Менеджмент жүйелері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Т. Рыскулов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Алматы
2008
Кіріспе
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.
Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуге жаңа тәсілді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, отандық өнімнің қауіпсіздігін, қазақстандық өнімнің шетел рыногына шығаруды кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге, қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін енгізуге шоғырландырды.
Индустриалды дамыған елдерде бұрыннан қарқынды бәсеке және өндірістің технологиялық күрделенуі қазіргі заманғы менеджмент жүйелеріін енгізуді және қолдауды жасады.
Тұжырымдаманы әзірлеудің бастапқы алғы шарт мыналар болып табылады:
1) қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;
2) Қазақстан экономикасын әлемдік экономикаға біріктіру үшін жағдай жасау;
3) мемлекеттік органдар, өндірушілер, қоғамдық ұйымдар және ұтқыр нарық жағдайындағы тұтынушылар мүдделерінің балансын қамтамасыз ету.
- Миссия
Билік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық, сондай-ақ отандық өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі және қызмет көрсету саласындағы міндеттерді шешуге көмектесу, халықаралық стандарттардың тиісті талаптарына Менеджмент Жүйелерін құру және қолдану жөніндегі қызметті қарқындату, 2015 жылға дейін кезеңде осы қызметті үнемі жетілдіру үшін азаматтардың күшін біріктіру.
- Стратегиялық міндеттер
1) Қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін, оның ішінде біріккен жүйелерін енгізудің әлемдік тәжірибесін пайдаланатын Қазақстан Республикасы кәсіпорындар мен ұйымдарының санын арттыру.
2) Кәсіпорындарға қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуге көмек көрсету;
3) Менеджмент жүйелері бойынша сарапшы - аудиторларды даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру.
4) Отандық өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі саласындағы жетістіктерді мадақтау механизмдерін дамыту және жетілдіру.
3. Менеджмент жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі
Қазіргі заманғы менеджмент проблемасын түсінуге менеджмент жүйесінің жаңа буындағы стандарттары үлкен рөлі атқарады.
Бүгінгі таңда кез келген қызмет түрлері мен меншік нысанындағы ұйымдарда қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуге қатысты халықаралық стандарттардың тұтас бір жиынтығы бар - ХС ISO 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», ХС ISO 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Талаптар мен қолдану жөніндегі нұсқау», OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйелері», ХС ISO 22000:2005 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Өнім саласындағы кез келген ұйымдарға қойылатын талаптар», ХС SA 8000:2001 «Әлеуметтік жауапкершілік», ХС ISO 17025: 1999 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттігіне қойылатын жалпы талаптар», ХС ISO/TS 16949:2002 «Сапа менеджменті жүйесі. Тиісті қосалқы бөлшектерді өндіретін автомобиль кәсіпорындарда және ұйымдарда ISO 9001:2000 қолдану жөніндегі ерекше талаптар», ХС ISO/TS 29001:2003 «Сапа менеджменті жүйесі. Мұнай, мұнайхимия және газ өнеркәсібі салалары».
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау туралы ISO орталық хатшылығының есебі СМЖ сертификациясы ХС ISO 9001 сәйкестігіне бұрынғыдай барлық әлемге талап етілетінін көрсетті және сертификатталған компаниялар саны ұдайы артып келеді.
3. 1 ISO 9000 сериялы стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелері
ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.
Сапа менеджментінің идеологиясы компания өнімін (қызмет көрсетудің) өндірудің барлық процестерін үнемі және жүйелі түрде басқару болып табылады, оның негізгі мақсаты компанияның барлық қызметкерлерінің және компанияның сапа менеджментіндегі басшылығында жетекші роль атқаратындардың қатысуымен тұтынушылардың қолданыстағы және күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
ХС ISO 9001 бойынша берілген сертификаттардың саны туралы салыстырмалы деректер 1-кестеде берілген.
1-кесте
2002
желтоқсан
2003
желтоқсан
2004
желтоқсан
2005
желтоқсан
2006
желтоқсан
Алыс шет елдерде сапа менеджмент жүйесін шағын кәсіпорындарда кенінен енгізеді. Мысалы, Австралияда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес 17 мың сертификат тіркелді, олардың көбі шағын кәсіпорындар: өндіріс, қызмет көрсету саласы, мемлекеттік және муниципальдық басқару органдары. Қытайда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес сертификаттар тіпті мектепке дейінгі мекемелерде де бар.
3. 2 Экологиялық менеджмент жүйелері
Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған кезде қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша шараларды қолдау. Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.
2006 жылдың желтоқсанының аяғына дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша 140 елде және экономикалық жүйелерде 129199 кем емес сертификаттары берілген болатын.
2006 жылдың қорытындысы жалпы саны 138 елде және экономикалық жүйелерде 111 162 болған 2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын көрсетіп отыр.
2-кесте - ISO 14001:2004 Басты нәтижелер
Әлемдік
нәтижелер
3. 3 Өзге менеджмент жүйелері
Еңбекті қорғау және кәсіби сырқаттарды ескерту менеджменті саласында OHSAS 18001:2007 - «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйесі», MOT-CУОТ 2001 ILO-OSH 2001 және ГОСТ 12. 0. 230-2007 ЕҚСЖ Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар ILO-OSH 2001 еңбекті қорғауды басқару жүйелері жөніндегі нұсқау». Аталған жүйеде басқару нысаны жұмыс орындарында, өндірістік бөлімшелер мен ұйымдарды жалпы алғанда, қауіпсіз және пайдалы еңбек шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер мен кәсіпорын бөлімшелерінің қызметі болып табылады.
Әлеуметтік жауапкершілік саласындағы басқару жүйелерінің негізгі ережелері SA 8000-2001 - «Әлеуметтік жауапкершілік» стандартында белгіленген.
Қазіргі заманғы менеджменттің әлеуметтік аспектісі ұлттық азшылыққа және әйелдер құқығына шек қою, балалар еңбегін пайдалану, жергілікті ұлттық қоғамдық саясатты қалыптастыруға тарту, кәсіподақтармен қатынасты мәселелер, сондай-ақ жалақы мәселесі және еңбек, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы шарттары сияқты факторларды анықтайды.
Тамақ кәсіпорны үшін әлемдік практикада қауіпті және өте қиын бақылау нүктелерін талдау жүйесінде (НАССР), ISO 22000-2005 халықаралық стандартында белгіленген негізгі ережелер қолданылады.
НАССР жүйесін енгізу тамақ өнімінің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды басқаруға, жүйелік бірегейлеуге, бағалауға негізделген және тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну тізбегіндегі ұйымдардың барлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Оған мал азығы және шикізат өндірушілер, тамақ өнімдерін дайындаушылар, тағамдық өнімдерді тасымалдаушылар мен сақтаушылар, бөлшек сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына дейінгі қосалқы мердігерлерден бастап, осылар сияқты өзара байланысты жабдықтарды, буып-түю материалдарын, жуғыш заттарды, тағамдық қоспалар мен ингредиенттерді өндіретін ұйымдармен бірге кәсіпорындар жатады.
Еуропа елдерінің тамақ кәсіпорындары үшін НАССР жүйесін енгізу заңмен бекітілген.
Менеджмент жүйесін еңбекті қорғау және әлеуметтік жауапкершілік саласына ендіру ISO 9001 немесе ISO 14001 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу сияқты әлемдік практикада кеңінен танылмаған. Алайда, нарықтағы «ФОРД», «Мерседес», «Сименс» және басқа әлемдік жетекші фирмалар менеджменттің аталған жүйесін енгізді.
Автомобиль өнімдері және релеванттық ұйымдарға арналған ISO 9001:2000 қолдану бойынша қойылатын ерекше талаптар 78 елде және экономикалық жүйелерде 27999 кем болмайтын ISO/ТS 16949:2002 сертификатының берілгенін көрсетеді. IATF (Халықаралық Арнайы Автомобиль Тобы) ұсынылған 2006 жылдың қорытындысы бойынша есепте 80 елде және экономикалық жүйелерде жиынтығы 17047 сертификатты құраған 2005 жылмен салыстырғанда, 10952 (+64%) ұлғайғаны көрсетілген.
3-кесте - ISO/ТS 16949:2002 Негізгі нәтижелері
2004 жылы ISO орталық хатшылығы алғаш рет ISO 13485:2003 «Медициналық жабдық. Сапа менеджменті жүйесі. Реттеуіш мақсаттарға қойылатын талаптар» сертификаттарының тіркеліміне шолу жасады. 2006 жылдың соңына дейін 82 елде және экономикалық жүйелерде 8175 кем болмайтын ISO 13485:2003 сертификаты берілді. 2006 жыл қорытындылары 67 елде және экономикалық жүйелерде 2005 жылмен салыстырғанда жиынтығы 5065 құрайтын 3110 (+61%) ұлғайтуды көрсетеді.
4- кесте - ISO 13485:2003 Негізгі нәтижелері
2006 жылы алғаш рет ISO/IES 27001:2005 «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен амалдары. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі. Талаптар» сертификаттарының тіркеуі жүргізілді.
Берілген сертификаттар бойынша жүргізілген талдау 2006 жылдың соңына дейін 64 елде және экономикалық жүйелерде 5797 кем болмайтын ISO/IES 27001:2005 сертификатының берілгенін көрсетті.
5-кесте - ISO/IES 27001:2005 Негізгі нәтижелері
4. Қазақстан Республикасында менеджмент жүйесін енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстар жай-күйін бағалау
4. 1 Ағымдағы жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдардың қазіргі заманғы менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жөніндегі қызметі жандана бастады.
Республикада менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуге арналған құрылған инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік база құрыла отырып, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі бойынша ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылдың 6 ақпанында № 28-ө және 2006 жылдың 27 маусымында № 175-ө өкімдері қабылданды. Халықаралық негізде қабылданған Қазақстан Республикасының 36 мемлекеттік стандарты бар болып саналатын менеджмент жүйесі бойынша нормативтік база. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде менеджмент жүйесінің мынадай халықаралық стандарттары қабылданған: ISO 900 серия, ISO экологиялық стандарты 14000, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы стандарттары OHSAS 18001, әлеуметтік жауапкершілік стандарттары SA 8000, тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің стандарттары ISO 22000 серия, СМЖ аудиті және экологиялық менеджмент - ISO 19011 және басқалары. Жыл сайын стандарттау жоспарына менеджмент саласында стандарттар әзірлеу қамтылады. Соңғы жеті жыл ішінде әр түрлі салаларда ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 бойынша менеджмент жүйесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Менеджмент жүйесін әзірлейтін және енгізетін кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек ретінде 15-әдістеме-ұсыным әзірленді.
Техникалық реттеу жүйесінде СМЖ бойынша 130 сарапшы-аудитор, экологиялық менеджмент саласында 8 сарапшы, OHSAS бойынша - 10, НАССР бойынша - 18 сарапшы аттестатталды.
2008 жылдың 1 сәуіріне текті елдегі 1319 кәсіпорын халықаралық стандарт базасында ISO 9001 сапа менеджменті жүйесін әзірлеп енгізді және сертификатталды, оның ішінде 165 тамақ және ауылшаруашылық кәсіпорындары, 184 құрылыс кәсіпорны, 500 аса өнеркәсіптік емес кәсіпорындар, 353 кәсіпорын СМЖ әзірлеу және енгізу сатысында. 93 кәсіпорын экологиялық менеджмент жүйесін, 59 кәсіпорын - еңбекті және кәсіби қауіпсіздікті қорғау менеджменті жүйесін OHSAS талаптарына сәйкес 18001 және 18 кәсіпорын - ISO 22000 талаптарына сәйкес тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесін сертификаттады.
30-дан артық мемлекеттік стандартты есептейтін менеджмент жүйесі бойынша стандарттардың нормативтік базасы құрылған: бұлар экологиялық менеджмент, тамақ өнімдері менеджменті, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау, әлеуметтік жауапкершілік, мұнай және газ өнеркәсібі бойынша стандарттар.
2009 жылы СМЖ болатын кәсіпорындар саны 1500-ге дейін ұлғайтылуы керек.
Одан басқа, бұл процеске мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктері, жоғарғы оқу орындары бірі қалмастан тартылуы керек. СМЖ Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдіктері, сонымен қатар Астана және Өскемен қалаларының әкімдіктері енгізді.
СМЖ енгізген кәсіпорындары барынша көп облыстар тұрғысында Алматы қаласы және Алматы облысы - 278 және тиісінше 85 кәсіпорын, Қарағанды облысы - 170, Шығыс Қазақстан - 110, Астана қаласында - 85 кәсіпорын.
Экспортқа өнім шығаратын 548 кәсіпорын ішінде 168 кәсіпорында менеджмент жүйесі бар.
Стандарттау бойынша «Сапа менеджменті жүйелері» ТК 54 техникалық комитеті құрылды. Қазақстан сапаны басқару саласында стандарттар әзірлеу жөнінде ISO/ТС 176 мүше болып табылады және менеджмент стандарттары бойынша дауысқа салуды іске асырады.
Менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыру бойынша шаралар қарастырылған.
Олардың ішінде:
- ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға шығару үшін төлем мөлшеріне 0, 75 төмендеу коэффициентін енгізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 «Қоршаған ортаға шығару үшін негізгі және шекті төлем мөлшерін бекіту туралы» қаулысы) ;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістігі үшін» сыйлығының лауреаты болып табылатын және меншікті өндіріс тауарларын, бір салық төлеу кезеңі ішінде (ҚР Салық кодексінің 140-9 бабы) есептелген бірлескен кіріс салығының 50% сомасын азайту бөлігінде сататын, сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктері;
- мемлекеттің сапа менеджменті жүйесін дайындауға арналған ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуші-кәсіпорындар шығынын жартылай өтеуі (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 156 «Кәсіпорынды және ауылшаруашылық өнімдері нарығын басқару жүйелеріне жәрдем беру ережелерін бекіту туралы» қаулысы) . 2006 жылға арналған бюджеттен ауылшаруашылығындағы өнімді қайта өңдеушілердің шығынының 50%-ын жабуға 40 млн. теңге, ал 2007 жылы - 80 млн. теңге бөлінді.
Сол уақытта Қазақстандағы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізуде қол жеткізілген кейбір табыстарды жеткілікті деп санауға болмайды. 6 жыл ішінде СМЖ енгізген 700 кәсіпорын - бізді он рет орап кететін алыс шет елдердің біреуімен де салыстыруға келмейді. Жүйе шағын бизнес кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында енгізілмеген.
Менеджменттің басқа жүйелерін енгізу қарқыны - экологиялық менеджмент жүйесін ISO 14001; OHSAS 18001 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі»; SA 8000 «Әлеуметтік жауапкершілік»; тамақ өндіру саласы үшін - НАССР барынша елеусіз және ешқандай елмен салыстырылмайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласындағы қызметті іске асыратын ұйымдардың менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар болатын халықаралық стандарттар негізінде аккредиттеу саласының стандарттары әзірленіп, енгізілуде:
ҚР СТ ИСО/МЭК 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді іске асыратын органдар»;
ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзырлығына қойылатын жалпы талаптар»;
ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 «Өнімді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар»;
ҚР СТ ИСО/МЭК 62-2001 «Сапа жүйелерін бағалауды және сертификаттауды/тіркеуді іске асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар»;
ҚР СТ ИСО/МЭК 66-2002 «Экологиялық менеджмент жүйелерін бағалауды және сертификаттауды/тіркеуді іске асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар».
ҚР СТ ИСО/МЭК 17011 сәйкес қызметті бір ғана ұйым - Аккредиттеу жөніндегі орган болып табылатын «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС жүзеге асырады.
Ұйымдар аккредиттеледі және мынадай талаптарға сәйкес өз қызметін іске асырады:
ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 - 394 ұйым;
ҚР СТ ИСО/МЭК 65 - 54 ұйым;
ҚР СТ ИСО/МЭК 62 - 60 ұйым;
ҚР СТ ИСО/МЭК 66 - 11 ұйым.
Сондай-ақ, шетелдік бағалаушылар аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға кіру бойынша Республикалық бюджеттік бағдарлама аясында ISO/IEC 17025-2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне 13 зертхананы аккредиттеді. Үстіміздегі жылы тағы да 10 зертхананы аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
-
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында менеджмент жүйесін ұйымдастырып енгізу үшін ерекшелікті анықтау қажет және осы ерекшелік бойынша бюджеттік қаржыландыру жоспарында осы мақсаттар үшін қажетті қаржыны қарастыру керек.
4. 2. SWOT-Талдау
Күшті жақтары ( S )
1. Сапа, менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттау мәселелері бойынша Үкіметтің қолдауы.
2. «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Президент сыйақысы және «Алтын Сапа» конкурс-көрмесінің болуы.
3. Менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органның, сарапшы-аудитордың болуы.
4. Менеджмент жүйесі саласындағы ғылыми жұмыстар.
5. Құзыретті қызметкер.
6. Менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізудің жасалған және үнемі жаңартылатын нормативтік және әдістемелік базасы.
7. Менеджмент мәселелері бойынша оқытудың бекітілген типтік бағдарламасының болуы; дайындалған оқытушылар.
8. Сапа мәселесін насихаттау (семинарлар, «Мемстандарт жаңалықтары» журналы) .
Әлсіз жақтары ( W )
1. Халықаралық тізілімде тіркелген, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сарапшы-аудиторлары мүлдем жоқ.
2. ISO 14001; OHSAS 18001 және SA 8000 халықаралық стандартының сәйкес менеджмент жүйесі мен сындарлы нүктені талдау және бақылау (НАССР) принциптері негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыстар баяу жүріп жатыр.
3. Менеджмент жүйесін сертификаттаудың қажеттілігін сенімсіздендіретін менеджмент жүйесін енгізу кезіндегі формализм.
4. Менеджмент жүйесі бойынша оқыған мамандардың жеткіліксіз саны, білікті мамандардың төмен пайызы.
5. Қазақстан Республикасында Сапа институтының болмауы.
6. Менеджмент жүйесі саласында саясаттың әлсіз насихаты.
7. СМЖ және консалтингтік ұйымдардың сәйкестікті растау жөніндегі органдардың жеткіліксіз үйлесуі.
Мүмкіндіктер ( O )
1. Халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар санының біршама артуы.
2. Қазақстанда менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі консалтингтік компаниялар желісінің дамуы, олардың қызметінің жоғарылауы.
3. Мамандарды сертификаттау жөніндегі органдар жүйесін жасау және дамыту.
4. Отандық сәйкестік сертификатын шетелдерде таныту және сәйкесінше қазақстандық өнім экспорты үлесінің жоғарылауы.
Қауіп ( T )
1. Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдар саны өсімінің жоқтығы және соның салдарынан шетелдермен сауда қатынасын жүзеге асыру мүмкіндігінің төмендеуі.
2. Халықаралық нарықта Қазақстанда сертификатталған менеджмент жүйесінің мойындалмауы және соның салдарынан қазақстандық өнімді әлемдік нарыққа шығару үшін кедергінің болуы.
5. Әрекет ету стратегиясы
5. 1. Менеджмент жүйесін дамыту
Қазақстанда менеджмент жүйесінің одан әрі дамуы екі бағытта жүргізілуге тиіс:
1. Белгілі бір қызмет саласы кәсіпорындары мен ұйымдарында ISO 9001; ISO 14001; ISO 22000; OHSAS 18001; SA 8000; ISO/IEC 16949; ISO 13485; ISO/IEC 27001 және т. б. сәйкес келетін жекелеген менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу.
2. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу.
5. 2 Жекелеген менеджмент жүйелерін енгізу
Салалар қимасындағы менеджмент жүйесінің дамуын мынадай тәсілмен жүзеге асыру ұсынылып отыр:
2010 жылға дейін:
1) Барлық сала кәсіпорындары мен ұйымдарында, оның ішінде:
- шағын және орта бизнесте;
- білім беру ұйымдарында (жоғарғы және орта) ;
- мемлекеттік басқару органдарында;
- денсаулық сақтау ұйымдарында;
- көлік және телекоммуникация ұйымдарында;
- құрылыс ұйымдарында менеджмент жүйесін (ISO 9001) енгізуді одан әрі ұлғайту.
2) Тамақ саласы кәсіпорындарының 30 %-ына НАССР (ISO 22000) енгізу;
3) Металлургия, химия және көмір өнеркәсібінің мұнай және газ шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорындардың 50 %-ына экологиялық менеджмент жүйесін енгізу;
4) Металлургия, химия және көмір өнеркәсібі және құрылыс кешенінің мұнай және газ шығару және қайта өңдеу бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар кәсіпорындардың кемінде 30 %-ына Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін (OHSAS 18001) енгізу;
5) OHSAS 18001 енгізген немесе енгізетін, зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар кәсіпорындардың 20 %-ына «Әлеуметтік жауапкершілік» жүйесін енгізу.
2010-2015 жылдар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz