ҚР салық органдары



Кіріспе
ҚР Салық органдары
1. Салық түсінігі.
2. Салық қызметi органдарының құрылымы,өкілеттіктері.
3. Салық қызметi органдарының құқықтары.
4. Салық қызметi органдарының мiндеттерi.
5. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі нарықтық экономиканың даму кезеңінде салық- мемлекеттің қызмет етуін қаржыландыратын негізгі көз болып табылады. Мемлекет өз кезегінде елде болып жатқан экономикалық өзгерістерге барынша əсер етіп, оны қоғамға пайдалы даму саласына бағыттай алады. Салық төлеуші мен мемлекеттің міндетті салық төлеу мəселесіндегі қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының салық жəне басқада міндетті бюджеттік төлемдер туралы Кодексіне негізделеді. Кодекс салықтың міндетті
төленуіне жəне басқада міндетті бюджеттік төлемдерге , анықтылыққа, салықтың əділдік принципіне негізделген.
1) Салық дегеніміз не?
Салық - бұл мемлекетпен заңда түрде бекітілген құзырлы орган тарапынан бір жақты ретпен жəне сəйкес құқықтық негізде мемлекет кірісіне міндетті ақшалай немесе нақты төлем, ол- қайтарымсыз, эквивалентсіз жəне тұрақты түрде белгілі мөлшерде төленіп тұрады.
2) Салық режимі дегеніміз не?
Салық режимі - Кодекспен белгіленген барлық салық жəне басқа да бюджетке міндетті төлемдерді есептеу кезінде салық төлеушімен қолданатын салық заңының нормаларының бірлестігі
3) Салық құқығы дегеніміз не?
Салық құқығы – салықтық міндеттемені салық төлеушінің өз бетінше есептеуі жəне құзырлы орган тарапынан салық төлемдерінің толық төленуін қадағалау,яғни салық комитеті; төлем жасаудан жалтарған кезде күш қолданып төлем алу, салық заңын бұзған тұлғаларды бекітілген заңды жауапкершілікке тарту. Салық құқығының мазмұны – сəйкесінше салық салудың денгейі - салықтық-құқықтық нормалардың нұсқауларын
жүзеге асыруға тартылған тек мемлекеттік орган қызметкерлеріне байланысты емес, ол салықтық міндеттемені орындауға тартылған барлық азаматтарға да қатысты.
4) Салық міндеттемесі дегеніміз не?
Салық міндеттемесі – салық заңына сəйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі. Өз кезегінде салық төлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруы қажет, салық салым нысандарын жəне салық салымына байланысты нысандарды анықтауы тиіс, салықтарды жəне басқада бюджетке міндетті төлемдерді есептеуі қажет, салық есебін жүргізуі қажет, жəне оны белгіленген уақытында ұсынуы тиіс жəне салықтарды жəне басқада бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі тиіс.
5) Салық салудың нысаны болып не табылады?
Салық салудың нысандары – салық төлеушінің əрбір салық түрі жəне басқада бюджетке міндетті төлемдер негізінде салық міндеттемесі болып туындайтын меншік пен іс-əрекет.
1.А. Апель, “Основы финансового права – краткий курс лекций”, СПб, 2003г.
2. Воронов Л. К., Давыдова Л. А. и др. "Финансовое право" М., 2002г.
3. Финансы: Учебник / под ред. В.М. Родионовой. М.: Финансы и статистика, 2004г.
4. Дадашев А.З., Черник Д.Г. “Финансовая система России”. Учебное пособие. М.: ИНФРА-М, 2001г.
5.Мадрица В.М., “Финансовое право”, Ростов-на-Дону,2003г.
6.Российское право, учебник для вузов, Кашанина Т.В., Кашанин А.В., м, 2005г
7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)
(2001 жылғы 12 маусым N 209-II)

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
ҚР Салық органдары
1. Салық түсінігі.
2. Салық қызметi органдарының құрылымы,өкілеттіктері.
3. Салық қызметi органдарының құқықтары.
4. Салық қызметi органдарының мiндеттерi.
5. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және
әлеуметтiк қорғау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономиканың даму кезеңінде салық- мемлекеттің қызмет
етуін қаржыландыратын негізгі көз болып табылады. Мемлекет өз кезегінде
елде болып жатқан экономикалық өзгерістерге барынша əсер етіп, оны қоғамға
пайдалы даму саласына бағыттай алады. Салық төлеуші мен мемлекеттің
міндетті салық төлеу мəселесіндегі қарым-қатынастары Қазақстан
Республикасының салық жəне басқада міндетті бюджеттік төлемдер туралы
Кодексіне негізделеді. Кодекс салықтың міндетті
төленуіне жəне басқада міндетті бюджеттік төлемдерге , анықтылыққа,
салықтың əділдік принципіне негізделген.
1) Салық дегеніміз не?
Салық - бұл мемлекетпен заңда түрде бекітілген құзырлы орган тарапынан бір
жақты ретпен жəне сəйкес құқықтық негізде мемлекет кірісіне міндетті
ақшалай немесе нақты төлем, ол- қайтарымсыз, эквивалентсіз жəне тұрақты
түрде белгілі мөлшерде төленіп тұрады.
2) Салық режимі дегеніміз не?
Салық режимі - Кодекспен белгіленген барлық салық жəне басқа да бюджетке
міндетті төлемдерді есептеу кезінде салық төлеушімен қолданатын салық
заңының нормаларының бірлестігі
3) Салық құқығы дегеніміз не?
Салық құқығы – салықтық міндеттемені салық төлеушінің өз бетінше есептеуі
жəне құзырлы орган тарапынан салық төлемдерінің толық төленуін
қадағалау,яғни салық комитеті; төлем жасаудан жалтарған кезде күш қолданып
төлем алу, салық заңын бұзған тұлғаларды бекітілген заңды жауапкершілікке
тарту. Салық құқығының мазмұны – сəйкесінше салық салудың денгейі -
салықтық-құқықтық нормалардың нұсқауларын
жүзеге асыруға тартылған тек мемлекеттік орган қызметкерлеріне байланысты
емес, ол салықтық міндеттемені орындауға тартылған барлық азаматтарға да
қатысты.
4) Салық міндеттемесі дегеніміз не?
Салық міндеттемесі – салық заңына сəйкес салық төлеушінің мемлекет алдында
туындайтын міндеттемесі. Өз кезегінде салық төлеуші салық органында тіркеу
есебіне тұруы қажет, салық салым нысандарын жəне салық салымына байланысты
нысандарды анықтауы тиіс, салықтарды жəне басқада бюджетке міндетті
төлемдерді есептеуі қажет, салық есебін жүргізуі қажет, жəне оны
белгіленген уақытында ұсынуы тиіс жəне салықтарды жəне басқада бюджетке
міндетті төлемдерді төлеуі тиіс.
5) Салық салудың нысаны болып не табылады?
Салық салудың нысандары – салық төлеушінің əрбір салық түрі жəне басқада
бюджетке міндетті төлемдер негізінде салық міндеттемесі болып туындайтын
меншік пен іс-əрекет.
6) Салық базасы дегеніміз не?
Салық базасы – салық салынатын нысанның құндық, заттық немесе басқада
көрсеткіштері, жəне бюджетке төлеуге жататын, салық салымына байланысты
нысанның жəне соның негізінде салық сомасы жəне басқада міндетті төлемдер
анықталатын көрсеткіштер .
7) Салық өлшемі?
Салық өлшемі – салық базсының өлшем бірлігіне есептелетін салық көлемі,
салық өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
8) Салық кезеңі дегеніміз не?
Салық кезеңі - бөлек салықпен басқада міндетті төлемдерге қолдануға
бекітілген уақыт кезеңі, бұл кезеңнің бітуімен салық базасы анықталады жəне
бюджетке төлеуге жататын салық сомасымен басқада міндетті төлемдер
есептеледі.
9) Салық функциясы?
Салық функциясы – бұл салықтың мақсаты жəне тапсармасымен анықталуы, оның
іс-əрекеттегі барлығын негізгі үш: фискалды, экономикалық жəне əлеуметтік
бағытта көрсетуі . Біздің ойымызша салық функциялары тапсырма беріліп
қойған бір нəрсе емес, олар мемлекетпен бірге, жəне экономикада ойнайтын
рөліне қарай, сонымен қатар экономика моделіне қарай түрлері өзгереді.
Бірақ қандай бір жағдай болмасын салық
мемлекеттің тіршілік ету көзі жəне қаржыландыру əдісі болып табылады.
Сонымен салық заңының негізін білу, салық міндеттемесін мойнына алған кез
келген адамның білуі қажет, жəне бұл ежелгі заң Сонымен салық заңының
негіздерін білу, қандай да бір болмасын салық міндеттерінің
жауапкершілігін мойнында таситын əрбір азамат үшін қажет. Мұнда ежелгі
заңға қатысты қағиданы есте сақтау керек: Заңды білмеу, оны бұзғаннан
кейінгі жауапкершіліктен босатпайды.

Салық қызметi органдарының құрылымы, өкілеттіктері.
Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және дер
кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң
салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi
мiндеттер жүктеледi. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган
мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық
комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық
комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, балалар және
қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Арнайы экономикалық
аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері
құрылуы мүмкін. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына
төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға
жатпайды. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық органдарына басшылық жасауды
жүзеге асырады. Салық органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi
мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.
Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар
өткiзiлген кезде, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдеді
алуды жүзеге асырады.

Уәкiлеттi органдардың бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi
өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң
әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiкке,
көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
Жоғарыда аталған салықтарды жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын
квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Жоғарыда аталған салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
1) есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы
есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;
2) салық төлеушiге - жеке тұлғаға салық сомаларын төлеу фактiсiн
растайтын квитанция берудi;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған банктiк күннен кейiнгi келесi күннен
кешiктiрмей, салық сомаларын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын
өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық
есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елдi мекенде ақша
өткiзу үш банктiк күнде бiр рет жүзеге асырылады;
4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық
сомаларын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде
банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымға өткiзу туралы есептердi берудi қамтамасыз етедi.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары белгiлеген тәртiппен бiржолғы талондарды берудi
ұйымдастырады және бiржолғы талондарды өткiзуден түскен соманың толық
жиналуын қамтамасыз етедi.
Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен
өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара
ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк органдар салық заңдарының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық
қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi. Салық қызметi органдары мен
кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi
мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды. Салық қызметi органдары
мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бiр-
бiрiмен өзара iс-әрекет жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық әкімшілігі
Ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтарудың объективті белгілері
Салық әкімшілігін жүргізу
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Салық қызметінің экономикалық табиғаты, мәні және қызметі
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
Салықтық бақылау
Құқық қорғау органдары туралы
ҚР конституция түсінігі
Салық берешегін тексерудің экономикалық мәні
Пәндер