Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы туралы


Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
1. Ішкі айнымалылар: мақсаттар, құрылым, міндеттер, технология және адамдар
Ұйым адамдар арқылы құрылған жүйе болғандықтан оның ішкі айнымалылары негізінен басқару шешімдерінің нәтижесі болып табылады. Ұйымның ішкі негізгі айнымалылары: мақсаттар, құрылымы, мәселелері, технология және адамдар
1. Мақсаттар. Ұйым ортақ мақсаттары бар бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобы. Мақсаттар ұйымның түпкі соңғы жағдайы жоспарлау процесі барысында басшылар мақсаттарды анықтайды және оны ұйым мүшелеріне хабарлайды. Бұл ұйым мүшелеріне олардың алдында не күтіп тұр және неге жетуге ұмтылу керектігін анықтауға мүмкіндік береді және олардың іс- әрекеттерін ынталандыра түседі. Ұйымның әр түрлі мақсаттары болуы мүмкін, бизнеспен айналысатын ұйымдар негізінен пайда алуға негізделген. Ал мемлекеттік органдар оқу институттары, коммерциялық емес ауруханалар пайда алуға ұмтылмайды. Бірақ олар шығынды азайтуға тырысады. Ірі ұйымдарда қызмет түрлері көп болғандықтан көптеген мақсаттарға ие. Мысалы, пайдаға қол жеткізу үшін бизнес, нарық үлесі, жаңа өнімдердің түрін шығару. Қызмет сапасы басшыларды дайындау және таңдау саласында мақсаттар қалыптастыра білу керек. Сонымен қатар ұйымның әрбір бөлімінің өзіне тән мақсаты бар. Бірақ бұл мақсаттар бір - біріне қайшы келмеуі керек және олар ортақ мақсатқа жетуге бағытталады.
2. Ұйым құрылымы . Ұйым құрылымы ұйым мақсатына неғұрлым тиімді түрде жетуі үшін қажет формада құрылған басқару деңгейлерінің және функционалдық салалардың өзара қатынасы. Бұл жерде функционалды сала термині мағынасынан басқару функцияларына ажырата білу қажет. Функционалды сала ұғымы ұйым бөлімдерінің жұмысына қатысты айтылады. Мысалы, маркетинг, өндіріс, персоналды дайындау және таңдау, қаржыны жоспарлау. Құрылымға қатысты негізгі екі концепциясы бар: а) Мамандандырылған еңбек бөлінісі; б) Бақылау саласы
а) . Мамандандырылған еңбек бөлінісі - кез келген ұйымда еңбек бөлінісі болады. Бірақ қазіргі заманғы ұйымдарда жұмыс адамдар арасында кездейсоқ бөліне салмайды. Мамандырылған еңбек бөлінісі берілген жұмысшы маманға бекіту, яғни жұмысты кім басқаларға қарағанда жақсы орындай алса соған беріледі. Егер ұйымның көлемі үлкен болса мамандарды әдетте функционалды сала шегінде топтастырады. Функционалды саланы талдау ұйым құрылымын анықтайды және ұйымның табысты жұмыс істеуіне әсер етеді.
б) Бақылау саласы - еңбектің көлбеу бөлінісі. Яғни үйлестіру жұмыстарының тапсырманы тікелей орындауға байланысты жұмыс істеу үшін қажет. Ұйымдардағы еңбекті алдын-ала көлбеу бөлінісі басқару деңгейлерінің иерархиялық құрылымын көрсетеді. Жоғары басқару деңгейіндегі басшы өзінің қарамағындағы әр түрлі функцияларды саланың басшыларын басқарады. Бір басшыға бағынатын тұлғалардың саны бақылау саласы болып табылады. Іс жүзінде идиалды бақылау саласы болмайды. Сонымен қатар үйлестіру қажеттілігі туындайды. Егер басшылық ресми үйлестіру механизімін қалыптастырмаса адамдар бірігіп жұмыс істей алмайды.
3. Мәселелер. Мәселе - алдын - ала белгіленген әдіспен алдын ала көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс жұмыс. Жұмыс сериясы немесе жұмыс бөлігі, техникалық жағынан алғанда жұмыс жұмысшының өзіне емес, ал оның лауазымына қарай белгілейді. Ұйым құрылымы туралы басшылықтың шешімі негізінде әрбір лауазым бірқатар мәселелерге ие болады. Ұйым мәселесін әдетте үш категорияға бөледі. Бұл адамдардан заттармен және ақпаратпен жұмысты орындау кезінде маңызды екі кезеңі бар. Бұл берілген мәселенің қайталану жиілігі және мәселені орындауға қажетті уақыт.
4. Технология - өте кең ұғым. Көп адамдар оны машина және ғылыми жаңалықтарымен байланыстырады. Бірақ әлеуметтанушы Чарльз Перру бойынша технология шикізатты өңдейтін құрал ретінде яғни адам ақпарат немесе физикалық материал болсын қажетті өнім немесе қызмет түріне айналдыратын құрал ретінде қарастырады. Мәселе және технология өзара тығыз байланысты. Мәселені орындау үшін шикізат, материалдарды қажетті өнімге айналдыратын технология қажет. Технологияның басқаруға әсері технологиядағы үш қайта құру кезеңімен байланысты.
- Өнеркәсіптік революция
- Стандарттау және механизациялау
- Конвейерлі жинақтаушы линияны қолдану арқылы.
Стандарттауды, яғни стандартты бір-бірін алмастырушы компоненттерін қолдану Э. Уитни есімімен тығыз байланысты. Э. Уитни британдық мақта тазартатын машинаны ойлап табушы. Ол стандартты бөліктерді қолдану арқылы өндіріс шығындарын едәуір азайтты. Стандарттау концепциясы біліктілігі аз мамандарды көптеп жұмысқа тартуға мүмкіндік берді.
Конвейерлі жинақтаушы линия - бұндағы негізгі мақсат жұмысшы өз орнында қала отырып, өнімді жинақтауға қатысады. Бұл әдісті ойлап табушы Генри Форд. Ол 1913 осы идеяны шығарған. Конвейерлі жинақтаушы линия арқылы бір машинаны жасауға көптеген адамдар қатысты. Олар өз орнында қала отырып өнімнің әрбір бөлшегін жинақтауға қатысады. Сол арқылы 2100$ тұратын «Ти» автомашинасы 1918 ж. 290$-ға түсті. Яғни осы технология саласында зерттеулер жүргізген ғалым Вудворд бойынша технология келесі түрде жіктеледі:
- Аз сериялы немесе жеке өндіріс
- Жаппай немесе ірі сериялы өндірісте - бұл жерде бір-біріне ұқсас өнімдер және көп мөлшерде өндірілуі.
- Үздіксіз өндіріс - бірдей сипатқа ие өнімдердің көп мөлшерде үздіксіз өндірілуі (мұнай өңдеу, болат, мыс өндіру, электро станциялардың жұмысы)
Томпсон бойынша технологияны зерттеу. Томпсон технологияны 3 категорияға бөледі:
1. Көп звенолы технология - өзара байланысты мәселелер сериясы ретінде және олар ретімен орындалуы қарастырылады. Мысал ретінде, конвейрлі жинақтаушы линия.
2. Делдалдық технология - бұл өзара байланысты адамдар тобы. Мысалы, банктік жұмыс салымдарымен несие алушыларды байланысқан болса, телефон жүйесі қоңырауды шалушылар мен қоңырау күтушілерді байланыстырады. Ал еңбек бюросы жұмысшы іздеушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстырады.
3. Интенсивті технология - бұл арнайы әдіс, тәсіл, дағды және қызметтерді пайдалана отырып өндіріске түсуші нақты материалға белгілі өзгерістер енгізу. Мысалы, фильмді монтаждау, қымбат тастарды өңдеу.
Осы ғалымдардың терминалогиясындағы айырмашылық Гудворд негізінен өнеркәсіптік технологиясын зерттеді. Томпсон барлық кәсіпорындарды қамтуға тырысты.
2. Сыртқы орта сипаттамалары
Басқару ғылымында сыртқы ортаның маңыздылығы және оның ұйымға қатысты әсер ететін күшін ескеру қажеттілігі туралы ойлар ХХ ғ 50 жылдардың аяғында қалыптасты. Жүйелілік бағыт бойынша басшының өз ұйымын өзара байланысты бөліктерден тұратын бір бүтін ретінде қарастыруы керектігін көрсеткендіктен, басқару ғылымына үлкен үлес қосты. Ситуациялық бағыт бойынша берілген жағдайда, әдіс нақты сыртқы және ішкі факторлар арқылы анықталады.
Сыртқы орта сипаттамалары:
а) сыртқы орта факторларының бір-бірімен өзара байланыстылығы - бұл бір фактордың сапалық және сандық өзгерістері басқаларына күш дәрежесімен әсер етеді.
б) Сыртқы ортаның күрделігі - ұйым жауап беруге тиіс факторлардың саны. Мысалы, мемлекеттік заңдар, тұтынушылар, бәсекелестер және т. б.
в) Сыртқы ортаның жылжымалылығы - ұйымды қоршаған айналадағы өзгерістердің жылдамдығы. Мысалы, зерттеулер және талдау бөлімі - өндірістік бөлім.
г) Сыртқы ортаның белгісіздігі - сыртқы орта бойынша ақпараттың салыстырмалы көлемі және оның нақты дәлдігі жөніндегі белгісіздік.
3. Тура әсер ететін орта. Жанама әсер ететін орта.
Тура әсер ететін орта: жабдықтаушылар ( материал, капитал, еңбек ресурстар) ; заңдар және мемлекеттік органдар; тұтынушылар; бәсекелестер. Ұйымға тура әсер ететін орта факторлары ұйым операциясына тікелей әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz