеске қатысушы басқалардың есебiнен пайда табуды
ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай, сонымен қатар
ортақ iске қатысушы басқа да бизнесмендердiң пайдалы болуын көздеп
ұйымдастыруы керек. Бұл тұрғыдан алғанда (пайда(, деген сөздi (зара пайда(
деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар дамыған елдерде бизнес
жеке адамдардың, кәсiпорындардың немесе ұйымдардың бiрлесе отырып,
табиғат байлығын игеру, өндiру, тауарларды сатып алу және сату немесе
басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет қызмет
көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделi адамдар мен ұйымдардың
өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретiнде қарастырылады. Сонымен,
бизнес басқа жақтың шығынға және алдауға түсiп қалу есебiнен тек қана
бiр жақтың пайда табуына жол бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн
байқаймыз.
Бизнестiң өзiне тән бiр белгiсi – ол жеке меншiкке, өндiрiс
факторларына негiзделедi. Себебi, жеке меншiк өзiндiк, отбасылық, топтық
және акционерлiк, яғни ұжымдық сияқты әр тѕрлi болып келедi. Бұл мемлекет
iскерлiк қызметпен айналыса алмайды дегендi бiлдiрмейдi. Бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттiк әлеуметтiк –экономикалық бағдарламаларды
iске асыруды бұл жағдайда мемлекеттiк тапсырыс ретiнде мемлекет қаржысына
бизнесмендер орындай алады. Мемлекет әлдебiр iскерлiктi немесе жекелеген
бизнесмен топтарын қолдау жолымен бизнеске қатыса алады. Экономикасы
дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы мұндай мемлекеттiк қолдауды,
бизнестi жѕзеге асыру үшін жеңiлдiк жасауды ұсақ iскерлер, шаруа
қожалықтары немесе тұтастай өндiрiстiк немесе агробизнес пайаланады.
Бизнес экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда өзiнiң
жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Бизнесмен ѕнемi жаңа
өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды,
материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды,
байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады.
Бизнесменнiң iскерлiгi жөнiндегi французар бизнесмендi бiр орынында
қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшiмен теңейдi.
Бизнес жоғары денгейдегi өзiнше iс-қимыл тануды және экономикалық
таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершiлiктi қажет етедi. Оның алабөтен
ерекшелiгi ретiнде нар тәуекелдiлiкке құрылуы мен үнемi шығынға ұшырау
қаупiнiң болатындығын айтуымыз керек.
Бизнестiң аталмыш қасиеттерi жетiлдiрiлуге, жұмыстың тиiмдi әдiстерiн
iздестiруге итермелейдi, ал мұның өзi өз кезегiнде қоғамды экономикалық
және әлеуметтiк өркениетке алып келедi.
Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi - бизнесменге
оның қым-қиғаш қызметi мен коммерцияық идеяларын iс жѕзiнде асыру
жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару
саласындағы iрi маман Макс Вебер бизнестi ақыл -ойдың дәнiн себушi
ретiнде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Иозеф Шумпетер iскерлiктi
экономиканың басты факторы, оның дамуының негiзгi қозғаушысы еп санаған.
Белгiлi ағылшын экономисi Джон Мейнард Кейнс iскердiң бойында болуы тиiс
төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын
болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге
сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне
қалдыру ниетiнiң болуы.
Нағыз бизнесменнiң бойынан табыатын осы қасиеттер тiзбесi сырттан
қарап тұрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi, оның
ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами қасиеттерi
жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi хаос
билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық игiлiктерге қол
жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен моральдiң
сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып тұрғанда мафиялық құрылымдар
табысқа жетуi мѕмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.
Тауарлар мен қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi қалыптасқан кезде
бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде
бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар орын
алмайы. Ал жоғары кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып
тастайды.
Бизнес немесе iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мѕлкiнiң
жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе
олардың топтарының пайда немесе басқалай тѕрiнде экономикалық олжа
табуға бағытталған кез келген қызметi.
Сонымен қысқаша айтқанда бизнес- нарықтық экономика жағдайында
адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген экономикалық қызметi.

1.2. Бизнес түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың пiкiрiнше бизнес –
коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Бизнес нарықтық қатынас жағдайында
экономиканың барлық жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық қамтамасыз
ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi өндiрумен,
бөлумен, айырбаспен және тұтынумен байланысты қызметтiң басқа да түрлерiн
қамтитын көп қырлы қызмет.
Қызметтiң мәнiне байланысты бизнес өндiрiстiк, саудалық, қаржылық,
делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың әрқайсысының
мазмұнын қарастырайық:
Өндiрiстiк бизнес. Өндiрiстiк бизнеске негiзiн материалдық, рухани
және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң тѕрi жатады. Бұл
-iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғана ең қажеттi, өте салмақты, кѕрделi,
сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер өндiрiстiк бизнес болмаса, мысалы,
коммерциялық бизнестiң материалдық негiзi болмас едi.
Өндiрiстiк бизнес бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. ґндiрiстiк бизнес бұл тұтынушыларға
өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық)
игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын
iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады,
бiрақ бұл бiрдi—екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк
iскерлер өз бизнесiне отбасы мѕшелерiн, туған-туыстарын (мысалы, шаруа
қожалықтарында) тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн
пайдаланады.
Өндiрiстiк бизнестi жүзеге асыру үшін өндiрiстiң бiрқатар факторларын
сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар
және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-М) керек.
Бұл үшін бизнесмен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден, өндiрiс негiзгi қорсыз
(ОС) –жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз, құрал жабдықсыз және тағы
басқаларсыз өмiр сѕре алмайды. Егер iскерде бұлардың барлығы жоқ болса,
онда сатып алуға немесе жалға алуға тура келедi. Бұл үшін де ақша (До)
керек. өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт бойы қызмет етедi, сондықтан
бизнесменнiң шығыны белгiлi –бiр өндiрiлген өнiмнiң көлемiне
аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады. Үшiншiден бизнесмен өндiрiстi
жѕргiзу үшін жұмысшылар жалдауы (РС) қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да
төленуi тиiс. Осы шығындардың ѕстiне iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi
қажет. ґйткенi, iскерлiк қызметке кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк
құнына кiредi.
Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi
сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және
басқаларына шығын шығару керек болады. ґндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т)
алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде бизнесменнiң ақшалай қаржы (Дт)
табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн –өзi
ақтап, бизнесменге белгiлi –бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша айтқанда,
бұл жағдайда Дт- Дм, До,Др, қосымша шығындар мен салықтан көп болып,
iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда iскерлiк
өзiнiң мәнiн жояды.
Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық
тұрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк
бизнесте iстiң бұл формалды жағын айналып өту мѕмкiн емес.
ґндiрiсiтiк бизнес- қолға тѕсе бермейтiн және қымбат өндiрiс факторын
қажет ететiн өте кѕрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер қазiргi
жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып отыр.
Бұған қоса жаңадан пайда болған бизнесмендердiң төмен бiлiктiлiгi,
өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие болмауы, жеңiл пайда табу
көздерiнiң баршылығы. Бизнестiң бұл тѕрiне iскерлердi көбiрек тартуға
кедергi келтiруде.
Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген мемлекет экономикасының
және жалпы бизнестiң негiзi болып табылады. Сондықтан да егре сол сәтндегi
арзан табысты ойламай, болашағы мол тұрақты бизнеске ұмтылатын болсақ,
онда дәл өндiрiстiк iскерлiктi дамыту өте қажет.
Коммерциялық бизнес. Коммерциялық немесе саудалық бизнес- бұл
тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң
бастапқы мағынасында сауда Ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар
айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер,
бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты.
ґйткенi,өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау
керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап, қандай
да бiр болсын өнiмнiң тѕрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге
әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi сызбасы қажеттi
факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске ақарағанда әлде
қайда қарапайым.

Сауда операциясының негiзгi формуласы: сату кезiнде (тауар-ақша( және
сатып алу кезiнде- (ақша-тауар(. Коммерциялық бизнесте сату –сатып алу
операциясынан басқа (тауар-тауар( (тауар үшін-басқа тауар немесе қызмет)
формласы бойынша тауар айырбастау, бартер жѕзеге асырылады.
Коммерциялық iскерлiктiң өзегi тауар бағасының айырмасы болып
табылады. Мысалы, өнiмнiң кейбiр тѕрлерiн өндiретiн жерлерде сол өнiмнiң
бағасы басқа ауданарға қарағанда әлде қайда арзанырақ болады, мiне,
коммерсанттар осы жағдайды пайдаланады. Келесi жағдайда (яғни, тауарды
сатып алу-сату iрi партиямен жѕзеге асырылады) және бөлшек сауда арасындағы
айырмашылықты айтуға болады. мұндай жағдайды белгiлi –бiр тауардың бағасы
бөлшек сауаға қарағанда көтерме саудада әлде қайда төмен. Бағаның бұл
айырмашылығында тауарды арзанырақ бағаға сатып алып зжәне одан әлде қайда
жоғарырақ бағамен сататын коммерсант (саудалық бизнесмен) әлбетте пайдалана
бiледi.
Былай қарағанда қарапайым көрiнетiн коммерциялық бизнес ((арзан сатып
алдым- қымбат сатамын() шын мәнiсiнде iлде қайа кѕрделi.
Сұранысқа ие тауарды тауып, оны сатып алу, оны сақтау, тасмалдау,
сауда кәсiпорнына жеткiзу, сату алдынағы дайындық, сатып алушыларға
қызметкөрсету-мiне, коммерсанттың кѕш-жiгерi мен шығынының толық емес
тiзiмi осындай. Мұның ѕстiне егер сол бизнесменнiң өзiнiң және жалдаған
жұмысшыларының еңбек ақысына кететiн, сауда орындарын және басқа құрал
–жабдықтарды алу немесе жалға алуға, оларды күтiп баптауға, сатып
алушыларға саудадан кейiн көрсетiлетiн қызметке (тауарды үйiне жеткiзу,
орнату, кепiлдiк беру), сауда операцияларының құжаттық дайындалуына
кететiн шығындарды, сондай -ақ салықты қоссаңыз, онда коммерсанттың қызметi
iс-жүзiнде сауда бизнесiнiң принциптi схемасына қарағанда әлде қайда
кѕрделi болып шыға келедi.
Жалпы, коммерцияда өндiрiстiк iскерлiктегiдей де бизнестiң көп
факторлары жұмсалады.
Қаржылық iскерлiк. Саудалық бизнеске әлде қайда жақын тұрған қаржылық
iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату жатады.
Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар айналымға
тѕседi.
Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа тѕрлерiн жѕзеге
асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды
сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын
төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн тұрақты жұмсауды қажет
етедi. Әрине, әлде бiр бизнесмен өз iсiн жѕргiзу үшін жеткiлiктi мөлшерде
ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.
Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi –бiр бизнес-операцияның
басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi,
сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге
қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мѕмкiн, осыған қарай ол заемдық
көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында
отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап отырса да,
шетелдiәк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшін шетелдiк валютаны
сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi бизнесмен белгiлi –бiр табыс табу үшін
өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында банкiге салады немесе
акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне, осындай, сондай-ақ
көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда болады. Онда ақша,
заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жѕргiзiледi. Осындай рынокте өз
бизнесiн жѕргiзетiн және қарыжылық бизнес операциясын жѕргiзу есебiнен
пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi.
Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi схемасы мынадай:

Бизнесмен (схема-4) ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы
қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып
алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып тѕсетiн Дт-ға сатылады.
Дт мен Дф –ның арасындағы айырмашылық қаржылық бизнесменнiң тапқан пайдасы
болып есептелiнедi.
Бизнесмен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның кейiннен
қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз тѕрiнде салым
салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшін өзiнiң ақшалай салымын (Дс)
пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие тѕрiнде депозиттен жоғары несиелiк
пайыз үшін берiледi.
Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық
қаржылық iскер –несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады.
Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы
көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте кѕрделi. Қаржы көздерiн
операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы
бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.
Қаражылық iскерлiк Қазақстанда қалыптасу және бастапқы даму кезеңiн
бастан кешiруде. Тiптi қазiрдiң өзiнде коммерциялық банктер өз жұмыстарын
дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жабылып қалуда. Алайда, соған қарамастан,
мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, кәсiпорындарды акционерлендiру,
жеке бизнестiң пайда болуы мен дамуы және осы жанғаруларға байланысты
акцияларды, басқа бағалы қағаздарды (мысалы, купондар) сатып алу-сату
операцияларының кең етек жаюы, несиелiк қарым –қатынастар мен валюталық
операциялардың кеңiнен жѕргiзiлуi қаржылық бизнестi дамыту үшін нақты
негiз бола алады.
Делдалдық бизнес. Жоғарыда қарастырылған бизнестiң өндiрiстiк,
коммерциялық (саудалық) және қаржылық тѕрлерi iскерлiктiң тағы бiр тѕрi
делдалдық бизнестi дѕниеге әкеледi. Бұл ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуы
«Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы»
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының ақпараттық- технологиялық дамуы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь