Түзеу жұмыстары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім
1. Түзеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Жазаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо¬лып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланыс¬ты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топ¬қа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс. Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың зандылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы (Егемен Қазақстан. 1999.21 мамыр).
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы» 1994 жылғы 27 мамырдағы нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы. 1994. №3).
3. Анденес И. Наказание и предупреждение преступлений (пер. с англ.) М., 1979.
4. Беляев Н. А. Цели и наказания и средства их достижения. Л., 1962.
5. Гальперин И.М. Наказание. Социальные функции, практика применения. М., 1993.
6. Карпец. И.И. Наказание. Социальные, правовые и кримино¬логические проблемы. М., 1973.
7. Ной КС. Сущность и функции наказания в советском госу¬дарстве. Саратов, 1973.
8. Полубинская СВ. Цели уголовного наказания. М., 1990.
9. Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Л., 1973.
10. Уголовное наказание: понятие, виды, назначение// Уго¬ловное право. Часть общая. Екатеринбург, 1994. Т.З.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім
1. Түзеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
2. Қоғамдық жұмыстарға
тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Жазаның
мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
4. Жазаның
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі
бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру,
әскери қызметбойынша шектелу.
Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері
негізінен үш топқа бөлінеді: Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында
қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда
соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімнің дәлелдеу белігінде міңдетті түрде көрсетуге тиіс.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті
тәркілеуі сиякты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны
кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде
көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін.

1. Түзеу жұмыстары

Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл
жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды,
отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, кызметін сотталғанға
дейін еңбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген
еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі
сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің,
жақыңдарының бакылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетті түрде
қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда
жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі
сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлігі
мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы, жазасын өтеу мерзімі
жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған
адамдар әз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан
босану үшін жазаның орыңдалуын іске асыратын — қылмыстық орындау
инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі.
Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сез сотталған адам бұрынғы
сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады
деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби
қызметіне байланысты жасалған болса, оңца сотталған адам басқа жұмысқа
немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның
жұмыс орнында әкелуі тиіс. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5
проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен
белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте
мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында
өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу
жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл
сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы
мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу
жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Жаңа Қылмыстык кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын
өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай жағдайда сот
түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстырылады.
Қылмыстык, орыңдау заңы бойынша: 1) сотталған адамға инс-пекцияның
жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2)
инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; 3)
белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша ескертуден
кейін бұзса; 4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде
келсе немесе жұмысқа мүлдем келмей қалса; 5) сотгалған адам түзеу жұмысын
өтеуден бас тарту мақсатында бой тасалап қалса, олар әдейі жалтарған деп
саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық орындау
инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі.

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту

Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бұл түрі негізгі немесе қосымша жаза ретінде Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда
ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығын сот 60 сағаттан 240
сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және
сотталған адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін
отейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғам-дық жұмыстарының тізбегі
жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы
белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте
олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46,48-баптарында көзделген мерзімдер
шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан
айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды
өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға
алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт
сағатына есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйеддерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге,
I немесе II топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

3. Жазаның мақсаттары

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ.
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтаңдыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ
құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң
қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты Бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фақтісінің
орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы кездеген мақсатына
жетуінің құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн керіске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
— басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады.
Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып,
биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта
көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сиякты жаза — қылмыстының жанын кинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ
туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою
арқылы, соз жок, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде
қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және кұрамын, мазмұнын дұрыс
айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп қорлау мақсатын тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі
Қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібі тарту түріндегі орындау тәртібі
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Жазаның жүйелері және түрлері
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
Жазаның ұғымы
Қылмыстық жазалар және оның түрлері
Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Бас бостандығын шектеу
Пәндер