Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
Экономика және бизнес факультеті.
Қаржы кафедрасы.
Инвестициялық белсенділікті күшейтуге бағытталған мемлекеттік реттеу.
Жетекші: Супугалиева Г. И.
Студенттері: Аққуова Р. О.
Тобы: Ф3К1
Алматы 2006ж.
Инвестиция латын тілінен қазақ тіліне аударғанда - қаражат салу, жұмсау деген мағынаны білдіреді. Инвестиция сөзі отандық экономика үшін біршама жаңа термин. Себебі бір орталықтан жоспарлау кезінде, яғни 1991 жылға дейін оның орнына капитал жұмсалымы деген сөз көп қолданылды.
Инвестиция ұғымы капитал жұмсалымына қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында капитал жұмсалымы деп, негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция - пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді.
Инвестицияның мынадай түрлері болады:
- Мемлекеттік инвестиция - мемлекеттік бююджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға байланысты инвестициялар.
- Жеке инвестициялар - корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар.
- Шетелдік инвестициялар - пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шетелдік инвесторлардың барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтары.
Инвестиция туралы заңға сәйкес шетел инвестициясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардың жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ, оларға займдар немесе несиелер беру және ҚР-ның лизинг туралы заңымен көзделген шарт пен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді.
Қазақстан Республикасы аумағында шетел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез-келген объектіге инвестиция салуға құқылы.
- өндірістік инвестициялар деп - жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға жаңа жұмысқа капитал жұмсаумен байланысты инвестициялар.
- Интеллектуалдық инвестициялар дегеніміз - интеллектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалынатын инвестициялар.
- Бақыланатын инвестициялар дегеніміз - басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының 50% астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
- Бақыланбайтын инвестициялар - басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының 50% төмен бөлігін қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:
- Халық шаруашылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын және жаңартылытын негізгі қорлар мен айналым құралдары
- Мақсатты ақшалай салымдары
- Ғылыми - техникалық өнімдер
- Интеллектуалдық құндылықтарға қатысты құқытар
- Мүліктік құқықтар.
Шетел инвестициялары мынадай жолдармен жүзеге асады:
- заңды және жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кәсіпорындарға үлес қосу
- шетел инвесторларына толық тиесілі кәсіпорындар. Сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру
- кәсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кәсіпорындарға қатысу үлесін акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу
- займдар мен несиелер беру
- жерді және табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатыпалу
- мүліктер мен мүліктік құқытар беру
Инвестициялардың типтері:
- портфельді инвестициялар- мемлекеттік, муниципалдық өзін-өзі басқару органдарының корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельді инвестицияны уақытша бос ақша қаражаттары бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикадағы портфеьдік инвестициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттік бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебі мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігі, яғни тәуекелге үшырамайтындығын көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағадардың табысы қанша жоғары бола да соншалықты олардың тәуекелі жоғары болады.
- нақты капитал жасайтын инветициялар- материалдық өндіріске материалдық заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе бақаша айтқанда жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалынатын инвестициялар.
Бұл жерде инветор кәсіпорын өзінің капиталын негізгі өндірістік қорларды ұлғайту мақсатында жұмыс жаайды.
- материалдық емес активтерге салынатын инветициялар- бұл кәсіпорындарға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер ныаныдағы инвестициялар болып табылады.
Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызметтер атқарады. Инвестициялық қызметінсіз кез-келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметі екі деңгейде бөліп қаратырылады:
Макродеңгейде атқаратын қызметі
- ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру
- ҒТП-ті жеделдету
- Отандық өнімдердің сапаын жақартып, олардың бәекелестік қабілетін арттыру
- Экономиканың барлық алаларының бірдей дамуын қамтамаыз ету
- әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім аласын дамыту
- жұмыссыздық мәелесін шешу
- инфляция қарқынын тежеу
- қоршаған ортаны қорғау
- мемлекеттің қорғаныс қабіетін қамтамаыз ету
Микродеңгейде атқаратын қызметтері
- өндірісті кеңейту және дамыту
- негізгі қордың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау
- өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау
- нақты кәіпорын өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелетік қабілетін қамтамаыз ету
- бағалы қағаздар сатып алу және кәсіпорынның активтеріне қаражат жұмсау.
Инвестияның жітелуі.
Барлық инветициялады мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- инвестицияны жұмсау объектісіне қарайнақты инвестицияларқаржылық емес инветициялар
- инвестициялау мерзіміне қарайқысқа мерзімді, 1жылға дейнорта мерзімді, 1-3-5жылдар аралығындаұзақ мерзімді 5 жылдан жоғары
- инвестицияға қатысу нысанына қарай
- тікелей инвестициялар
- жанама инвестициялар
- меншік нысанына қарай
- аралас немесе бірлескен инвестициялар
- шетелдік инвестициялар
- мемлекеттік инвестициялар
- жекеменшік инвестициялар
- аумақтық белгісіне қарай
- шетелге инвестициялау
- елдің ішінде инвестициялау
- пайдалану бағытына қарай
- өндірістік бағыттағы инвестициялар
- өндірістік емес бағыттағы инвестициялар
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес инвестициялық қызмет инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды. Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет пайда табу немесе қандайда бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі. Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат жұмсау. Сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Ал тар мағынада инвестициялық қызмет инвестициялық процессті білдіреді.
Инвестициялық қызметтің объектілеріне - экономиканың барлық салаларындағы жаңадан құрылған және жаңғыртылған негізгі қорлар мен айналым құралдары кіреді. Бағалы қағаздар, мақсатты салымдар, ғылыми-техникалық өнімдер, интеллектуалдық құндылықтар, меншіктің басқа да құндылықтары және мүліктік құқықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне - заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық саясат дегеніміз - бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шаруашылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климатын сүйреттейтін келесі көрсеткіштер бар :
Ресурстық қамтамасыздығы . Қазақстандағы жұмыс күші ресурсы шетелдік инвесторларды өзінің көптігімен, арзандығымен және жоғары квалификациялы кадрларымен қызықтырады.
Инвестиция үшін құқықтық орта . Қазақстанда әзірге, сол немесе басқа экономика саласының даму приоритетін қарастыратын шетелдік инвесторларды тартуға нақты мемлекеттк программа жоқ. Сонымет қатар, ТМД елдерінің көбісінің заңдылығы (Украина, Белоруссия, Россия, Латвия, Киргизия, Молдавия) шетелдік капиталды тартуды талап ететін өндіріс түрлері мен салалардың тізімі бар.
Инвестициялық климат нарықтық реформаның дамығанның критериі болып табылады.
Жалпы Қазақстанда инвестициялық климат шетелдік инвесицияларды тарту үшін жаман емес. Бірақ заңдылық базаны жақсартып, өндіріс процесстерін күшейту керек.
Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігін күшейтудегі фактор ретінде мемлекеттік реттеу.
Инвестициялқ ресурстар нарығында мемлекет, негізгі операторларының бірі болып табылады, ал оның шетелдік инвестицияға байланысты саясаты көбінесе мемлекеттегі инвестициялық климатты белгілейді және де потенциялды инвесторлардың шешіміне ықпал етеді.
Қазіргі Қазақстандағы нарықтық қатынастардың жаңа даму этапында инновационды-инвестициялық саясат құруға алғышарт құрылды: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеуге нарықтық құралдарды қолдану; макроэкономикалық процесстермен басқарудың нарықтық әдістерін шығарып, қолдану; екідеңгейлі банктік жүеге ауысу; мемлекеттік бюджет пен оның қаржылық көздерін қалыптастыруын тұжырымдау; инновациялық және инвестиционды сфераның ролін түсіну және мемлекеттің ішкі резервтер есебінен инвестициялау көзінің керектігін түсіну. Бірақ қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновационды және инвестициялық тартымдылығы ішкі және сыртқы инвесторларға төмен.
Мемлекеттік реттеу механизмінің жоқтығы, қаржы-несиелік саясаттағы қателіктер -
инвестицияға тартымды болып, нарық жағдайында тұрақты және өз өніміне сұраныстың шектеулігі жоқ кәсіпорындар табылуына әкелді. Бұл әсіресе, үкен экспортық мүмкіндіктері бар мұнай және газ өнеркәсібінде байқалады.
Инвестицияның салалық құрылымы біздің айтарлықтай тиімді емес құрылымымызды бекітіп, экономикалық өсуге нашар ықпал етеді. Шетелдік инвесторлар салынған капиталға пайданың жоғарғы нормасына сүйене отырып, өздері керекті саланы таңдайды. Өкінішке орай, біздің мемлекет, бұл процесске көп көңіл аудармайды.
Отандық өдірістің төмендеуінен ішкі ұсыныстың жетіспеушілігі, ішкі сұраныстың айтарлықтай бөлігін импорт есебінен жабылуына әкеліп отыр. Бір жағынан, инфляцияның жоғарғы қарқыны, отандық өндірістің тұрақсыздығы мен тиімсіздігі инвестициялануға қолайсыз жағдай жасап тұр. Бұз өз алдынан, мемлекеттен капитал ағымына әкеледі.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты болып, инвестицияның дамуына қаржыландыру көзін белгілеп және мемлекеттің көмегінсіз көтере алмайтын жеке секторға инвестицияның тартылуын қамтамасыз ететін механизмдерді белгілеу. Экономикалық кризистен шығу және өндірісті дамыту, тек инвестициялық белсенділікті көтеру жолымен мүмкін.
ҚР-дағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыты болып, экспортталатын, бәсекелестікке қабілетті, жоғары техикалық және технологиялық деңгейдегі өндірістің салалары табылады.
Әлемдік тәжірибенің анализі көрсеткендей, экономикадағы инвестициялық процесстерді мемлекет қолдаса, көмектессе, экономикалық өсудің тұрақты қарқынына әкеледі.
Инвестицияны мемлекеттік қолдауы экономика дамуы үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсатында, жұмыс жасап тұрған өндірісті қайта жаңғырту, кеңейту және жаңа өндірісті құруға инвестицияны көбейту мақстаныда іске асады. Инвестицияны мемлекеттік қолдауы келесі преференцияларда түйіледі:
- Инвестициялық салықтық преференция;
- Кедендік баждардан босату;
- Мемлекеттік гранттар.
Экономикалық өсу үшін және халықтың қолайлы жағдайы үшін инвестициялық процесске кәсіпорындардың өзіндік ресурстарын және халықтың жинақтарын тарту өте маңызды. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа институционалды инвесторлар отандық капитал нарығының дамуына көмектесу керек және осы арқылы - сапалы экономикалық өсуге де.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz