Компьютерлік жүйелер



1. Компьютерлік жүйелер
2. Компьютерлік жүйелерді пайдалану
3. Ақпараттық жабдықтар
4. Дербес ЭЕМ.нің элементтік базасы
5. IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:
1) шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесіналатын адам;
2) аппараттық жасақтама (Hardware);
3) мәліметтер файлы;
4) компьютерді программалық жасақтамасы (Software).
Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтер өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – машиналарды, мәліметтерді, программаларды және адамды – біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.
Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп – мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 жол информациядан тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьтер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Компьютерлік жүйелер

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт
негізгі құрамнан тұрады:
1) шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,
соның нәтижесіналатын адам;
2) аппараттық жасақтама (Hardware);
3) мәліметтер файлы;
4) компьютерді программалық жасақтамасы (Software).
Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтер өңдеу жүйелерін осы
төрт комбинацияны – машиналарды, мәліметтерді, программаларды және адамды –
біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы
сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін
арттыру болып саналады.
Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе
құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта
көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір
минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса,
орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір
компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші
себеп – мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол
маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз
оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000
адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 жол
информациядан тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты
оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьтер оны
30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон
станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.
Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші
себеп – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты
мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда
қатесіз дұрыс нәтижелер беоеді. Кейде компьтер қате нәтиже берді деп
айтылады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі
мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен, немесе осы мақсатқа арналған
мәліметтердіөңдеу алгоритмінің қате болғанынан екенін ашып айту қажет.

Аппараттық жабдықтар

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне
ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1. орталық процессор;
2. енгізу құрылғысы;
3. есте сақтау құрылғысы;
4. шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін
орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп
аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше
интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс
нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін
қолданылады.

Дербес ЭЕМ
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық
компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау
ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.
Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған
жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар
осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады,
оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу,
дәлме-дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар
қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына
біріктірілген электрондық молекулалар жасалады. Олар бір кристалл
көлемінде (5*5 мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан электрондық
молекулаларды құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын
орындай алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей
ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Компьютерлік вирустар. Программалық вирустар.
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Компьютерлік жүйелерді жасау принциптері
Интелектуалды ақпараттық жүйелердің дамуы және қойылымы
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік
Медициналық ақпараттардың базалық негізін құрастыру
Ақпараттық технологиялардың базалық ішкі жүйелері
Пәндер