Зекет



Зекеттің парыз болу шарты
Зекеттің пайдалары мен хикметтері
Жұма намазы
Жұма намазының үкімі . парыз.
Жұма намазының парыздығының шарттары
Жұма намазының дұрыс орындалу шарттары
Пайдаланған әдебиеттер
Исламның бес парызының бірі болған зекетке байланысты: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшін бір жақсылық жасасаңдар, Алла тағаланың қасынан табасыңдар. Шынында Алла тағала не істегендеріңді толық көруші», делінген екінші сүренің жүз онышы аятында ашық түрде әмір берілген. Және бұдан басқа 31 – жерде зекет жайында аяттар бар. Сонымен қатар хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : Алла тағала біреуге мал мүлік берсе, ол зекетін өтемес, оның малы қиямет күні түсі сұық қара жағал жылан түріне кіреді. Қиямет күні оның мойнына оралып, аузын араңдай ашып тұрып: Мен сенің мал – мүлкіңмін, мен сенің қазынаңмын дейді. Және бір мүбарак хадисінде: Мал – мүліктеріңнің қырықтан бірін зекетке беріңдер. (Әрине қырықтан бірі өлі бұйыммен ақша зекет делінген түрде ескерткен.)
Негізінен зекет Исламның бес парызының бірі, парыз ғайын болған бір мал арқылы орындалатын ғибадат болып табылады. Әрине, дүние жаралғалы адам баласы біркелкі болған емес. Ал, міне бүгінге дейін сондай екендігі даусыз. Біреу бай, біреу жарлы. Қолдың бес саусағы бірдей емес екені бізге мәлім. Негізгі жағынан қарағанда Ислам діні өзара қоғамдық тұрғыдан көмектесуге елеулі түрде мән бергендіктен байларға зекет деген атпен дәулетінің қырықтан бірін бұлжытпай жылына шығарып, жоқ – жітіктерді сүйеп отырса, ол мемлекетте ешкім қиыншылыққа душар болмас еді. Зария сүресінің 19 – шы аятында: Оларға мал – мүліктерінде: сұрағанға да, сұрамағанға да тиісі бар дәлірек айтқанда, мал – мүлкінде жарлылардың хақы бар. Яғни қырықтан бірі олардың хақы. Сондықтан сұраса да сұрамаса да беру парыз және Бақара сүренің 273 – ші аятында: Сондай Алла тағала жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер оларды абырой сақтағандарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Олардың бейнесінен – ақ танисың. Олар адамға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер, Алла тағала оны біледі, деген түрінде ескертіледі. Яғни ел ішіндегі осындай адамдар аш – жалаңаш қалмасын, міндетті түрде іздестіріп, сондайларды тауып беру шарт. Өйткені біреуге бересі борышын иесін іздеп барып берген қандай көркем.
1. «Ислам ғылым халы» - Қайрат Ж, Мұхиддин Ж.
2. «Ғибадатул Ислам» - Халифа Алтай.
3. «Иман»
4. «Ислам және Өркениет»

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Зекет
Исламның бес парызының бірі болған зекетке байланысты: Намазды толық
орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшін бір жақсылық жасасаңдар, Алла
тағаланың қасынан табасыңдар. Шынында Алла тағала не істегендеріңді толық
көруші, делінген екінші сүренің жүз онышы аятында ашық түрде әмір
берілген. Және бұдан басқа 31 – жерде зекет жайында аяттар бар. Сонымен
қатар хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : Алла тағала біреуге мал мүлік
берсе, ол зекетін өтемес, оның малы қиямет күні түсі сұық қара жағал жылан
түріне кіреді. Қиямет күні оның мойнына оралып, аузын араңдай ашып тұрып:
Мен сенің мал – мүлкіңмін, мен сенің қазынаңмын дейді. Және бір мүбарак
хадисінде: Мал – мүліктеріңнің қырықтан бірін зекетке беріңдер. (Әрине
қырықтан бірі өлі бұйыммен ақша зекет делінген түрде ескерткен.)

Негізінен зекет Исламның бес парызының бірі, парыз ғайын болған бір
мал арқылы орындалатын ғибадат болып табылады. Әрине, дүние жаралғалы адам
баласы біркелкі болған емес. Ал, міне бүгінге дейін сондай екендігі
даусыз. Біреу бай, біреу жарлы. Қолдың бес саусағы бірдей емес екені бізге
мәлім. Негізгі жағынан қарағанда Ислам діні өзара қоғамдық тұрғыдан
көмектесуге елеулі түрде мән бергендіктен байларға зекет деген атпен
дәулетінің қырықтан бірін бұлжытпай жылына шығарып, жоқ – жітіктерді сүйеп
отырса, ол мемлекетте ешкім қиыншылыққа душар болмас еді. Зария сүресінің
19 – шы аятында: Оларға мал – мүліктерінде: сұрағанға да, сұрамағанға да
тиісі бар дәлірек айтқанда, мал – мүлкінде жарлылардың хақы бар. Яғни
қырықтан бірі олардың хақы. Сондықтан сұраса да сұрамаса да беру парыз және
Бақара сүренің 273 – ші аятында: Сондай Алла тағала жолында қамалып шықпай
отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер оларды абырой
сақтағандарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Олардың бейнесінен –
ақ танисың. Олар адамға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер, Алла
тағала оны біледі, деген түрінде ескертіледі. Яғни ел ішіндегі осындай
адамдар аш – жалаңаш қалмасын, міндетті түрде іздестіріп, сондайларды тауып
беру шарт. Өйткені біреуге бересі борышын иесін іздеп барып берген қандай
көркем.

Зекет деген сөздің ұғымы тазарту. Сондықтан мал – мүліктің кірі
деген сөз өте орынды. Зекет берілсе, мал – мүлік кірінен, иесі борышынан
тазарады. Зекет берілмесе пақырдың хақы желінген болып табылады. Сондай –
ақ Алла тағаланың әмірін орындамағандықтан дүниеде ауыр азапқа душар
болады.

Зекеттің парыз болу шарты.

Зекет - негізгі қажетінен, кісіге беретін борышынан артық нисап
өлшеуіндегі өсетін мал – мүлікті толық иеленген азат, ақылы дұрыс, ержеткен
мұсылманға парыз.

Өсетін мал – мүлікті деп : жылдың көбірегінде далада оттап жүретін хайуан
малды, ақшаны, табыс келтіру мақсатымен жиналған әрқандай нәрсені айтады.
Осы үш түрлі мал – мүлікті ие болып жыл айналғанда зекет беріледі. Зекетті
берген уақытты не айырған уақытта ниет ету шарт.

Зекетті алған кісінің зекет екенін білуі шарт емес. Тіпті зекетті сыйлық,
борыш деп беріп, өз көңілінен зекет деп ниет етсе бола береді.

Зекет беру парыз болған мал – мүліктің түрлері:

1 – Жылдың көбірегінде қырда оттаған, түйе, сиыр, қой тәрізді
төрт – түлік мал.

2 – Алтын, күміс және басқа түрлі ақшалар.

3 – Әр түрлі сауда заттары.

4 – Әр түрлі егіндер мен жемістер.

5 – Кендер мен қазыналар.

Түйе, сиыр, қой тәрізді малда үш шарт табылса зекет беру парыз болады.

1 – Бұл малдың нисапқа (зекет үшін белгіленген мөлшерге) толуы. Бұл зекет
нисабы: түйеде бес, сиырда отыз, қойда қырық, алтында жиырма мысқал (90-
грамм алтын), күміс – 200 дірхәм(алтын 140 грамм).

2 – Бұндай бір мал – мүліктің біреудің иелігінде болғанына бір жыл өту.

3 – Хайуан мал болғанда жыл бойынша ең аз жылдың көбірегінде қырда оттаған
болу.

Араб тілінде зекет - көбею, өсу, берекеттену, тазалық сияқты
мағаналарды білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағыныасы: Нисап*
(*зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері) - көлеміне жететін байлыққа
ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігі жылына бір рет Аллаһ
Тағаланың ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға иелендіруі.

Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы – қалған байлықтың көбеюіне
берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан.

Зекеттің пайдалары мен хикметтері

Аллаһ Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарын
жасамаған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелетін, өзінің мерхаметіне
бөлейтіндігі турасында сөз беріп уәде еткен. Зекет те Аллаһ
Тағаланың ризашылығына бөленетіні сөзсіз. Сонымен бірге зекет –Тәубе
сүресінің 103-аятында білдірілгендей күналардың кешірілуіне себеп.
Олардың малдары көбейіп және өздері күналардан тазалануы үшін
мұсылмандардың малдарынан садақа ал.

Жалпы адам баласының бойында дүние-мүлік, байлыққа деген қомағайлық
пен қанағатсыздық және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты
жаман сипаттар бар. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық,
дүниеқорлық, тәкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап,
кішіпейілдік, жомарттық жане кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеп,
баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана Аллаһ ризашылығы үшін пақыр
отандастары мен діндар бауырларына тегін беретіндей көңілге ие болған
мұсылман баласы әрқашан елін, халқын отаннын ойлайтын азаматқа айналары
сөзсіз.

Зекет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып,
бауырмалдыққа тәрбиелейді. Бай кедейлерге мейірімділікпен қарап, байлығының
бір бөлігін оларға тегін бергендіктен, кедей де оларға құрметпен қарап,
олардың байлығы мен дүние-мүліктеріне сұқ көзбен қарап, қызғанып қастандық
ойламайды. Осылайша қоғамда сенімділік, бақыт және тыныштық орнайды.

Зекет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал
жасап, мемлекетті ішкі келеңсіздіктен сақтайды.

Зекет – капиталдың тек қана байлардың арасында айналып тұратын күш
болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Зекет- Исламның көпірі
-деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет
арқылы бір дастархан басына жиналатындығына ишарат етуде. Өйткені зекет-бай
мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.

Ислам діні - Мен тоқ болайын,басқасы аштықтан өлсе өлсін немесе
сен әурешілік ішінде күн кеш, мен нығметтер мен ләззаттар ішінде
рахаттанайын сен жұмыс істе мен жейін,сенен жұмыс, менен жеу - деген
сияқты тек қана қара басын ғана ойлайтын өзімшілдік түсініктерге қарсы шығу
арқылы қоғамның байлары мен кедейлері арасында от тәріздес тұтанатын
болымсыздықтарға іс насырға шаппас бұрын бөгет жасайды.

Жұма намазы

Жұма намазы дінімізде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын
апталық ғибадат. Жұма күнінің ежелде еврей және христиандар үшін
апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына
сенбі күнін, христиандар жексенбі апталық ғибадат күні ретінде
өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған
қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз
(с.ғ.с) былай дейді : Біз – бұрынғы кітап берілгендерге қарағанда ең
соңғысымыз. Қиаметте – ең алға өтеміз. Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен
осы жұма намазы күні жайында қарама – қайшы пікірге түсті. Аллаһ оны бізге
көрсетті. Бақа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі -
яһудилердікі, одан кейінгі күн – христиандардікі.

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бұл күннің неліктен жұма аталуының неліктен
себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: Күмәнсіз әкеңіз Адамның
жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зекет туралы
Түрік қағанаты
Ноғай ордасының туралы
Мұсылманның бес парызы
Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін
Кенесары Қасымов
Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Алымдар
Құлшылық құпиясы
Пәндер