Конституциялық құқық жайлы


Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Конституциялық құқықтың ұғымы және пәні
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы ұғымы принциптері.
3. ҚР Президенті жалпы түсінігі
4. ҚР сот жүйесі.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Конституция – Негізгі заң. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы. Қазіргі Қазақстан Конституциясының негізгі бөлімдері және мазмұны.
Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. (Бақұлов С.)
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.
1. Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.
2. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.

2. Арнайы әдебиет:

1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
2. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
3. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.
4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
6. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
7. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
8. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
9. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
10. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
11. Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет.
12. Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.
13. Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33
14. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001
15. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 17 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Конституциялық құқық

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Конституциялық құқықтың ұғымы және пәні
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы ұғымы принциптері.
3. ҚР Президенті жалпы түсінігі
4. ҚР сот жүйесі.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Конституция – Негізгі заң. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы.
Қазіргі Қазақстан Конституциясының негізгі бөлімдері және мазмұны.
Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір
сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын
құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны
қанша болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған
демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың
бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін
қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. (Бақұлов С.)
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.
Мемлекет түрлері көп болса да, олардың конституцияда мемлекеттік құрылым
түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың
(монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары
органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде
Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге
нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп
қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне
тән белгілері болады.
Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және
мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың
түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің
негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен
және құзіреттілігімен айқындалады.
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”,
“заң” деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір
актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы
қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы
болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен
Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден
мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
• Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
• Құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
• Ең жоғарғы заңдылық күші бар;
• Оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
• Тұрақтылығы. (Бақұлов С.)

Негізгі бөлім

Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың,
әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың,
тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым
халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға
созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының
көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жаупкершілікті қажет
етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан,
Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі
қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері
жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық
актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға
жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,
дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін
қалады. (Бақұлов С.)
1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң
қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі
елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау
қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан
Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда,
мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде
үлкен рөл атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы тәуелсіз аумақ деп
танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстан
Республикасының азаматтары ұлтына, тегіне, атқаратын қызметіне, тұратын
мекеніне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарамастан, тең құқықтар мен
бостандықтарға ие. Конституцияда Қазақстан мемлекетінің құрылысы, биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну ұстанымдары
айқындалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің
негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
Бұл кезде Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі Президент пен Үкімет билігінен күшті
болуынан туындаған мемлекетті басқару жүйесі туралы мәселе шиеленісіп
тұрды. Ақыры, Президенттің өкілеттігін кеңейту арқылы ел экономикасын
реформалауды жеделдету қажеттігін жақтаған бағыт үстемдік алды. Нәтиже
елдің Негізгі заңын түбегейлі қайта қарауға алып келді.
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық
референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда
мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар
ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың
конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен
мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат – Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған
Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдарды тұжырымдап,
бір арнаға келтірді. (Бақұлов С.)
Халық – конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел
қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық
әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті
сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына
қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды,
өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық актісі деп
танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп
таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір
тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың
әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан
Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек
қоймай, тұтас халықты конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі деп
таниды.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп
Саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп
Жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады:
“Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттік құра отырып, өзімізді еркіндік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, –
делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен
қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың
бүкіл аумағына тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция –
мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге
болады.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында “халық” деген ұғымға қазақ
ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді.
Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы
болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе
мәдени артықшылықтар берілмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп cанауға болмайды.
Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы
тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі
болмаса, онда ол тілі қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар
еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы
оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы: “Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз” деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумда
қабылдады.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған бірден-бір субъекті
болғандығынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік
биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепі лі. Қазақстан
халқы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылу
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін анықтады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Былайша айтқанда, халық
Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Референдум өткізу жөнінде
шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен
түзетулер енгізу мәселесін Парламенттің қарауына беру туралы шешім
қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер
мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
Конституцияның құрылымы мен мазмұны. Қазақстан Республикасының
Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. “Жалпы ережелер деп аталған
І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі
ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы
айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар
тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында *Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы – халық” деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және
азаматтыққа байланысты ережелер “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөлімде
жинақталып берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша заң мен
сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас
бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік
иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға т.б.
құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат
өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиісті.
ІІІ бөлімде Президенттің, ІV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет
құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалуы мерзімдері мен заңдары,
өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің
бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында
атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б.
баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары,
VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің
мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде
қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал
екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік
биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі
халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес
заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция
мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен
өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың
экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды.
Мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық
ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де
(бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс.
Жекелеген заңдар белгілі бір қоғамдық институттардың – саяси партиялардың,
діни, мәдени бірлестіктердің т.б. құрылуы мен қызметтерінің бағыттарын
айқындайды. Өздерінің мақсаттары мен әрекеттері арқылы конституциялық
құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған
қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын
Конституцияның норматив- тік ережелері тура және тікелей іске асырылады.
Сондықтан құқық қорғау органдары Конституция нормаларының бұзылу жағдайына
қатысты шаралар қолданғанда, Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.
Конституцияның жоғары заңдық күші. Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар
қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін
болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да –
жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға,
барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы
керек.
Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген
нұсқау бар. Мұның мәні - әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын
қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде,
Конституцияны, оның нормаларын пайдалануға құқықты.
Қазақстан Президенттік Республика. Қазақстан Республикасының
Президенті – мемлекеттің басшысы, елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға
болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша
айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық
болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының
арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын
заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау
үшін кері қайтарады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Қазақстан республикасының “ Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы” Конституциялық заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданды. Заң
қабылдағаннан бері 6 жыл өтті, ал әділеттілікті жүзеге асырушылардың
қызметінде қандай өзгеріс болды?
Көптеген теориктер Қазақстандағы сот реформасы аяқталды деп есептейді,
ал практиктер 5-6 жыл ішінде толығымен тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылым
құру қиын деп санайды.
Сонау 1994 жылы ҚР Президентінің қаулысымен құқықтық реформаның
мемлекеттік программасы бекітілген болатын. Бұл программа бойынша заң
шығару, сот жүйесі, әділет органдары, прокуратура, ішкі істер органдары,
ұлттық қауіпсіздік саласында түбегейлі өзгерістер көзделген болатын.
Егемендік алған жылы мемлекетке демократияландыруға бағытты жария ету
жеткіліксіз, ол үшін тиісті құқықтық база қажет. Сол жылдары заң шығару
саласы жақсы дамыды (бір жыл ішінде 140 заң қабылданды), бірақ осы
заңдардың атқаруылында қиындықтар болды, себебі судьялардың көбісі бұрынғы
кеңестік қатаңдықты ұстанған болатын.
Қазақстанда сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, сот-құқықтық
реформасының қарқынын жеделту мақсатында Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті құрылды.
Қазіргі кезде Комитет Қр Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы №471
Жарлығымен бекітілген ережеге сәйкес облыстық, аудандық, және оларға
теңестірілген соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзге де
қамтамасыз ету, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақытында орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Сот жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – кадрларды дайындау болып
табылады. Қазіргі уақытта кез келген коммерциялық университет, институт,
колледж заңгерлерді дайынды. Соның нәтижесінде білімсіз, кәсіпқойлық
деңгейі төмен жас кадрлардың саны көбейіп келеді. Сондықтан мұндай жағдай
болмас үшін, заңгерлер дайындайтын 2-3 жетекші мемлекеттік жоғарғы оқу
орындары болуы қажет.
Батыс елдерінде судья мәртебесі өте жоғары, себебі азаматтар ғасырлар
бойы судьяны үлкен құзыретке ие тұлға ретінде құрметтеген. Мысалы,
Эстонияда судьялардың кәсіпқойлығын арттыру мақсатында судьяларға екі жыл
бойы жаңа заңнаманы толығымен игеруге мүмкіндік беріп, кейін емтихан
тапсырғызды. Жеткілікті балл жинай алмаған судьяларды қызметтен босатты,
осылайша жаңадан судьялық корпус тек кәсіпқой судьялардан тұратын болды.
Біздің мемлекетте де судьялар аттестациядан өтеді, олардың біліктілігін
арттыратын институт құрылды, осылайша біздің мемлекеттегі кәсіпқой
судьялардың саны артуда. Өкінішке орай, сот жүйесінің теріс жақтары да бар.
Мысалы, 2001 жылы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің тәртіптік-біліктілік
коллегиясымен 212 тәртіптік іс ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық негіздері жайлы
Конституциялық құқық
Конституциялық құқық құқық саласы ретінде
Конституциялық құқық негіздері
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Құқық. ҚР конституциялық құқығы
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Конституциялық құқық жайында
Конституциялық құқық ұғымы
Конституциялық құқық туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь