Қоршаған орта мен адам денсаулығы жайлы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе.
I-Тарау. Қоршаған орта мен адам денсаулығы
1. Қоршаған орта - қамқорлыққа зәру.
2. Экология нашар болса, экономика көтерілмейді.
3. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қоршаған орта, адамның денсаулығғы
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, кдамзаттың барған сайын аш көддікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қошаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауау райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдік бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап, аурулардың түрлері және сандары көбейді.
(2) Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкілхал кешіп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырылған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда республиканың ұлттық табысының 1 пайызына да жетпейді.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары «ерекше» үлес қосып отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ конденсат ен орындары, Өскемен қоғасын-мырыш комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл супер фосфат зауыты, Балқаш тау-кен комбинаты, «Фосфор» Шымкент өндірістік бірлестігі және т. б. Мысалы Қазақстанда 1998 жылы стационарлы қондырғыларын ауаға 5, 4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал автотранспорттан шыққан улы заттардың мөлшері 2, 9 млн. т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана концентрациясы органдар мен тканьдерді, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамына байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтер бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр.
Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыру үшін көптеген өнім түрлерін шығарады, және олар - химия, мұнай химиясы, агрохимия, микробиология салалары бойынша жалпылама бөлінеді. Өнім түрлерінің әрқилылығы, қолданатын технология мен шикізат түрінің әркелкілігі, атмосфералық ауаның, су бассеиндері мен топырақтарының ластануына тікелей себепті. Өндірістің сарқынды сулары мен қатты, газ күйіндегі қалдықтары - орасан зор көлемімен, жоғары токсикалығымен ерекшеленеді.
Қазақстанда химия және металлургия салалары бойынша негізгі кәсіпорындар - Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі жүйелі түрде жоғару болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғарғы класқа жатады.
Соңғы кездері қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттар мөлшері біршама азаяды, ол негізінен, өндіріс қарқынының төмендеуіне және аздап болса да, табиғат қорғау шараларын жүргізуге байланысты.
Тасталынатын зиянды қалдықтардың ішінде, химия-металлургиялық зауыттардан басқа, азот оксиді мен күкінр диоксиді, көміртек оксиді агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі - микробиология өнеркәсібінің, күкіртсутек болып табылады. Түсті металлургия кәсіпорындарының сульфидті кен мен концентраттарды пирометаллургиялық жолмен өңдеуіне байланысты, құрамында күкірті бар газдардың орасан зор мөлшері түзіледі.
Газ, шаң-тозаң күйіндегі ластағыш заттар, негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттарды, ауаның жылынып, жоғары көтерілуіне байланысты, мөлшері 4-10 мкм аралығында ұсақ бөлшектер жан-жаққа тарай бастайды да, ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқандай жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта жерге түседі.
Сонымен қатар, күрделі химиялық қосылыстар - пестицидтердің, детергендердің, минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсері зиянды және қауіптілігі жоғары. Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалық заттар қосындысынан тұратын, ДДТ, диэлдрин, элдрин сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан топырақта, суда көп мөлшерде жиналады. Жыл саыйн жер бетіне 100 мың тонна ДДТ өндірілетінін, адам аяғы бара қоймаған Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДДт табылғанын ескерсек, жер жүзіне пестицидтердің қалай кең тарағанын түсінуге болады. Орта Азия мен Қазақстанда осы пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды - мақта, күріш, бидай алқаптарында көп қолдану салдарынан кісі өлімі, жас сэбилердің түрлі дертке ұшырауы, жарымжан балоалардың дүниеге келуі көбейгенін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ.
Ал біздің оңтүстік аймағында экологиялық зардап аймағына айналған тағы бір өлке ол «Байқоңыр» ғарыш аймағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай түкпірінде үңілсеңіз де, әртүрлі зымырандардың снығынан аяқ алып жүру қиын. Бұлар - зымырандардың бірінші ұшыру сатысынан айрылып, жерге құлаған бөлшектері. Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от жалынға оранып түскен қалдықтар 3-4 га аумақты улап, өртеп ұзақ жылдарға дейін қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе өспейді. Мұнда гептил деген ең үлкен қауіп төндіріп тұрған уландырғыш зат келіп түседі. Гептил - оңайлықпен ыдырай қоймайтын қосылыс, сондықтан оның қауіптілігі арта түседі. Ол синил қышқылынан 6 есе улы. Уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді мекеннің үстін себелеп өтеді. Зерттеулер анықтағандай, зымыран ұшырылған кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден бірден будақтаған түтінге тең.
Сонымен атмосфераға жүздеген тонна гептил қалдығының ыдырап, аэрогендік миграцияға көшіп жүруі, қоршаған ортаны уландыруы, үйреншікті құбылысқа айналып отыр.
Сонымен бірге Солтүстік Каспийдің Қазақстанға қарайтын экваториясы байлығының халық үшін де, мемлекет үшін де, жалпы тіршілік үшін де маңызы зор. Оның фаунасы мен флорасында әлемде теңдес аналог жоқ. Осы қасиетті Каспийге де бұрғы салынып, мұнайына шабуыл басталды. Құрамында 9 мұнай компаниясы бар алпауыттар, Каспийдің экологиялық жағдайын асқындыра түсуде. Соңғы жылдары теңіз деңгейінің көтерілуі, ахуалды одан әрі нашарлатып отыр. Болжамдарға сүйенсек, 2010 жылға дейін Каспий деңгейі 2, 6 метрге көтеріледі деп топшылануда. Сонда бірқатар елді мекен, маңызды обьектілер су астында қалу жағдайында. Каспий мұнайының құрамында күкірт мөлшерінің жоғары екендігі аян. Сондықтан, теңіз суындағы тіршілік қауіпсіздігі жоғары қойылуы тиіс. Мұнай өнімінің суға төгілмеуі, бұрғылау, мұнайды өңдеу кезіндегі зиянды қалдықтарды залалсыздандыру жұмыстары басты назарда болуы тиіс. Теңіз түбіне бұрғы түскен кезден бастап, Каспий айдынына, оның байлығына, радияцияға қарсы емдік қасиеті бар мұнайдан бағасы екі есе қымбат қара уылдырық беретін бекіре тектес қызыл балық пен ақ балық тұқымына шындап қатер төнді. Енжарлықтың, болжаусыздықтың салдарынан, кезінде Арал теңізі аймағындағы экологиялық апаттарға жол беріп қойып, кейін кеш қалып бармақ тістегенімізді еш ұмытуға болмайды. Каспий үшін де, еліміз үшін де бұл сабақ болуы тиіс және бұл өңірдегі фауна мен флораның тепе-теңдігі сақталуы шарт. Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20, 9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3, 8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5, 1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568, 4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12, 1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18, 7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі - Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1, 5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2, 1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында - Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1, 6 %-ға жеткізу, Павлодарда - 4, 0 %, Ақмолада - 3, 8 %, Ақтөбеде - 3, 9 % жеткізу жобаланған. Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3, 3 %-ға дейін көтеру керек.
Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3, 5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3, 6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.
Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде - орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде - даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес - жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz