Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі


Жоспар
Көрмелік шаралардың маркетингтегі маңызы
Көрмелік жиын классификациясы
Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі
Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру
Көрме кезіндегі туристік фирма персоналдарының жұмысы
Көрмелік шаралардың маркетингтік маңызы
Көрмелік іс-шаралар қазіргі заманғы туристік маркетингте ерекше орын алады. Олар туристік кәсіпорындарға кең жағдайларды ұсынады, бір уақытта кең көлемді экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және коммерциялық мәліметтерді ыңғайлы жағдайда алуға және таратуға мүмкіндіктер туғызады. Көрмелік жәрмеңкелер өндіріс дамуының өзінше бір айнасы, яғни мәліметтер биржасы, бағалардың термометрі, коньюктуралық өзгерістерді болжау құралы, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс, экономикалық саяси және әлеуметтік жағынан тиімді. Мәселен, туристік мекеме көптеген мүмкіндіктерге ие, көрмені клиенттің көңілінен шығатындай етіп өткізу, түрлі шоу программалар, лотореялар, викториналардың көмегімен жоғарғы деңгейде ұйымдастыру.
Жәрмеңке және көрме шараларына қатысу, туристік фирманың маркетингтік коммуникациясын қалыптастыру үшін тиімді және берік құрал болып табылады. Бұрыннан өздігінен коммуникациялық іс-әрекетке бағытталған болатын, жәрмеңкелер және көрмелерге қатысу өзінше қиын бірегей іс-әрекеттер мен әдіс-тәсілдер комплексін құрайды. Олар маркетинг коммуникациясының негізгі элементтер комплексін құрайды. Бұларға рекламалар (түсті щит, көрмелер және т. б. ) пропоганда, жеке сатылым (стендистер жұмысы), өткізуге стимулляция жасау (сувенирлер тарату, жеңілдіктер ұсыну т. б. ) сияқты істер жасалады.
Қазіргі таңда «көрме» және «жәрмеңке» терминдері мағынасы жағынан жақын болып келгендіктен, біз бұл сөздерді синонимдес көреміз.
Көрменің халықаралық бюросы көрмені - көрсету ретінде, яғни негізгі мақсаты халыққа қажетті құралдарды, заттарды демонстрациялау арқылы жариялау деп түсіндіреді, бұл адамдардың қадағалауымен болады.
Халықаралық жәрмеңке одағы жәрмеңкені былай деп түсіндірген: бұл сол елдің салтымен байланысты экономикалық көрме үлгілерін білдіреді, қай мемлекетте орналасқанына байланысты өзінше ірі тауарлардың нарығын құрайды, белгілі бір шектелген уақыт аралығында белгілі бір жерде сатушыларға және тұтынушыларға өз өнімдерін көрсету және халықаралық ұлттық деңгейде келісім шарт жасауға болатын аса ірі тауар ортасы.
Көрмелік жиынды келесі сипаттар бойынша классификациялауға болады.
Саудалық
Ақпараттық
Танымдық
Апталық
Периодтық
Жыл сайынғы
Маусымдық
Универсалды
Көп салалы
Салалық
Маманданған
Аймақтық
Аймақаралық
Халықаралық
Ұлттық
Әлемде көптеген көрмелік жиындар өтіп тұрады, бірі болмаса екіншісі туристік қызметкермен байланысты болады. Ең маңыздылары Брюссельдегі көрме- 1, 2 млн қатысушы, Миланда және Венада - 0, 5 млн шамасында, Шарлеруада - 400 мың. «Туризм және саяхаттың бүкіләлемдік аптасы» Парижде - 200 мыңдай, Мадридтегі «Фитур» - 250 мыңдай адам.
Халықаралық туристік биржасын да ерекше бөліп қарастыру қажет. Туристік жарнамамен қатар қызмет көрсететін өндірушілер мен сатушылар арасындағы келісім шарт жасау мен байланыс орнату белсенді түрде жүргізіледі. Осындай биржалардың арқасында турлардың көптеген белсенді жарнамалары ашылады. Ең үлкен халықаралық биржалар Берлиндегі ITB, Лондондағы London Travel Markt және т. б. саналады.
Бірақ мұнымен бітпейді әрине. Атақты маманданған салондарды да қосуға болады. Мысалы: «Боут-Шоу» Лондонда, сулы туризм түрлері Парижде және Дюссельдорфте, жыл сайын атаққа ие болып отырған «саяхат және туризм» көрмесін де қосуға болады, Мәскеудегі MITT.
Туристік фирманың көрмелерге қатысу процесі
Туристік фирма көрмеге қатысуын келесідей өзара байланысты этаптарға бөлуге болады.
Көрмелік жиынға қатысуға шешім қабылдауының өзі туристік фирманың белгілі деңгейдегі жетістігін көрсетеді. Бұл ең бірінші көрме тәжірибе көрсету орны болып табылады. Бірақ ол өнімнің ескірген және төменгі сапасы бар фирмаға көмектеспейді. Көрмелік жұмыстарға қатысу, сонымен қатар белгілі ақша салымын салуды қажет етеді. Бірақ оған барлық туристік ұйымның шамасы келе бермейді.
Көрмелік іс-әрекет нақты түрде туристік ұйымның маркетинг мақсатына жетуді белгілеу керек:
- фирманы және оның өнімдерін көрсету
- өнім нарығын зерттеу, білу
- жаңа нарықты іздеу
- тұтынушылар санын көбейту
- нарыққа жаңа өнімді енгізу
- жаңа іскер әріптестерді іздеу
- бәсекелестердің ұсыныстарын оқып, білу, зерттеу
- фирманың жақсы имиджін қалыптастыру
- өнімді өткізу және келісім-шарттар жасау
Фирманың көрме шараларына қатысу процесі
Көрмелік жиынға қатысуға түбегейлі шешім қабылдау
Көрме шараларына қатысу мақсатын анықтау
Қатысатын көрмесін нақты таңдап алу
Дайындық пен ұйымдастырушылық кезең
Көрме жұмысы кезіндегі қызмет көрсету
Көрме жұмыстарының қорытындысын, анализын жасау
Белгіленген мақсаттарға жету үшін нақты бір көрмені таңдау керек. Бірақ бұл таңдау оңай емес, жыл сайын өте көп мөлшерде өтеді.
Нақты көрмені таңдағаннан кейін ұйымның дайындық периоды басталады. Ең бірінші туристік фирма ұйымдастыру комитеті өзінің қатысатынын әртүрлі арыздар арқылы хабарлайды. Сонымен қатар келесідей ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі:
- концепция жасау және көрме жұмыстарына фирманың қатысу көлемі
- ұсынылған өнімдер тізімін жасау
- персоналды таңдап, үйрету (коммерциялық қызмет көрсететіндер, стендистар, аудармашылар)
- коммерциялық жұмыстардың жоспарын құру, жарнамалық және протоколдық жиындар
- делдал таңдау (агент)
- керекті көрмелік аудан мен әртүрлі материалды және қаражаттық ресурстар көлемін анықтау
- жарнамалық және ақпараттық мәліметтерді таңдау және жасау
- ұйым комитетпен келісімге отыру, оған көрмелік стендтың жоспарын беру, сонымен қатар керекті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру
Туристік фирманың басшысы басқа көрмелік стендтерді көріп келе алады. Бұл бәсекелестің іс-әрекетін бағалауға мүмкіндік береді. Көрме біткеннен кейін міндетті кезекпен фирманың көрмеге қатысу қорытындысы жасалу керек. Көрме қорытындысын 2 топқа бөлуге болады:
- ұйымдастырушылық
- коммерциялық
Ұйымдастырушылық қорытынды жасағанда, маңызды орынды көрмеге қатысар алдындағы дайындықта жүргізілген журнал көп көмек тигізе алады. Мұндай анализді дайындыққа және көрмеге қатысушылардан сұрақтарға жауап алу арқылы жасауға болады:
- стенд үшін ыңғайлы орын таңдалып алынды ма?
- стендтың жоспары жақсы таңдалды ма?
- жұмыс кезінде қандай ыңғайсыздықтарға тап болдыңыз?
- қандай қызметтермен, құралдардың көмегімен жұмыс істеуге болатын еді?
Коммерциялық топтың нәтижесі объект көрсеткіштері: қатысушылар саны, яғни фирманың экспозицияларын тамашалағандар, келісім-шарттардың көлемі, таратылған материалдың ақпараттық көлемін, жарнамалық ақпараттың көлемін анықтау.
Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру
Көрмелік стенд - бұл фирманың келбеті. Туристік кәсіпорынның көрмелік мекемелердегі жетістіктің көпшілігі көрмелік экспозициясын безендірумен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz