Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі



Қазақстан экономикасының дамуы тек жалпы экономика саласында ғана емес, сондай-ақ жеке шаруашылық субъектілері деңгейі бойынша инвестициялық қызмет прогрестік кәсіби қатынасына да инвестиция туралы мәселелерді өткір түрде қойып отыр. Бұл тез өзгеріп отыратын Қазақстан экономикасы мен әлемдік нарық коньюнктурасында сенімді бағыттарды табу үшін, тек өнім сапасы немесе баға параметрлері бойынша да бәсеке деңгейіне шығу үшін қажет.
Шаруашылық субъектілерінің дамуына негізгі 3 сатыны бөлуге болады. Бірінші саты – қалыптасу сатысы, яғни жаңа өндірісті іске қосу немесе жаңа қызмет аясын меңгеру. Бұл сатыда, мысалы өнеркәсіптік өндірісті меңгеру тез өседі және өндірілетін өнім көлемі тез ұлғаяды. Екінші сатыда - шаруашылық субъектісі өндіріс дамуының шыңына жетеді, бұл жұмыстың нағыз өнімді сатысы болып табылады. Содан кейін шаруашылық субъектісі үшінші сатыға - өз дамуындағы тұрақтану сатысмына өтеді. Сонымен қатар, бұл сатыда ерте ме, кеш пе, шаруашылық субъектісі әкімшілігінің алдында мынандай сұрақтар туындайды: алдағы даму, қызмет аясын өзгерту, экономикалық потенциалды өсіру және экономикалық өсу мен табысты қамтамасыз ету.
Бұл сұрақтарды шешу бағыттарындағы қадамдардың бірі шаруашылық субъектісі дамуының инвестициялық стратегиясын жасау болып саналады. Сонымен бірге, инвестициялық үрдістің қалпына келуі, оның экономикалық өсуі үшін қажетті шарт болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінің дамуы мен табысы көптеген себептерге, оның ішінде, инвестиция жөнінде дұрыс және қазіргі заманға сай шешім қабылдай білуге де байланысты. Шаруашылық субъектілерінің табысты және тиімді жұмысы үшін жалғыз ғана дұрыс және сенімді шешім – ол қызмет аясын кеңейтуге, өз саласында көш басшы болуға және нәтижесінде компанияның табысын арттыруға мүмкіндік беретін ойластырылған инвестициялық саясат. Сонымен қатар, ақылмен

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі

Қазақстан экономикасының дамуы тек жалпы экономика саласында ғана емес,
сондай-ақ жеке шаруашылық субъектілері деңгейі бойынша инвестициялық қызмет
прогрестік кәсіби қатынасына да инвестиция туралы мәселелерді өткір түрде
қойып отыр. Бұл тез өзгеріп отыратын Қазақстан экономикасы мен әлемдік
нарық коньюнктурасында сенімді бағыттарды табу үшін, тек өнім сапасы немесе
баға параметрлері бойынша да бәсеке деңгейіне шығу үшін қажет.
Шаруашылық субъектілерінің дамуына негізгі 3 сатыны бөлуге болады.
Бірінші саты – қалыптасу сатысы, яғни жаңа өндірісті іске қосу немесе жаңа
қызмет аясын меңгеру. Бұл сатыда, мысалы өнеркәсіптік өндірісті меңгеру тез
өседі және өндірілетін өнім көлемі тез ұлғаяды. Екінші сатыда - шаруашылық
субъектісі өндіріс дамуының шыңына жетеді, бұл жұмыстың нағыз өнімді сатысы
болып табылады. Содан кейін шаруашылық субъектісі үшінші сатыға - өз
дамуындағы тұрақтану сатысмына өтеді. Сонымен қатар, бұл сатыда ерте ме,
кеш пе, шаруашылық субъектісі әкімшілігінің алдында мынандай сұрақтар
туындайды: алдағы даму, қызмет аясын өзгерту, экономикалық потенциалды
өсіру және экономикалық өсу мен табысты қамтамасыз ету.
Бұл сұрақтарды шешу бағыттарындағы қадамдардың бірі шаруашылық
субъектісі дамуының инвестициялық стратегиясын жасау болып саналады.
Сонымен бірге, инвестициялық үрдістің қалпына келуі, оның экономикалық өсуі
үшін қажетті шарт болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінің дамуы мен табысы көптеген себептерге, оның
ішінде, инвестиция жөнінде дұрыс және қазіргі заманға сай шешім қабылдай
білуге де байланысты. Шаруашылық субъектілерінің табысты және тиімді жұмысы
үшін жалғыз ғана дұрыс және сенімді шешім – ол қызмет аясын кеңейтуге, өз
саласында көш басшы болуға және нәтижесінде компанияның табысын арттыруға
мүмкіндік беретін ойластырылған инвестициялық саясат. Сонымен қатар,
ақылмен жүргізілген инвестициялық саясат шаруашылық субъектісіне бизнестегі
өзгерістерге тез бейімделуге, негізгі және негізгі емес қызметінде өзінің
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық субъектісінің тиімділігін арттыруға қойылатын талаптар
жалпы, барлық ресурстарды тиімді қолдануға, оның ішінде уақытша бос ақшаға
да байланысты. Қазақстан менеджментінде өндірістік қызметтен бос ақшаларды
дұрыс және тиімді басқару салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Бұл өз
кезегінде шаруашылық субъектілері әкімшілігіне шаруашылық субъектісінің
дамуына бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялық саясатты ғана емес, сондай-
ақ қысқа мерзімді келешектегі тиімділік пен табысты өсіруге бағытталған
басқау құралын арсеналда иемдену жөнінде талаптар қояды.
Инвестициялық саясатты (ағымдық және ұзақмерзімді) дұрыс қалыптастыруда
экономикалық қағидаларға сүйенуі тиіс. Олардың негізгілері мыналар:
экономикалық өсу, максималды тиімділік, даму тұрақтылығы мен
бәсекегебейімділік, экономикалық қамтамасыздық.
Инвестициялық шешім қабылдау – инвесторлардың түрлі мүдделері
арасындағы компромиссті іздеудің, оның ағымдық және ұзақмерзімді
сұраныстарының нәтижесі. Соңғы уақытқа дейінқазақстандық қаржылықемес
шаруашылық субъектілерінің көпшілігінің инвестициялық мақсаты негізгі
өндірістік және өндірістік емес шығындардың орнын толтыра алатын
қысқамерзімдік табыс алуға келіп тірелді, немесе қолда бар капиталдың
инфляциялық құнсыздануы болды. Қазіргі кезде, тек қана өндірістік
шаруашылық субъектілері үшін ғана емес, сондай-ақ қаржылық ұйымдар үшін
(қаржы компаниялары мен банктері, жақтам инвесторлар) үшін инвестициялау
мақсатының артықшылықтары ауысты.
Инвестициялау мақсатының ауысуы және оған жаңа мән беру, біздің
ойымызша, қазіргі барлық инвестициялық қатынастар жүйесін анықтайтын және
Қазақстандағы инвестициялық үрдістер бағытын анықтайтын маңызды фактордың
бірі болып табылады. Мұнда инвестициялау мақсатының экономикалық
интерпретациясы қандай екендігін қарастыру қажет.
Мысалы, Д.Норкотт келесі инвестициялау мақсатының анықтамасын ұсынады:
-инвестициялау мақсатына, қазіргі уақытта, ресурстарды салу мен
инвестициялаудың альтернативті нұсқаларын іздеу, сондай-ақ тек жинақталған
және инвестициялық капиталды сақтап қана қоймай, оны көбейтуге мүмкіндік
беретін табысты және ликвидті құралдарды іздеу сияқты анықтама беруге
болады.
Инвестициялау мақсатына ресейлік авторлардың бірқатарының берген
анықтамасы мынандай: -кез келген капитал салымының мақсаты – қолда бар
ресурстарды қолдану арқылы табыс алу.
Ең соңында бұл мақсат көбірек қолдауға ие. Осыған ұқсас басқа
авторлардың да инвестициялау мақсаты анықталады. Бірақ, берілген
анықтамамен келіспеуге де болады, өйткені инвестициялау көп жағдайда қаржы
құралына (инструмент) немесе ұзақмерзімдік жобаға тек капитал салумен ғана
байланысты емес, сондай-ақ жеке және қарыз (заем) құралдарын қайтатүзудің
күрделі механизміне байланысты және осы механизм арқылы пайда алу(тек табыс
қана емес). Сонымен бірге, инвестиция бойынша шешім қабылдау, шаруашылық
субъектісінің экономикалық өсуі мен оның потенциалының мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Сондықтан, біздің пікірімізше, мұнда В.В.Ковалевтың Финансовый анализ
атты жұмысындағы пікірімен келісуге болады: менеджерлердің мақсаты,
шаруашылық субъектісінің қызметі арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу
мақсаты емес, ал соңғы әмбебап мақсат – шаруашылық субъектісінің құнын және
оған сәйкес оның жекеменшік иелерінің игілігін арттыру болып табылады.
Ондай болса, біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялау мақсаты, қаржылай
емес шаруашылық субъектілерінің қызметін құраушылардың бірі ретінде,
нәтижесінде шаруашылық субъектісінің құндылығын арттыратын капитал салымы
(инвестициялау) болып табылады.
Бұл жағдайда, инвестиция анықтамасына қандай мән берілетін қарастыру
да маңызды болып табылады. Мұнда түрлі авторитетті авторлардың пікірлерінің
түрлілігін, заңды және нормативті актілерде бұл түсініктердің түрліше
берілетінін кездестіруге болады.
Инвестицияға бірнеше мағына береді. Ол арқылы бірқатар қаржы
нәтижелеріне есептелген бағалы қағаздарды сатып алу белгіленеді, ол арқылы
нақты активтер, мысалы, белгілі бір өнімді өндіруге және сатуға қажетті
машиналар мен жабдықтар белгіленеді. Түрлі дерек көздерінде және түрлі
авторларда инвестиция және инвестициялау бойынша операциялар
түсініктеріне түрлі анықтамалар беріледі. Солардың бірқатарын қарастырайық.
Мысалы, Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының
Заңында инвестициялар барлық мүліктік құндылықтар мен оларға деген құқық
түрлері, сондай-ақ инвесторлардың табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне салатын интеллектуалдық жекеменшікке деген құқық ретінде
анықталады. Ал Қаржы инвестициялар есебі №8-ші бухгалтерлік есеп
Стандартында, қаржы инвестициясы деп субъект табыс алу мақсатында,
инвестициялау капиталын өсіру және тағы да басқа пайда алу мақсатында
иемденетін активтерді айтады.
Егер де инвестиция пікірін беретін экономистерді қарастырсақ, олардың
бірқатар өзгешеліктері бар:
Инсеивтиция – келешекте (инвестицияның алғашқы жалпы шамасын
артыратын)таза пайда құру және алу үшін экономикалық ресурстарды
ұзақмерзімді салым -В.Беренс және П. Хавранек.
Инвестиция дегеніміз өнеркәсіп кәсіпорындарында, құрылыста,
ауылшаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларында капитал нысаны
түрінде жұмсалатын шығындар жиынтығын айтады. Инвестициялық қызметтің
мақсаты, нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе пайыз алу болып табылады,-
дейді В.К. Радостовец.
...Инвестициялық операциялар – бірқатар уақыт аралығында фирманың
пайда алуын қамтамасыз ететін және фирманың өміршеңдігін сақтау үшін және
оның дамуы үшін маңызы үлкен жобаларға ақша құралдарын салуға байланысты
операциялар - дейді И.В. Липсиц, В.В. Коссов.
“қысқамерзімді инвестициялар – бұл кемінде бір жыл мерзімге бос ақша
қаражаттарын салу мақсатында, компания инвестицияларының тез сатылатын
нарықтық бағалы қағаздарға... Ұзақмерзімді инвестиция бұл қосымша пайда алу
үшін қаражаттарды бір жылдан артық мерзімге салу, немесе компанияларға
деген ықпалға ие болу, немесе бағалы қағаздарды сатып алу, немесе бұл
салада өз операцияларын ұйымдастырумен салыстырғанда мұндай қаражат
салымдары пайдалы болып табылады, -О.В.Соловьева.
Инвестициялар – келешекте табыс алу мақсатында ресурстарды жұмсау
–Бириан Г., Шмидт С.
Инвестициялар – үлкен ақша алу үшін, табыс табу үшін немесе капитал
өсіміне қол жеткізу үшін ақшаны пайдалану, - Розенберг Джери М.
Сөйтіп, құқық актілері жағынан, сондай-ақ экономистер пікірлері бойынша
инвестиция анықтамасы екі құрамнан тұрады: біріншіден, капитал неге
салынады, екіншіден, не үшін және қандай мақсатта. Бірінші құрамына қатысты
инвестициялау бағыты немесе капитал салымының нысаны барлық анықтамада
авторлардың жұмысында қарастырылатын мәселелерге байланысты түрліше болып
келеді, бірақ та инвестицияны құрамы немесе бағыты бойынша емес, үрдіс
мәні бойынша анықтау дұрыс болар еді. Екінші құрамы - яғни инвестиция
мақсаты бойынша біз толық келісе алмаймыз, себебі жоғарыда қарастырылған
инвестиция мақсатына байланысты.
Біздің экономикалық сипатқа ие зерттеуіміз бойынша, негізі ретінде
экономика тұрғысынан айтылған анықтаманы алу дұрысырақ.Сондықтан, жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе, инвестиция дегеніміз – келешекте пайда
жасау мен алу мақсатында экономикалық ресурстарды қайта түзу механизмі
(пайда бұл жағдайда, инвестиция мақсаты инвестициядан алынатын тек таза
табыспен шектелмейтінін білдіреді) және салынған капиталдың (ақша, тауар-
материалдық қорлары, негізгі құралдар) нақты активтерге(инвестициялық
жобаларға) – стратегиялық ұзақмерзімді инвестициялауға немесе қаржы
құралдарына – портфельді қаржы инвестициясына(бағалы қағаздар, парыздық
міндеттемелер, депозиттер және т.б.) айналуын айтуға болады. Бұл жағдайда,
жоғарыда айтылған экономикалық ресурстардың инвестициялық жобаларға, нақты
активтерге және қаржы құралдарына айналуы өсімді қаржыландыру мен
шаруашылық субъектісінің экономикалық потенциалы дамуының және сондай-ақ
оның иелерінің игілігін арттыру мақсаты болып табылады.
Инвестициялар, зерттеудің кез келген объектісі ретінде белгілі бір
сипаттамалар жиынтығына ие. Бұл сипаттамаларды ескере отырып, инвесторлар,
өздері үшін нақты инвестициялауды жүргізу қажет пе, жоқ па, соны анықтайды.
Біздің ойымызша, инвестициялау бойынша тиімді және нәтижелі шешім
қабылдаудағы маңызды деген негізгі сипаттамалар мыналар:
- инвестиция жүргізу құны;
- тұтқа (салынған капиталдың табыспен қатынасы);
- табыс қозғалысы(уақыт бойынша табыс ағынын бөлу);
- инфляциядан қорғау;
- тәуекел;
- өзгергіштік(инвестиция құнының тербелісі);
- табыстың салықсалу факторлары;
- инвестициялау мерзімі.
Жоғарыда аталған негізгі сипаттамаларға сәйкес қаржы салымдарының
жүйесін келтіруге болады:
- қызмет мерзіміне қарай: қысқамерзімді, ұзақмерзімді, мерзімсіз;
- шығуына байланысты: бірінші, екінші;
- қызмет ету нысаны бойынша: құжатты, құжатсыз
- ұлттық белгісі бойынша: отандық, шетелдік;
- қолдану типі бойынша: инвестициялық(капиталды), инвестициялық емес;
- иемдену реті бойынша: жеке, жалпы;
- шығару нысаны бойынша: эмиссиондық, эмиссиондық емес;
- меншік нысаны бойынша: мемлекеттік, корпоративтік;
- айналу сипаты бойынша: нарықтық, нарықтық емес;
- тәуекел деңгейі бойынша: аз тәуекелмен, мүмкін үлкен тәуекелмен;
- табысқа байланысты: табысты, табыссыз;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру жолдарын дамыту бойынша, сонымен қатар еліміздегі инвестициялық аудиттің қазіргі жағдайын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
ТМД шеңберіндегі инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу
Жергілікті инвестиция есебі
Өзара инвестициялық қорлар
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Инвестиция есебі
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер