Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелерI



ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I.бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ

1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
1.2 Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез.құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

II.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРI

2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары
2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ

Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың талғамы, осы арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.
Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын экономикада субъективтi бағыт болып табылатын тұтынушылардың мiнез-құлығына байланысты “Тұтынушылық таңдау моделіндеогі дәрменсіздік ” деп алдым.
Бұл тақырыпта еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ, бұл теорияның сандық (координалистiк) талдау бағыттың өкiлдерi XX ғ. 70-жылдарындағы Джевонс, К.Менгер, Валрас және А.Маршалды айтсақ, ал тұтынушылардың талғамындағы реттiлiк ( ординалиситiк)баптың өкiлдерi Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хикстi айтуға болады.
Сондай-ақ бұл тақырыпта микроэкономика деңгейiнде еңбек еткен ғалымдар Долан Э. Дж., Пиндайк Р. және Н.Мэнкюдi ерекше атап өтуге болады.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және микроэкономика деңгейiнде өз еңбектерi арқылы үлесiн қосып жүрген экономист-ғалымдар Әубәкiров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров Н.Қ және т.б. жас ғалымдарымызды атап өтуiмiзге болады.
Менiң бұл жұмысты орындаудағы мақсатым микроэкономикадағы тұтынушылар таңдауы моделін зерттеп, Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногының қазiргi жағдайы және Қазақстанның тұтынушылар талғамына модел жасау болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыстың мiндеттерi келесiдей:
• Тұтынушы рыногын зерделеу;
• Тұтынушылар таңдауын және мiнез-құлығын қарастыру;
• Тұтынушылар талғамына әсер етушi факторларды қарастыру;
• Қазақстанның тұтынушылар рыногын талдау арқылы, өзiндiк баға беру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
2. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
5. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
7. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
8. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
9. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
10. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
11. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. - с. 38-44.
12. Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң бюллетенi. 2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңiрлерi бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАҢДАУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ДӘРМЕНСІЗДІГІ

1. Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы
2. Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-
құлығына әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРI

2.1 Тұтынушы талғамына әсер ететiн “табыс және баға тұтыну” қисықтары

2.2 Қазақстандағы тұтыну рыногы және тұтынушылар талғамының жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты
нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары
пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте
маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында
тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және
өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк
шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және
ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр
түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып
алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып
ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың
талғамы, осы арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған
байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын
ескерiп өту болып табылады.
Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын экономикада субъективтi бағыт
болып табылатын тұтынушылардың мiнез-құлығына байланысты “Тұтынушылық
таңдау моделіндеогі дәрменсіздік ” деп алдым.
Бұл тақырыпта еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ,
бұл теорияның сандық (координалистiк) талдау бағыттың өкiлдерi XX ғ. 70-
жылдарындағы Джевонс, К.Менгер, Валрас және А.Маршалды айтсақ, ал
тұтынушылардың талғамындағы реттiлiк ( ординалиситiк)баптың өкiлдерi
Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хикстi айтуға
болады.
Сондай-ақ бұл тақырыпта микроэкономика деңгейiнде еңбек еткен ғалымдар
Долан Э. Дж., Пиндайк Р. және Н.Мэнкюдi ерекше атап өтуге болады.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және
микроэкономика деңгейiнде өз еңбектерi арқылы үлесiн қосып жүрген экономист-
ғалымдар Әубәкiров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров Н.Қ және т.б. жас
ғалымдарымызды атап өтуiмiзге болады.
Менiң бұл жұмысты орындаудағы мақсатым микроэкономикадағы тұтынушылар
таңдауы моделін зерттеп, Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногының
қазiргi жағдайы және Қазақстанның тұтынушылар талғамына модел жасау болып
табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыстың мiндеттерi келесiдей:
• Тұтынушы рыногын зерделеу;
• Тұтынушылар таңдауын және мiнез-құлығын қарастыру;
• Тұтынушылар талғамына әсер етушi факторларды қарастыру;
• Қазақстанның тұтынушылар рыногын талдау арқылы, өзiндiк баға беру.

I-бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ

1.1 Тұтынушылар рыноктағы сұранысты қалыптастырушы және олардың қалауы

Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен қызметтердiң iшiнен
таңдау жүргiзедi. Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және
сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды
таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi
шешкенде әрбiр рынок субъектiсi максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол
кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен әрекет жасауы керек.
Олардың арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық
бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген
экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын
және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Кез келген тұтынушы ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң
табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасады делiк.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандыратын едi.
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың
бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен,
сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен
жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның
көлемi арасындағы тәуелдiлiк. Яғни, ол келесi түрде берiледi:
Q = QD (P) (1)
Мұндағы, Q - өнiм көлемi;
Р – тауар бағасы;
QD (P) – сұраныс функциясы 1, 22 бет .
Сұраныс көлемi – сұранысқа әсер ететiн басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлi бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетедi. Бұл
жерде сұраныс заңы тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс көлемi
соғұрлым төмен болады, яғни Q = QD (P) тәуелдiлiгi керi. Ол “D” сұраныс
қисығы болып табылады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз:
Баға

Р1

Р2 Сұраныс “D”

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-1 – Сұраныс қисығы

Тұтынушылардың талғамы келесiдей анықталған гиотезалардан тұрады.
Мысалы:
1) Күнделiктi өмiрде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде
алғысы келедi. Бiрақ, тауарларды сатып алу кезiнде тұтынушыға ең басты
кедергi болатын көрсеткiш – баға. Жоғары деңгейдегi баға сатып алушыға
үлкен кедергi болады да, ол өнiмдi көп алғысы келмейдi, ал төмен
деңгейдегi баға оның сатып алу қабiлетiн күшейтедi.
2) Әр уақытта да тұтынушы өнiмнiң алғашқы бiрлiгiнен көп қанағат алады.
Мысалы, сiздiң бiрiншi iскен стакан суыңыз сiзге өте әсер етедi, ал
екiншiсi ондай дәмдi болмайды, үшiншiсi екiншiден де аз қанағат
әкеледi. Бұл жағдайда тауардың шектi пайдалығының азаю принципi
тұтынуға әсер етедi. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбiр келесi бiрлiгiн
тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады;
3) Тұтынушылардыi iс-әрекетiн табыс әсерi және ауыстыру әсерi арқылы
түсiндiруге болады. Бұл екi фактор бола отыра ендi оның тұтынушы
сұранысына әсерiн зерттеп көрейiк.
Бiрiншi, ауыстыру әсерiн мысал ретiнде көрсек. 2-шi суретте екi
тауарға деген сұраныс қисығы көрсетiлген. Мысалы, шайдың қорабының бағасы
150 теңге болып, белгiлi бiр уақыттан кейiн 200 теңгеге дейiн жоғарылады
делiк. Соның нәтижесiнде шайға деген сұраныс бiр айдың iшiнде 30 қораптан
20 қорапқа дейiн кемидi.

P P

250 250
200 B 200
150 A 150 A1 B1
100 100
50 D 50 D2
D1
10 20 30 40 50 Q 0 10 20 Q
(а) Шайдың мөлшерi, қорап (ә) Кофенiң
мөлшерi, қорап
Сурет-2 – Шайдың бағасының өсуi кофеге деген сұранысқа тигiзетiн ықпалы

(а) суреттен көрiп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда,
шайдың қорабының 150-ден 200 теңгеге өсуi шайға деген сұраныс көлемi А
нүктесiненВ нүктесiне дейiн кемидi. Кофенiң бағасы өзгемейдi деп алғанда
тұтынушылар шайдың орнын кофемен қанағаттандырады, оны (ә) суреттен көруге
болады 3, 35 бет .
2-шi (а) суреттегi сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономикада
сұраныс көлемiнiң өзгеруi деп , ал (ә) суреттегi сұраныс қисығының
түгелiмен жылжуын – сұраныстың өзгеруi деп атайды. Бұл мысалда тұтынушылар
шайдың бағасы қымбаттағанда олар кофенi көбiрек тұтынады, себебi бұл екi
тауар бiр-бiрiн ауыстыра алады. Мұны кейде ауыстыру әсерi деп те атайды
және оларды субститут тауарлар дейдi. Мысалы, сары май мен маргарин, сиыр
етi мен қой етi.
Ал ендi бiрiн-бiрi толықтыратын тауарларды қарастырайық. Мысалы,
автомобиль мен бензидi алайық. Бензиннiң 1 литрiнiң бағасы 60 теңге
болғанда тұтынушы 1 жетiде 40 литр алады дейiк, ал баға 80 теңгеге дейiн
көтерiлгенде, сұраныс көлемi 30 литрге дейiн кемидi. Әдеттегiдей 3-шi (а)
суретте өзгерiс сұраныс қисығының бойымен болады.

P P

100
80 B 400
60 A 300 В1 А1
40 200
20 D 100
D1
D2
20 30 40 80 100 Q 0 50 100 Q
(а) Бензин мөлшерi, литр (ә) Автомобиль
саны, дана

Сурет-3 –Бензин бағасының өсуi автомобильге деген сұранысқа әсерi

Суреттен көретiнiмiз басқа факторлар тұрақты деп есептегенде бензин
бағасының өсуi автомобильге деген сұранысты азайтады, яғни сұраныс қисығы
солға жылжиды. Сондықтан, бұл екi тауар бiрiн-бiрi толықтыратын немесе
комплементарлы тауарлар деп аталады. Мысалы мұндай тауарларға: теннис
ракеткасы мен добы, шай мен қант жатады.

1.2 Бюджеттiң шектеулiгi тұтынушылар дәрменсіздігіне және мiнез-құлығына
әсер етушi негiзгi фактор ретiнде

Тұтынушылардың сұранысына әсер ететiн негiзiнен бағалы және бағалы
емес факторлар бар. Бiзге белгiлi тұтынушылардың таңдауы шексiз болады, ал
олардың тұтыну мөлшерi белгiлi бiр деңгейде болады. Яғни, олар не қаласа
соны ала бермейдi, оларға тосқауыл болатын әрбiр тұтынушының табысы болып
табылады. Әрине, сондықтан олар өздерiнiң шектеулi табыстарын тиiмдi
пайдаланып, сұранысын максималды қанағаттаныру үшiн тауарлардың
пайдалылығын қарастырады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлемiне тұтынушылардың табысы
үлкен әсер етедi. Бұл көрсеткiшке байланысты тауарларды келесiдей екi түрге
бөледi:
1) кәдiмгi тауарлар;
2) жоғары сапалы және қымбат тауарлар;
3) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде зерттелiп отырған
тауарға деген сұраныс көбейетiн болса, онда бұл тауарларды кәдiмгi тауарлар
деп атайды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын олардың ет өнiмдерiне
деген сұранысы өседi. Ал керiсiнше табыс өскен кезде тұтынушылардың тұтыну
көлемi кемiсе, ондай тауарларды сапасыз тауарларға жатқызамыз.
4-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, табыс өзгергенде ет өнiмдерiне
сұраныс D1–ден D2-ге дейiн оңға қарай жылжиды. Табысы аз кезiнде тұтынушы
20 кг. ет алатын болса, ал табысы жоғарылағанда В нүктесiне сәйкес 40 кг.
ет алады. Мыслда ет өнiмiнiң бағасы тұрақты 150 теңге төңiрегiнде қалады.

Р

250
200
150 A B
100
50 D2
D1
20 40 Q
Ет өнiмi мөлшерi, кг

Сурет-4 – Тұтынушы табысының өсуi ет өнiмдерiне деген сұранысқа әсерi

Бiр тауардың екiншi тауарға қарағанда пайдалылырақ екендiгiн анықтау
үшiн ешқандай өлшем бiрлiгiн пайдалану мүмкiн емес. Ол тек салыстырмалы
ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттiлiлiгiн қаншалықты
қанағаттандыратына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына өмiр
сүру ерекшелiктерiне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берiлген болса, онда оның пайдалылығын
сан түрiнде анықтау үшiн пайдалылық функциясы қолданылады. Ол функция Х,У
тауарлары үшiн былай жазылады:
U = U ( х, у )
Бұл функция тұтынушы Х,У тауарларын тұтынғанда қол жеткiзетiн ең жоғарғы
пайдалылығын бейнелейдi.
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бiр санға тең болса, немесе:
U = U ( x, y) = C0 – const.
Онда жазықтықта мұндай функцияның графигi 5-шi суретте
бейннеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып бiрдей
пайдалалық әкелетiн тауарлар құрымының жиынтығын көрсетедi. Мысалы:
тұтынушы бiр апта Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық,
Х- алма саны;
У- алмұрт саны.
1-шi кестеде және 5-шi суреттi салуға негiз болған мәлiметтер
жинақталған.

Кесте 1 Алма және алмұрт саны

Жиын У алмұрт Х алма
А1 10 4
А2 6 5
А3 3 6
А4 1 7

А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6
алмұрт тұтынушы үшiн бiрдей пайдалылық әкеледi. Демек, талғамсыздық
қисығының бойында жатқан А3 және А 4 жиындары тұтынушыға бiрдей
пайдалылық әкеледi деп қорытынды жасауға болады. Бұл жағдайда талғамсыздық
қисығы келесiдей болады.
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттерi:
1. Талғамсыздық қисығы неғұрлым кординаттар осьiне алыс орналасса,
соғырлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда
әкеледi. 6-шi суретте төмендегi шарттың дұрыс екендiгi көрiнедi:
U1 U2 U3 U 4

У
10 А1

6 А2

3 А3

1 А4

4 5 6 7 Х

Сурет-5 – Талғамсыздық қисығы

2. Бiр жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды. 6-шы суретте
көрсетiлген А жиынтығы талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу
нүктесiнде орналасқан. А жиыны U1 талғамсыздық қисығында
орналасқандықтан тұтынушы А және В-ны айырмайды. Соған ұқсас U2
қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады.

Y A6
A4

A3 A7

A5 A3
A4 U3 U4
U1 U2
X

Сурет-6 – Талғамсыздық қисығының картасы

Бiрақ ескере кететiн нәрсе, егер Х және У кәдiмгi тауарлар болса, онда
тұтынушы В- дан гөрi, С-ны қалайды, себебi С жиынында Х пен У- тiң мөлшерi
көп 7-шi суретке қарап, С жиынында У тауарының 3 бiрлiгi, Х тауарының 6
бiрлiгi бар екендiгiн, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 бiрлiгi және У
тауарының 2 бiрлiгi бар екенiн анықтаймыз. Тұтынушы бiр уақытта В-ға
қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы
талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.
У

А
С
3 U2
2 В U1
0 Х
5. 6

Сурет-7 - Талғамсыздық қисықтарының қиылысуының қарама-қайшылығы

Тұтынушылар талғамы теориясындағы шектi пайдалылық – тауардың қосымша
бiрлiгiн тұтынған кездегi тұтынушыға әкелетiн қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастыру шектi нормасын игiлiктердiң
шектi пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарларының
шамасын ∆у- ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтiредi.
Ауыстырудың шектi нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай
жылжығанда бiрте-бiрте азаяды. Себебi тұтынушы Х тауарының шамасын
көбейткен сайын бұл тауардың әр бiр қосымша бiрлiгi аз шектiлiк пайдалылық
әкеледi. 8-суретте А1 – А4 нүктелерi арасындағы ауыстырудың шектi нормалары
көрсетiлген. 2-шi кестеде 8-шi суретте бейнеленген әр бiр талғамсыздық
қисығының әр бiр нүктесiнде MRSxy - тi есептеуге пайдалынылған мәлiметтер
берiлген.

Кесте 2 Ауыстырудың шектi нормалары
Жиын У Х MRS xy
А1 10 4
А2 6 5 4 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке
А3 3 6 3 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке
А4 1 7 2 бiрлiк У-тi 1
бiрлiк Х-ке

Тұтынушы бар қаражат Х және У тауарларын сатып алуға жұмсады делiк.
Егер оның бюджетiн немесе бар қаражатын I деп, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Нарық және нарықтық экономика
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік рыногының даму мәселелері
Еңбек рыногы жайлы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі және оның механизмдері
ТҰТЫНУШЫЛАР ТАЛҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Еңбекке сұраныс қисығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Пәндер