Өрт жайлы


ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Өрттің шығу себептері.

Негізгі бөлім

1. Өрттің және жарылыстың дәрежелері.

2. Өрттен сақтануға қол жеткізу.

3. « Есте ұстаңыз »

4. Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі

5. Жарылыстар

Өрттер

Өрт - бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруа-шылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.

Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады миллиар-дтаған теңгенің құндылықтары, түрғын үйлер өп-сәтге түтін мен күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381, 6 млн. теңгеге материалдық залал алып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521, 6 млн. теңгені құрады.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бүзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұнатады.

Өрттің бірәзі адамның кінәсынан, найзағайдың соққысы өсерінен құрғақ ағаштың жануынан, басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.

Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері кептеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі,

Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Практика өрттің шығуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуі онымен күрестен көрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.

Өрттен сақтандыру - оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

Бүкіл республика аумағындағы орман өрті мәселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірінші кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өрттерінің пайда болуын, таралуын және дамуын ескертуге бағытталған өртке қарсы сақтандыру жүмыстарын жүргізуге байланысты.

Өрт ошағының шекарасын, бағытын және оның таралуының мөлшерлі жылдамдығын анықтау керек. Егер карта болса, одан өзіңіз тұрған жерді дәл анықтап, өрттен қауіпсіз төңіректегі жерді іздеуге болады.

Өрттен тақыр аралдарда, батбақтың құрғақ жерлерінің жоталардың орман деңгейінен жоғары жартасты төбелерінің мұздақтарда жасырынуға болады. Енді өзендер, тоғайдың шеті қорған бола алады. Өрт кезінде оның сыртына шығу ушін қырындай жүре отыра желге қарсы бағыт ұстай отыра құтылуға болады. Ал желдің өтіндегі адамды жалын жылдам қуып жетеді.

Өрттің және жарылыстың дәрежелері.

Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6 дәрежеге: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мүнай өндейтін және химиялық көсіпорындар, мүнай өнімдерінің қоймасы, газ шаруашылығы және т. б. жатады; көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант опасы даярлайтын және тасымалдайтын цехтар, сондай-ақ Б категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өндеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.

Бүкіл құрылыс материалдары үш топқа бөлінеді:

Жанбайтын - бұл оттын немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістенбейтін материалдар.

Қиын жанатын - бұл оттын немесе жоғары температура-ның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын немес үгілетін және от көзі болған жағдайда жануьш жалғастыратын, ол жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтататын материалдар.

Жанатын - бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.

Жанатын материалдардан салынған ғимарат пен құрылыс өте қауіпті. Тіпті жанбайтын ғимарат пен құрылыс отың ықпалы мен жоғары температураға белгілі бір уақытқа ғана төзе алады. Құрылғылардың отқа төзімділік шегі үлкен шарықшақ пайда болмайтын, құрылғы құламайтын қарсы жағы 200 грарусқа дейін қызбайтын уақыт мөлшермен анықталады.

Ғимарат пен құрылыс отқа төзімділігіне байланысты 5 топқа бөлінеді: I, II, III, IV және V топ.

Электр приборлары, оралмаған өткізгіштер, тоқтың соғуы мен өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан да балаларға жалаңаш өткізгіштерге жақындауға және тиісуге болмайды. Электр өткізгіштін розеткадан қолмен тартуға болмайды. Кейде кішкентай балалар штепселдік розеткаға әртүрлі металл заттарын сұғады, нәтижесінде саусақтарын күйдіреді, ал кейбір жағдайларда бұл іс қайғылы аяқталады. Бос розеткалар арнайы қақпақтармен жабылуға тиіс.

Әрбір тосын жағдайда шақыратын 01 - өрт қызметі телефон нөмірін білуге тиіс.

Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арқасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез-келген жылдамдығында ол автоматты түрде жүмыс істейді.

Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жаңған азық-түлікпен уланып қалуға болады.

Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрылысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады.

Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі:

- өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, еңгізу және бақылау;

- жасалған объектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;

- өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;

- өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;

- халық арасында техникалық - өрт білімін насихаттау.

Өрттен сақтандыру объект түрлері бойынша жүргізіледі тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді өнеркәсіп объекгілері мен көлікгі, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында.

Тұрғын үй ғимараттарын өрттен сақтандыруда жылыту электрмен жабдықтау жүйесіне, газ приборларына байланысты өрт шаралары қарастырылады.

Қоймадағы, базардағы және дүкендегі өрттен сақтандыру, ғимараттар салынған кезде олардың арасындағы өртке қарсы алшақтықты сақтауды, ішкі өртке қарсы су құбырын, оларды өрт және өрттен қорғау дабылдарымен жабдықтауды үлкен қойма ғимараттарын өртке қарсы қабырғалармен бөлуді, жылдам тұтанатын және жанатын заттарды бөлек сақтауды, пешпен және газбен жылытуға тиым салуды және басқа шараларды қарастырады.

Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттен сақтандыру, объектінің өрт қауіптілігінің тиісті санатын, ғимараттар мен тұрақтардың отқа берік деңгейде орындалуьш, ғимараттар арасындағы өртке қарсы алшақтықтарды салуды, жылдам тұтанатын және жанатын материалдарды қоймада негізгі аймақтан бөлу және басқа шаралар.

Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:

Өрт жағдайында халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдық ғимараттағы өртті сөндіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимараттың қосымша шыға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған және оның өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің абдырамай, жүйкенді жұқартпай, басқалардың үрейленуіне жол бермеген жөн.

Өрт кезінде өрт сөндіру құралдары бар болса, өрт сөндіргішті қолдану, ішкі ерт су құбырының аспа насосын қосу, орамдарды босату, су ағысын отқа бағыттау немесе оны су құбыры, құдық, өзен суының, құмының, көмегімен сөндіру. Шағын өрт ошағын тығыз жамылғылармен сөндіру қажет.

Өртпен күресте және зардап шегушілерді қүтқаруда сіз үшін ауаның жоғарғы температурасының, шаңның, көміртетігі тотығы концентрациясының, ғимарат пен үйдің ықтимал құлауының аса қауіпті екендігін есіңізде ұстаңыз.

« ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ »

егер зат (жағдай) 10 метрге дейінгі қашықтықта көрінекі түрде көрінбесе, онда түтіндену концентрациясы өте қауіпті!

Өрт сөндіру кезінде ең алдымен өрттің таралуын тоқтатып, одан кейін аса лапылдаған жерлерде жалынды өшірген жөн. Бұл жағдайда судың ағысын жалынға емес, жанған төбе-ге бағыттау керек. Егер тік төбе жанса, суды жоғарыдан төмен бағыттау қажет. Шанданған ғимаратта ертті суды шашырату арқылы сендірген жөн, өйткені ол түтіннің және температураның төмендеуіне ықпал етеді.

Егер үйде (пәтерде) шағын өрт ошағы пайда болса, оған су құйыңыз немесе ауыр ылғалды матамен жабыңыз. Жанған киімді жамылғы жабумен, оны лақтырумен және су құйып сөндіреді. Жалынды жерге аунау арқылы өлсіретуге болады.

Жанғыш сұйықтарды ең жақсысы көбік құраушы құрамдармен құм немесе топырақ шашу, сондай-ақ шағын ошақтарды ауыр жамылғы жабумен өшіруге болады.

ӨРТ СӨНДІРГІШ

От сөндіргіш - жаңадан ғана лаулап жана бастаған отты арнайы от сөндіргіш заттар шашу арқылы сөндіруге арналған құрал. Бұл құралдар от сөндіруге пайдаланылатын заттарға бапланысты көбік, газ және ұнтақты заттар шашатын ө. с-терге бөлінеді. Ө. с-тің сырт пішіні цилиндр тәрізді. Оның бас жағында от сөндіргіш зат шашатын тетік бар. Ыдыстың ішінде екінші бір кішкене ыдыс болады. Ол әйнектен кейде полиэтиленнен т. б. материалдан жасалады. Үлкен ыдысқа сілті, ал кішкене ыдысқа кышқыл құйылған. Ө. с-ті іске қосқан кезде кішкене ыдыс сынады немесе тесіледі де, ондағы қышқыл сілтімен араласып реакция-ласады, Осы реакция нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газ бен кебік қысым арқылы ыдыстан сыртқа шапшып шығады . Көбік шашатын Ө. с-пен электрлік қондыргылардағы отты сөндіруге болмайды. Өйткені көбік электр тогын өткізеді. Электрлік қондырғы-ларда шыккан өрт газ піашатып Ө. с-пен сөндіріледі. Бұл құрал оттексіз ақ жана беретін орындарда шыққан отты сөндіруге жарамайды. Ұнтақ және көмірқышқыл - бромэтил шашатын Ө. с-тер сілтілі металдардағы, кремний-органикалық т. б қоспалардағы отты сөндіре алады.

ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫ - өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Ө. с. т-ның негізін өрт сөндіру машиналары құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары т. б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары ө. с. т. қатарына жатады. Ө. с. т-н жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған.

1907 ж. автомобильге мех, өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомо-бпльді папдапану өрт сөндіру техни-қасына түбегейлі өзгерте жасады.

Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаданылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде оларды сумен өшіру мүмкін емес. 20 ғ-дың басынан бері өрт сөндіру ісінде хим. көбіктер пайдаланылуда. Отандық өрт сөндіру автомо-бильдері 1928 жылдан бері шығарылып келеді. Біздің елде ең алғаш рет газ бен мұнай фонтандарындағы өртті қопарылыспен және турбиналы реактивті двигательден шыққан газдармен сөндіру әдістері іске асырылды.

Ө р т с ө н д і р у а в т о м о б и л і (ӨСА) - өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.

Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі

Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:

- қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т. б. ) ;

- табельдік (өрт сөндіргіш, балта, шелек) .

Өрт сөндіргіштер - өрттің пайда болу сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

Өрт сөндіргіштер - өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өрт сөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

Өртсөндіргіш қуралдары турі бойынша: сұйық, көбікті, көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты, құрама.

Корпус көлемі бойынша:

- корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын азлитражды;

- корпустың көлемі 5-10 литрге дейінгі қолмен босататын өнеркәсіптік;

- корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.

Өртсөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

- заряд компоненттерінің химиялық реакцияның нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;

- өртсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы балло- ! нан берілетін газ қысымымен;

- өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;

- өртсөндірігіш құралының жеке қысымымен.

Жіберу қондырғысының түрі бойынша:

- вентильді затворы бар;

- пистолет үлгісіндегі ішқату - жіберу қондырғысы бар;

- пиропатроннан жіберілетін;

- қысымның тұрақты көзімен жіберілетін.

Өртті үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде үлгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің тарихы
Өртті сөндіруді басқару
Автотұрақ схемасы
Интернет желісімен байланыс
Бірінші берілетін көмек
Ғимараттағы инженерлік құралдарға қойылатын өртке қарсы талаптар
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым
Қонақ үйде ұйымдастырылған құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz