Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі



КІРІСПЕ 3

1 Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi 4
2 Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі 7
3 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ерекшеліктері 15

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығы бойынша реттеледi.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін зерттеу, мұндағы құрылу және басқару ерекшеліктерін айқындау және зейнетақымен қамсыздандыру заңындағы өзгерістер мен олықтыруларды келтіру болды.
Курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімінен құралған.
Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік негізіне нормотивті-заңдық актілер, отандық және отандық экономист ғалымдардың оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңы (2006.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2.Доолан Э.Д. , Кемпбелл К.Д. Ақша, банк жұмысы және ақша-несие
саясаты.-Л.: ПФУ Профика, 1991. - 44 8бет
3. Зейнельгабдин А.Б. Қаржы жүйесі. – Алматы: Қаржы – Қаражат, 1995
4. Ильясов К.К. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Қаржы – Қаражат, 1994
5.Экономикалық теория курсы / М.Н.Чепурин ред. – Киров, 1994.
6.Экономикалық нарық курсы / Г.И.Рузавин ред. – М.: ЮНИТИ,1996.
7. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Қаржы. – Алматы, 2001.
Қаржы: ЖОО-на арналған оқулық / Л.А.Дробозина ред. – М.:
ЮНИТИ,2000.
8. Қаржылар. Ақша айналымы. Несие: ЖОО-на арналған оқулық /
Л.А.Дробозина, Л.П.Окунева және т.б. – М.: Қаржылар, ЮНИТИ, 1997.
9. Қаржылар: Оқулық / В.М.Родионова ред. – М.: Қаржы және статистика,
1995
10.Қаржылар: Оқулық / А.М.Ковалева ред. – М.: Қаржы және статистика,
1996.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 3
1 Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi 4
2 Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі 7
3 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
ерекшеліктері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

      
 Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың
құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың,
меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың
зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығы бойынша реттеледi.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік мемлекет
алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен
анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция
деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін зерттеу, мұндағы құрылу және басқару ерекшеліктерін айқындау
және зейнетақымен қамсыздандыру заңындағы өзгерістер мен олықтыруларды
келтіру болды.
Курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен құралған.
Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік негізіне нормотивті-
заңдық актілер, отандық және отандық экономист ғалымдардың оқулықтары,
ғылыми мақалалары жатады.

 

1 Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы Қазақстан
Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен
қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына
сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер реті
мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды
зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге
дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде
зейнетақы төлемдері жатады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару
жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы
қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының
еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар
қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге
асырылады.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс
деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Заңға сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу
жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар
азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген
тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы
мүмкiн.Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын
жүргізіледі. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы
бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және оны төлеудi жүзеге
асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды
зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен
кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (агентттік) -
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті
зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын)
және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері жатады.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік мемлекет
алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен
анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция
деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары
мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау; зейнеткерлiк
активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау. Екінші
деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы
зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу, олардың
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер
белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы
қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының
мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу; жинақтаушы зейнетақы
қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен
аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу. Жинақтаушы
зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн
жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату,
диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді
азайту жөніндегі талаптарды белгілеу, жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын
комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу; жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк
органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы; салымшы мен алушыға
оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беріп отыру
керек, алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы
қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен
аспауы керек, жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша
толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру, зейнетақы активтерін
сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.

2 Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі

Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы азаматтарға осы Заңда
белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу
құқығына кепiлдiк берiлген.
Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату
құқығы беріледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар азаматтар санаттары
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
2) Заңның тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998
жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар
адамдарға;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар,
арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі
істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына
бара-бар мөлшерде төленеді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ
зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны
жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес
еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы
төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді
жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау. 1. Орталықтан зейнетақы
төлемдерi:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда,
әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда,
әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге
57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда,
әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге
58 жасқа толғанда тағайындалады.
2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29
тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей
ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес:
еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа
жеткенде; әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа
жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. Бес және одан да көп бала туып,
оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына
байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы
1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас
алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.
Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы
баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай
санаттарына:
1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы
болғанда және осы Заңның тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге
қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-
бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1
қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған
жағдайда есептеледі;
2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда
және осы Заңның тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен
босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте Заңның 60-бабының 2)
тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап
қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда
есептеледі.
5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы
баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1
қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның
тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап
тағайындалады.
6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, толық
зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес
ретінде есептеледі. Бұл орайда, осы Заңның тармағында аталған адамдар үшін
еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне
дейінгі қызметі осы кезенде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi өмiр бойына тағайындалады
және қайтыс болған айына қоса төленеді.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу
1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде
мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы
төлейтiн жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттiк қызмет;
5) кәсiпкерлiк қызмет;
6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi  топтағы жалғызiлiктi мүгедекке
және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-
ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не
иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа
дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр
бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған,
бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру
және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша
оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа
мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың жасына қарамастан
сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде
мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған
кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген
мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен
халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде
тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және
мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы
бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге
тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi
жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және
кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында,
аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ
күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-
құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы
немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу
кезiнде мыналар да есепке алынады: ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы
армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет,
сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында
болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде
болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы
тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi
жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екi есе мөлшерде; Ұлы Отан соғысы
жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi
қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде; 12 жастан
бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап
1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған
уақыты - екi есе мөлшерде; Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң
аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ
фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп
ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл
адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде; заңсыз қылмыстық
жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған
азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару
орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке
тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық
мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде; Семей сынақ
полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963
жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе
мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi -
бiр жарым есе мөлшерде; алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық
тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу
жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот
медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-
анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде; толық навигациялық
кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар
кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.
Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы
Заңның бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi
есебiнен жүргiзiледi. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн
есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл
жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан
бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа
айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi. 1998
жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық
жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол
зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің,
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, прокуратура, бұрынғы
Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1
қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің,
жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі
бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті
шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда,
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары
мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса
алмайды.
Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның қызметінің негізгі
бағыттары:
1. Орталық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады, оның уәкілетті
органын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Орталық:
3) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
4) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы
қорларына аударуды;
5) мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық
бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің Орталық
есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы
жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және жәрдемақы түсінігі мен түрлері
Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі
Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Зейнетақы қорының мәні, қалыптасу тарихы
Пәндер