Міндеттемелер есебі туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1-бөлім. Міндеттемелер есебінің теориалық негіздері

  1. Міндеттемелердің экономикалық мазмұны және мәні . . . 6
  2. Ұйымның жалпы- экономикалық сипаттамасы . . . 15
  3. Ұйымның есеп саяасаты . . . 19

2-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер есебін ұйымдастыру

2. 1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысудың есебі . . . 19

2. 2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі . . . 27

2. 3 Қарыздар, дивиденттер және ұйымдарға берешектердің есебі . . . 40

2. 4 Бюджетпен есеп айырысудың есебі . . . 49

2. 5 Басқада ағымдағы міндеттемелер бойынша есеп айырысудың есебі . . . 65

3-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер есебінің аудиті

3. 1 Аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпараттық көздері . . . 73

3. 2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің аудиті . . . 75

Қорытынды . . . 86

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бугхгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым- қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады. Оның ішінде ағымдағы міндеттемелер есебінің де ұйымдастырылуы, олардың өз уақытылы іске асырылып отыруы өз әсерін тигізбей қоймайды.

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты, қатал бақылау- тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамассыз ету үшін сол елде бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші роль атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау- тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады, немесе « ойын тәртібі » сақталмаған елде экономикалық нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іс жүзінде орындалмайды. Сондықтанда аудит жүмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Бұл себептерге біріншіден, кәсіпкерлердің өз шаруашылығының тиянақтылығының қамтамасыз етілуі, екіншеден, өз жұмысының өзі сенімді түрде басқару жүргізуі, үшіншіден, кәсіпкерлердің өз ара қарым-қатынастарда сенімді жұмыс істеуі мен өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болуы және тағы басқалар жатқызлады.

Кез-келген ұйым өзінің қызметі барысында басқа ұйымдарда алған материалдық құндылықтары, тауарлары, негізгі құралдары және тағы басқада активтері үшін, сондай-ақ алынған несиелері үшін қарыз болуы мүмкін, тіпті өздерінің сатып алған активтерінің құнынын сол уақытында төлегнннің өзінде немесе банк және банктен тыс мекемелерден несие және қарыз алмағанның өзінде де жұмыс істейтін қызметкерлеіне еңбек ақы есептеп оны төлеуге, өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтері сату барысында бюджетке түрлі салықтар төлеуге міндетті болады. Осы шаруашылық операциялар барысында ұйымның міндеттемелер есебі туындайды.

Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуғу, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болып саналады. Бұл орайда ұйымның міндеттемелерін уақытылы өтеуі және басқада ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Елімізде өзін-өзі қаржыландыра алмай немесе басқа ұйымдарға және өзінің жұмысшы қызиеткерлеріне қарыз болып, жабылып жатқан ұйымдар да кездеседі. Осындай түрлі мәселелердің практикада жиі кездесуін теориалық тұрғыдан зерттеу бүгінгі таңда қажетті болып табылады. Диплом жұмысы «АлматыСТРОЙТРАНС» Акционерлік Қоғамының (келесіде-Қоғам) мәліметтері бойынша жазылады.

Осы жұмыстың негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

- ағымдағы міндеттемелер есебін ашып көрсету;

- еңбек ақы есебі бойынша тундайтын міндеттемелерді қарастыру;

- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысуда кездесетін

міндеттемелерінің есебін ашу;

  • бюджет және бюжднттен тыс ұйымдармен есеп айырысу есебін және

онда

кездесетін әртүрлі мәселелерді жан-жақты зеттеу;

- алынған аванстар мен дивиденттер бойынша есеп айрысқан кезде

туындайтын міндеттемелер сондай-ақ басқада ағымдағы міндеттемелер

есебін ашып көрсету;

- ағымдағы міндеттемелер есебінің аудитін теориялық негізде қарастыру

болып табылады.

Міндеттемелер есебі мен аудитін дұрыс жүзеге асырып, олардың маңыздылығын түсіну керек. Нарықтық экономиканың даму барысында негізсіз шығындармен күресу, ұйымның нақты активтерін көбейту және ұзақ немесе ағымдағы міндеттемелерді азайту мәселесі тұрғандықтан әсіресе орта және шағын кәсіпорындардың бәсеке қабілеттіліктерін жоғарлату мен отандық өнім өндіруді дамыту мәселесі алдыңғы қатарда болғандықтан «Ағымдағы міндеттемелердің есебі және аудитін » теориялық және тәжірибелік жағынан зерттеу- осы жұмыстың мақсаты болып табылады.

Бұл тақырыптың қазіргі кезде маңыздылығы артып отыр. Оны шешу үшін төмендегі мәселелерге көңіл бөлу керек:

1. Міндеттемелердің туындау тәуекелділігін төмендету және оларды өтеу тиімділігін қолдануды жақсарту әдістері таңдау;

2. Міндеттемелерді азайтып, активтерді көбейту жолдарын пайдаланумен оларға аудиторлық тенсеруді жетілдіру;

3. Ұйымның төлем қабілеттілігіг талдау арқылы міндеттемелерге дұрыс баға беріп, бақылап отыру.

1-БӨЛІМ. Міндеттемелер есебінің теориялық негіздері

1. 1 Міндеттемелердің экономикалық мазмұны және мәні

Міндеттемелердің экономикалық мазмұны және мәні бухгалтерлік есепте маңызды орынға ие. Оның ішінде біз қарастырып отырған ағымдағы міндеттемелер баланстық қорлану көздерінің үшінші бөлімінде көрсетіледі яғни- қысқа мерзімді несиелер мен овердрафт, ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, қысқа мерзімді кретиторлық берешектер, оның ішінде төленуге тиісті вексельдер, төленетін дивиденттері, алынған аванстар, бюджетпен есеп айрысулар, шартты және кепілдік міндеттемелер сондай-ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысулар т. б. ағымдағы міндеттемелер жатады.

Ағымдағы міндеттемелер дегеніміз- ұйымдардың қысқа мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері. Ағымдағы міндеттемелердің, соның ішінде кредиторлардың талап етуі бойынша төленуге тиісті міндеттемелердің және есепті мерзімінен кейін бір жыл ішінде өтеуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бір бөлігінің баптары ашып көрсетілуге тиіс. Олардың жалпы құрамына енетіндер:

  1. қысқа мерзімді несиелер;
  2. ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
  3. кредиторлық қарыздар оның ішінде:

-төленуге тиісті шоттар мен вексельдер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленетін дивиденттер, ұйымаралық қарыздар, акционерлік қоғамдардың лауазымды адамдарына берешек қарыздар, өзге де кредиторлық қарыздар.

4) төлуге тиісті есептелген шығындар;

5) болашақ кезеңдердің табыстары;

6) күтпеген жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Несеилеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады- ол процент түрінде үстеме төлем төлеп қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы. Қысқа мерзімді несеилерді беру ҚР Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензиясы берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеті- кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу қабіліті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға несие басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми- техникалық деңгейін көтеруге тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралармен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлетіндері ол өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шотттарына сақтайтын банк акцоинерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім- шарт негізінде беріледі. Несие беру банктермен өздеріде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк ссудасы бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болған жағдайда ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру оған үлкен қауып туғызатын болғандықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі қарау кезінде ерекше сақтықта болғанды дұрыс санайды. Кәсіпорын несие алу үшін несиенің соммасы және мақсатты бағыты, пайдалану мерзімі, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараны қысқаша сипаты және оны жүзеге асырудың экономикалык тиімділігі дәлелденген жазбаша өтінішпен банкке барады. Өтініш сұрауды банкке ссуда алу үшін алғашқы рет барған немесе ссуданы пайдаланатын, тәуекелді қажет ететін несиеге өтініш жазған, осы банкте есеп айырысу шоты жоқ, ссуда мәмілесін жасау үшін несие алушы кәсіпорыдар ұсынады. Сонымен қатар банкке несие алу үшін бірінші рет барған кәсірорын өзінің Жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және несие алу құқығы барлығын растайтын басқа да құжаттарды банкке ұсынады.

Қысқа мерзімді несие әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығыннның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклының ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.

Несие шартында көзделген қысқа мерзімді несие беру және өтеу шарттары мен тәртібіне сай банктің несие бөлімі арқылы несие беруге өкім рәсімделеді, несие қарыз алушының есеп айырысу шотында қаржының бар-жоқтығына қарамай қарыз алушының несие шотынан есеп-ақша құжаттарын төлеу жолымен немесе оның ағымдағы, корреспонденттік шотына қаржы аудару арқылы беріледі.

Несие бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады. Әдетте, қысқа мерзімді несиені өтеу, қарыз алушының мерзімді міндеттемесінің негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ қарыз алушының төлем - тапсырмаларын немесе негізгі несиеден басқа банк өкімі қолданылуы мүмкін. Қарыз алушылар негізге несиеден басқа, несиенің пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Міндеттемелердің ішінде қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың мәнін қарастырайық. Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысаны еңбек ақы арқылы жүзеге асады. Енбек ақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында келесідей жүйелер болады.

Кесімді еңбек ақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі, бойынша еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты, оған белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын бір жүйеде бригада, учаске жұмысшысының нәтижелері бойынша анықтайды.

Еңбек ақы жөніндегі бағалар жекелей ( әрбір жеке кәсіп үшін ) және кешкенді ( бригаданың бүкіл ұжымы үшін ) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех ) болып дайындалған ұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбек ақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға ( бригадаға, учаскеге ) тиісті еңбек ақысын есептеп шығарады.

Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффицент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылыды. Қосымша еңбек ақыны коэффициенттік анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа коэффициентін табады. әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды.

Жанама кесімді еңбек ақы жүйесі- мұнда көмекші және басқа жұмысшыларды еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскені, цехтің негізгі жұмысшыларының төеміне шаққан пайызбен анықталыды.

Еңбек ақының кесімді- сыйлықтық жүйесі- өндірілген өнімнің жұмыстың санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізген үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындаған үшін және асыра орындағаны үшін және де өнім сапасын арттырғаны үшін шикізатттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін ) сыйлық төлейді.

Үдемелі кесінді еңбек ақы жүйесі бойынша- еңбек ақының бұл жүйесінде кесінді жұмысшыларды белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогресивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.

Еңбек ақының аккордтық жүйесі- бұл жүйе жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары ) және баға алдын- ал анықталған. Еңбек ақыны бұл жұйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданың, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігіг арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуды материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қорлданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндіру нормалары ) мен бағалар негізінде белгілейді, олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік- ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық жүйесі алмастыратын болды.

Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немесе айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйенің негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбек ақының мерзімдік-сыйлықтық жүйесі- бұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгнедері үшін алады. Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйылық беру еңбек ақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырлады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнін өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің ) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының игерлуі өндіріс бригадасын учаскесінің, цехінің шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т. б.

Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстңң жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібімен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Еңбек ақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендетуіне және халықтық өмір сүру деңгейінің жоғарлануына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестері мен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

Мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік ақша қаржысы қорын құрудың және пайдаланудың негізгі қаржылық жоспары. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл -аухатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқада мақсаттарда пайдаланылады. 2001 жылығы 12 маусымда (2005 ж. 1- қаңтардағы толықтырулар мен өзгерістерді қосады) ҚР « Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы » Салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғадан алынатын салықтар, мемелекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Жалпы мемелекеттік салықтарға заңды және жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы, ҚҚС, акциздер, арнаулы төлемдер және жер асты байлықтарын пайдаланушыларға салынатын салықтар жатады. Жалпы мемелекеттік салықтар және міндетті төлемдер кезекті қаржы жылындағы « Республикалық бюджет туралы » ҚР Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша тиісті бюджет табыстарына қосылады. Жергілікті салықтарға: жер салығы, заңды және жеке тұлғаның мүлкіне салынатын салық, көлік құралдаына, заңды тұлғаларды және кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғана тіркеу үшін алынатын алымдар жатады. Көрсетілген салықтар мен алымдардың, төлемдердің сомаларыы жергілікті бюджеттің кірісіне аударылады.

1. 2 Ұйымның жалпы экономикалық сипаттамасы

Қазіргі кезде ұйымның экономикалық сипаттамаларынан байқайтынымыз олардың активтері жоғарылаған сайын міндеттемелерінің мөлшері де артуда. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «АлматыСТРОЙТРАНС» Акционерлік қоғамнан мәліметтері алынды. «АлматыСтройТранс» АҚ-ы 1940ж 1 -қаңтарында №354 «Автогараж» әскери-құрылыс жұмыстарын жүргізу бөлімшесі болып құрылған.

Ұйым көптеген өзгерістің нәтижесінде «АлматыСтройТранс» АҚ-ы болып ұйымдастырылған. Ол 2 ақпан 2004 жылы Алматы қаласы әділет Депортаментінде тіркеліп, №435-1910-АО «Мемлекеттік тіркеу куәлігі» берілді. Заңды мекен -жайы: 480034 Алматы қаласы, Алмала районы, Бродский көшесі, 39. Ұйымның дербес балансы, мөрі және банкте шоты бар.

Ұйымның қаржы - шаруашылық қызметі ұйымның барлық өндірістік жаған қамтиды. Оларға талдау жүргізу үшін қаржылық есеп беру мәліметтері керек. Бухгалтерлік баланстың дерктерін талдау - бұл қаржылық есептің ең бірінші талданатын бөлімі болып саналады.

Табыстар және шығындар жөнінде есеп беру - бұл ұйымның негізгі ақпараттарының қайнар көзі болып табылады ондн ұйымның сатылған өнімдер көлемі, шығындар мен таза табысы көрініс береді.

«АлматыСтройТранс» АҚ-ң қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің талдауы ( №1 кесте) ұйымның табыстары мен өнімнің өзіндік құнының және табыс деңгейі сондай -ақ олардың өсу қарқынының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтап береді. Яғни өткен және есепті жылдың мәліметтері негізінде Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тәтижелерін талдаймыз.

Кесте №1

«АлматыСтройТранс» АҚ-ң қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері (2003-2004 ж. ж)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері
Міндеттемелер аудиті
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Міндеттемелер
Қаржылық қорытынды есебі
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz