Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар



Кіріспе
1. Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық қоғамдастар
2. Халықаралық монополиялардың ролі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстанның монополия нарығын зерттеу жүзінде көптеген мәселелерді талқылауға арналған. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы экономикадағы демонополизация процесін басқару шарттар жүйесіне байланысты. Мемлекет тарапынан нарыққа бақылау жүргізу, жағдайларды талдауы арқылы жаңа монополистердің тууы, осы өндіріс орындарының жұмысын басшылыққа алуы табиғи монополияда нақты бәсекелестіктің жоқтығының негізгі себебі болып табылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай мемлекет араласуының бағыттары мен түрлері өзгеруі керек. Антимонополиялық заңдардың негізгі қарастыратын мәселесі — еркін бәсекелестікті және кісіпкерлікті қолдау, тұтынушылар құқығын қорғау, т.б.
1. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
2. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – : Финансы и статистика, 2008. – 384 с.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2007. – 219 б.
5. Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3.
6. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2006. 2 бөлiм.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Монополия түрлері, түсінігі, ерекшеліктері және монополиялық
қоғамдастар
2. Халықаралық монополиялардың ролі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның монополия нарығын зерттеу жүзінде көптеген мәселелерді
талқылауға арналған. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы экономикадағы
демонополизация процесін басқару шарттар жүйесіне байланысты. Мемлекет
тарапынан нарыққа бақылау жүргізу, жағдайларды талдауы арқылы жаңа
монополистердің тууы, осы өндіріс орындарының жұмысын басшылыққа алуы
табиғи монополияда нақты бәсекелестіктің жоқтығының негізгі себебі болып
табылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай мемлекет араласуының
бағыттары мен түрлері өзгеруі керек. Антимонополиялық заңдардың негізгі
қарастыратын мәселесі — еркін бәсекелестікті және кісіпкерлікті қолдау,
тұтынушылар құқығын қорғау, т.б.

1. Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырып отырған нарықтардың фирмалардың саны болып табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады. Сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты
пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарына ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді.
Негізінен монополияның ерекшеліктеріне келетін болсақ, монополияның
төрт ерекшелігі бар. Олар:
1) өнімнің ерекше болуы;
2) тосқауылдың көп болуы;
3) ірі жалғыз фирма;
4) толық деректер.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуне байланысты рынок құрылымдары
күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда монополиялы
нарықтың да орны ерекше. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және
елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты
қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн
арттыру болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және
экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан
Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты
– бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған
тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Стратегия мақсатындағыдай бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы
жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiн қалыптастыру үшiн рынок құрылымының жиi
кездесетiн түрi монополиялық бәсекенiң орны ерекше. Яғни, монополиялы
бәсеке рыногында бәсекеқабiлеттi сапалы тауарлар өндiруге фирмалар ие
болып, рынокта монополиялық билiкке ұмтылады. Фирмалардың арасындағы мұндай
бақталастықтың монополист жалғыз фирмадан артықшылығы сол, егер монополия
рынокта тұтынушылар алдында жалғыз ғана фирманың өнiмдерi болып, олар соны
тұтынуға мәжбүр болады, сондықтан кей кезде монополист фирма өз өнiмдерi
өнiм сапасын жақсарту үшiн артық шығындар жұмсамауы да мүмкiн. Өйткенi
олардың тауарлары рынокта мiндеттi түрде өтiп отырады. Ал, монополиялы
бәсеке рыногындағы фирмалардың санының көп болуына байланысты олардың
бәсекелестерiне төтеп беру үшiн өз өнiмдерiнiң сапалы және бәсеке
қабiлеттiлiгi жоғары болуын қамтамасыз етедi.
Мұндай инновациясы бар, еркше сапалы өнiмдер өндiретiн салалардың саны
көбейiп, олардың дамуы елiмiздiң ұлттық экономикасы үшiн маңыздылығы жоғары
екенi белгiлi. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi
дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы,
еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi,
жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу
тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар –
мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын
кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады.
Осындай өңдеу өнеркәсiбiнiң iшiндегi кезек күттiрмейтiн, қарқынды даму
жолына түсудi талап ететiн салалардың бiрiне жеңiл өнеркәсiбi жататындығн
атап өтуге болады. Өйткенi, бүгiнде Қазақстанда монополиялық бәсеке
рыногында тамақ өнiмдерiнiң бәсеке қабiлетi бiршама жақсы болғанымен жеңiл
өнеркәсiбiнiң жағдайы әлi де болса дамуды, экономикалық қолдауды қажет
етедi.
Жоғарыда өзiмiз атап өткендей монополиялы бәсеке рыногы көбiнесе жеңiл
және тамақ өнеркәсiбiнде көрiнiс табады. Жеңiл өнеркәсiп саласында 1999
жылдан бастап өсу қарыны байқалды. Тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнде 2006
жылы 1999 жылмен салыстырғанда 125,6%-ға артқанмен, өнiмнiң көптеген
түрлерi бойынша өндiрiстiң төмендегенiн көрсетедi. Шикiзат пен
материалдардың тапшылығы (“Озат” АММК), жiптiң аздығы (“Тұлпар”АҚ), айналым
қаржыларының жетiспеушiлiгi (“Атрико” АҚ, “Котекс” АҚ, “Южтекс”Ақ,
“Дина”АҚ, “Обувная фабрика” АҚ) сияқты кәсiпорындарды тығырыққа тiредi.
Қазақстан нарығына келiп түсетiн тоқыма және тiгiн өнеркәсiп өнiмдерi
көп жағдайда үкiметi жеңiлдiктер мен субсидиалар беретiн елдерден әкелiнедi
екен. Сөз жоқ, мұндай өнiмдердiң сапасы отандық тауарлардан төмен, бағасы
арзан. Статистика мәлiметтерiне жүгiнетiн болсақ, елiмiзде тұтыну
тауарларын импорттау көлемi 700 млн. АҚШ долларын құрайды екен, ал қалғаны
астыртын әдiстермен сырттан тасылады.
Импортталатын тауарлар құрамындағы киiм-кешек, аяқ-киiм, жеңiл
көлiктер, медикаменттер, жиһаздар және т.б. Ресей, Германия, Түркия,
Оңтүстiк Корея, Қытай, Ұлыбритания, Азия сияқты елдерден ағылып келуде.
Сарапшылардың топшылауынша , тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң ойдағыдай
дамымай отыруының басты себебi айналым қаржыларының жетiспеушiлiгi мен
негiзгi қорлардың тоуы болып отыр. Негiзгi құралдардың тозу шамасы – 31,5%,
олардың жаңару коэффицентi – 0,7%, ал ескiру коэффицентi – 0,8% құрап отыр.
Осы салаға мемлекеттiң әсерi салық салу, несие беру және лизингтiк
қатынастарды дамыту болып табылады. Ондағы өндiрiстiк аппараттардың
ескiруiнiң басты себебiне тоқтайтын болсақ, мемлекеттiң белсендi қолдау
шараларының қажеттiгiнде деп тұжырым жасауға болады. Мысалы, инвестициялық
қызметтi жақсы жолға қою арқылы “Қыз Жiбек” АҚ-да өнiм түрлерi көбейдi.
Оған бiрден-бiр себеп, осы қаржыларға әр түрлi үлгiдегi өнiм өндiруге
мүмкiндiк беретiн жаңа құрал-жабдықтар сатылып алынды.
ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы
зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы
қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет
және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-
әрекетте болып табылады.
“Қазақтелеком” ААҚ қазiргi таңда байланыс саласында интернет, сымсыз
байланыс тораптары бойынша бәсекелестерi “Nursat”, “Patelko”, “Алтел”, “
GCM Қазақстан”, “K- Mobail”, “Унинад” компаниялары болып табылады. Яғни
Қазақтелеком ААҚ 1990 жылы осы тораптар бойынша телекомуникация
саласындағы үлесi 85% болса, ал 2004 жылғы мәлiметтер бойынша ақпарат және
интернеттегi үлесi 58%
Қазақстанда қазiргi таңда экономикалық дамумен байланысты
телекомуникация саласында компаниялар саны күннен күнге көбейiп, бәсекелi
орта қалыптасуда. Бұл бiр жағынан елiмiз халқы үшiн ақпарат және
интернетпен жоғары сапалы қамтамасыз етуiне әкеледi.
Мысалы “Қазақтелеком” ААҚ өзiнiң бәсекелестiк ортасын мығымдау үшiн
әлемдiк интернет жүйесiн ADSL –ге қосылатындығын айтты. ADSL жүйесi жылдам
әрi сапалы қызмет етедi. Сондай-ақ бұл жүйеде бiр мезгiлде интернеттi
қолдануға және телефонмен сөйлесуге болады. Яғни “Қазақтелеком” ААҚ ADSL
технологиясына қосылу арқылы тұтынушылардың қаржысын және уақытын
үнемдеуге жағдай жасайды.
Ал екiншi жағынан “Қазақтелеком” ААҚ аймақаралық және жергiлiктi
байланысында толық қанды табиғи монополист компания болып табылады.
Ол монополист ретiнде және телекомуникация саласында ұлттық компания
ретiнде негiзгi екi қызметтi атқарады: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
және өзiнiң телекомуникация қызметiн халықаралық стандартқа сәйкестiру
болып табылады. Сондықтан монополист компания бүгiнгi таңда “ ұлттық
ақпараттық супер магистрал” қызметiн және торабын ел арасында орнатуда.
“Қазақтелеком” ААҚ 2003 жылға қорытынды шығара келiп, компания иновациялық
телекомуникация жүйесiн Шығыс қазақстан облысында ұзындығы 2400 км
болатын торап тартумен сәттi аяқтады, сондай – ақ телекомуникация
орталығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополия туралы
Монополиялар
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері
Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Монополия және монополиялық тепе-теңдік
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Пәндер