Мінез бен темпераменттің өзара байланысы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мінез бен темпераменттің өзара байланысы.

Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да(мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де(салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ), эмоция сезімдерінен де(біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

И . П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолды бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар- холерик темпераментінің өк ілдері. И. П. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Сангвиник темпераментінің өкілі , Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайлар.

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп- тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды деседе болады. Осы темпераменттің осал жері- қимыл -қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқындылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик темпераменттілігі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық- осы темпераменттің ең бір нашар жағы.

Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.

Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қортындылар жасалады. Темпераменттер жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан оларды тек лабаратория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.

Кез келгенінің де ұнамды, ұнамсыз жақтары болады. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе- бұл осы адамның сана -сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал керсінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады.

Оқушылардың мінез -құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбәр мұғалім И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез-бітістерін сезім-эмоцияларын тәрбиелеу мен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Ерік темпераменттің өкілі болып саналған орыс қолбасшысы Суворов, ерік -жігерінің аса күштілігінен темпераментінің жетегінде кетпей, ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан.

Оқушылырдың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да, темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни, ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, нақты әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушылардың жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасау, әсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.

Мінез - адамныңнегізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсеттетін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанымен, мұның кез келгені мінездің әдістері болып саналмайды.

Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағыттарының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеледі. Мінез- екі мағыналыұғым. Онда түрлі саналар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептеледі.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды- имінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өз міндетіе орындаудағы жауапкершілік пен адалдық- мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.

Мінезді тәрбиелеу жолдары.

Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рөлді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларды мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінезтерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс ізх қалдыратындай үлгілі болып келуі тиіс.

Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, оларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан.

Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдәіс арқылы адамға қажетті мінез- бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттілігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды пайдаланып отыру- мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, ұжымның, ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:

1) Халқымыздың әр заманында ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің үлгі-өнегелерінің тәрбиелеу-осындай әдістерінің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы - жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.

2) Балалар ұжымы оқушы мінез-бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі түрлі талаптар қояды, олардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. Келе -келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамнын өзіне-өзі қоятын талап-тілегіне де айналатын болады. Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай-ақ, ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді.

3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуге еңбектің алатын орны ерекше. Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өңдірумен бірге өзінің психологиалық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиалық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Темперамент пен мінездің өзара байланысы
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Темперамент түрлері
Темперамент және мінездің теориялық негіздері
Адам темпераменті
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz