Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің

«Тарих-и-Рашиди» еңбегі

Орындаған: Мадиеав Ж. Д.

ИП-61К тобы

Қабылдаған: т. ғ. к., доцент

Махаева А. Ш.

Алматы - 2007 жыл

Құрылымы:

І Кіріспе . . . 3-4

ІІ Негізгі бөлім . . .

А) «Тарихи-и-Рашиди» кітабына жалпы сипаттама; . . . 5-7

Ә) Моғолстан жөнінде және оның ханы Есенбұға; . . . 8-11

Б) Мұхаммед Хайдар Дулатидің Кашмирде болуы . . . 12-14

ІІІ Қорытынды . . . 15

ІV Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16

Кіріспе

Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақтың есімі әлемге мәшһүр тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі этнограф.

Ұлы ғалымнын, әкесі Мұхаммед Хусейн көзінде Моғолстан мемле-кетінің көзінде болған Султан Махмуд ханның туған қарындасы Хуб Нигарханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ханым - Моғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым - аты әлемге әйгілі Захириддин Мұхаммед Бабырдың анасы.

Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмуд өзінің күйеу баласы Мұхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Оратөбе өңірін сыйға тартады. Міне, сонда Ташкент шаһарында 1499 жылы (хижра жыл санауы бойынша - 905 жылы) Хайдар Дулати өмірге келеді.

Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса көрнекті ғұламалары еді.

Хайдар Дулатидің әкесі Мұхаммед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабыр-наме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындыық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған.

Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде, дәлірек айтсақ 1514 жылы Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашитдің ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады

Кезінде Хайдар Дулати есімі аса дарынды қолбасшы ретінде мәшһүр болған.

533 жылы Сұлтан Саид хан қайтыс болады да, онын, тағына баласы Әбу ар-Рашид отырады. Жас мұрагер дулат тайпасын жек көріп, қуғынға ұшыратады. Бұған ренжіген Хайдар Дулати алдымен Бадахшанга, сосын үнді елінің әміршісі Бабырдың баласы Камранға барып, 1539-1540 жылдары Аграда тұратын Бабырдың үлкен ұлы Құмайынмен бірге болады.
Хайдар Дулати 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады.

Негізгі бөлім

«Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһур еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса манызды тарихи оқиғалар туралы жазады.

Сондай-ақ Ауганстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, қаламгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, медениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құнарлылығы - Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндайды.

«Тарих-и Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің ХV-ХVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады

Бұл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас болып жатқан күллі түркі халықтарының қоғамдық-әлеуметтік ғұмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен -тікелей байланысты. Моғолстан - шығысында Ертіспен, солтүсгігінде Балқаш көлімен, батысында - Түркістан және Ташкент шаһарларымен, онтүстігінде Қашғариямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет еді. Сонау XIV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ-Темір мен Ілияс-қожа Мауераннахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жеріндегі билік әмір Қамараддинге көшті. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстан жеріне қайта-қайта шабуыл жасаумен болды. Моғолстанның билеушлері әмір Қамараддин дулат, Еңке төре, Қызырқожа хан және Ақ Орда билеушісі Тоқтамысхан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шыкты.

Он бесінші ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылыктары күшейіп, қазақтың көптеген ру-тайпалары Дешті Қыпшақты тастап кетті. Олар Жетісуға қоныс аударған еді. Бұларды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап барып еді. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қаратау маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібекпен Керей бұл кезде Жетісуда қазақ хандығын құрды.

Сөтіп, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы -Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы - Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар.
Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тай-палар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді.
Хайдар Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге аса дарынды жазушы, ақын. Сол себепті ол «Тарих-и Рашидиді» көркем сөз зергері ретінде жазып шыққан. Каламгер өз көзімен көрген оқиғаларды аса дарынды суреткерге ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді.
Міне, соның нәтижесінде «Тарих-и Рашиди» ресми тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүр мен жазылған шығармаға көбірек ұқсайды. Жалпы Хайдар Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең тараған еді. Әйтсе де Хайдар Дулати жазған шежіре ғылыми жығынан да, көркем сөз өнері тұрғысынан да өзгелерден биік туынды болатын.

Қазақта шежіре айту мен жазудың қалыптасқан тәсілі бар. Хайдар Дулати қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын бейнелейтін тұстарда осы дәстүрді сақтайтын сияқты. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» қазақ билеушісі Қасым ханның алыстан қонақ болып келген Сұлтан Сайд ханды қалай қарсы алғанын бейнелейтін көрініс бар. Мұнда Қасым хан өзінің құрметті қонағына қарата айтатын монологы берілген. Бұл монолог-сез ішкі логикалық үйқасқа құрылған өлең болып келеді. Қасым хан сөзінің тындаушысына тигізетін эмоциялық әсері күшті екенін аңғару қиын емес. Қасым хан сонда сөйлейді: «Біз дала халкымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз - жылқы және ең дәмді тамағымыз - оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз - оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар.

Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз - малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызықтаймыз», -мына екі сәйгүліктей екі жылқыны ешқашан көрмегені әңгімеледі.

Бірде Қасым хан: «Ел - жылқының күш-қуатына қарай тіршілік етеді. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. Сондыктан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі қонағым болғандыктан, екеуінің бірін таңдап, қабыл алыңыз. Ол әрқайсысын жеке-жеке сипаттап шықты. [Саид] хан біреуіналды. Ол аргымақтың аты -Оғылан Түік еді. Шынындада, сондай бұдан кейін туған жок, . Қасым хан тағы бірнеше атты сол үйірден таңдап, алдына тартты (80, 309) .
Хайдар Дулатидің бірқатар елдерге жасаған саяхаттары да осы екбекте тартымды түрде баяндалған. «Тарих-и Рашиди оқиғаларға, ғажайып көріністерге аса бай еңбек. Мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне суреттеп, сондағы алтын өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады.

Осы Тибет сапарында ол жол-жөнекей көптеген қиындықтарға тап болып, ақыры гүл жайнаған Бадахшанға зорға жетеді. Бұл сапарда ол жанындағы жеті жүз адамынан айрылады. Жан азабынан соң Бадахшан оған жұмақтай көрінеді. Сонда Хайдар Дулатидіңжазған мынадай бір өлеңі бар екен:

Бір сәтке де жаным сенсіз жай таппас маған деген мейрімінде шек болмас Әр тал шашым сөйлеп кетсе тіл бітіп, алғысымның мыңнан бірін айта алмас Хайдар Дулати ез дәуірнің белгілі ақыны болған. Жыр қадірін жетік білетін атақты Бабыр патша кезінде Хайдар Дулатидің ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын-тойларда Дулатидің лирикалық өлеңдерін әуенге салып айтады екен.

Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы - адамгершілік, сүйіспеншілік, достыққа адалдық болып келеді. Ол өз өмірінде әлемнің көп жерлерін аралап, талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдыр тауқыметінт көп көрген ақын кезінде ел аралаған кезбе-саяхатшы да, Кашмир тағында отырган хан да болған. Сол себепті ол мына жалған дүниенің өткінші екенін, адам өмірінің құбылмалы болатынын, қашанда жақсылық пен жамандық езара шайқасыпжататынын өзгелерден гөрі тереңірек пайымдаған.
АҚЫННЫН, философиялық ой-толғамдарын төмендегі жырларынан аңғару киын емес:

Бүкіл әлем бірден ғайып болады,
Бар тіршілік күзгі гүлдей солады.
Мәңгі ғұмыр - тек Аллаға жарасқан,

енделері топырақ болып қалады.
Немесе:
Бізден бұрын ғайып болып кеткендер,
О дүниеге бізден бұрын жеткендер,
Бір сәт қана бізден бұрын мас еді,
Шарап болып қайта оралды, төкпендер!

Хайдар Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі көрген-білгендерін зор шеберлікпен жазады. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» бейнеленген мынандай керіністер бар: «Каш-ми рауасының (температурасы) жаз айында ете қоңыр салқын, сондықтан ешқандай желпуіштік кажеті жок, . Ұдайы қокыр салкын самал есіп тұрады. Оның хош иісті лебі адам жанын жадыратып жібереді. Үнемі Исаның деміндей жандандырып жіберер қасиетке ие таңғы самалдан райхан жапырактары төгіліп жатады. Сайраған бұлбұлдар мына халді баян еткендей: «Шіріп кеткен сүйектерді кім тіріп алады?»
Бәйіт:
Жаны жарқын адамнын, жылы ұшырар ауласы,
Соны сезген адамның қай кезде де сау басы.
Қыста ауанын кокыр салкындыгы сондай, кардын, калыктускені-не карамастан, тон киюді қажет етпейді. Оның суықтығы сол табиғи жылуды толық күйде еске түсіріп тұрады. Әлемді сәулесімен нурландырар күн шапағын шашпаған кезде, табиғат оттың жылуынан бас тартпайды. Мына өлеңде айтылғандай.
Бәйіт:
Мазасыздау көңілім, ұшқан тозаң-көк мұңы,
Бүгінгі күн, білгенге, шарап, шатыр от күні.
Мұндай күн Кашмирде кей-кейде болып тұрады. Оның көктемгі ауа райы [Құранның сүресінің] : « . . . жан бітірген кезде» мән-мағынасын айқын бейнелегендей, оның даласының көк майсасы жәннат шалғының даңқын ұрлағандай, ал оның бақтарының гүлдері мен ағаштарының алдында жұмақ бағынын, өңі солғын тартады. Гүлдендірген бақтарынан ағып жатқан өзендері Құраннык аятында айтылғандай: « . . . төменде бұлақтар ағып жататын жәннатқа кіргізетінінен» еске салады. Оның отты қызғалдақтары Халелдік отына кінә артқандай еді.
Бәйіт:
Жұмақ жаққа бұрылған шықсан жолдың шетіне,
Отын жаққан Халелдік қызғалдақтар бетіне». (80, 467)
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. «Тарих-и Рашиди» екі дәптерден (кітап) тұрады. Бірінші дәптерде Моғолстанды және Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарынык әулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық Темір билік жүргізген кезден (1347-1348 жылдар) бастап хан тағына Әбу ар-Рашид отырган кезеңге (1533 жыл) дейінгі тарихи мерзімді қамтыған.
Ал екінші дәптердің көлемі біріншісіне қарағанда төрт еседей көп. Қаламгер оны 1542 жылы жазып бітірген. Бұл дәптер ақынның өз көзімен көрген оқиғалары бойынша жазылған. Екінші дептерді ғұмырнамалык, шығарма деуге болады.

Шынында да, «Тарих-и Рашиди» - құнарлы, бейнелі тілмен қазақтың шежіре айту дәстүрінде шебер жазылған көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды бейнелерін жасаған. Оқырман көне дәуірдің қым-қиғаш оқиғаларын өз көзімен көргендей әсер алады. «Тарих-и Рашиди» қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы -бұл мемуарлық еңбектің шынайы көркем туындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес көріктеу құралдары қатар пайдаланылады.

Тағы бір назар аударатын жәйт - автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймайды. Дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Ғалымның бұл философиялық пікірлері арнайы зерттеуді қажет етеді.

Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізеді. Хайдар Дулатидің ақындық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді» өзге -тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары
Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz