Тасымалдау шарты жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


1.Тасымалдау шартының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Тасымалдау шартының ұғымы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..6
3.Тасымалдау шартының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4.Тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ...10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қазақстан экономикалық даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көш басына шыққан республика. 2008жылға қарай Қазақстан Жалпы Ішкі Өнім көрсеткішін екі еселеп өсіруді көздеп отырғаны жайында аз айтылып жүрген жоқ. Өнім көбейген сайын жолаушы, жүк тасымалының тамырындағы қан да таси түсері даусыз. Экономикалық табиғи заңдылық.
Тасымалдау, тасымалдауды ұйымдастыру шарты- мемлекеттің шарттық құқығының жеке бір саласын құрайды. Тасымалдау шарты – екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартында ерекше талаптар қойғаны байқалады. Ол көлік накладнойын, коносаменті, тауарлы – көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы көлік накладнойында шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формуляры жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі – оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының «Көлік туралы» заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының Көлік жарғылары мен көзделген жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
1. Нормативтік актілер:
1.1. ҚР-ң Конститутциясы 1995ж.30 тамыз
1.2. ҚР-ң Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1997жыл 1 наурыз
1.3. ҚР-ң Көлік туралы заңы 1994ж.21 қыркүйек
1.4. ҚР-ң Теміржол көлік туралы заңы 2001ж.8 желтоқсан


2. Арнайы әдебиеттер:
2.1. Азаматтық құқық (2-том) Жайлин Г.А.Алматы 2004ж.
2.2. Гражданский Кодекс РК (особенная часть) Коментарий Басин, Сулейменов Алматы. Жеті жарғы.
2.3. Правила перевозок грузов. Оқу құралы Москва. Транспорт 1983ж.
2.4. Технические условия погрузки и крепления грузов. Москва Транспорт 1990г


3. Мерзімді басылымдар:
3.1. Заң газеті «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» 2005.23.02
3.2. Қазақстан теміржолы №75 «Перевозим по новым правилам» 1 маусым 2004ж.
3.3. Айқын газеті «Бір бекеттен 11млн.тонна жүк өткізу оңай ма» 16.04.05

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

1.Тасымалдау шартының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Тасымалдау шартының ұғымы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 6
3.Тасымалдау шартының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4.Тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... .10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .13

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе

Қазақстан экономикалық даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көш
басына шыққан республика. 2008жылға қарай Қазақстан Жалпы Ішкі Өнім
көрсеткішін екі еселеп өсіруді көздеп отырғаны жайында аз айтылып жүрген
жоқ. Өнім көбейген сайын жолаушы, жүк тасымалының тамырындағы қан да таси
түсері даусыз. Экономикалық табиғи заңдылық.
Тасымалдау, тасымалдауды ұйымдастыру шарты- мемлекеттің шарттық
құқығының жеке бір саласын құрайды. Тасымалдау шарты – екі жақты және ақылы
шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын
жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін
болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартында ерекше талаптар қойғаны
байқалады. Ол көлік накладнойын, коносаменті, тауарлы – көлік накладнойын
немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген басқа да
құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы көлік накладнойында шарттың
негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның нысаны Қазақстан
Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша
тасымалдау шарттары ерекше формуляры жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы
айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі – оның қатысушыларының
құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен
реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие.
Қазақстан Республикасының Көлік туралы заңының 11-бабына сәйкес
тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының Көлік жарғылары мен көзделген
жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға
құқылы емес.

1. Тасымалдау шартының жалпы сипаттамасы

Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер жүктерді тасымалдау шартында
неғұрлым айқын көрінеді. Өзінің құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт
болып табылады, тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті белгіленген
мекенге жеткізуге міндеттенеді. Осылайша, тасымалдау шартын бекіту
тараптардан, тасымалдау шартының алғы шарттары ретінде бағалауға болатын,
белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді. Кейбір жағдайларда
тасымалдауға мүдделі жүк жөнелтуші мәлімдеме жасайды. Тасымалдаушы
сертификаты бар көлік құралдарын, яғни олар дұрыс болуға тиіс беруге
міндетті.
Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы – заңды
немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы – заңды тұлға ретінде
негізінен көлік кәсіпорыны болады, оның орнында басқада ұйымдар болуы
мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік
құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу
бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымаодауды дұрыс
жүзеге асыру үшін қызметтің аталған түрлерінің бардығы да маңызды болып
табылады. Тасымалдаушы меншік құқығы немесе басқада заңдық негіздер бойынша
көлік құралын иеленетін, ақы үшін немесе жалдау бойынша жолаушыларды,
көтерме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін
және оған белгіленген тәртіпте берілген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға
ретінде анықталады. 17сәуір 1995 жылғы ҚР-ның Лицензиялау туралы заңының
9-бабына сәйкес жолаушылар мен жүктерді темір жол, теңіз, өзен, әуе және
автомобиль көлігімен тасымалдау лицензиялауға жатады.
Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік қызметтерін тұтынушы –
бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекетте клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші
ретінде жүктің иесі және ол жөнелту үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы
мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы
мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық – құқықтық
шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес
мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша
клиент ретінде, әр уақытта көліктің қайсібір түріне билет алған немесе
ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.
Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүк тасымалдағаны үшін тараптардың
келісі мен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су
көліктері мен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады.
Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыққа
алады.
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарастырсақ. Жүктерді
тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін
жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Яғни тасымалдаушы қандай да
бір жағдайда, қажетті көлік құралының түрін өзі анықтайды. Ол жүкпен қыл -
қабірдің қалдықтарынан таза, реквизиттері алынған күйінде қажет болған
жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйінде бермеді.Жүк жөнелтуші жүкті
жөнелтуге бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі
жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы
талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып
түюін анықтауға таралады.Сондай-ақ олар маркировка мен бағалығын хабарлауға
қатысты.Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипаты мен
немесе қайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты. Мәселен,
жарылған,тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді
жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар
олардың қауіпсіз тасымалданатына кепіл болуға бұл жүктерді тасымалдау
кезінде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын олар пайда болған
жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.

2. Тасымалдау шартының ұғымы мен ерекшеліктері

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да
қамтамасыз етумен байланысты шарттық міндеттемелер ҚР-ң, сондай-ақ басқа да
мемлекеттердің шарттық құқығының жеке бір саласын құрайды.
Көлік-бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен,
қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық
маңызбен сипатталатын салалардың бірі.Сол себепті тасымалдау қатынастары
дәстүрлі түрде көлік құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық
сипаттағы нормалардың көптілігімен сипатталады.
ҚР-ң көлігі- бұл оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль,
теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлік көліктер. Оның бір түріне
магистральды құбыр көлігі де жатқызылады.
Қазіргі уақытта көлікті мемлекеттік басқару төмендегі міндеттерді
шешуге бағытталған.
-көлік аясындағы ҚР-ң мүдделерін қорғауға;
-көлік аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға;
-меншік нысанына қарамастан көліктің барлық түрлерінің құқықтық және
нормативті мәртебесін анықтайтын заңдық және өзге де актілердің,
стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
-көліктің барлық түрлерін дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттік
(ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және
әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізуге, сондай-ақ кадрларды оқыту
мен дайындауға;
-көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылуға;
-болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың
мемлекеттік мұқтаждарының қажеттіліктерін уақытысында сапалы түрде
қамтамасыз етуге;
-ҚР-ң көлік кешені қызметінің жұмысын үйлестіру мен мемлекеттік реттеу
функциясын жүзеге асыруға;
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекіту үшін
ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлік инфрақұрылымын құратын болады және
басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көліктік қызмет көрсету бойынша
вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүріс көпірлері мен
тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де обьектілер құрылысын
жүргізу оны жеке кәсіпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық
және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің әртүрлі аймақтарына, елді мекендерінің ішінде, мемлекет
аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз
ету болып табылатын көліктің қызмет етуінің тікелей мақсаттарына тасымалдау
шартының көмегімен жетуге болады, оның өз кезегінде тасымалдау процесін
қамтамасыз ететін өзімен тығыз байланысты бірқатар түрлері бар. Осыған
байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын,
олардың қатысушыларының тиісті тәртібін және т.б қамтамасыз ететін құралдың
бірі болып табылады.
Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері
белгіленген: а)жүкті тасымалдау шарты; б)жолаушыны тасымалдау шарты;в)кеме
жолдау шарты; г)тасымалдауды ұйымдастыру шарты; д)көлік ұйымдары арасындағы
шарттар; е)жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік
экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері
тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін
ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.
Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде
жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (
теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші
немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі
үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы
шартының өзі мәнісі жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан
оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмей қызмет көрсету туралы жалпы
нормаларды да ескеру қажет. Көлікте көрсетілетін қызмет қандай да бір
заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік
қызметі – бұл жүктерді кеңістікте тасымалдау болып табылады.

3. Тасымалдау шартының түрлері
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын
мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті де аппаратын мекенге жеткізуге және оны
теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы
жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде – теңдеме жүгін алып баруға ақы
төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты – екі жақты ақылы және
жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол
тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді.
Аталған құжаттарда шарттар негізінен біржолғы болып табылады, яғни белгілі
–бір көлікпен бір рет жол жүру мақсатында бекітіледі. Жолаушыларды қалалық
және қала маңы көлігімен тасымалдау туралы сөз болғанда белгілі –бір
мерзімге бекітілген тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл мерзім ішінде
тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға міндеттенеді.Мұндай шарттар жеке
сипатқа ие болуы мүмкін, мысалы, тасымалдаушы жеңілдік жағдайларымен
тұлғалардың белгілі-бір категориясын тасымалдауды жүзеге асырғанда. Бір
жолғы жолаушылар билеті жеке адамға да, сондай-ақ адамдар тобын
тасымалдауға берілуі мүмкін, осындай жолмен бекітілген тасымалдау шарты
жеке сипатқа ие емес, бірақ тасымалдау басталғаннан кейін ол тек билет
бойынша жол жүруді бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана жарамды
болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерін басқаға беруге, қайта сатуға
салынады. Ал әуе тасымалдауы кезінде шарт жеке сипатқа ие, билетті басқа
тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату немесе беру фактісі
анықталған жағдайда билеттің күші жойылады және оның бағасы қайтарылмайды.
Шарт бекіту жолаушының жеке басын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарты кезінде қолданылатын көлік түрлері
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Коммерциялық қатынастағы поездарды технологиялық тексеру
Сүт өнімдері өндірісіндегі технохимиялық бақылау
Тасымалдау шартының сипаттамасы
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Marriot қонақ үйiнiң қызметiн талдау
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
Пәндер