Сақтандыру нарығы туралы ақпарат



1. Сақтандыру нарығы туралы ұғым.
2. Сақтандыру нарығының құрылымы және оның түрлері
Мүліктік сақтандыру.
1. Мүліктік сақтандырудың экономикалық маңыздылығы және тағайыны
2. Мүліктік сақтандырудың жіктелуі
3. Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі залал мөлшерін анықтаудың жалпы әдісі
Көліктік сақтандыру
1. Көліктік тәуекелдерді сақтандыру ерекшеліктері
2. Көлік құралдарын сақтандыру.
3. Жүктерді сақтандыру
Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру.
1. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық алғы шарттары
Сақтандыру нарығы – бұл сату және сатып алу объектісі сақтандыру қызметі болып табылатын және де оған ұсыныс пен сұраныс құрылатын белгілі бір ақша қатынастарының аясы, ерекше әлеуметтік орта.
Сақтандыру нарығы деп сондай-ақ:
 қоғамның сақтандыру қорғанышын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын құру мен бөлу жөніндегі ақша қатынастарын ұйымдастыру формасы;
 сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сәйкесінше сақтандыру ұйымдарының жиынтығы болып табылады.
Ол өнімдердің тұтынушылық құрамы өте айрықша және де қаржы нарығының басқа да өнімдерінен анағұрлым жақсы. Олардың ерешелігі сақтандыру мәнінен байланысты. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес сақтандыру қызметі дегеніміз – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес құзіретті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жұзеге асырылатын қызметі болып табылады.
Сақтандыру нарығының субъектілерінің мүдделеріне деген қауіп қашан да бар, бірақ ол міндетті сипатта емес. Ондай қауіптің бары сөзсіз, бірақ оның болуы мәніне қарай. Әрбір сақтандыру өнімі сақтандырудың нақты объектісімен сәйкестендіріледі, сақтандыру себептерін, оның құнын, бағасын, ақша төлемдерінің сақтандырылатын жағдайлардағы шарттары анықталады. Сақтандыру өнімінің куәлігі ретінде сақтандыру полисі деп аталатын құжат жүреді. Полис сақтандырудағы бекітілген келісім шартты растайды, ол қашан да заттық дәлелдеме бола алады және де сақтандырудың қатысушыларына бағытталған, онда мәміленің негізгі сандық параметрлері болады, сондай-ақ заңдық құжат болып табылады.
Сақтандыру өнімінің ерекшелігі - сақтандыру жарнасы сақтандыру сомасынан қашан да аз болатындығында. Мұндай арақатынас сақтандыру өнімдерінің нарықтық тартымдылығын және оларға сәйкесінше сұранысты қамтамасыз етеді. Сақтандыру өнімдерін сатып алудан келетін пайданы көруге болады. Бірақ бұл сатушының жоғалтуларын білдірмейді, өйткені полистер саны сақтандыру жағдайларынан қашан да көп болады.
Осыған байланысты сатушыда егер де сақтандыру өнімінің бағасы анықталса жоғалтулар болмайды. Сақтандыру – бұл сақтандыру өнімдерін сатушы мен сатып алушы, яғни сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы өзінше бір «ойын» деп болжауға болады.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру нарығы.

1. Сақтандыру нарығы туралы ұғым.
Сақтандыру нарығы – бұл сату және сатып алу объектісі сақтандыру
қызметі болып табылатын және де оған ұсыныс пен сұраныс құрылатын белгілі
бір ақша қатынастарының аясы, ерекше әлеуметтік орта.
Сақтандыру нарығы деп сондай-ақ:
қоғамның сақтандыру қорғанышын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын құру
мен бөлу жөніндегі ақша қатынастарын ұйымдастыру формасы;
сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сәйкесінше сақтандыру
ұйымдарының жиынтығы болып табылады.
Ол өнімдердің тұтынушылық құрамы өте айрықша және де қаржы
нарығының басқа да өнімдерінен анағұрлым жақсы. Олардың ерешелігі
сақтандыру мәнінен байланысты. Сақтандыру қызметі туралы ҚР Заңына сәйкес
сақтандыру қызметі дегеніміз – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты,
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес құзіретті органның
лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру
туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жұзеге асырылатын қызметі
болып табылады.
Сақтандыру нарығының субъектілерінің мүдделеріне деген қауіп қашан да
бар, бірақ ол міндетті сипатта емес. Ондай қауіптің бары сөзсіз, бірақ оның
болуы мәніне қарай. Әрбір сақтандыру өнімі сақтандырудың нақты
объектісімен сәйкестендіріледі, сақтандыру себептерін, оның құнын, бағасын,
ақша төлемдерінің сақтандырылатын жағдайлардағы шарттары анықталады.
Сақтандыру өнімінің куәлігі ретінде сақтандыру полисі деп аталатын құжат
жүреді. Полис сақтандырудағы бекітілген келісім шартты растайды, ол қашан
да заттық дәлелдеме бола алады және де сақтандырудың қатысушыларына
бағытталған, онда мәміленің негізгі сандық параметрлері болады, сондай-ақ
заңдық құжат болып табылады.
Сақтандыру өнімінің ерекшелігі - сақтандыру жарнасы сақтандыру
сомасынан қашан да аз болатындығында. Мұндай арақатынас сақтандыру
өнімдерінің нарықтық тартымдылығын және оларға сәйкесінше сұранысты
қамтамасыз етеді. Сақтандыру өнімдерін сатып алудан келетін пайданы көруге
болады. Бірақ бұл сатушының жоғалтуларын білдірмейді, өйткені полистер саны
сақтандыру жағдайларынан қашан да көп болады.
Осыған байланысты сатушыда егер де сақтандыру өнімінің бағасы
анықталса жоғалтулар болмайды. Сақтандыру – бұл сақтандыру өнімдерін
сатушы мен сатып алушы, яғни сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы өзінше
бір ойын деп болжауға болады.
Сақтандырушы, сақтандыру өнімін сатып алу және сату жөнінде
туындайтын сақтанушы мен сақтандырушы төлемдері арасындағы белгілі бір
арақатынастарды белгілейді, яғни сақтандыру өнімінің бағасын анықтайды.
Тариф деңгейі сол сақтандыру өнімін өткізу үшін жеткілікті түрде төмен
болуы керек, бірақ сонымен қатар сақтандырушының зияндары мен
ақпараттарын ұстауға кететін шығындарын жабу үшін, сондай-ақ қажетті пайда
алуды қамтамасыз ететіндей жеткілікті түрде жоғары болуы керек.
Тариф бір жағынан, сақтандыру тәуекелінің көлемін білдіреді. Екінші
жағынан – кейбір орта шамамен беріледі. Сонымен қатар сақтандыру жағдайлары
таңдаулы, атаулы түрде іске асырылады. Бұл қарама қайшылық сақтандыру
өнімдерінің жеке тәуекелдерін ескере отырып, оның сатып алушыларының
категориялары бойынша бағаларын тиісінше дифференциациялау жолымен
шешіледі. Басқаша айтқанда, сақтандыру өнімдерін сату-сатып алу
процедурасында бағаны төмендету және үстемелеу жүйесі енгізіледі, ол
кезде сақтандырушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі және сонымен қатар
сақтандырушыны сақтандырылатын объектіні аялау қызығушылығын тудыртады,
яғни сақтандыру тәуекелін минимизациялау болады.
Сонымен, сақтандырудың құны және бағасы сақтандыру өнімінің сандық
сипаттамасы ретінде – толық бәсекелік мөлшер. Сақтандыру өнімін сату
қажеттілігі сақтандырушыны сақтандыру өнімдерін жетілдіруге , оған
бағаны төмендетуге мәжбүрлейді. Пайда алу қажеттілігі керісінше, бағаның
артуын талап етеді. Осыдан келіп, сақтандыру нарығы сақтандыру өнімдеріне
сұраныс және ұсыныспен реттеледі.
Сақтандыру нарығын дамытудың объектитік негізі ұдайы өндіріс
процесінде пайда болатын қаржы шаруашылық іс-әрекеттің тоқтаусыз
қамтамасыз ету қажеттілігі және күтпеген қажетті қолайсыз жағдайлар болған
кезде ақшалай көмек көрсету болып табылады.
Сақтандыру нарығының негізі болатындар: еркін нарықтық экономика,
меншік формаларының көптүрлілігі, еркін баға құру – тарифтік
мөлшерлемелерінің есебі, бәсекенің болуы, таңдау еркіндігі, сақтандыру
қызметтерінің жаңа түрлерін жасау және енгізу.
Сақтандыру нарығының болуының міндетті шарттары:
сақтандыру қызметтеріне қоғамдық қажеттіліктердің болуы – сұраныстың
құрылуы;
осы қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы –
ұсыныстың құрылуы.
Осыған орай сақтанушы және сақтандырушы нарығын ажыратады. Әрекет
ететін сақтандыру нарығы әртүрлі құрылымдық бөлімшелері бар күрделі
жүйені білдіреді. Сақтандыру нарығының бірінші бөлімшесі – сақтандыру
қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Міне, осы жерде сақтандыру қорын құру
және пайдалану процессі жүреді, экономикалық қатынастар көрінеді, жеке,
топтық, ұжымдық мүдделер ұштасады.
Сонымен қатар сақтандыру нарығында оның басқа да субъектілері
әрекет етеді: қайта сақтандыру компаниялары, сақтандырушының делдалдары –
сақтандыру агенттері жән брокерлер, сақтандырушылардың әртүрлі
бірлестіктері: сақтандыру пулдары, одақтары және т.б.
Сақтандыру нарығында көрінетін сақтандыру түрлерінің тізімі
сақтандырудың келісім шарттары бойынша қосымша, жеке шарттары бар
сақтандыру қызметтерінің ассортиментін анықтайды.
Сақтандыру нарығының орны екі жағдаймен анықталады. Бір жағынан,
сақтандыру қорғауына объективтілік қажеттілік болады, ол қоғамның
әлеуметтік-экономикалық жүйесінде сақтандыру нарығының құрылуына әкеледі.
Екінші жағынан, сақтандыру қорғауын қамтамасыз етудегі сақтандыру қорынан
ақшалай ұйымдастырылу формасы бұл нарықты жалпы қаржы нарығымен
байланыстырады.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда
болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір обьектіні сақтандыру
мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет
ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік
сақтандыру мәселесімен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей
байланысты.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік
қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық
бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына Әлеуметтік
қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру терминдері сипаты болғанымен
бұлар ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік
қорғау процессі деп, ал әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру
нысандарының бірі деп түсінген жөн.
Әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік кепілдіктер, еңбекке ақы төлеу
кепілдіктері, зейнетақылар, материалдық көмек, халықтың аз қамтылған жігіне
көрсетілген тегін ең аз қызметтер жүйесі арқылы және ең төменгі күн көріс
деңгейін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Сақтандырудың жалпылығы сақтандыру нарығының сақтандыру
қатынастары жүзеге асырылатын кәсіпорындр қаржысымен, халықтар
қаржысымен, банктік жүйемен, мемлекеттік бюджетпен, және басқа қаржы
институттары шегінде тікелей байланыстарын анықтайды. Мұндай қатынастарда
тиісінше қаржы институттары сақтандыру өнімінің сақтандырушысы және де
тұтынушысы ретінде көрінеді. Айрықша қатынастар сақтандыру нарығы және
мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар арсында туындайды,
ол міндетті сақтандырумен байланысты.
Қаржы жүйесіндегі сақтандыру нарығының орны сақтандыру қорғауын
қаржыландырудағы әр түрлі қаржы институттарының ролімен және де олардың
сақтандыру ұйымдарының инвестициялық ресурстарын орналастыру
объектілерінің мәнімен, сақтандыру, инвестициялық және басқа да қызмет ету
түрлерімен байланысты.Сақтандыру нарығының басқа да нарықтармен қатынасы
төмендегі суретте көрсетілген.
Қаржы жүйесіндегі сақтандыру нарығының орны.Тұрақты қаржылық
қатынастар сақтандыру нарығының бағалы қағаздар нарығымен, банктік
жүйемен, валюталық нарықпен, мемлекеттік және аймақтық қаржыларымен
орнайды, онда сақтандыру ұйымдары сақтандыру резевтерін және басқа да
инвестициялық ресурстарды орналастырады.
Сақтандыру нарығының әрекет етуі серіктестік негізде және бәсекелік
жағдайда да қаржы жүйесінің шегінде жүреді. Бұл халықтың және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бос ақша қорлары үшін болатын әртүрлі қаржы
институттары арасындағы бәсекелік күреске қатысады. Егер де сақтандыру
нарығы мысалы, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынатын
болса, онда банктер – депозиттерді, қор нарықтары – бағалы қағаздарды және
тағы басқаларды ұсынады.
Сақтандыру нарығы өзара тығыз байланысты бірқатар қызметтерді
атқарады: компенсациялық (қайтарымды), жинақтық, бөлу, ескерту және
инвестициялық.
Сақтандыру нарығының негізгі қызметі - компенсациялық қызмет, соның
арасында сақтандыру институттары жұмыс істейді. Қызметтің мазмұны
сақтандыру объектісі болған қолайсыз құбылыстар болған кезде зиянның
орнын толтыру формасында заңды және жеке тұлғаларды сақтандырумен
қорғауды қамтамасыз етуден көрінеді.
Жинақтық немесе жинақтау қызметі өмірді сақтандырумен қамтамасыз
етіледі және де сақтандырудың бекітілген келісім шарт есебіне алдын ала
келісілген сақтандыру сомасын жинақтауға мүмкіндік береді.
Сақтандыру нарығының бөлу қызметі сақтандыру қорғауының механизмін
жүзеге асырады. Қызметтің мәні сақтандыру қорын қалыптастырудан және
мақсатты пайдаланудан көрінеді. Сақтандыру қорын қалыптастыру сақтандыру
төлемдерін және сақтандырудың тұрақтылығының кепілдігін қамтамасыз ететін
сақтандыру резевртерінің жүйесінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру нарығының ескертуші қызметі сақтандыру қызметін жүзеге
асырумен тікелей байланысты емес. Бұл қызмет сақтандыру жағдайын
ескертуде және зияндарды азайтуда жұмыс істейді. Ескертуші қызметті
жүзеге асыру қолайсыз жағдайлар мен стихиялық жайттардың жағымсыз салдарын
болдырмау немес азайту бойынша іс-шараларды қаржыландырумен қамтамасыз
етіледі. Тиісінше қаржыландыру ескертушілік іс-шаралар қорынан жүргізілед.
Ескертушілік қызметтің жүзеге асырылуы сақтандырушылардың қаржылық
тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді және қоғамдық ұдайы өндірістің
тоқтаусыз процесін қамтамасыз етуші маңызды фактор болып келеді.
Сақтандыру нарығының инвестициялық қызметі уақытша бос ақша қорларын
бағалы қағаздарға, банктің депозиттеріне, жылжымайтын мүлікке және тағы да
басқа орналастырулар арқылы жүргізіледі. Сақтандыру нарығының дамуымен
инветициялық қызметтің ролі арта түседі. Сақтандыру компанияларын қоғамдық
өндірістегі негізгі қызметті сақтандыру арқылы капиталды шоғырландырумен
анықталатын инвестициялық инвесторлар рентінде қарастыратын бірқатар шет
елдік экономистер өздеріне көңіл аудартарлықтай.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс
дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде
бұзылса, толтырумен байланысты. Нарықтық экономикасы бар елдердің
тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес
құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде
құрылады. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік
салық-бюджет және ақша-несие саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін
қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты
болады.

2. Сақтандыру нарығының құрылымы және оның түрлері
Сақтандыру нарығы сақтандыру қызметтерін сату-сатып алу бойынша
экономикалық қатынастардың жиынтығын көрсетеді.
Сақтандыру нарығының сиымдылығы – сақтандыру қызметтерді сату
мүмкіндігінің көлемі. Бұл бір жағынан, сақтандыру қызметтеріне деген
сұранысқа (халықтың төлем қабілеттілігінен, олардың сақтандыруға деген
қатынастарымен анықталады), ал екінші жағынан сақтандырушының қаржылық
мүмкіндігіне байланысты, яғни олар сақтандырушыға неғұрлым ірі және қауіпті
тәуекелдерді қабылдау қабілеттілігін көрсетеді.
Сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдары, сақтанушылар, сақтандыру
өнімдері, сақтандыру делдалдары, сақтандыру тәуекелдерін және зияндарын
кәсіби бақылаушылар, сақтанушылардың бірлестіктері, сақтанушылардың
бірлестіктері және оның мемлекеттік реттеу жүйесі бөлімшелері болып
келетін күрделі тармақталған біріктірілген жүйені білдіреді.
Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық, территориялық және
салалық аспектілерде сиаптталуы мүмкін.
Институционалдық аспектіде сақтандыру нарығының құрылымы мемлекеттік
акционерлік жеке копоративтік, сыбайлас және басқа да сақтандыру
компанияларымен көрінеді.
Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру компаниясы – бұл сақтандырушының
сақтандыру қорын ұйымдастырудың нақты формасы. Сақтандыру компаниясы
сақтандырудың келісім шарттарын бекітуді және оларға қызмет көрсетуді
жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымы – сақтандыру нарығының экономикалық ерекшеленген
бөлімшесі, яғни оның ресурстарының ерекшелігі және сақтандыру болмаса басқа
да қызмет түрлерін жүргізудегі дербестігімен көрінуі. Сақтандыру ұйымдары
арасындағы экономикалық қатынастар бірігіп сақтандыру және қайта сақтандыру
негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымдары қатыстылығына, орындалатын сақтандыру
операцияларының сипатымен, қызмет көрсету аясымен құрылады. Қатыстылығына
қарай сақтандыру ұйымдарын акционерлік, жеке, және де сыбайлас сақтандыру
қоғамына бөлінеді.
Акционерлік сақтандыру компаниясы – бұл сақтандырушы ретінде
акционерлік қоғам түрінде көрінетін жеке капитал жүретін мемлекеттік емес
ұйымдық форма. Акционерлік сақтандырушының жарғылық капиталы акциядан және
басқа да бағалы қағаздардан құрылады, ол шектеулі қорлар жағдайында
сақтандыру ұйымының қаржылық потенциалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік
береді. Сақтандырушылардың акционерлік формасы дамыған елдердің сақтандыру
нарығында басым болып келеді.
Жеке сақтандыру компаниялары бір меншік иесіне немесе оның жан
ұясына тиеселі болып келеді. Жеке сақтандырушылардың бірегей (уникалдық)
формасындағы заңды тұлға емес, жеке тұлғалардың бірлестігін білдіретін
Ллойд корпорациясын жатқызуға болады.
Мемлекеттік сақтандыруда сақтандырушы ретінде мемлекет болады.
Мемлекеттің мүдделерінің шегіне сақтандырудың кез келген немесе жекелеген
түрлерін жеткізуге деген оның монополиялылығы кіреді, ол сақтандыру
ұйымының мәртебесі туралы тиісті заңмен анықталады. Мемлекеттік
сақтандыруды жүзеге асыру ұлттық сақтандыру нарығын мемлекеттік ретеу
формасын көрсетеді. Үкіметтік сақтандыру ұйымдары жұмыссыздықтан және
жұмысшылар мен қызметкерлерге деген компенсацияларын сақтандыруға
мамандандырылады.
Сыбайлас сактандыру қоғамы – бұл сақтандырудың белгіленген
ережелеріне сай бір біріне белгілі бір үлестерде болашақтағы мүмкін болатын
зияндарының орнын толтыру жөніндегі жеке немесе заңды тұлғалардың топтары
арасындағы келісім шартпен көрінетін ерекше мемлекеттік емес ұйымдық форма.
Территориялық аспектіде сақтандыру нарығының құрылымы сақтандыру
рыноктарымен сипатталынады:
Жергілікті (аймақтық);
Ұлттық (ішкі);
Әлемдік (сыртқы).
Салалық белгісіне қарай сақтандыру нарығын бөледі:
Жеке;
Мүліктік:
Жауапкершіліктік.
Өз кезегінде әрбір нарықты ерекшеленген сегменттерге бөлуге болады,
мысалы, қолайсыз жағдайлардан сақтандыру рыногы, үй мүлкін сақтандыру
нарығы және т.б.
Сақтандыру нарығының тауары сақтандыру өнімі болып табылады.
Сақтандыру өнімі – сақтандыру рыногының назардағы түсінігі. Сақтандыру
өнімінің тұтынушы құны сақтандыруды қорғауда жатыр.
Сақтандыру өнімінің бағасы сақтандырудың орнын толтыруға немесе
сақтандыруды қамтамасыз етуге кеткен шығындармен анықталады, сондай-ақ
істі жүргізу шығындарымен, сақтандырушының пайда мөлшерімен де. Барлық
бағалар сияқты ол да сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
Сақтандыру нарығында сақтандыру өнімдерін өткізілуін және олардың
өтуін сақтандыру делдалдары жүргізеді; сақтандыру агенттері және сақтандыру
брокерлері.
Сақтандыру агенттері – сақтанушының атынан және соның нұсқауымен өз
құзырындағы өкілеттіліктерге сай әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру брокерлері сақтандырушының немесе сақтанушының нұсқауы
негізінде өз атынан сақтандырудың делдалдық операцияларын жүргізуге
лицензиясы бар тәуелсіз заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін. Сақтандыру
брокері сақтандыру келісім шартының қатысушысы болмайды. Оның міндеті
делдалдық келісім шартының қатысушысы болмайды. Оның міндеті делдалдық
қызметке көмек көрсету және сақтандыру келісім шартының орындалуына ықпал
ету болып табылады.

Мүліктік сақтандыру.
1. Мүліктік сақтандырудың экономикалық маңыздылығы және тағайыны
Мүліктік сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, бұған
сақтандыру объектісі болып әр түрдегі мүлік және мүліктік мүдделер жатады.
Мүліктік сақтандырудың экономикалық тағайыны сақтандыру оқиғасы
нәтижесінде мүліктік жоғалуымен, бұзылуымен байланысты өтеумен байланысты
болады.
Сақтандырылған болып сақтандырушының жеке мүлігі және оның
иелегіндегі, қолдануындағы мен өкілдігіндегі мүлік жатады.
Сақтандырушы болып өзінің мүлігінде заңды мүліктік мүддесі бар
(жекеменшік, сенімді иесі, жалгер, иеленуші, сақтаушы, тасымалдаушы және
т.б.) заңды немесе жеке тұлға бола алады.
Мүлікті сақтандыру және осыған байланысты мүдделер ерікті түрде
жүргізіледі. Дегенмен өмірлік маңызды мүлікке қатысты, мемлекет үшін
стратегиялық маңызды, сақталуына тек қана жекеменшік (иесі) ғана емес,
барлық қоғам мүдделі болса сақтандырудың міндетті формасы қолданылады.
Қазақстан Республикасында “Өсімдік өсірудегі міндетті сақтандыру туралы”
Заңға сәйкес ауылшаруашылық өндірушілері негізгі ауылшаруашылық дақылдарын
(дәнді, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) түсімдерін сақтандыруға
міндетті.

2. Мүліктік сақтандырудың жіктелуі
Мүліктік сақтандырудың практикалық тұрғыдан шексіз көп кластары,
түрлері қолданылады. Мүліктік сақтандырудың практикада кеңінен қолданылатын
негізгілерін атап кетелік.
Заңды тұлғалардың мүлігін сақтандыру
- негізгі өндірістік қорлар және аяқталмаған құрылыстарды;
- жөндеу және құрылыс тәуекелдерін;
- көлік, жүк тасымалдау көліктерін;
- ауылшаруашылық малдарын;
- ауылшаруашылық дақылдарын және екпе ағаштарды;
- басқалар.
Жеке тұлғалардың мүлігін сақтандыру
құрылыстарды;
үй мүліктерін;
жеке еңбек қызметінде қолданылатын мүліктерді;
көлік құралдарын;
үй жануарларын;
ауылшаруашылық дақылдарын және екпе ағаштарды;
басқалар.

Тәуекелдік жағдайлар нысанның жағдайы мен тыныс-тіршілігін сипаттайды.
Тәукелдік жағдайлар объективті, яғни адамдардың еркіне байланысты емес
(табиғаттық құбылыстар) және субъективті (адамның қасақана немесе қасақана
емес әрекеттері) болады. Тәуекелдік жағдайларды сақтандырушы объектіні
тексеру немесе сауалдама жолымен анықтайды.
Тәуекел бағасы оның жүзеге асырылу ықтималдылығында көрінеді.
Сақтандыру оқиғалары – сақтандырумен орны толтырылатын тәуекелдер тізімі.
Сақтандыру нысанын бағалау сақтанушыға жататын нысанының нақты
бағасын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сақтандыру сомасы – сақтандырушының
жауапкершілігі лимитін ұсынады және жақтардың келісімі бойынша, бірақ
сақтандыру бағасынан жоғары емес (нақты бағасы) тағайындалады.
Сақтандыру сыйақысы базалық сақтандыру тарифі және үстемақылар және
жеңілдіктермен түзетілу бойынша есептелген, базалық сақтандыру сыйақысы
бойынша анықталады. Біруақытта сақтандыру сыйақысын (қолма-қол ақшамен,
қолма-қол ақшасыз жолымен, біруақытта немесе бөліп төлеумен) төлеу тәртібі
мен мерзімі бекітіледі.
Мүліктік сақтандыру мерзімі көп жағдайда 1 жылға тағайындалады.
Кейбір жағдайларда сақтанушының еркі бойынша сақтандыру мерзімі 2-3 жыл
немесе 1 жылдан аз болуы мүмкін. Сақтандыру шарты күшіне сақтандыру
сыйақысын немесе оның келісілген бөлігін (егер сақтандырушыға бөліп төлеуге
рұқсат етілсе) біржолғы төлегеннен кейінгі келесі күні күшіне енеді. Егер
сақтандыру сыйақысының бөліп төлеу бөлігі тағайындалған мерзімде төленбесе,
шарт тоқтатылады.
Сақтандыру шартында екі принциптің біреуі бойынша сақтандыру орнын
толтырудың көлемі көрсетіледі: а) барлық тәуекелдерден сақтандыру; б) жеке
нақты тәуекелдерден сақтандыру.
“Барлық тәуекелдерден” сақтандыруда заңды нормалардың тура әрекетінің
заңды принципі қолданылады, яғни сақтандырушылық орнын толтыруға шартта
арнайы келісілген қорғауға жатпайтыннан басқасы жатады.
“Нақты тәуекелдерден” сақтандыруда заңды нормалардың тура емес
әрекетінің заңды принципі қолданылады, яғни сақтандырушылық орнын толтыруға
шарт жағдайларында нақты анықталғаннан басқа осы шарт бойынша сақтандыру
қорғанысына жатпайды.
Сақтандыру шартында сақтандырушылық қамтамасыз етудің нақты жүйесі
(көлемі) көрсетіледі.
Сақтандырушылық қамтамасыз ету көлемі сақтандырылған мүліктің нақты
бағасына (пайыз немесе абсолютті сомада) қатысы бойынша тәуекелдің
сақтандыру бағасының деңгейін білдіреді және сақтанушы мен сақтандырушы
арасындағы сақтандырылған тәуекелді бөлуде пропорцияны көрсетеді. Осыдан
сақтандырушылық қамтамасыз етудің үш жүйесінің біреуі бекітіледі:
а) бірінші тәуекелділік жүйесі; б) пропорционалды тәуекелділік жүйесі;
в) шектік қамтамасыз ету жүйесі.
Бірінші тәуекелділік жүйесі толық көлемде залалды өтеу, бірақ
сақтандыру сомасынан артық емес қарастырылады. Егер залал сомасы сақтандыру
сомасынан көп болса, онда айырым өтелмейді. Осыдан залал сақтандыру
(өтелетін) сомасының шегінде бірінші тәуекелділік (сақтандырушының
тәуекелділігімен), ал сақтандыру сомасынан жоғары –екінші (өтелмейтін)
тәуекелділік (сақтанушы тәуекелділігімен) деп аталады.
Мысалы жүктің бағасы 2 млн. теңге құрайды, ал сақтандыру шарты 0,8
млн. теңгеге жасалған. Өртке байланысты залал сомасы 1,5 млн. теңгемен
анықталған. Залалды өтеуге 0,8 млн. теңге қайтарылады (бірінші
тәуекелділік) залалдың қалған сомасы 0,7 млн. теңге (екінші тәуекелділік)
өтелмейді.
Пропорционалды тәуекелділік жүйесінде сақтанушыға залалдың барлық
сомасы өтелмейді, тек мүлік қаншаға сақтандырылған (мүліктік мүдде) соның
пайызы ғана өтеледі.
Мысалы көлік өзінің нақты бағасының 60 пайызына, оның толық бағасына
емес сақтандырылса, онда залал сомасы өтеу 60 пайызда болады, яғни осы
жағдайда тәуекелділік үлеске бөлінеді: 60 % - сақтандырушыға, және 40 %
сақтанушыға бөлінеді.
Егер мүлік толық бағасына (100%) сақтандырылса, онда барлық тәуекел
сақтандырушының үлесіне кетеді.
Пропорционалдық тәуекелділік жүйесі мүліктік сақтандыруда ғана
қолданылады, қаншалықты өмір мен денсаулықты жеке сақтандыруда құны
болмайды.
Шектік қамтамасыз ету жүйесінде алдын ала белгіленген шекте және кіріс
деңгейіне жеткенде анықталған айырымда залал өтеледі. Көбіне ол кірісті
сақтандыруда қолданылады. Егер сақтандырушы оқиғасында сақтанушының кіріс
деңгейі бекітілген шектен төмен болуына байланысты болса, онда өтеуге
шектер арасындағы айырым және фактілік алынған кіріс жатады.
Мысалы ауылшаруашылық дақылдарын міндетті сақтандыру бойынша шегі осы
дақылдың бір гектарынан түсім өсіруге кеткен шығынның бағасымен
есептеледі. Егер ағымдағы жылда апаттық жағдайларға байланысты бір
гектардан алатын түсім белгіленген шектен төмен болса, онда ағымдағы жылдың
сәйкесті шамасы және шегі арасындағы айырым залалмен есептеледі және
барлық зақымдалған алаң бойынша есепте өтелуге жатады.
Шектік қамтамасыз ету жүйесі нақты белгіленген сомада залалды
қайтаруды қарастырады. Мысалы көлік иесінің азаматтық-құқықтық міндетті
сақтандыруда жол-көлік оқиғасынан зиян шегушінің қайтыс болуы жағдайында
сақтандыру төлемі 600 айлық көрсеткішке тең болады.
Сақтандыру шартын жасаудағы куәлендіруші факт құжаты болып сақтандыру
полисі болады, оны сақтандырушы сақтанушыға береді. Сақтандыру полисінің
формасын құзыретті орган бекітеді.
Сақтандыру шартын жасауда шешуші дәлел қызметін сақтандыру полисі
атқарады, сондықтан ол міндетті деректемелер қатарынан тұрады: құжат
атауы, аты, заңды мекенжайы және сақтандырушының (заңды тұлға) банкілік
деректемесі, аты-жөні, аты, әкесінің аты, үйінің мекенжайы (жеке тұлға),
сақтандыру объектісіінң атауы, сақтандыру оқиғалар тізімі, сақтандыру
сомасының мөлшері, сақтандыру тарифі мен төлем мөлшері, оны төлеу тәртібі,
шарттың әрекет ету мерзімі, оның өзгерту және тоқтату тәртібі.
Стандартты және жеке сақтандыру полисін бөліп қарастырады. Стандартты
сақтандыру полисі сақтандырушымен массалық сипаттамасы бар қарапайым
сақтандыру тәуекелдері бойынша жазылады. Жеке сақтандыру полисі көбіне
кәсіби қызметпен байланысты жеке сақтандыру мүдделерін көрсетеді. Барлық
сақтандыру полистерінде арнайы сақтандыру мүдделерін және осы әрекетпен
байланыстыларды қанағаттандыратын шарттың ерекше жағдайлары қарастырылған.
Сақтандыру полисінің құрамына шарттың ерекше міндеттерін қосу көбіне
абсолютті немесе салыстырмалы шамалармен көрсетілетін сақтандыру сыйақысына
үстемелерді қолданумен жүреді.
Жақтардың келісімі бойынша шартта франшиза, яғни залалдың өтелмейтін
бөлігі көрсетіледі. Шартты және шартсыз франшизаның мүмкіндікті
варианттары. Шартсыз франшизаның мөлшері әрқашанда залалдан есептеледі, ал
шартты франшизада егер залал мөлшері келісілгенді, ал франшиза шартында
жоғарласа зиян толығымен төленеді. Нәтижесінде көптеген ұсақ төлемдерді
үнемдеу есебінен сақтандырушы шығыны тоқтатылады және сақтанушылардың
мүдделері зиян шекпейді, өйткені белгілі зиян өтеледі.

3. Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі залал мөлшерін
анықтаудың жалпы әдісі
Сақтандыру төлемін анықтау әдісі сақтандырушының кезекті әрекетінің
алгоритімін ұсынады (суретке қараңыз).
Сақтандыру оқиғасы бұл пайда болған сақтандыру (іске асырылған).
Сақтандыру жағдайындағы өтініш – сақтанушы сақтандырушыға шартта
көрсетілген сақтандыруға мерзімін береді. Өтініш алғаннан кейін
сақтандырушы немесе оның тапсырмасы бойынша апаттық-комиссарлық фирманың
маманы-апаттық комиссар сақтанушы өкілінің және қажет жағдайда тәуелсіз
сарапшының қатысуымен зақымданышуны зерттеуді ұйымдастырады. Зерттеу
мақсаты – сақтандыру жағдайының дұрыстығын белгілейді және сақтандыру
нысанының зақымдалу дәрежесін анықтайды. Егер сақтандыру жағдайындағы факт
дәлелденсе, сақтандырушы сақтандыру актісін жасайды (апаттық комиссар –
апаттық сертификат), залал мөлшерін және сақтандыру төлемі сомасын
есептейді.
Залалды есептеуде қосымша залалдар (мысалы машиналар мен құралдарға,
саудадағы іркілістерге, орындалмаған шарттық міндеттемелер және т.б
байланысты), егер олар сақтандыру жағдайы салдарынан есептелмейді.
(Көрсетілген залалдар кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың арнайы шарты
бойынша өтелуі мүмкін).
Залалды (зиянды, шығынды) есептеудің жалпы формуласы:

У = П (немесе В) – И + С – Т,

мұнда У – зиянның (шығынның) сомасы; П – сақтандыру бағалауы бойынша
мүліктің құны (егер мүлік толық жойылған болса); В – зақымданған мүлікті
қалпына келтіру құны; И – мүліктің тозу құны; С – мүлікті сараптамалық
тексеру, құтқару және қалпына келтіру бойынша шығындар; Т – мүліктің
пайдалануға жарамды қалдықтарының құны (ағаштар, кірпіштер, темір-
терсектер, т.с.с.).
Берілген формула залалдың әр түрлі варианттарында сәйкесті өзгеруі
мүмкін. Мысалы тозуды есепке алмай мүлікті сақтандыру мақсаты үшін
бағаланса, онда “И” белгісі алынып тасталады.
Егер зақымдалған мүліктер арзандатылса, яғни құнсызданудан бағасы
төмендетілсе, онда залал формуласы келесі түрде көрсетіледі:

У = П1 – П2 + С,

бұл жерде П1 – арзандатылғанға дейінгі мүліктің бағасы; П2 –
арзандатылғаннан кейінгі мүліктің бағасы.
Құрылыстар мен жабдықтардың бұзылуында сақтандыру шартына тәуелді
шарт жасаған күні немесе сақтандыру жағдайы мезетінде әрекет ететін бағалар
мен қайта бағалар нормадан шыға отырып сметаны (сметалық-қаржылық есеп)
құрайды. Смета жасау бойынша шығындар залал мөлшеріне енеді.
Таратушы құралдардың, күштік, жұмысшы және басқа да машиналардың,
көлік құралдарының, ұшатын аппараттардың, жабдықтар, электронды құрылғылар,
керек-жарақтар, әр түрлі тағайынды соттардағы залалдар бұл жөндейтін
кәсіпорын есебі (смета) негізінде анықталады. Кейбір жағдайларда маңызды
емес залалда оның мөлшері нысанынан бұзылуын белгіленген тексеру пайызы
бойынша анықталады.
Бүлінген ауылшаруашылық өнімі, материалдар, шикізаттар, халық тұтыну
тауарлары және басқа да мүліктер сақтандырушы және сақтанушы өкілдер,
сондай-ақ тәуелсіз сарапшы-маман құрамынан құралған комиссиямен
арзандатылады.
Егер көрсетілген мүліктің қандай да бір түрі қолданыстан толық жоғалып
кетсе, онда мына формула бойынша есептеледі:

У = П – П1 – П2 – Т + С,

мұнда П – сақтандыру жағдайы мезетіндегі осы мүліктің бағасы; П1 – осы
түрдегі қалған бүлінбеген мүліктің бағасы; П2 – осы бүлінген мүліктің
арзандатылғаннан кейінгі бағасы; Т – қалдықтардың қолдануға жарамдылық
бағасы; С – мүлікті тәртіпке келтіру және құтқару сарабы бойынша шығыны.
Мүлік бағасы сақтандыру жағдайында бухгалтерлік есеп және есептеме,
қабылдау-тапсыру актілер, түгендеу тізімі және басқа құжаттар бойынша
бекітіледі.
Сақтандыру төлемінің сомасы шартта көрсетілген (осы тақырыптағы
3-т. қара) бірінші тәуекелділіктің принциптері, пропорционал
жауапкершілік немесе шектік жауапкершілік бойынша анықталады.
Сақтандыру жағдайы пайда болғанда сақтанушы мүмкіндігі бола тұра,
сақталған мүлікті құтқаруға және оның ары қарай бүлінбеуін болдырмауға
шаралар қолданбаса, онда сақтандырушы осыған байланысты қосымша залалды
өтемейді.
Сақтандыру өтемін төлеген сақтандырушыға осы сома шегінде талап қоюға
құқы бар, себепті залалға жауапты тұлғаға сақтанушы талап қоя алады.
Зиян келтірушіден толық залалды өтеп алған сақтанушы (оның себебіне
жауапты тұлға) сақтандыру төлемінен құқық жоғалтады (сақтандырушы өтемі).
Егер залал кінәліге сақтандыру төлемінен төмен бөлектеп төлесе, онда
сақтандыру өтемі зиян келтірушіден алынған, соманы есептеуден сақтанушыға
төленеді. Сақтанушы қасақана мүлікті пайдалануды және мазмұн ережелерін
бұзғанда, ал пайдалану немесе табиғи пайда болатын (коррозия, шіру, табиғи
тозудан, жеке заттардың басқа да табиғи қасиеті мысалы кебу, қатталып қалу)
және өңдеу, қайта өңдеу немесе мақсаттарда (қайнату, кептіру, қақталған,
балқытылған, және т.б.) мақсатында затқа от немесе ыстықпен байланысты
болса өтем қайтарылмайды. Сақтаныдырушы ҚР Азаматтық кодексінің 839
–бабында қарастырылған негіздер бойынша сақтандыру төлімінен толық немесе
жекелей бас тартуына болады.
“Үй мүлкі” ұғымына сақтанушыға және оның отбасына жататын нәрселер,
бірлесіп жасаған және жалпы шаруашылықты басқару, үй тұрмысындағы заттарды
пайдалану, осы отбасының тұрмыстық және мәдени қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында жеке шаруашылықты қолдану үшін тағайындалған,
сондай-ақ үйдің жеке зататрын мен элементтерін сақтандыру жатады.
Үй мүлкі сақтандырылады:
жалпы шарт бойынша – осы шаруашылықта бар үй мүлкі заттарын
(арнайы шарт бойынша сақтандырылуға қабылданатыннан басқалары), сондай-ақ
пәтердің бүліну жағдайында, арнайы шарт бойынша;
үй мүлкі заттарын және жеке заттарды топтарын анықтау.
Сақтандыру вариантын таңдау құқығы сақтанушыға беріледі. Осыдан
арнайы шарт үй мүлкін сақтандырудың жалпы шарты сақтанушыларда бар
ма, жоқ па екеніне тәуелсіз жасалады.
Арнайы (жеке) шарт бойынша сақтандыруға қабылданады:
қымбат металдардан, қымбат, жартылай қымбат және қолдан жасалған түсті
тастардан тұратын бұйымдар; егер сақтанушыда олардың құнын бағалау туралы
құзыретті ұйымнан құжат болған жағдайдағы жинақтар; картиналар, бірегей
және антикварды заттар.
Жеке еңбек шартында қолданылатын мүлікті сақтандыру. Жеке шарт бойынша
– жеке еңбек қызметі процесінде қолданылатын жабдық, керек-жарақ, құралдар,
шикізаттар, материалдар мүліктер сақтандырылады.
Шарт ЖЕШ-қа, сондай-ақ құрылыс пен көлікке жатпайтын үй мүліктері
заттарын қамтымайды.
Мүлік ЖЕШ орны бойынша сақтандырылған деп есептеледі (үйде, жалға
алынған ғимаратта, арнайы құрылыста, тапсырыскерге қызмет көрсету орны
бойынша)
Шарттың әрекеті құзыретті органның шешімі бойына сақтанушы ЖЕШ
құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.
Шарттың басқа жағдайлары стандартты болады.
Көлікті сақтандыру. (13-тақырыпты, 2-т. қара)
Үй жануарларын сақтандыру. Заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық малдарын
сақтандыру жағдайларында (осы тақырыптың 5.5-т. қара) жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық дақылдарын және көп жылдық екпе ағаштар түсімдерін
сақтандыру. Шаруа қожалығы (фермер) жоқ жеке тұлға өзінің үй маңындағы
(бақша) ауыл шаруашылық дақылдарын және екпе ағаштарын сақтандыра алады.

Көліктік сақтандыру.

1. Көліктік тәуекелдерді сақтандыру ерекшеліктері
Көліктік сақтандырудың спецификаларын негіздеу. Көліктік кәсіпорын
(көлік құралдары, жүк, жолаушылар, экипаж) мыналармен сипатталады: а) оның
дәл осы уақыттағы жағдайы туралы ақпараттың анықталмағандығы; б) сақтандыру
жағдайларының катастрофалық сипаты; в) жолдағы нақты қауіптерді болжаудың
әлсіздігі; г) жүк иесінің оның тасымалдау процесіндегі мүдделерінің
бөлектігі.
Технологиялық тұрғыдан көлік өндірісі бастапқы-соңғы және қозғалыс
операцияларына бөлінеді. Бастапқы-соңғы операцияларға оның барлық дайындық
процестері жатады:
жүкті дайындау, жинақтау, сұрыптау, құжаттарды дайындау, жүктеу, түсіру,
сақтау, кедендік тазалау;
жолаушыларды және олардың қолжүктерін тасымалдау құжаттарын ресімдеу;
жолаушыларды жинау және тіркеу;
бағыттың бастапқы, соңғы және аралық (транзиттік) пункттеріндегі басқа да
технологиялық процестер.
Қозғалыс операцияларына тасымалдау, жүктердің және жолаушылардың
қозғалыс процесі жатады.
Көлік процесін бастапқы-соңғы және қозғалыс операцияларына
технологиялық бөлу сақтандыру процестерін де бөлуге негіз береді, атап
айтсақ, бағыттың бастапқы-соңғы пункттеріндегі сақтандыру және көлік
процесінің қозғалыс операцияларын сақтандыру.
Көліктегі сақтандырудың спецификасы, бірінші кезекте, көлік процесінің
қозғалыстық сипатымен негізделеді, өйткені онымен көлік кәсіпорындарының
тасымалдау шарттарымен байланысты тәуекелдері байланысты болады: жылжымалы
құрамның түрі – теңіз, өзен және әуе кемелері, темір жол құрамы, жеңіл,
жүк, арнайы автомобильдер, автобустар; қоршаған ортаның әсері - әуе, теңіз,
автомобиль, темір жол тасымалы және т.б.; география – қала ішіндегі,
қалааралық (каботажды), халықаралық тасымалдау, бүкіл әлем бойынша
халықаралық тасымалдау.
Көліктік сақтандырудың жіктелуі. Қозғалыс операцияларын сақтандыру:
көлік құралдарын сақтандыру;
көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру;
тасымалдаушылардың АҚЖ сақтандыру;
жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру;
басқалар.
Бастапқы-соңғы көліктік операцияларды сақтандыру:
диспетчерлер мен техникалық персоналдың АҚЖ сақтандыру;
аэротұрақ қызметтерінің АҚЖ сақтандыру;
жанар-жағар май қызметтерінің АҚЖ сақтандыру.
Көлік ұйымдарының жұмысшылар құрамының өмірін және денсаулығын сақтандыру.
Көліктік сақтандырудың ерекшеліктері. Көлік тасымалының, ең алдымен
авиациялық және теңіз тасымалының, тәуекелдердің катастрофалық табиғатымен
және шығынның мөлшерімен байланысты спецификасы сақтандыруды көлік
ұйымдарының, ең алдымен авиациялық және теңіз ұйымдарының, жұмыс қабілетін
қамтамасыз етудің жалғыз жолы ретінде анықтайды.
Әуе және теңіз тасымалдарының аса қауіптілігі сақтандырушылар үшін
сақтандыру операцияларының тепе-теңсіздігін және шығындылығын анықтайды.
Сол себепті, авиациялық және теңіздік сақтандырумен айналысатын сақтандыру
ұйымдары ірі және қауіпті тәуекелдерді бірлесіп сақтандыруды ұйымдастыру
үшін халықаралық қауымдастықтарға және одақтарға бірігеді.
Сақтандырушылардың өзара әрекет етуінің негізгі формасы ретінде қайта
сақтандыру қолданылады. Қайта сақтандыру арқылы әрбір сақтандырушының
қаржылық жағдайына сәйкес сақтандырылған тәуекел бөлініске түседі және сол
арқылы сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мысалға, Боинг-747 әуе кемесін кешенді сақтандыру (кеменің өзін, ондағы
жүкті, тасымалдаушының жауапкершілігін) процесіне 300 дейін сақтандыру
компаниялары қатысады және сақтандыру сомасы әдетте 1 млрд. АҚШ долларынан
жоғары болады.
Сақтандырушылардың ең ірі және ықпалды бірлестіктері Авиациялық
сақтандыру халықаралық Одағы (Лондон) және Теңіз сақтандыру халықаралық
Одағы (Цюрих) болып табылады. Ресейде 1996 жылы Ресей авиациялық және
космостық сақтандырушылардың Қауымдастығы құрылған болатын.
Көлік құралдарын, атап айтқанда, теңіз және әуе кемелерін, сақтандыру
барысында шет елдік сақтандырушылар, ал соңғы жылдары Қазақстандық
сақтандырушылар да, Лондон сақтандыру институтының, Авиациялық
андеррайтерлер қауымдастығының, Ллойд корпорациясының сақтандыру
полистеріндегі стандартты шарттарды жетекшілікке алады. Көп жағдайларда
сақтандыру түрлері араласқан – көлік құралдарын (каско), жүкті (карго) және
жауапкершіліктердің алуан түрлерін сақтандыру – полистері қолданылады.

2. Көлік құралдарын сақтандыру.
Сақтандыру объектісі ретінде көлік кәсіпорындарын тән көлік
құралдарының бүлінуі тәуекелімен байланысты (жол апаттары, катастрофалар,
табиғи апаттар, ұрлау және т.с.с.) көлік құралдарының иелерінің (заңды
түрде пайдаланушылардың) мүліктік мүдделері қарастырылады.
Сақтандыруға жататын көлік құралдарының құрамына мыналарды жатқызуға
болады:
▪ құрғақ жол көліктері – автомобильдер, автобустар, мотоциклдер,
мотороллерлер, тракторлардың барлық модельдері, сол секілді тіркемелер мен
жартылай тіркемелердің барлық модификациялары. Құрғақ жол көлігіне темір
жол жылжымалы құрамы да жатады – локомотивтер, вагондар, жартылай вагондар,
платформалар;
▪ су көлігі – қайықтар, катерлер, яхталар, өзен және теңіз кемелерінің
барлық модельдері;
▪ әуе көлігі – ұшақтар мен тікұшақтардың барлық модельдері, сондай-ақ
космостық техника.
көлік құралының жүргізушісі және жолаушылары;
көлік құралының қосымша құралдары мен жабдықтары (көлікті жасаушы зауыттың
нұсқауларына сәйкес оның комплектісіне кірмейтін жабдықтар);
негізгі көлік құралында немесе оның тіркемесінде (жартылай тіркемесінде)
тасымалданатын жүк (қол жүктері).
Мотокөлік құралдарын сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде 16
жасқа жеткен тұлға, басқа көлік құралдарының түрлерін сақтандыру кезінде –
18 жасқа жеткен тұлға қарастырылады. Сонымен қатар, сақтандыру үшін мынадай
шарттардың орындалуы тиіс:
көлік құралы оның жеке меншігінде болса;
көлік құралын ол аренда (прокат) туралы келісім бойынша арендаға немесе
прокатқа алған болса немесе белгілі бір тәртіппен әлеуметтік органдар
арқылы жеке меншікке алған болса;
аталған көлік құралының иесінің берген пайдалану құқығына нотариус растаған
сенімхат болса.
Көлік құралдарын сақтандыру келісімі жол апаттары, өрт, табиғи
апаттар, сонымен қатар ұрлық нәтижесінде көлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірді сақтандыру нарығы
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Сақтандыру қызметіндегі ақпараттық технологиялар
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
АТФ банк туралы
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Автокөлікті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстандағы қаржы нарығы және оның құрылымының жағдайы мен дамуы
Пәндер