Маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымы және оны басқару
Кіріспе
І Маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымы және оны басқару
1.1 Маркетингтің ұйымдық құрылымы
1.2 Маркетингті басқару.
1.3 Басқарудың жалпы тәсілдері.
ІІ. Қызмет көрсету маркетинге
2.1 Қызмет көрсетудің мазмұны мен түрлері
2.2 Маркетингтік қызмет.
2.3.Қазақстандағы кәсіпорындарда маркетингті ұйымдастыру.
Қорытынды

Маркетинг кез-келген өндіріс немесе тауар өткізу процестерін тікелей ұйымдастырмайды. Соған қарамастан өндіріс, тауар өткізу проблемаларының оңды шешімін табуға айтарлықтай көмектеседі. Маркетингке ден қойған кәсіпорындар оған жүмсалатын қаражаттың келешекте қайтарымы болатынын ескере отырып, оның ұйымдық құрылымы мен нақты функцияларын айқындайды.
Ондай кәсіпорындардың әкімшілік-басқару құрамдарының қатарына маркетингтік қызмет бөлімі немесе маркетингтік басқарма да енеді. Олар, әдетте, өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай: функционалдық және тауарлық деп, екіге бөлінеді. Маркетингтің тауарлық принципі бойынша, негізгі тауар тұрлеріне сәйкес жеке бөлімдері (ағаш, металл, мүнай өнімдері бойынша басқару) құрылып, тауар көлеміне қарай кейде мұндай бөлімдер өз кезеңінде бірнеше функционалдық секторларға бөлінуі мүмкін.
Фирманың тауар өткізуіне қолайлы болу үшін маркетингтік қызмет аймақтар және тауар тұтынушылардың кейбір ірі топтары бойынша да ұйымдастырылады.
Фирма шаруашылығының, өндіретін өнімдерінің немесе көрсететін қызметтерінің, нарық сегменттерінің өзгешеліктеріне қарай, маркетингтік қызмет құрылымдарының тұрлері араласып және қосылып кетуі мүмкін. Нарықты сегменттеу, сұранысты қалыптастыру, бәсекеге төзімділікті нығайту мақсатымен өндірілетін тауарлардың сапасын арттыру, бағасын төмендету, тауар қозғалысын ұйымдастыру және оны өткізуге байланысты шараларды үйлестіру, жарнама, насихаттау, хабарландыру т.б.көптеген инновациялық , коммуникациялық шараларды жүргізу нәтижесінде - тауарға сұранысты қамтамасыз етіп, жоғары пайда алуға қол жеткізу үшін маркетинг қызметінің бөлімдері бірін-бірі толықтырып отырады. Маркетингтік қызметтің тауар тұрлері бойынша ұйымдастырылуы кең таралған бұл фирмалардың тауарлық-салалык принципте жұмыс атқаратынына байланысты. Сонда ғана фирмалардың әрбір жеке немесе бір текті тауар топтары бойынша нарық талаптарына бейімделуіне мүмкіндік туып, маркетинг қызметтерін де үйлесімді ұйымдастыруға жол ашылады.
Кәсіпорындағы маркетинг бөлімдерінің қызметтері бойынша ұйымдастырылуы олардың белгілі бір немесе бірнеше функцияларды атқаруларына байланысты. әдетте ондай жағдайлар санаулы ғана тауар ассортиментімен үлттық нарықта, оның сегменттерінде жұмыс істейтін шағын фирмаларда кездеседі. Жаңа тауар саясатын жасау және оны нарыққа ендірудің қиындығы көп. Сондықтан кішігірім фирмаларда инновациялық шараларды жүзеге асыру баяу жүреді.

Маркетинг кез-келген өндіріс немесе тауар өткізу процестерін
тікелей ұйымдастырмайды. Соған қарамастан өндіріс, тауар өткізу
проблемаларының оңды шешімін табуға айтарлықтай көмектеседі. Маркетингке
ден қойған кәсіпорындар оған жүмсалатын қаражаттың келешекте қайтарымы
болатынын ескере отырып, оның ұйымдық құрылымы мен нақты функцияларын
айқындайды.
Ондай кәсіпорындардың әкімшілік-басқару құрамдарының қатарына
маркетингтік қызмет бөлімі немесе маркетингтік басқарма да енеді. Олар,
әдетте, өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай: функционалдық және тауарлық
деп, екіге бөлінеді. Маркетингтің тауарлық принципі бойынша, негізгі тауар
тұрлеріне сәйкес жеке бөлімдері (ағаш, металл, мүнай өнімдері бойынша
басқару) құрылып, тауар көлеміне қарай кейде мұндай бөлімдер өз кезеңінде
бірнеше функционалдық секторларға бөлінуі мүмкін.
Фирманың тауар өткізуіне қолайлы болу үшін маркетингтік қызмет
аймақтар және тауар тұтынушылардың кейбір ірі топтары бойынша да
ұйымдастырылады.
Фирма шаруашылығының, өндіретін өнімдерінің немесе көрсететін
қызметтерінің, нарық сегменттерінің өзгешеліктеріне қарай, маркетингтік
қызмет құрылымдарының тұрлері араласып және қосылып кетуі мүмкін. Нарықты
сегменттеу, сұранысты қалыптастыру, бәсекеге төзімділікті нығайту
мақсатымен өндірілетін тауарлардың сапасын арттыру, бағасын төмендету,
тауар қозғалысын ұйымдастыру және оны өткізуге байланысты шараларды
үйлестіру, жарнама, насихаттау, хабарландыру т.б.көптеген инновациялық ,
коммуникациялық шараларды жүргізу нәтижесінде - тауарға сұранысты
қамтамасыз етіп, жоғары пайда алуға қол жеткізу үшін маркетинг қызметінің
бөлімдері бірін-бірі толықтырып отырады. Маркетингтік қызметтің тауар
тұрлері бойынша ұйымдастырылуы кең таралған бұл фирмалардың тауарлық-
салалык принципте жұмыс атқаратынына байланысты. Сонда ғана фирмалардың
әрбір жеке немесе бір текті тауар топтары бойынша нарық талаптарына
бейімделуіне мүмкіндік туып, маркетинг қызметтерін де үйлесімді
ұйымдастыруға жол ашылады.
Кәсіпорындағы маркетинг бөлімдерінің қызметтері бойынша
ұйымдастырылуы олардың белгілі бір немесе бірнеше функцияларды атқаруларына
байланысты. әдетте ондай жағдайлар санаулы ғана тауар ассортиментімен
үлттық нарықта, оның сегменттерінде жұмыс істейтін шағын фирмаларда
кездеседі. Жаңа тауар саясатын жасау және оны нарыққа ендірудің қиындығы
көп. Сондықтан кішігірім фирмаларда инновациялық шараларды жүзеге асыру
баяу жүреді.
І Маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымы және оны басқару
1.1 Маркетингтің ұйымдық құрылымы
Маркетинг жұмыстарының аймақтық принципте ұйымдастырылуы фирма
тауарларын белгілі бір аймақтардағы нарықтарда өткізуге бейімдейді.
Аймақтық құрылым кешенді және әр тұрлі нарық саясатын жүргізуге қолайлы.
Нақты нарықтардың ақыргы тұтынушыларының талаптары мен тауар өндіру
процестерінің тәуелділігін қамтамасыз етеді. Аймақтағы әр тұрлі
сегметтердегі тұтынушылардың біркелкі талаптарын біртекті тауарлармен
қамтамасыз ету қарастырылады.
Маркетинг құрамындагы аймақтарда тұтынушылардың белгілі бір
топтарына қарай ұйымдастырылған құрылымдар ерекше орын алады. Мұнда
фирманың барлық шаруашылық қызметін тауардың ақырғы тұтынушыларының
ынтасына қарай ұйымдастыруға және соның негізінде олардың әрбір тобына
арналған кешенді нарық саясатын өндірістің барлық процесінде жүзеге асыруға
мүмкіндік туады.
Тауар өндіруші немесе оны сатушы фирмалардың өз кезіндегі нақты
қалыптасқан жағдайларына байланысты маркетингті қолданудың немесе маркетинг
өзінің мол мүмкідіктерін жүзеге асырудың басқа да әдістерін немесе жаңа
ұйымдық құрылымдарды ұсынуы мүмкін. Соған қарай, маркетингтік саясат та
өзгеретін болады.
Тауар өндірісі үнемі жаңарып, жетілдіріліп отыратыны белгілі.
Сондықтан оған қатысты қызмет көрсету тұрлері де уақыт талабына сай
бейімделеді. Олар, атап айтқанда, мына ыңғайда ұйымдастырылуы тиіс:
1. .икемді, жинақты және тәжірибелі болуға күш салады;
2. .құрамының қарапайымдылығы;
3. тауар сату көлемі мен өнімдердің ассортименттік ерекшеліктеріне және
олардың тиімділік деңгейіне сәкес келуі;
4. тауар өткізу нарығының саны мен көлеміне есептеліп атқарылуы;
5.кәсіпорындардың жоғары басқару деңгейінде маркетинге арнайы
бөлімдерде шоғырландырудың қажеттілігі;
Маркетинг фирмаға қызмет ететіндіктен, оның іс-әрекеті фирма
шүғылданатын шаруаға тікелей қатысты. Міне дәл осы тәрізді талаптар
ассортименттік ерекшеліктер мен нарық санына және көлеміне қарай
маркетингтік құрылымға және жұмыс бағытының бейімделу жағына қойылады. Ал
кәсіпорын щеңберінде маркетинг қызметін басқаруды арнайы бөлім немесе
басқару орталығы деңгейіне дейін көтеру -атқарылатын жұмыс көлемі мен
өндірілетін тауардың нарыктық маңыздылығына қарай шешілуі мүмкін.
1.2 Маркетингті басқару.
Маркетингті басқару жалпы басқару жүйесінің нарыктық қатынаста
өндіріс, тауар өткізу және тұтыну процестері мен ғылыми-техникалық іс-
қимылды жүзеге асыру жөніндегі арнаулы концепциялык бағыты ретінде
қарастырылады.
Коммерциялық әрекеттер тек тауар өткізу жагын ғана көздеп,
сатушылар мұқтажына бейімделгендіктен қалайда тауарды ақшаға айналдыруға
жүмылдырылады. Ал маркетинг болса, бүған керісінше, тұтынушылар мұқтажын
қанағаттандыруға қамқорлық жасауға баса көңіл аударып, оған тауар жеткізу,
т.б. шаралар арқылы қызмет көрсетуге икемді келеді.
Коммерциялық тұрғыдан басқару мәселесінде: өндіріс пен тауарды
жетілдіру, коммерциялық әрекеттерді жеделдетуге, маркетинг және әлеуметтік-
этикалық маркетингке назар аударылады.
Тауар өндіруді жетілдіру концепциясы тұтынушылардың кеңінен тараган
және бағасы үйлесімді тауарга деген ынта-ықыласын ескере отырып, өндірісті
технологиялық , ал тауарды сапа жағынан жетілдіре түсуге барынша күш
салады. Жетілдіру шаралары, ең алдымен, нарық коньюктурасына қарай
атқарылып, тауар сұранысы ұсыныстан үстем келген жағдайда тауар өндіруді
көбейту шаралары іздестіріледі. Ал тауардың өзіндік қүны аса жоғары болса,
оны төмендету жағын ойластыратын болады.
Қазіргі өндіріс технологиясының үздіксіз ілгерілеуі нәтижесінде
тауардың сұраныстан артық өндірілуі де байқалуда. Бұл, әрине, тауар өткізу
проблемасын күрделендіре түседі. Осылайша тұтынушы үшін бәсекелестік
күрестің өрши түсуі және тауар насихаты мен жарнама құралдарының жиі
пайдаланылуы, дер кезінде сатылмай қалған тауарды сақтау, капитал айналымы
бәсендеуі себепті банк несиесіне үстеме төлеудің көбеюі - тауар бағасының
көтерілуіне әкеліп соқтырады. Бүған қоса, өндіріс процестерінде шикізат пен
отын-энергетиканы пайдалану жыл сайын қымбаттап келеді. Міне, осының бәрі
сұраныстың төлеу қабілетіне кері әсерін тигізіп, маркетингтің басқару
міндетін күрделендіре түседі. Сол үшін бұл жағдайда тауар өткізуді
коммерциялық тұрғыдан ынталандыру сияқты әдіс-тәсілдер іздестіріледі.
Маркетингті басқарудың жаңа бағыты мына - әлеуметтік-этикалық
маркетинг. Оның іс-әрекеті мен ұйымдастыру жағы, шын мәнінде,
тұтынушылармен жарқын келешек үшін қызмет етуіне тікелей байланысты.
Қазіргі ғылыми-техникалық ,жоғары технологиялық жетістіктер табиғи
байлықты игеру мен оны пайдалану процестерін жеделдете түсуде. Ал табиги
байлық қоры азайып барады. Оның үстіне, өндіріс салалары ортаның бөлінуіне
себеп болуда. Қорыта айтқанда, адам кажеттілігі мен мұқтажының, яғни тұтыну
деңгейінің жоғарылауы оны келешекте шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін. Міне,
осы қарама-қайшылық маркетингтік зерттеудің қосымша тақырыптарының бірі.
Маркетинга басқару мәселелерінің шешімін табу ең бастан мына
үлгідегі бірқатар процестерді жүзеге асыруды ұсынады:
1 .нарықтың мүмкіндіктерін талдау;
2. мақсатқа сай нарықты таңдап алу;
3. маркетинг кешенін жасау;
4. маркетингтік шараларды өмірге енгізу;
Нарық мүмкіндіктерін үнемі қадагалап отыру тауар өндіруші
фирмалардың күнделікті жұмысына айналуы керек. Өндіріліп және сатылып
жүрген үйреншікті тауардың нарық сұранысында көпке дейін бірқалыпты тұруына
тым сенім артып, әрекетсіз қалу күтпеген жағдайга соқтыруы мүмкін.Өмір
ағымына қарай тауар сұранысының да өзгеріп тұруы, ескі тауар кетіп, оның
орнына жаңа тұрлерінің пайда болуы заңды.
Тауар өткізудің бәсекелік жағдайында кәсіпорындардың жаңа идея және
жаңа тауар үлгілерін ойлап табуга үмтылуы, басқа нарық іздестіруі
өндірістің бәсекеге төзімділігін арттырырады.
Фирмалар үйреншікті нарықта тұрақтау, онда тауар сатуды көбейту
мақсатымен тауарды кеңінен жарнамалауға, оны сырт көрінісін тартымды етуге
тырыса отырып, бағасын төмендетуге дейін барады. Фирма нарықтан кетпеуді
көздеген жағдайда, жаңа тауар өндіруі үшін өзінің бүрынғы кәсіби бағдарын
өзгертуі де мүмкін. Ал жаңа нарық қажет еткен жағдайда фирма тұтынушыларды
демографиялық , географиялық тұрғыдан айқындай отырып, үжымды, коғамды және
әр тұрлі ұйымдардағы нарықтарды зерттеуге кіріседі де кезінде сол
нарықтардың фирмаға бәсекелік үстемдікті қамтамасыз ету мүмкіндіктерін
анықтайды.
Мақсатқа сай келетін нарықтарды таңдау - көптеген идеялардың ішінен
фирма мақсатына және оның қаржы мүмкіндіктеріне аса қолайлысын ғана таңдап
алу деген сөз. Ол мынадай төрт кезеңнен тұрады:
1 .сұраныс мөлшерін болжау
2. нарықты сегменттеу
3. нарықтың мүддеге сай сегиеттерін таңдап алу
4. тауарды нарықта көрсете білу
Фирма нарыққа енудің алғашқы сатысында қазіргі және келешек
жағдайын дәл бағалай білуі керек. Фирма нарықтың қазіргі көлемін білу үшін
барлық сатылатын тауарлардың тұр-тұрін айқындайды.
Қандай да бір тауар тұрі болсын, ол - тұтынушы қажет ететін қасиет
пен сапаға ие болуы керек.Міне, тап сол қасиеттерді қажетсінетін, яғни оны
басқамен ауыстыруды қаламайтын тұтынушысындер кезінде іздестіріп, таба білу
маркетингтің нағыз сәтті атқарған қызметі және тауар қүндылығын көрсете
алғандық деуге болады.
Тауардың тұтынушылық қасиеті оның пайдаланылатын бағыттарын
белгілейді. Сол бағыттардың ең тиімдісін таңдап алып, сонымен қатар,
мұқтаждықты қанағаттандыру жағынан тұтынушы кауымның ойынан шығу -
маркетингті басқарудың негізін қалайды.
Маркетингті басқару тұжырымдамасының маңызды бір міндеті
маркетингтік кешенді ұйымдастыру және оның элементтерінің өзара
байланыстарын нығайту. Тауар сұранысының өсуіне ықпалын тигізе алатын
барлық факторлар маркетингтік кешенді құрайды. Олар фирмалар тарапынан
көзделген нарықтан күтілген нәтиже алу мақсатында іске қосылатын болады.
Фирма тауардың қажеттік қүндылығын арттырудың жалғасы ретінде маркетинг
кешенін біртіндеп қалыптастыру арқылы жоспарлау жұмысына кіріседі.
Басқару тұжырымдамасының соңғы нысанасы енді маркетингтік шараларды
жүзеге асыру. Бұл, дәлірек айтқанда, алдагы процестердің қорытындысын
маркетинг тұргысынан пайдалана отырып, сатылы басқару жүйесінің қосалқы
қызметтерін іске қосу деген сөз. Міне, соған сәйкес маркетингтің қызметін
жоспарлау, ұйымдастыру және бакылау жүйелерін қарастыру атқарылып, олардың
әрқайсысының маркетингті басқарудағы алатын орыны айқындалады.
Фирма өз жұмысын бетімен жібермеу және келешегін байыптап отыру
мақсатымен стратегиялық және маркетингтік жоспарлау жүйелерін қолданады. Ал
маркетингтік қызметті ұйымдастыруға қатысты оның : функционалдық,
географиялық , тауарлық , бәсекелік және тауарлық-нарықтық принциптері
қарастырылатын болады. Маркетингтік бақылау - жылдық жоспардың орындалуы
мен пайдалылық дәрежесін және стратегиялық нүсқауды бақылаудан тұрады.
Басқару ауқымдылыгы атқарылатын істерді өзара байланысты процестер
ретінде кешенді тұрде жүзеге асырып, біртүтас үйлесімде көздеген мақсатқа
қол жеткізумен айқындалады.
1.3 Басқарудың жалпы тәсілдері.
Басқару мүдде бірлігі негізінде басқарылатын белгілі бір объект,
кешен немесе жүйені көздеген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылуын, даму, жетілу
жолын үстанатын шешуші бағыт ретінде қарастырылады. Егер басқару жүйесі
болмаса жаңалық атаулының адам игілігіне айналуы негайбыл.
Басқару әлеуметтік іс-әрекетін ерекше тұрі ретінде қоғамның
бағытына қарай : саяси-әкімшілік басқару және экономикалық басқаруға
бөлінеді. Өйткені, басқарудың мақсаты мен әдіс-тәсілдері және межелері
нақты қоғам құрылысының экономикалық және саяси негізін сипаттайды.
Социализм өндіріс құралдарына жалпы мемлекеттік меншік негізінде
біртүтас жоспарлау мен монополдық саяси-әкімшілік басқаруды орнықтылып,
экономиканы қүлдыратып, ақырында ауыр дағдарысқа душар етті.
Экономикалық басқару, жалпы даму барысына мемлекет тарапынан
белсенді эсер етуге сүйене отырып жаратылыстың табиғи сүрыптау заңы адамның
ақыл-ой қабілетімен үйлесім табуын басшылыққа алады және сол арқылы
экономиканың түйінді мәселелеріне күш салады, қоғамдық жетілу тағдырын
орнықты да үтымды жолға салуды көздейді. Бұл тұрғыдан озық экономикалы
елдердің бай тәжірибесін пайдаланып, ішкі мүмкідіктердің көзін тауып,
оларда тиісті жүйеге салып, қоғам мүддесіне орынды жүмсай білу қажет.
Қандай да бір мемлекет, қоғамдық орта болсын, ол тек біртүтас жүйе
ретінде ғана өмір сүре алады. Сондықтан келешегінен үміт күтетін қоғам
материалдық ынталылық жағынан бір жүйе, бір мақсат төңірегінде тығыз
байланысқан біртүтас түлға болуы тиіс.
Экономикалық реттеудегі қиынға соғатын жайттың бірі : қазіргі
қалыптасқан сауда - тауар өндірушінің саудасы, яғни тұтынушыны өз ырқына
бағындыру саудасы екендігі. Оның түпкі себептері тым әріде, сауда жүйесі
мүмкіндігінен тысқары жататындықтан, бұл жағдайды сауда процесі жеке-дара
өзгерте алмайды. Бұл мәселені шешу тек ұсынысты сұраныс дәрежесіне
жеткізуге байланысты болады.
Материалдық өндіріс - басқарылатын жүйеге жатқанымен, оның нәтижесі
- тауар саудасы нарықтық қатынаста басқаруға келмейді.Бүған керісінше,
экономикалық басқару өз әрекетінде сол тауар саудасының бағытын басшылыққа
алып отыруы керек.Өйткені шынайы ерікті қатынаста басқарылатын сауда -
сауда болмайды, күштеген сұраныс - сұранысқа жатпайды, жоспарлы баға - баға
болып есептелмейді.
Материалдық өндірісті экономикалық заңдылыққа бейімдеу бүкіл
қоғамның шаруапіыльщ проблемаларын шешудің кілті деу артықайтқандық емес.
Мүның себебі жоғарыда айтылғандай, экономика әлемінің барлық ауыртпалығы
материалдық өндірістің міндетіне жатады.
Экономикалық басқару қарым-қатынастағы ұйымдық компоненттерді жеке
объект, яғни кәсіпорын немесе бүтін бір жүйе шеңберінде қарастыруы мүмкін.
Ал жүйе дегеніміз - кәсіби бағдары мен өндірістік технологиясы немесе
атқаратын қызметтері біртекті сәйкес құрамдар болып табылады.
Басқару жүйесі : басқарылатын объект және басқаратын субъектіге
бөлінеді. Сонымен бірге қарастырылатын әрекеттердің бағытына қарай, олар
бір-бірімен орын алмастырып тұруы да мүмкін. Мысалы, адам өндіріс күші,
яғни өндірістің бір элементі ретінде баскаруға жататын объект болса, ал
меншік иесі қатарында басқаратын субъектіге жатады.
Экономикалық басқару меншік иесіне ерекше функция болып есептеледі.
Нарық механизмін қолданудың нақты ерекшеліктерінің бірі
-мемлекеттің жалпы меншікті іріктеп жекешелендіре отырып, өз билігінде
қалған түйінді өндіріс торабы арқылы экономикалык басқарудың орталығына
айналуы.
Экономикалық басқару басқарылатын объектілерді өзіне тән қасиеттері
және оларға қатысты факторлардың ішкі және сыртқы байланыстары бойынша
біріктіріп, бір жүйеге келтіріп, қойылған мақсатқа бағыттап, жүмылдырып
отырады.
Экономикалық басқарудың бірінші кезекте мән беретіні -басқарылатын
жүйенің көптеген элементтерден құралған біртүтас объект ретінде қаралуы. Әр
тұрлі объект өзін құрайтын элементтердің бір-бірімен өзара байланыста ретке
келтірілуін қалайды. Ал мұндай объектіні басқару үшін оның элементтерін жай
ғана ретке келтірумен ғана шектелмей, олардың белгілі бір тәртіппен
орналастырылуы және бұл көздеген мақсаттың нәтижесі болуы көзделеді. Тек
сонда ғана ол объектіге айналып, өз жұмысын ұйымдастыра алатын болады.
Өз бетінше дамыған объектідегі мақсат - өмірлік қажеттіліктен
туындаса, ұйымдастырылған объектіде ол адмның, саналы үмтылыстарынан
туындайды. Бірақ қандай жағдайда болсын, элементтердің белгілі бір
тәртіппен орналасуы және олардың өзара қарым-қатынасы объект мақсатына
сәйкес бегіленеді. Объектінің әрбір элементі әр тұрлі қызмет
атқаратындықтан, объект өміріндегі маңызына карай бір-біріне тигізетін
әсері арқылы олардың арасында өзара тәуелділік пайда болады.
Осылайша ішкі ұйымдық қарым-қатынас объект үшін кажеттілікке
айналып, оны басқару - субъект ісінің қажеттігі туындайды.
Субъектінің негізгі міндеті - ұйымдастырылған объектіге эсер ету. О
л үшін объект, өз кезегінде, күтілген нәтижеге жету жолында жүзеге
асырылатын әрекеттердің әсеріне тиісті дайындықта болуы керек.
Объект экономикалық бөлшек ретінде ішкі ұйымдастырылуға қоса,
өзінің тіршілігіне байланысты сыртқы қарым-қатьтнасқа да мұқтаж болады.
Сондытан субъект міндетіне басқа да кажетті қызмет орталарымен байланыс
орнату жатқызылады. Сонымен, ықпалды қоғамдастық байланыстар көлемінің
кеңеюі нәтижесінде субъектінің әрекеті белгілі бір объект шеңберінен шығып
іріленген концерн, корпорация немесе аймақтық кейде,тіпті, мемлекеттік
дәрежеде жүзеге асырылуы мүмкін.
Басқару жұмысына қатысты түбірлі өзгерісті нарықтық экономикалық
қатынастың жекеменшік жүйелері енгізеді, ал кейбірінің мақсаты өмірдегі
қажеттілік арқылы реттеліп отырылады.
Ал маркетинг тұжырымдамасында нарықтық қатынастағы экономикалық
басқаруды жеке объект щеңберінде жүргізудің үтымдылығы көрсетіліп, сұраныс
пен ұсынысты зерттеу және калыптастыру әрдайым тауардың нарықтық
коньюнктурасын талдай отырып қарастырылады.
Маркетинг қызметі, бір жағынан, тұтынушылар мұқтаждарын және
сұраныстың даму тенденцияларын айқындаса, екінші жағынан, өндірісті
жоспарла мен дайындауға белсене қатысу арқылы тұтынушылардың талаптарына
сәйкес тауар өндіруді басқаруды өз міндетіне алады.
Нарықтық сауда - өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
экономикалық қатынастар. Мысалы, өндіріс өнімді сату үшін
шыгарады, ал өнім қоғамның белгілі бір тұтыну мүктажын
қанағаттандырады да, содан барып, тауардың салалық нарықтық саудасы дүниеге
келеді. Ол өз кезегінде, аймақтық сауда орындарына да бөлінуі мүмкін.
Салалық нарықтық саудада сұраныс пен ұсынысқа карай өзгеріп тұратын, өзара
байланысты белгілі бір процестер орын алады.
Тауарлардың салальщ нарықтық саудасында мынандай екі жағдай болуы
мүмкін. Біріншісі - сатушылардың нарықтық саудасы, яғни ұсыныстың
сұраныстан басым түсуі. Екіншісі оған керісінше, -сатып алушының нарықтық
саудасы, яғни сұраныстың ұсыныстан асып түсуі.
Тұтынушылық - тіршілік иесінің басты мүддесі екені рас онысыз алға
басу түгілі, өмір сүру екіталай. Тұтыну заманына сай өзгереді, дамиды, ал
қанағаттандырылған сұраныс өскелең талаптар арқылы қайтадан пайда болып,
бұл зандылық осылайша жалгаса береді.
Сұраныс материалдық өндіріс процестерінің үздіксіз қайталануына,
олардың саны мен сапасы жоғарылауына себепкер болып отырады.
Маркетинг өндірістің қай жағынан да сұраныс төңірегінде
жүмылдырылуы мен соның талабына толық бағындырылуын
қарастырады. Ол екі жақты шешіледі. Біріншіден, өндіріс тағдырының, ол
шығаратын барлық номенклатурадағы дайын өнімдердің көлем және сапа жағынан
нақты сұранысқа лайықты болуына қарай белгіленуі. Екіншіден, тұтынушылар
талаптарына әрдайым сай келуі үшін кәсіпорынның үнемі өз өнімдерінің
сапасын жоғарылатып, номенклатурасын жаңартып тұруының өндіріс үшін пайдалы
болуы. Сонымен бірге, таяу болашақтың өзгермелі әрі белгісіз жағдайындағы
өндіріс жөнінде қабылданған шешім - ғылыми дәлелге сүйенген, сенімділік
деңгейі жоғары болуы тиіс.
Кәсіпорынның өндіріс қуаты оның құрал-жабдықтарды, материалдық
игіліктерді бойынша үтымды пайдалануына, шығаратын өнімдерінің тұтынушылар
мұқтажын толық қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай белгілену қажет.
Өйткені бұл материалдық жабдықтауға қатысты шаруашылық
байланыстардың тұрақты болуына жол ашады және ондай өндірістердің тауар
айналымына қатысуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, өндіріс шаруашылығы
қызметінің әр саласының жан-жақты реттеліп, қалыптасуы кәсіпорын
дербестігін арттырады.
Маркетингтік әдісте экономикалық және жалпы шаруашылық басқаруға
қойылатын талаптардың өзгеріп тұруына, ішкі-сыртқы ортаның көп жағдайда
біркелкі реттеуге келе қоймауына байланысты алға қойылған міндеттерді жан-
жақты және әр тұрлі нүсқадан шешу жолдары іздестіріледі.
Сондай үлгідегі нүсқалардың тиімді ерекше бір тұрі -экономикалық-
математикалық модельдеу. Онда модельдік принциптер жәрдемімен тұрлі блок -
модельдерді қосу арқылы алға қойылған міндеттердің бағдарламасы, яғни
бағдарламалық нүсқалар жасалады жәнеп олар қосымша қажетті қүжаттармен
толықтырылады.Соның нәтижесінде әр тұрлі модельдерді өзара салыстыруға
жағдай туады да, сол арқылы модельдеу процесінің икемділігі артып, накты
процеске немесе жағдайға керекті модельді жүзеге асыру жағы жеңілденеді.
Кейбір модельдерді тиісті өзгерту енгізу арқылы жеке мәселелерді дәйекті
тұрде шешуге қолдануға болады.
Модельдеуге қосымша әдістің бірі - желілік әдіс. Оның құрамы қандай
мақсатқа арналғандығына және қарастырылатын объектінің ерекшелігіне
байланысты болады. Оны қолдануда модель жасайтын эр тұрлі процес бір-
бірімен өзара байланыстырылып, хабар-мағлүматтар жинау мен жасалатын
модельдерге неғүрлым айқын талаптар қойылады. Мысалы, модельдерге қойылатын
талаптарда қолда бар материалдық игіліктерді ең қолайлы және барынша үтымды
тәсілмен бөлуге көңіл аударуға мүмкіндік болады. Сонымен бірге онда
математикалық тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік мол, бірақ олардың
абстрактылық жағы басым, экономикалық маңыздылығы жеткіліксіз математикалық
шектіліктен арыла алмайтыны рас. Соған байланысты олардың мағлүмат-
деректері терең және жан-жақты талқылауды қажет етеді. Со л үшін құрылған
модельдердің математикалық үғымнан экономикалық ыңғайда сипатталғаны тәуір.
Басқаруда шаруашылық құрылымындағы әрбір жеке элементке мән беріп,
қойылған мақсатқа жүмылдыруда, былайша айтқанда, баскарушы субъектінің
басқарылатын объектіге эсер етуінде бүдан басқа бірқатар әдіс-тәсілдер де
қолданылуы мүмкін.
Солардың бірі - жүйелік әдіс. Бұл әдісті қолдану басқарудың ғылыми
дәрежесін байқататын аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оны
қолдануда басқарылатын объект - біртүтас жүйе, ал оның құрамына енетін
элементтердің жиынтығы - біртүтас кешен ретінде қарастырылады. Оның
атқаратын қызметтері мен алдына койылатын мақсаттарын бөлу арқылы
элементтердің өзара байланыстары айқындалады.
Жүйелік әдіс басқарылатын объектінің барлық құрамдас бөліктерінің
үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олардың өзара қайшылықтарын және
қарама-қарсылықтарын жоюға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісте
басқарылатын объектінің даму жолындағы негізгі міндеттерді дұрыс анықтау
мен алдын ала болжауға және көздеген мақсаттарға жетудің әр тұрлі жолдарын
іздестіруге жағдай жасалатын болады. Мұндай әдісте әр тұрлі шаруашылық
қызметтің үтымдылығы оның көздеген мақсатына бөлінген материалдарды барынша
орынды пайдалану жағдайында дәл белгіленген мерзімде қол жеткізуімен
сипатталады.
Жүйелік әдіс бойынша кез-келген лауазым иесі объектідегі істің жай-
мәнісін жалпылама тұрде бағалай алады және тиісті шешімдерді тек барлық
жағдай мен олардың объектіге тигізуі мүмкін әсер-ықпалын ескере отырып қана
қабылдайды.
Жүйелік әдіс мынандай талаптар қояды:
1) Барлық көрсеткіштер көзделген мақсатқа жетуге жүмылдырылуы керек.
1) Көрсеткіштер жиынтығы әр тұрлі деңгейдегі топтардың жұмысына қарама-
қарсылығы жоқ біркелкі баға беруді қамтамасыз етуі тиіс.
1) Жүйе көрсеткіштердің белгілі бір қарым-қатынастарын бейнелеуі
керек. Жүйенің негізінде үздіксіз дамуды қамтамасыз ететін және
алдағы күнделікті мақсаттар өзара байланыстырылады.
2) Жүйелік әдіс - әр тұрлі мақсатта пайдаланылатын мәлімет-деректердің
біртүтас және салыстыруға жарамды болуын талап етеді.
3) Әрбір көрсеткіш жеке тұрде емес, басқа көрсеткіштермен байланысты
қарастырылуы талап етіледі. О л негізгі көрсеткіштердің өзгеруіне
эсер ететін факторларды ашу, жеке факторлардың және оларға сәйкес
көрсеткіштер өзгерістерінің өзара көлемдік тәуелділігін
анықтау,қандай да бір нәтиженің өзгеруіне айырықша ықпал ететін
басты факторларды анықтау үшін керек болады.
Материалдық өндірісті басқару жұмыстың жетілдіру принциптерін
жүзеге асыру мақсатында және өндіріс-шаруашылық концерндерді ұйымдастыру,
одан әрмен қарай дамыту мәселелерін шешуде кешенді жүйелік әдіс
қолданылады. Бұл әдісте халық шаруашылығының материалдық-техникалық негізін
жасау, материалдык ынталандыру, нақты басқару ісі және оған еңбекшілердің
қатысуы -міне, осының бәрі өзіндік ішкі қарым-қатынасы бар бір түтас жүйе
ретінде қабылданады.
Халық шаруашылығында материалдық өндірісті, т.б.қоғамдық ортаны
салалық және территориялық тұрғыдан мамандандыру экономикалық
ұйымдастырудың ең қолайлы жалпы үлгісі болып есептеледі. Бұл мәселелер
салалық және территориялық басқару жүйесіне жатады да, онда басқаруға
тартылатын әр кәсіпорын бірлестік, бір жағынан, белгілі бір саланың,
екіншіден, өндірістік-территориялық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылып, олар тиісті бір мақсат төңірегінде шоғырландырылады.
Келесі, функционалдық модельде басқару жұмысын кибернетикаландыру -
функционалдық жағынан бүкіл басқару механизмінің ықпалын талдау және
тұжырымдау процесі ретінде түсіндіріледі.Мұнда басқару жүйесі қүру немесе
жетілдіру: ең алдымен белгілі бір өз кезегімен орындалатын процестердің,
атқарылатын кызметтердің, әрекет тұрлерінің және операциялардың жиынтығын
талдауға негізделеді.
Атқарылатын міндеттерге кешенді көзқарасы алдын ала берілген
жүйелік мақсатқа негізделген қорытынды функционалдық модель қүруға және оны
жетілдіру стратегиясы белгілеуге мүмкіндік береді.
Басқарудың функционалдық моделі оның әр тұрлі дәрежедегі және бір
дәреже шеңберіндегі құрамдас бөліктері арасында функцияларды және кейбір іс
тұрлерін айқын бөлуге нақты жағдай туғызады.
Шаруашылық кешенді басқару жүйесі бес топқа біріктіріледі. Олар:
басқарушылардың, дайындаушылардың, атқарушылардың, бақылаушылардың және
қызмет көрсетушілердің атқаратын функциялары. Осы аталып өткен функциялық
топтар - топтама (блок) деп аталады.
Басқарушы блктың міндеттері: ең алдымен шешім қабылдау-мен сол
шешімдерді орындау жолындағы жұмыстарды кешен шеңберінде ұйымдастыру және
оларды қорытып, бақылау жүргізу арқылы кешенін сыртқы қарым-қатынасын
ұйымдастыруға байланысты болады.
Дайындаушы топтаманың міндеттері мына төмендегі шаруашылық кешенін
стратегиялық дамуын:
1. басқару ісіне қажет хабар-мәліметтерді жинау және өңдеу;
2. өнімдердің сапасын, еңбек өнімділігін, материалдарды
пайдалануды, нарықтық коньюнктураны және соның негізінде
өндірістің номенклатурасы мен құрамын жопарлауды, өндірісті
шоғырландыру және мамандандыру, өнімдерді стандарттау және
оларды біркелкі қалыптастыру;
3. кешеннің даму стратегиясы мен дағдылық-машықтық міндеттерді
шешуге байланысты ғылыми қызмет корсету;
4. халықаралық қарым- қатынасты дамыту стратегиясын дайындау;
5. кешенді басқару жүйесін жетілдіру;
6. өндірісті күнделікті және үзақ мерзімді басқаруға нормативтік
қүжаттар дайындау;
7. өндірісті дамыту және жетілдіру жолында кешенді мақсаттық
бағдарлама құрастыру арқылы белгілейді.
Атқару топтамасының міндеттері: күрделі құрылысты материалдық-
техникалық тұрғыдан жабдықтау, өндіріс технологиясын дайындау, қызмет
корсету, тауар өткізу және сауда мәселелерін ұйымдастыру (мұндағы
әрбір көрсетілген жұмыс кешенді бағдарламаның белгілі бір бөлшегін
нақты орындауға бейімделген). Бақылаушы топтаманың басты функция лары
мыналар:
1. шешімдердің орындалуын бақылау;
1. дайындаушы топтама ұсынған нормативтік қүжаттардың ықпалын
бақылау;
1. тұтынушылардың мұқтаждарын қамтамасыз ету және өнімдерді
колдануды ұйымдастыруға қатысты олардың материал-шикізаттарды
жиынтық (комплект) тұрде жеткізу мүмкіндіктерін қарастыру;
1. басқа да бақылау жұмыстары - еңбек қауіпсіздігін және
эстетикалық-гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.
Бақылау жұмысын, әсіресе, тұтынушылардың өндіріс өнімдеріне сұраныс
тұрғысынан қарауын күшейту өндіріс көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.
Қызмет етуші топтама өндіріске тікелей қатысы шамалы шаруашылық
істерді жүргізеді, еңбекшілердің демалысын, әкімшілікке қызмет көрсетуді
ұйымдастырады.
Келтірілген функционалдық топтар әр тұрлі дәрежедегі басқаруда
қолданылуы мүмкін.Дегенмен, ірі ауқымда фукционалды топтамалау қиын әрі
қолайсыздау. Сондықтан басқару функцияларын үйлестіруге, басқарудың әрбір
жеке процестері мен қүжат айналымдарын жүргізуді жетілдіруге байланысты
проблемаларды анықтауда қолайлысы - топтама-схема әдісі№
Топтама-схемалар технологиялық тұрғыдан толық, анық мәліметтер
беріп, жиі кездесетін процестерді шешуді модельдеу ісіне жеңілдік туғызады,
технологияның шетелдік нүсқаларын дайындауға жәрдем етеді және өндіріс
процестерінде орын алған кемшіліктерді ашуға қолайлы жағдай туғызады. Әйтсе
де бөлшектелген технологиялық топтама-схемалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz